Тәрбие жұмысының талдауы » Абылай хан атындағы № 4 орта мектебі
Алматы облысы
Еңбекшіқазақ ауданы білім бөлімінің
"№4 Абылай хан атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы

09
июль
2021

Тәрбие жұмысының талдауы

«Алматы облысы білім басқармасының Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің

 «Абылай хан атындағы №4 орта мектеп» КММ



 



 Тәрбие жұмысының 

талдауы















2021-2022 оқу жылы




Тәрбие жұмысының талдауы


Тәрбие жұмысының мақсаты: Оқушының дүниетанымдық қабілетін қалыптастыру және дамыту арқылы оқу мен тәрбие жұмысында жаңашыл іс-әрекетпен шығармашыл тұлға тәрбиелеу.

2015-2016 жылға ҚР БҒМ Жалпы білім беру ұйымдарында оқушыларды тәрбиелеу тұжырымдамасы негізінде тәрбие жұмыстарының жоспары бекітілген.


  1. Қазақстандық патриоттизм және азаматтық, құқықтық тәрбие
  2. Рухани-адамгершілік тәрбие, еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие
  3. Отбасы тәрбиесі
  4. Ұлттық тәрбиесі
  5. Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие
  6. Зияткерлік тәрбие,ақпараттық мәдениет тәрбиесі.
  7. Көпмәдениетті және көркем –эстетикалық тәрбие.
  8. Дене тәрбиесі,салауатты өмір салты тәрбие бағыттары бойынша жұмыстар жүргізілді.


Тәрбие үдерісі - бұл тұлғаның тәрбиелік деңгейі, ол оқушының қоршаған әлеуметтік ортамен және жалпы қоғаммен әрекеттестікке дайындығымен сипатталады. Осы дайындықты анықтау және айқындау үшін диагностика-оқушының даму үдерісі мен нәтижелеріне талдау жүргіземіз. Ұрпағымызды парасатты да білікті, мәдениетті де білімді етіп тәрбиелеу мақсатында сынып жетекшілер оқушының тәрбиелік деңгейін бақылайды.


 Мектепте 1-11 сынып аралығында 68 сынып комплектісі бар, 1-4-сыныптарда 28 сынып, 5-9-сыныптарда 32 сынып, 10-11-сыныптарда  7 сынып.


 Тәрбие жұмысын тиімділікпен ұйымдастыру мақсатында мектепте сынып жетекшілерінің әдістемелік бірлестігі жұмыс істейді. Сынып жетекшілердің барлығы жоғары білімді, бірлестік бекітілген жоспар бойынша жұмыстар атқарды. 

Жыл бойы мектепте төмендегідей тақырыптарды қамтитын 2 семинар өтті:

1. Тәрбие жұмысын жоспарлау.

    Тәрбие жүйесі,сыныптағы тәрбие жұмысын ұйымдастырудың тиімді әдістері ретінде.

    Жаңа Қазақстандық патриотизм мен азаматтық тәрбиелеу, құқықтық тәрбие бағытының жұмыс жүйесі.

2. Жасөспірімдер арасында ұшырасатын суицид көріністерінің алдын алу;

    Тәрбие жұмыстарының тиімділігін арттырудағы ата-аналар жиналысының рөлі;

    Тәрбие сағатын талдау үлгісі мен ұйымдастыру жолдары.

    Сынып жетекшінің портфолиосы.

    Оқушы күнделіктерінің жағдайы.


Азаматтық, патриоттық, құқықтық және полимәдениеттік тәрбие беру барысында оқушыларға ҚР мемлекеттік рәміздерін бағалап, ҚР Конституцияны құрметтеуге баулу жұмыстары атқарылды. Ана тіліне деген құрмет пен сүйіспеншілікті нығайту, өз құқықтарын мен міндеттерін біле келе жауапкершілікті сезіну, өз Отанының патриоты болуға тәрбие беру міндеттелді. Оқушылар арасында мектепте құқықтық жалпы білім беру жұмысы жүргізілді.

 «Жасөспірімдер арасындағы бұзақылық» тақырыбында мектеп  оқушылары  арасында ОДН қызметкерлерімен  жиналыс өткізіліп, жиналысқа 390 ұл балалар қатысты.

