Нормативтік құжаттар - Абылай хан атындағы № 4 орта мектебі https://abylaikhan-enkaz.mektebi.kz/ ru Нормативтік құжаттар - Абылай хан атындағы № 4 орта мектебі DataLife Engine Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы https://abylaikhan-enkaz.mektebi.kz/o-detskom-sade/normativtk-zhattar/167-https-adiletzankz-kaz-docs-v1200007495.html https://abylaikhan-enkaz.mektebi.kz/o-detskom-sade/normativtk-zhattar/167-https-adiletzankz-kaz-docs-v1200007495.html
"Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 35) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:

Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 19.11.2021 № 568 және ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 22.11.2021 № 432 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидалары бекітілсін.

Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 19.11.2021 № 568 және ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 22.11.2021 № 432 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.
2. Мектепке дейінгі және орта білім департамент (Ж.А. Жонтаева):

1) осы бұйрықты белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге ұсынсын;

2) аталған бұйрықты бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын;

3) осы бұйрықты облыстық, Астана, Алматы қалалары білім басқармаларының, республикалық ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдарының назарларына жеткізсін.

3. "Мемлекеттік орта білім беру ұйымдарының басшыларын конкурстық орналастыру қағидасын әзірлеу және бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі міндетін атқарушының 2007 жылғы 26 желтоқсандағы № 657 бұйрығының (5116 нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген, 2008 жылғы 15 ақпанда № 24 (1424) "Юридическая газета" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр М.Н. Сарыбековке жүктелсін.

5. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

МинистрБ. Жұмағұлов
3-тарау. Мемлекеттік білім беру ұйымдарының педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату тәртібі
1-параграф. Мемлекеттік білім беру ұйымдарының педагогтерін лауазымға тағайындауға конкурс өткізу тәртібі
88. Республикалық мемлекеттік орта білім беру ұйымдары педагогінің бос және (немесе) уақытша бос лауазымына тағайындау конкурсын тиісінше республикалық мемлекеттік орта білім беру ұйымдары ұйымдастырады.

89. Мемлекеттік білім беру ұйымдары педагогінің бос және (немесе) уақытша бос лауазымына тағайындау конкурсын облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарының қарамағындағы мемлекеттік білім беру ұйымы ұйымдастырады.

90. Шағын жинақталған мектептерді қоспағанда, барлық бос және (немесе) уақытша бос лауазымға мемлекеттік білім беру ұйымы конкурс өткізеді.

91. Конкурсқа Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларына сәйкес келетін және осы Қағидалардың 107-тармағында көрсетілген тізім бойынша құжаттарды ұсынған педагогтер қатысады.

92. Конкурс аптасына 16 сағат және одан да көп сағат оқу жүктемесі бар педагогтің бос және (немесе) уақытша бос лауазымына өткізіледі.

93. Бос лауазымдар болған жағдайда әрбір педагогке сағат саны педагогтің бір жарым ставкасынан аспауы тиіс.

94. Конкурсты ұйымдастыру тәртібі мынадай кезеңдерді қамтиды:

1) тиісті деңгейдегі білім беру ұйымдарының және (немесе) білім беруді басқару органының Интернет-ресурсында және (немесе) әлеуметтік желілердің ресми аккаунттарында конкурс өткізу туралы хабарландыруды жариялау;

2) конкурсты өткізу күні мен орнын айқындау және конкурстық комиссияны қалыптастыру;

3) конкурсқа қатысуға ниет білдірген кандидаттардан құжаттарды қабылдау;

4) кандидаттар құжаттарының Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген біліктілік талаптарына сәйкестігін қарау;

5) конкурстық комиссияның қорытынды отырысы.

95. Конкурс өткізу туралы хабарландыру мынадай мәліметтерді қамтиды:

1) орналасқан жері, пошталық мекенжайы, телефон нөмірлері, электрондық пошта мекенжайы көрсетілген бос және (немесе) уақытша бос лауазымы (сағаты) бар білім беру ұйымының атауы;

2) негізгі функционалдық міндеттері, еңбекке ақы төлеу мөлшері мен шарттары белгіленген бос және (немесе) уақытша бос лауазымның атауы;

3) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген кандидатқа қойылатын біліктілік талаптары;

4) құжаттарды қабылдау мерзімі Конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі;

5) қажетті құжаттар тізбесі;

6) уақытша бос лауазымға конкурс өткізу кезінде педагогтің уақытша бос лауазымының мерзімі.

