ДШ олқылық анықтама » Абылай хан атындағы № 4 орта мектебі
Алматы облысы
Еңбекшіқазақ ауданы білім бөлімінің
"№4 Абылай хан атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы

11
май
2022

ДШ олқылық анықтама

2021-2022 оқу жылындағы білім алушылардың біліміндегі олқылықтарды жою мәселесін шешуге бағытталған 

дене шынықтыру пәні  бойынша  анықтама.

Мақсаты:  28.12.2020-ғы № 548 шығыс хаты «Коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты шектеу шаралары кезеңінде  білім беру ұйымдарында оқу процесін іске асыру жөніндегі әдістемелік ұсынымдарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің   2020 жылғы 13 тамыздағы № 345 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы бұйрығын жүзеге асыру

Білім алушылардың біліміндегі олқылықтардың негізгі көрсеткіштері:

1) пәннің оқу бағдарламасы бойынша біліміндегі олқылықтар;

 2) оқу-танымдық іс-әрекетіндегі олқылықтар; 

3) оқуға қажетті өзіндік жеке қасиеттерінің даму деңгейінің жеткіліксіздігі; 

4) эмоционалды қолайсыздық. 

2021-2022 оқу жылында барлық дене шынықтыру  пәні  бойынша «нөлдік» бақылау жұмыстары алынды. Алынған бақылау жұмыстарының нәтижесі талданып, талқыланды. 

2,3,4- сыныптардан 30 м жүгіру,ұзындыққа секіру,кіші кермеге тартылу, шалқалап жатып денені көтеру түрлерінен алынды.

5,6,7,8 сынып оқушщыларынан  60 м жүгіру, ұзындыққа секіру, кермеге тартылу,шалқалап жатып денені көтеру түрінен алынды.

9,10,11 сынып оқушыларынан 100м жүгіру, ұзындыққа секіру , кермеге тартылу,шалғалап жатып денені көтеру түрлерінен алынды.

Осы алынған нөлдік бақылау жұмыстары кезінде төмен нәтиже көрсеткен  5-9 сынып оқушылары . Қысқа қашықтыққа жүгіру және орнынан ұзындыққа секіру кезінде . Себебі өткен жылы қашықтықтан оқығанымыз кешкене қолайсыздық туғызды.

Қорытынды :
 Дене шынықтыру пәні бойынша қашықтықтан оқыту кезеңінде оқушылардың білімдеріндегі олқылықтарды диагностикалау барысында олқылықтар анықталды.
 Дене шынықтыру бойынша ең төменгі нәтижені көрсеткен 5 -9 сынып оқушылары көрсетті. Мұның себептері  дене шынықтырудағы норманың күрделенуіне байланысты қашықтықтан оқыту оқушыларға айтарлықтай қиындықтар туғызды.
 Жүргізілген нөлдік бақылау жұмыс нәтижесі дене шынықтыру пән мұғалімдері әдістемелік бірлестік отырысында талқыланып, әр мұғалім жеке жұмыс жоспары жасалды.

Ұсыныс:

Жүргізілген бақылау жұмыстарының нәтижелері талданып, саралана отырып, мынадай ұсыныс жасалды:

1.Үлгерімі төмен оқушылармен атқарылатын жұмыстың жоспары және кестесі құрылып, бекітілсін.

2.Үлгерімі төмен оқушылармен атқарылатын жұмыс кесте бойынша үздіксіз, әрі нәтижелі жүргізілсін.

3.Мұғалімдер үлгерімі төмен оқушылардың ата-аналарымен үнемі байланыста болсын.



Осы ұсыныстардың орындалуы ӘБ жетекшісіне жүктелінсін