Жасөспірімдер арасындағы қылмыстық істердің алдын алу мақсатында: «Мектептегі әлімжеттілік» тақырыбына 5-11 сынып оқушыларынан сауалнама алынып, қорытындысы бойынша мектепте жоғарғы сынып оқушылары арасында күш көрсететін, бопсалауға бейім оқушылардың бар екендігі анықталып, ата-аналармен және анықталған оқушылармен жұмыс жүргізілді.

«Зорлық- зомбылықсыз балалық шақ» тақырыпта  8-11 сыныптарда сынып сағаттары өткізілді.

5-8 сыптарда «Мен және менің құқығым» атты тәрбие сағаттары өткізілді. 

9-11 сыныптарында «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!», «Жасөспірім және қылмыс», «Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы» тақырыптарында лекциялар оқылып, талқыланды.


Мұғалімдердің, психологтардың, мектеп инспекторының оқушылар арасында қауіпсіз қарым-қатынас орнату бойынша бірлескен жүйелі жұмысы жолға қойылған. Оқушылар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша педагогикалық ұжымның, оқушылардың алаңдаушылық деңгейін айқындау бойынша бірнеше жұмыстар атқарылды, мектепішілік есепте тұрған ерекше назардағы  2 – оқушы мектептің қоғамдық жұмыстарына қатыстырылып, үйірме, спорт секцияларына тартылып үнемі назарда.

Психологтар мен сынып жетекшісі тарапынан оқушыларына сынып жетекшісімен директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, психолог бірлесе отырып, отбасына зерттеу актісі толтырылды және жеке мінездеме жазылды. Кәмелеттік жасқа толмағандар ісі жөніндегі инспектормен бірлесе отырып әңгімелер жүргізіп, хаттамалары тіркелген. 

8-11 - сыныптар арасында Еңбекшіқазақ ауданының  АІІБ-нің ӘПБ-нің ЮПТ-нің инспекторы полиция аға лейтенанты  Акимжанова   Айгерім мен Алипбаев Азаматтың қатысуымен  «Жасөспірім қылмыскер қайдан шығады?» деген тақырыптарда  онлайн семинар өтті.

ҚР Рәміздерін бағалауға «Мемлекеттік Рәміздерін насихаттау мен және қолдану» бойынша,  «Рухты асқақтатар Рәміздер»  атты тақырыптарда сынып сағаттары өткіліп, «Сен мемлекеттік Рәміздерді білесің бе?» сауалнама  алынды. «Тарихтан туған рәміздер» тақырыбында видео челлендж бен «Мемлекеттік рәміздер-еліміздің нышаны» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Сонымен қатар «Рәміздер-рухымыз,арожданымыз» тақырыбында эссе байқауы өтті.

АӘД пәнінің мұғалімі Ахметов Арманның  жетекшілік етуімен 9 «А»  сынып оқушысы  Балаханова Маржан аудандық патриоттық әндер  жарысына  қатысып,  жүлделі 2-орынды иеленді.


Рухани-адамгершілікке тәрбиелеу бойынша негізгі міндеті адамгершілік мінез-құлық әдеттерін, қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру болып табылады. 

«Қарттарым, аман – саумысың!?» Әңгіме – сұхбат, акция  ұйымдастыру. Акция барысында оқушылар мектебіміздің ардагер ұстаздары Бухатова Ермек Нуролдиновна, Букаев Жұмахан Нүсіпұлы  мен Доскалиева Гулжахан Есимовнаны мейраммен құттықтап қайтты.

Оқушыларды қайырымдылыққа, адамгершіллікке , жақсы үлгі өнегеге, үлкенді сыйлау, кішіге қамқор болу қасиеттеріне , мейірімділікке, тәрбиелеу мақсатында 1-11 сыныптарында «Қарттарым – асыл қазынам» атты тәрбие сағаттары өткізілді. Мектебімізде желтоқсан айында өткізілген «30 игі іс » акциясында аз қамтылған отбасы балаларына мектеп ұстаздары  мен ата – аналары тарапынан азық түлік пен киім –кешектер берілді. 

Отбасы тәрбиесінің міндеті балалардың өз туыстарының кемшіліктеріне шыдамдылық көрсетуін қалыптастыру, өзін отбасының тең құқылы бір мүшесі ретінде сезінуіне, ересек адам ретінде отбасында пікір айта алуына дағдыландыру.