96. Конкурсты өткізу мерзімі және конкурстық комиссияның құрамы мемлекеттік білім беру ұйымының бұйрығымен айқындалады.

97. Конкурстық комиссия кемінде комиссияның бес мүшесінен, оның ішінде комиссия мүшелерінің арасынан сайланатын төрағадан тұратын алқалы орган болып табылады. Конкурстық комиссия құрамына білім беру ұйымы әкімшілігінің өкілдері, тиісті деңгейдегі әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың) немесе білім беру ұйымының, азаматтық қоғамның әдіскерлері, аудандық (қалалық) білім бөлімінің мамандары, педагогтер кіреді.

98. Конкурстық комиссияның құрамына олармен келісім бойынша басқа білім беру ұйымдарының өкілдерін енгізуге рұқсат етіледі.

99. Конкурстық комиссияның хатшысы конкурстық комиссия отырыстарын ұйымдастырады, оның мүшесі болып табылмайды.

100. Конкурстық комиссияның қатыспаған мүшелерін алмастыруға жол берілмейді.

101. Конкурстық комиссияның қызметінде мүдделер қақтығысы туындаған жағдайда конкурстық комиссияның құрамы қайта қаралады.

102. Конкурстық комиссияның құрамын өзгерту білім беру ұйымы басшысының шешімі бойынша жүзеге асырылады.

103. Конкурстық комиссияның отырыстары төраға, отырысқа қатысқан комиссия мүшелері және хатшы қол қойған хаттамамен ресімделеді.

104. Конкурстық комиссияның отырысы, егер оған комиссияның жалпы құрамының кемінде үштен екісі қатысса, өтті деп, ал оның шешімі заңды деп есептеледі.

105. Конкурстық комиссияның отырыстары аудио-бейне жазбамен сүйемелденеді. Аудио-бейне жазбалар білім беру ұйымдарында бірінші отырыс өткізілген күннен бастап бір жыл бойы сақталады.

106. Конкурсқа қатысуға құжаттарды қабылдау конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған соңғы күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде жүргізіледі.

107. Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде келесі құжаттарды электрондық немесе қағаз түрінде жолдайды:

1) осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);

3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);

4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).

7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

8) наркологиялық ұйымнан анықтама;

9) Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі – ҰБТ) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда).

10) 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған Бағалау парағы.

108. Конкурсқа қатысушы бар болған жағдайда біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми/академиялық дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми немесе әдістемелік жарияланымдар, біліктілік санаттар туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсынады.

109. Осы Қағидалардың 107-тармағында көрсетілген құжаттардың біреуінің болмауы құжаттарды кандидатқа қайтару үшін негіз болып табылады.

110. Мемлекеттік ұйым кандидаттың құжаттарын қабылдағаннан кейін үш жұмыс күні ішінде құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшелеріне сыбайлас жемқорлық қылмыс және/немесе қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны туралы мәліметтердің болуы не болмауы туралы, сондай-ақ педагогикалық әдептің бұзылуы туралы сұрау салуды Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетіне жібереді.

111. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жұмысқа орналасуға тыйым салатын сыбайлас жемқорлық қылмыс және/немесе қылмыстық құқық бұзушылық және/немесе педагогикалық әдеп нормаларын бұзу туралы мәліметтер анықталған жағдайда, педагог конкурстың кез келген кезеңінде шеттетіледі.

112. Комиссия құжаттарды қабылдау аяқталған күннен кейін бес жұмыс күні ішінде кандидаттар құжаттарының Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген біліктілік талаптарына сәйкестігін қарауды жүргізеді.

113. Конкурстық комиссия кандидаттар құжаттарының біліктілік талаптарға сәйкестігін қарау нәтижелері бойынша, сондай-ақ осы Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес Бағалау парағында көрсетілген балдарды есептеуді жүзеге асырады.

114. Конкурс қорытындылары бойынша шешімді конкурстық комиссия жинаған балл негізінде қабылдайды.

