Канва моделі » Абылай хан атындағы № 4 орта мектебі
Алматы облысы
Еңбекшіқазақ ауданы білім бөлімінің
"№4 Абылай хан атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы

11
май
2022

Канва моделі

І кезең Таныстыру


Армысыз, мол зейінді көрерменім,

Алдыңа мен өлеңсіз келер ме едім?

Ықыласыңа бас ием зор құрметпен

Баладан тұлға жасар шеберлерім!


Намысым найзағайдай от кернеген,

Аламан сынақтарда дес бермегем.

Шәкіртім озық ойлы болса деген,

Бар менде асқақ арман көкке өрлеген!


Тарих пәнін оқытқанда, біз оқулықтарда акцентті әртүрлі даталарға, адамның аттарына қоймауымыз керек. Көбінесе тарихи процестерді, тарихи логиканы, жалпы осындай үрдістерді түсінуге баса назар аударуымыз қажет.

А. Аймағамбетов


Белсенді инновациялық технологияларды  оқу-тәрбие үрдісіне енгізе отырып, білім сапасын арттыру, педагогтардың ғылыми- әдістемелік деңгейін, шеберлігін, кәсіби біліктілік құзіреттілігін дамыту, білім алушыны жалпыадамзаттық құндылықтар негізінде тәрбиелеу – бүгінгі күнгі басты талап.

Осы орайда мектебімізде 2021-2026 негізінде   мектептің жетістіктік көрсеткіштерін арттыру арқылы білім сапасын көтеруге арналған «Жарқын болашақ – зияткер мектеп» стратегиялық жобасы жұмыс жасайды.

Мұғалім – болашақтың білім нәрін себуші. Бүгінгі өскелең ұрпақ өмір сүріп отырған уақыт –  бала болашағының оның жаңа ұғымдарды түсінуі мен қабылдай білуіне, оның бүкіл ғұмыр бойында өзгермелі жағдайларға тез икемделе білу қабілетіне үйрету уақыты.

Мақсатты білім беру - оқыту мен тәрбиелеудегі ең тиімді ізденістер, тың жолдар іздеу, болашақ білім алушыға білім нәрін себу менің басты ұстанымым.

Мақсатыма жету үшін мен не істедім?

Қандай нәтижеге қол жеткіздім?

Осы сұрақарға CANVA моделі арқылы жауап бергенді жөн көрдім:

CANVA моделі


8. Негізгі серіктестер


-  Сынып жетекші

- Ата-ана

- Психолог

- Білім беру, дамыту орталықтары

- колледждер

- аудандық, облыстық білім бөлімдері

- «Есік қорық Музейі»

- Ғылым Ордасы

- Аудандық кітапхана

- Ұлттық кітапхана

- аудандық, облыстық, республикалық басылымдар;

 Өрлеу  

«Өркениет» ғылыми-әдістемелік орталығы

7. Негізгі әрекеттер

- Сабақтағы инновациялық тәсілдерді дамыту: SWOT, РАФТ, ПОПС т.б

- АКТ мүмкіндіктерін тиімді пайдалану: ZipGrade, Kahoot, куизис т.б 

-зияткерлік ойындар

- пәндік олимпиадалар ұйымдастыру

Ғылыми жоба жұмыстары

Инновациялық даму бойынша іс әрекеттер /курстар, коучинг қатысу/


  1. Негізгі құндылық




«Жарқын болашақ – зияткер мектеп» стратегиялық жобасы


2021-2026 жж арналған  мектептің жетістіктік көрсеткіштерін арттыру арқылы білім сапасын көтеруге бағытталған стратегиялық жоспар.


4. Педагогикалық құзіреттілік


Құқықтық 

Кәсіби

Әдістемелік

Инновациялық

Психологиялық

2. Мақсатты аудитория


1-11 сынып оқушылары

Тарих пәні бойынша 5-11 сынып оқушылары


Дарынды оқушылар


Мотивация төмені төмен оқушылар

6. Негізгі ресурстар 

- құқықтық нормативті құжаттар

- Мемлекеттің стандарт

Интербелсенді әдістер

-Электронды оқулықтар

3. Нақты жоспарлар

-Инновациялық даму жоспары 

-ҰМЖ

- ОМЖ

-ҚМЖ

- дарынды оқушымен жұмыс жоспарын құру

-мотивациясы төмен оқушымен жұмыс жоспарын құру

-Олқылықпен жұмыс жоспары


9. Жұмыстың қорытындысы

Пәндік олимпиада аудандық кезең 2-орын Асенгали Асел

«ALTYN URPAQ» зияткерлік олимпиадасы Сарабек Көркем

 3-орын

 «Жыл зияткер педагогы – 2022» кәсіби байқауы 1-орын

«Үздік сабақтар сессиясы» ашық сабақтар шеруі 1-орын

«Тарих пәнін оқытуда инновациялық әдістерді тиімді пайдалану арқылы оқушылардың танымын арттыру» әдістемелік құрал

5. Табыс критерийі: 

  1. Білім беруде жеке тұлғаның дарындылығының даму жүйесі енеді.
  2. Инновацияларды сараптау әдістемесі енеді.
  3. Материалдық-техникалық жабдықтау қайта құрылады
  4. Табыс критерийлері: инновациялық жобаларды қолданудың нәтижелілігін бақылау, талдау, бағалау, сандық және сапалық деректермен салыстыра отырып тиімділігін анықтау







Қорыта айтқандаөзін-өзі жетілдіру және дамыту ынтасымен сипатталатын білім беру ортасы ұлағаты мол ұстаз бен білімді ұрпақ тәрбиелеу жолында жемісті қадамдарды іске асырды. Инновациялық бұл жеке дара данышпандық емес, ұжымдық данышпандық болғандықтан, ұжыммен үнемі зерттеулермен айналысып, өз тәжірибемізді жақсарту үшін білім мен жаңашылдықты меңгеріп, уақыт талабына сай жаңа сын тәуекелдерге сәйкес іс-әрекет түрлерін сәтті өзгерту мүмкіндігіне қол жеткіземіз деп мақсат етемін. Өз тарапымнан білім саласы, білім сапасы және дарындылық бойынша жұмыс жүйесін жақсарту үшін күшейтілген жұмысты жалғастырамызды айтқым келеді.


Ұжымсыз қайда жетер дара күшім?

Үнемі ізденісте болар ісім,

Зерттеуші мектеп – басты бағытымыз

Осының барлығы тек   бала үшін. 


Назарларыңызға рақмет!