Осы бағыт бойынша мектепте көзделген төмендегі іс-шаралар іске асырылды. Жаңа оқу жылында 1,10 сыныптарға келісім-шартқа қол қойылды. Онда ата-аналардың, оқушылардың және мектептің міндеттері, құқықтары және жауапкершілігі туралы жазылып, түсініктемелері берілді. ОДН қызметкерлері   Акимжанова Айгерім мен Алипбаев Азамат оқушыларды қоғамдағы болып жатқан келеңсіз жағдайлардан сақтандыру мақсатында «Жасөспірім және қылмыс» атты кездесу сағаттары өткізіліп оқушылардың сұрақтарына жауап берді. 

Мектепте «Ерте жүктіліктің алдын алу » тақырыбымен семинар ұйымдастырылып, 6-11-сынып қыздарымен  аудандық емхананың гинеколог-дәрігер А.Смамагзумова    шақырылып өз кеңестерімен бөлісті.

Ата – аналар оқу сапасын арттыру бойынша іс –шаралар өткізуге ат салысты, мысалы, бастауыштың 1 сынып оқушыларының қатысуымен «Қош бол, Әліппем»,  мерекелік бағдарламалар ұйымдастырылып бала мен ата-ананың байланысы нығайды. 

Ата –аналар мектепішілік іс-шараларды өткізуге, ата-аналар жиналыстарына қатысып, балалардың оқудағы жетістіктері ата-аналар жиналыстарында талданды және талқыланды. 


Ұлттық тәрбие. Қазақстан Республикасының  7-қыркүйек Тіл мерекесіне орай «Ұлттың ұлы ұстазы» атты онкүндіктің іс-шара жоспары құрылып, мектеп директорымен бекітілді. Қазақ тілі, орыс тілі және шет тілі пән мұғалімдері «Дәуірдің жарық жұлдызы» Эссе жазу байқауы 8-9 сыныптар «Адам болам десеңіз...»Ақынның мысалында мәнерлеп оқу   мен Конкурс сочинений на темы: «Язык – это окно в новый мир»,

«Язык – живая душа народа», «Ты таков, какова твоя речь»  Конкурс чтецов «Горжусь тобой, мой   Казахстан!»  (5 – 6  кл.) атты сабақтан тыс іс-шараларын өткізді.

Көпмәдениетті және көркем-эстетикалық тәрбие бағыттары жаңа мазмұнда енгізілген бағыттар. Әлеуметтік –мәнді және жеке қасиеттерін қалыптастыру бағыты бойынша адам - ең жоғарғы құндылық екенін оқушыға түсіндіру болып келеді. Ең ұлы жеңіс өзінді-өзің жеңу, өзіне - өзі ие бола білген адам ғана барша жұрттан күшті. Әрбір адамның қоғамдағы алатын өзіндік мәртебесі, өз орны бар екеніне сендіру. Осыған орай бұл бағыттар бойынша жоспарға сай бірнеше жұмыстар қамтылды. Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдығына орай «Алғашқы ұстаз, алғашқы дана бабам» атты тақырыпта әдеби кеш өтті. « Абай дана, Абай дара қазақта» атты мәнерлеп оқу жарысы өтіп,оқушылар мақтау қағаздарымен марапатталды.

«Дәуірдің жарық жұлдызы – Ахмет Байтұрсынұлы » атты 9-11 сыныптар арасында әдеби кеш өткізілді. Кеште оқушылар ақындардың өлеңдері мен жырларын жатқа айтып,өмірлерінен көрініс көрсетті. 


Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие берудін міндеті табиғат тағдыры үшін тұлғаның жауапкершілік сезімін қалыптастыру, жанашырлық сезімін ояту,адам мен қоршаған ортаның біртұтастығын сана сезімдеріне дағдыландыру. 

Еңбек, экономика және экологиялық тәрбие бағытындаміндеті нарықтық экономиканың негізгі заңдары жайлы білімдерін қалыптастыру, жасөспірімдердің өзіне-өзі қызмет көрсету шеберлігін және дағдыларын игере отырып көзделген мақсатқа жетуді, шыдамдылықты қалыптастыру болып табылады. Осы бағыттың аясында мектебіміздің оқушылары әр түрлі жарыстарға қатысып жүлделі орындарға ие болды.