115. Ең көп балл жинаған кандидат конкурстан өтті деп есептеледі және мемлекеттік білім беру ұйымының бірінші басшысына тағайындауға ұсынылады.

116. Кандидаттардың балл саны тең болған жағдайда конкурстық комиссия әңгімелесу өткізу туралы шешім қабылдайды, нәтижесі бойынша қызметке тағайындауға кандидат айқындалады.

117. Конкурстық комиссияның шешімімен келіспеген жағдайда комиссияның кез келген мүшесі өз пікірін баяндайды, комиссия отырысының хаттамасына қоса беріледі.

118. Конкурстық комиссия шешімі хаттамамен ресімделеді, оған комиссия төрағасы мен мүшелері, сондай-ақ хаттамалауды жүзеге асыратын хатшы қол қояды.

119. Әңгiмелесуге қатысқан, бiрақ тағайындауға ұсынылмаған кандидаттарды конкурстық комиссия кадр резервiне қоюды ұсынады.

120. Кадр резервінде болу мерзімі кадр резервіне алынған күннен бастап бір жылды құрайды.

121. Кадр резервіне енгізілген кандидаттар конкурс жарияланған кезде конкурстық комиссиямен әңгімелесу кезеңінен өтеді.

122. Конкурстың нәтижелері мемлекеттік білім беру ұйымының Интернет-ресурсында, конкурстың соңғы отырысы өткізілген күні ұйымның әлеуметтік желілерінің ресми аккаунттарында жарияланады.

123. Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген біліктілік талаптарына сәйкес келетін немесе комиссияның оң қорытындысын алған кандидатпен білім беру ұйымының басшысы еңбек шартын жасасады және жұмысқа қабылдау туралы бұйрық шығарады.

124. Конкурстық комиссияның оң қорытындысын алған кандидат еңбек шартын жасасудан бас тартқан жағдайда, білім беру ұйымының басшысы конкурстық комиссия кадр резервіне ұсынған немесе қабылдауға ұсынылған педагогтен кейін ең жоғары балл жинаған кандидатпен еңбек шартын жасасады.

125. Егер конкурс нәтижесінде комиссия бос лауазымға орналасуға кандидаттарды анықтамаса, конкурс өткізілмеді деп танылады.

126. Кандидаттар өздеріне қатысты бөлігінде конкурстық құжаттармен және комиссия шешімімен танысады.

127. Қос қызмет атқаратын педагогтерді конкурссыз жұмысқа қабылдау бір пән бойынша 8 сағаттан аспайтын уақытқа рұқсат етіледі.

128. Шағын жинақталған мектепті қоспағанда, қос қызмет атқаратын педагогтің бос жүктемесі педагогтердің арасында бөлінбейді

129. Оқу жылының басында бос лауазымға тиісті кандидат айқындалмаған жағдайда, оқу жылы ішінде бос сағаттар білім беру ұйымының педагогтері арасында бөлінеді және (немесе) уақытша педагог және (немесе) қос қызмет атқаратын педагог қабылданады.

130. Кандидаттар конкурстық комиссияның шешімімен келіспеген жағдайда Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің нормаларына сәйкес шағым береді.

131. Конкурсқа қатысушылар конкурстық комиссия шешіміне жоғары тұрған органның апелляциялық комиссиясына немесе сот тәртібімен шағым жасайды.

132. Педагогті лауазымынан босату Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 49-бабында көрсетілген негіздер бойынша жүзеге асырылады.

133. Мемлекеттік білім беру ұйымдарының педагогтерін босатуды білім беру ұйымы ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) білім бөлімімен келісе отырып жүзеге асырады.
Мемлекеттік білім беру
ұйымдарының бірінші
басшылары мен педагогтерін
лауазымға тағайындау,
лауазымнан босату
қағидаларына
2-қосымша
Нысан

Байқаушының жадынамасы
Құрметті байқаушы, Сізді конкурстық комиссия жұмысының ашықтығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін шақырды.

Осыған байланысты байқаушының толық жұмысы үшін осы жадынамамен танысуыңызды сұраймыз.

Жадынама Сіздің қалауыңыз бойынша мемлекеттік немесе орыс тілдерінде беріледі.

Байқаушы ретінде Сіздің:

Конкурс қатысушыларының құжаттарымен танысуға;

Конкурсқа қатысушылармен әңгімелесу кезінде қатысуға;

Әңгімелесуді өткізу барысы туралы баға беруге;

конкурс жариялаған мемлекеттік органның басшылығына конкурстық комиссияның жұмысы туралы өзіңіздің пікіріңізді жазбаша түрде беруге мүмкіндігіңіз бар.

Бұл ретте байқаушы:

кандидаттарға сұрақтар қоюға;

конкурс қатысушыларының жеке басы деректерін жариялауға;

әңгімелесу өткізу процесіне араласуға, конкурстық комиссия отырысының барысына кедергі жасауға;

конкурс қатысушыларына қандай да бір жәрдемдесуге;

конкурстық комиссияның мүшелеріне олардың шешім қабылдауында әсер етуге;

нақты конкурс қатысушысы туралы, оның жеке қасиеттері туралы пікірін білдіруге;

техникалық жазба құралдарын пайдалануға болмайды.

Әңгімелесу кезінде конкурстық комиссияның Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын сақтауына назар аударыңыз.

Таныстым: _______________________________________________________________

(қолы) (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

20__ жылғы "____"_______________.

Мемлекеттік білім беру
ұйымдарының бірінші
басшылары мен педагогтерін
лауазымға тағайындау,
лауазымнан босату
қағидаларына
3-қосымша
Нысан

Құжаттарды қабылдау туралы қолхат (қағаз түрінде берілген жағдайда)

____________________________________________________________________

/көрсетілетін қызметті алушының Т. А. Ә. (болған жағдайда) көрсету

____________________________________________________________________

/көрсетілетін қызметті берушінің атауын көрсету/

Мемлекеттік білім беру ұйымдарының басшыларын тағайындау конкурсына қатысу

үшін қабылданған құжаттардың тізбесі

керегінің астын сызу керек

1.__________________________________________________________________

2.__________________________________________________________________

3.__________________________________________________________________

Қабылдады:_________________________________________"__"_____20__жыл

____________________________________________________________________

(Орындаушының Т. А. Ә. (болған жағдайда) (қолы, байланыс телефоны)

Мемлекеттік білім беру
ұйымдарының бірінші
басшылары мен педагогтерін
лауазымға тағайындау,
лауазымнан босату
қағидаларына
4 қосымша
_______________________
/ Көрсетілетін қызметті
алушының Т. А. Ә,
(болған жағдайда) /
Нысан

Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат (қағаз түрінде берген жағдайда)
Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін

лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын басшылыққа ала отырып

______________________________ ________________________________________

/ көрсетілетін қызметті берушінің немесе Мемлекеттік корпорацияның атауын,

мекенжайын көрсету / мемлекеттік білім беру ұйымдарының басшыларын

тағайындауға арналған конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдаудан бас тартады

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

/ көрсетілетін қызметті алушының Т. А. Ә. (болған жағдайда) көрсету /

____________________________________________________________________

/ білім беру ұйымының атауын көрсету /

____________________________________________________________________

байланысты, атап айтқанда /жоқ немесе сәйкес келмейтін құжаттардың атауын көрсету /:

1)_________________________________;

2)_________________________________;

3)_________________________________.

Осы қолхат әрбір тарап үшін бір-бірден 2 данада жасалды. "___"___________20___жыл

____________________________________________________________________

(Мемлекеттік корпорация қызметкерінің Т. А. Ә. (болған жағдайда))

____________________________________________________________________

(қолы, байланыс телефоны)

Қабылдады:__________________________________________________________

/ Т.А.Ә. (болған жағдайда) көрсетілетін қызметті алушының /

"____"___________20___жыл ____________

/қолы

Мемлекеттік білім беру
ұйымдарының бірінші
басшылары мен
педагогтерін лауазымға
тағайындау,
лауазымнан босату
қағидаларына
5-қосымша
Нысан

____________________________
конкурс жариялаған мемлекеттік
орган
____________________________________________________________________

кандидаттың Т.Ә.А. (болған жағдайда), ЖСН

____________________________________________________________________

(лауазымы, жұмыс орны)

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

Нақты тұратын жері, тіркелген мекенжайы, байланыс телефондары.