 Атап айтсақ: «Берекелі алтын күз» атты республикалық балалар мен жасөспірімдер арасындағы «Өнер Байқауы»  «Бейнелеу өнері» наминациясы бойынша және  «Арайлы күз, алтын күз», «Дала жұлдызы» 2 хаықаралық онлайн балалар мен жасөспірімдер байқауына қатысып 1,2,3 дипломдармен  Жанат Мадина,Райымбекова Асия,Сулейменова Медина,Ерланқызы Адеми, Мекебай Айша мен Амина, Нұрболатқызы Нұрай, Балаханова Маржан,Мұхамеджан Аяна,Бақыт Інжу марапатталды. «Тәуелсіз елдің таланттары» атты халықаралық «Alash star» өнер байқауында ерекше таланттарымен «Аспапты ойнау» номинациясы бойынша Канажанов Альбатыр І орын дипломымен марапатталды. 


Зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениет тәрбиесі әрбір тұлғаның зияткерлік мүмкіндігін,көшбасшылық қасиеттерін және дарындылығын, сондай-ақ ақпараттық мәдениетін дамытуды қамтамасыз ететін уәждемелік кеңестік қалыптастыру мақсатында «Өзін-өзі басқару» күнін өткізіп, мектеп президентін етіп 9 «Ә» сынып оқушысы  Нұрболатұлы Аян сайланды. Оқушылардың өзін – өзі тану қабілетін зерттеу мақсатында мектеп психологтары үнемі жұмыстар жүргізеді.

5-9 сыныптар арасында Тәуелсіздік күніне арналған «Елім менің» ән байқауы  мен баскетбол ойынынан жарыстар ұйымдастырылып,өткізілді.

Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес зияткерлік,  спорттық іс-шаралар жүйесі жүргізіліп жатыр. Балалардың сыныптан тыс жұмысқа қатысуын ынталандыру жүйесі бар. Сыныптан тыс іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу мұғалімнің көмегімен жүзеге асырылады және оқушы тұлғасын дамытуға бағытталған.


Дене тәрбиесі және салауатты өмір салтын қалыптастыру тәрбиесінде алға қойылған міндеті оқушы бойында теріс әсерлерге қарсы тура алу қабілетін қалыптастыру, дене еңбегі, психикалық түсініктерін қалыптастыру болып табылады. Осы міндетті орындау барысы бойынша жоспарда көзделген төмендегідей іс-шаралар өткізілді: «Белсенді өмір – жүз жастық ғұмыр!» атты тақырыпта  6-сыныптар арасында көңілді сөре мен 8-10 сыныптар арасында баскетболдан жарыс ұйымдастырылып, өткізілді.

 Мектебіміздіңспортшы оқушылары да әр түрлі спорт түрлерінен жарыстарға қатысып жүлделі орындар мен оралуда.

Қыздар арасында аймақтық волейбол жарысы өткізіліп, Абылай хан мектебі жүлделі ІІІ орын иегері атанды.

7-8 сынып ұлдар арасында баскетбол спорт түрінен аудандық лига өткізіліп, Абылай хан командасы І орын жеңімпаздары атанды.

«Ойнай білмеген – ойлай білмейді» атты шахматтан аудандық ашық біріншілігінде командалық есепте «Абылай хан»  құрамасы ІІ орынды иеленді.

Алматы қаласы «Сұңқар» спорт кешенінде 1-желтоқсан Қазақстанның тұңғыш Президент күніне орай «Шаңғы» спорт түрінен өткізілген жарысқа 3,7 сынып оқушылары қатысып, мақтау қағаздарымен марапатталды.

4 сынып оқушысы Мекебай Али республикалық каратэ чемпионатының жүлделі 2 орын иегері атанды.

    ҚОРЫТЫНДЫ:

Қорыта келгенде, сыныптар бойынша тәрбие жұмысы көздеген мақсатқа жетті. Жоспарланған іс-шаралар, ашық тәрбие сағаттары өтіліп, талданды. 


   Шешім:


1.Сынып сағаттары мен ашық тәрбие сағаттарын өтуде тәрбие жұмысының формасы түрленсін;


2.Оқушыларды жан-жақты үйлесімді дамыған жеке тұлға ретінде қалыптастырып дамытуда сыныптан, сабақтан тыс іс-шараларға, түрлі байқаулар мен спорттық жарыстарға жиі қатыстырылсын;


3.Мектептің тәрбие жұмысының жылдық жоспарын, тәрбие жұмысының мақсатын жүзеге асыру барысында сапалы жұмыстар атқарылсын.


Осы ұсыныстардың орындалауын қадағалау директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А. Жазылбекова жүктелінсін.