Өтініш
Мені _________________________________ бос лауазымына/уақытша

(білім беру ұйымының атауы, мекенжайы (облыс, аудан, қала/ауыл)

бос лауазымына (керегінің астын сызу керек) орналасуға арналған конкурсқа қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

Қазіргі уақытта _________________________________ жұмыс жасаймын.

(лауазымы, білім беру ұйымының атауы, мекенжайы (облыс, аудан, қала/ауыл)

Тестілеуді тапсыру тілі: қазақ/орыс

керегінің астын сызу керек

Конкурс қағидаларымен таныстым:

Білімі: жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім, техникалық және кәсіптік білім

Оқу орнының атауы

Оқу кезеңі

Диплом бойынша мамандық




Жүктеу
Біліктілік санатының бар болуы (бар болса берілген (расталған) күні):

____________________________________________________________________

Жұмыс өтілі:

Жалпы

Педагогикалық

Мемлекеттік қызмет өтілі

Мамандық бойынша (кәсіпкерлік субъектілерінің мамандары үшін)

Осы білім беру ұйымында, оның ішінде атқаратын лауазымында






Жүктеу
Келесі жұмыс нәтижелерін негізге аламын: ____ _

Наградалары, атағы, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы, сондай-ақ қосымша мәліметтер (бар болса)__________________________________

Мен дербес деректерді өңдеу мақсаттарына сәйкес келетін кез келген заңды тәсілдермен менің дербес деректерімді мерзімсіз өңдеуге (фото, бейне және бейне көрсетілімдерді, оның ішінде автоматтандыру құралдарын пайдалана отырып немесе осындай құралдарды пайдаланбай дербес деректердің ақпараттық жүйелерінде пайдалану үшін) келісемін.

Тестілеу өтетін ғимаратта тыйым салынған заттардың бірін пайдаланғаны үшін жауапкершілік туралы, тиісті акт жасалып, шығарылатыны туралы ескертілді.

Тыйым салынған зат табылған жағдайда бір жыл мерзімге тестілеуден өту құқығынан айырылатыным туралы ескертілді.

Ұлттық біліктілік тестілеуін өткізу кезінде, сондай-ақ бейне жазбаны қарау кезінде қағидаларды бұзу фактілері анықталған жағдайда, тапсыру мерзіміне қарамастан акт жасалатыны және нәтижелердің күші жойылатыны ескертілді.

Тыйым салынған заттар:

- ұялы байланыс құралдары (пейджер, ұялы телефондар, планшеттер, iPad (Айпад), iPod (Айпод), iPhone (Айфон), SmartPhone (Смартфон), Смартсағаттар);

- ноутбуктер, плейерлер, модемдер (мобильді роутерлер);

- радио-электрондық байланыстың кез келген түрлері (Wi-Fi (Вай-фай), Bluetooth (Блютуз), Dect (Дект), 3G (3 Джи), 4G (4 Джи); 5G (5 Джи);

- сымды және сымсыз құлаққаптар және басқалары;

- шпаргалкалар мен оқу-әдістемелік әдебиеттер;

- калькуляторлар мен түзету сұйықтығы.

Келісемін ________________________________________________

(Т.А.Ә. (болған жағдайда)) (қолы)

Тестілеуді және конкурс өткізу қағидаларымен таныстым.

20___жылғы "____" ______________ ____________________

/қолы /
Мемлекеттік білім беру
ұйымдарының бірінші
басшылары мен педагогтерін
лауазымға тағайындау,
лауазымнан босату
қағидаларына
10-қосымша
Нысан
____________________________
конкурс жариялаған мемлекеттік
орган
____________________________________________________________________

кандидаттың Т.А.Ә. (болған жағдайда), ЖСН

____________________________________________________________________

(лауазымы, жұмыс орны)

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

Нақты тұратын жері, тіркелген мекенжайы, байланыс телефоны

Өтініш
Мені бос/уақытша бос лауазымға орналасуға арналған конкурсқа жіберуіңізді сұраймын (керегінің астын сызу керек)

____________________________________________________________________

білім беру ұйымдарының атауы, мекенжайы (облыс, аудан, қала / ауыл)

Қазіргі уақытта жұмыс істеймін

____________________________________________________________________

лауазымы, ұйымның атауы, мекенжайы (облыс, аудан, қала / ауыл)

Өзім туралы мынадай мәліметтерді хабарлаймын:

Білімі: жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі

Оқу орнының атауы

Оқу кезеңі

Диплом бойынша мамандығы




Жүктеу
Біліктілік санатының болуы (берген (растаған) күні):____________________________
Педагогикалық жұмыс өтілі:________________________________________________
Келесі жұмыс нәтижелерім бар:_____________________________________________
Наградалары, атақтары, дәрежесі, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы, сондай-ақ қосымша мәліметтері (болған жағдайда)
_________________________________________________________________________
Мемлекеттік білім беру
ұйымдарының бірінші
басшылары мен педагогтерін
лауазымға тағайындау,
лауазымнан босату
қағидаларына
11-қосымша
Нысан
Педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың бағалау парағы ____________________________________________________________ (Т.Ә.А. (болған жағдайда))


Өлшемшарттар

Растайтын құжат

Балл саны
(1-ден 20-ға дейін)

1.

Білім деңгейі

Білімі туралы диплом

Техникалық және кәсіптік = 1
Жоғары күндізгі = 5
жоғары сырттай / қашықтықтан оқыту = 2
жоғары білім туралы үздік диплом = 7

2.

Ғылыми / академиялық дәрежесі

Білімі туралы диплом

Магистр немесе жоғары білімі бар маман = 5
PHD-докторы = 10
Ғылым докторы = 10
Ғылым кандидаты = 10


Ұлттық біліктілік тестілеуі

Сертификат

"Педагог" біліктілік санатымен
Мазмұны бойынша:
50-ден 60-қа дейін = 0 балл
60-тан 70-ке дейін = 2 балл
70-тен 80-ге дейін = 5 балл
80-нен 90-ға дейін = 6 балл
Әдістеме және педагогика бойынша:
30-дан 40-қа дейін = 0 балл
40-тан 50-ге дейін = 1 балл
50-ден 60-қа дейін = 2 балл
60-тан 70-ке дейін = 3 балл
"Педагог-модератор" біліктілік санатымен
Мазмұны бойынша:
50-ден 60 балға дейін = 0 балл
60-тан 70 балға дейін = 3 балл
70-тен 80 балға дейін=6 балл
80-ден 90 балға дейін=7 балл
Әдістеме және педагогика бойынша:
30-дан 40 балға дейін=0 балл
40-тан 50 балға дейін=2 балл
50-ден 60 балға дейін=3 балл
60-тан 70 балға дейін=4 балл
"Педагог-сарапшы" біліктілік санатымен
Мазмұны бойынша:
50-ден 60 балға дейін=0 балл
60-тан 70 балға дейін=4 балл
70-тен 80 балға дейін=7 балл
80-нен 90 балға дейін=8 балл
Әдістеме және педагогика бойынша:
30-дан 40 балға дейін=0 балл
40-тан 50 балға дейін=3 балл
50-ден 60 балға дейін=4 балл
60-тан 70 балға дейін=5 балл
"Педагог-зерттеуші" біліктілік санатымен
Мазмұны бойынша:
50-ден 60 балға дейін=0 балл
60-тан 70 балға дейін- 5 балл
70-тен 80 балға дейін=8 балл
80-нен 90 балға дейін=9 балл
Әдістеме және педагогика бойынша:
30-дан 40 балға дейін=0 балл
40 - тан 50 балға дейін=4 балл
50-ден 60 балға дейін=5 балл
60-тан 70 балға дейін=6 балл
"Педагог-шебер" біліктілік санатымен - 10 балл

3.

Біліктілігі/Санаты.

Куәлік, өзге де құжат

2 санат-1 балл
1 санат -2 балл
Жоғары санатты-3 балл
Педагог-модератор-3 балл
Педагог-сарапшы = 5 балл
Педагог- зерттеуші = 7 балл
Педагог-шебер = 10 балл

4.

Педагогикалық қызмет өтілі

еңбек кітапшасы / еңбек қызметін алмастыратын құжат

1 жылдан 3 жылға дейін = 1
3 жылдан 5 жылға дейін = 1,5
5 жылдан 10 жылға дейін = 2
10 жылдан және одан артық = 3

5.

Әкімшілік және әдістемелік қызмет тәжірибесі

еңбек кітапшасы / еңбек қызметін алмастыратын құжат

әдіскер= 1 балл
директор орынбасары= 3 балл
директор = 5 балл

6.

Жұмысқа алғаш кіріскен педагогтар үшін

Білім туралы дипломға қосымша

Педагогикалық/кәсіптік практика нәтижелері
"өте жақсы" = 1 балл
"жақсы" = 0,5 балл

7.

Алдыңғы жұмыс орнынан ұсыныс хат (еңбек қызметін жүзеге асыру кезінде)

Хат

Оң ұсыныс хаттың болуы = 3 балл
Ұсыныс хат болмаған жағдайда – минус 3 балл
Теріс ұсыныс хаттың болуы = минус 5 балл

8.

Кәсіби жетістіктердің көрсеткіштері

- білім алушылардың дипломдары, олимпиадалар мен конкурстар жеңімпаздарының грамоталары, ғылыми жобалары;
- мұғалімдер мен олимпиадалар жеңімпаздарының дипломдары, грамоталары;
- мемлекеттік награда

олимпиадалар мен конкурстардың жүлдегерлері-0,5 балл
ғылыми жобалар-1 балл
олимпиадалар мен конкурстардың жүлдегерлері-3 балл
"Үздік педагог" конкурсының қатысушысы-1 балл
"Үздік педагог" конкурсының жүлдегері – 5 балл
медаль "Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы" - 10

9.

Әдістемелік қызмет

- авторлық жұмыстар және жарияланымдар

ҚР БҒМ тізбесіне енгізілген оқулықтардың және (немесе) ОӘК авторы немесе тең авторы – 5 балл
РОӘК – 2 тізбесіне енгізілген оқулықтардың және (немесе) ОӘК авторы немесе тең авторы
БҒССҚЕК, Scopus – 3 тізбесіне енгізілген ғылыми-зерттеу қызметі бойынша жарияланымның болуы

10

Қоғамдық-педагогикалық қызмет

- көшбасшылық
- көптілділікті жүзеге асыру

тәлімгер-0,5 балл
ӘБ жетекшілігі -1 балл
кәсіби-педагогикалық қауымдастық көшбасшысы – 1 балл
2 тілде оқыту, орыс/қазақ – 2 балл
Шетел/орыс, шетел/қазақ – 3 балл
3 тілде оқыту (қазақ, орыс, шетел) – 5 балл

11

Курстық дайындық

- пәндік дайындық сертификаттары;
- цифрлық сауаттылық сертификаты,
ҚАЗТЕСТ,
IELTS;
TOEFL;
DELF;
Goethe Zertifikat, "Python-да бағдарламалау негіздері", "Microsoft-пен жұмыс істеуді оқыту" бағдарламалары бойынша оқыту

НЗМ ПШО, "Өрлеу" курстары
– 0,5 балл
курстар - 0,5 балл (әрқайсысы жеке)

Барлығы:

Максималды балл – 83

Жүктеу
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2012 жылғы 21 ақпандағы
№ 57 бұйрығымен
бекітілген
Нысан

____________________________
конкурс жариалаған мемлекеттік
орган
________________________
(Тегі, аты, әкесінің аты
(болған жағдайда)
Көрсетілген қызметті алушының қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі
Ескерту. Қағида 12-қосымшамен толықтырылды - ҚР Оқу-ағарту министрінің 27.08.2022 № 383 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Мен, _____________________________________________________

(Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

1) дербес деректерді үшінші тұлғаларға беруді;

2) дербес деректерді өңдеу процесінде оларды трансшекаралық беруді;

3) дербес деректерді жалпыға қолжетімді көздерде таратуды қамти отырып,

"Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларына 1-қосымшаның 8-тармағына сәйкес қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізу үшін келісім беремін.

Ұсынылатын құжаттардың дұрыстығын және мемлекеттік қызмет көрсету кезінде біліктілік талаптарына сәйкестігін растау үшін талап етілетін өзге де мәліметтерді қамтитын қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісемін.

Осы Келісім мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін алғанға дейін барлық кезең ішінде қолданылады.

__________ ___________________________________

(қолы) (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)]]>

"Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 35) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:

Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 19.11.2021 № 568 және ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 22.11.2021 № 432 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидалары бекітілсін.

Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 19.11.2021 № 568 және ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 22.11.2021 № 432 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.
2. Мектепке дейінгі және орта білім департамент (Ж.А. Жонтаева):

1) осы бұйрықты белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге ұсынсын;

2) аталған бұйрықты бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын;

3) осы бұйрықты облыстық, Астана, Алматы қалалары білім басқармаларының, республикалық ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдарының назарларына жеткізсін.

3. "Мемлекеттік орта білім беру ұйымдарының басшыларын конкурстық орналастыру қағидасын әзірлеу және бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі міндетін атқарушының 2007 жылғы 26 желтоқсандағы № 657 бұйрығының (5116 нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген, 2008 жылғы 15 ақпанда № 24 (1424) "Юридическая газета" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр М.Н. Сарыбековке жүктелсін.

5. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

МинистрБ. Жұмағұлов
3-тарау. Мемлекеттік білім беру ұйымдарының педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату тәртібі
1-параграф. Мемлекеттік білім беру ұйымдарының педагогтерін лауазымға тағайындауға конкурс өткізу тәртібі
88. Республикалық мемлекеттік орта білім беру ұйымдары педагогінің бос және (немесе) уақытша бос лауазымына тағайындау конкурсын тиісінше республикалық мемлекеттік орта білім беру ұйымдары ұйымдастырады.

89. Мемлекеттік білім беру ұйымдары педагогінің бос және (немесе) уақытша бос лауазымына тағайындау конкурсын облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарының қарамағындағы мемлекеттік білім беру ұйымы ұйымдастырады.

90. Шағын жинақталған мектептерді қоспағанда, барлық бос және (немесе) уақытша бос лауазымға мемлекеттік білім беру ұйымы конкурс өткізеді.

91. Конкурсқа Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларына сәйкес келетін және осы Қағидалардың 107-тармағында көрсетілген тізім бойынша құжаттарды ұсынған педагогтер қатысады.

92. Конкурс аптасына 16 сағат және одан да көп сағат оқу жүктемесі бар педагогтің бос және (немесе) уақытша бос лауазымына өткізіледі.

93. Бос лауазымдар болған жағдайда әрбір педагогке сағат саны педагогтің бір жарым ставкасынан аспауы тиіс.

94. Конкурсты ұйымдастыру тәртібі мынадай кезеңдерді қамтиды:

1) тиісті деңгейдегі білім беру ұйымдарының және (немесе) білім беруді басқару органының Интернет-ресурсында және (немесе) әлеуметтік желілердің ресми аккаунттарында конкурс өткізу туралы хабарландыруды жариялау;

2) конкурсты өткізу күні мен орнын айқындау және конкурстық комиссияны қалыптастыру;

3) конкурсқа қатысуға ниет білдірген кандидаттардан құжаттарды қабылдау;

4) кандидаттар құжаттарының Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген біліктілік талаптарына сәйкестігін қарау;

5) конкурстық комиссияның қорытынды отырысы.

95. Конкурс өткізу туралы хабарландыру мынадай мәліметтерді қамтиды:

1) орналасқан жері, пошталық мекенжайы, телефон нөмірлері, электрондық пошта мекенжайы көрсетілген бос және (немесе) уақытша бос лауазымы (сағаты) бар білім беру ұйымының атауы;

2) негізгі функционалдық міндеттері, еңбекке ақы төлеу мөлшері мен шарттары белгіленген бос және (немесе) уақытша бос лауазымның атауы;

3) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген кандидатқа қойылатын біліктілік талаптары;

4) құжаттарды қабылдау мерзімі Конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі;

5) қажетті құжаттар тізбесі;

6) уақытша бос лауазымға конкурс өткізу кезінде педагогтің уақытша бос лауазымының мерзімі.

96. Конкурсты өткізу мерзімі және конкурстық комиссияның құрамы мемлекеттік білім беру ұйымының бұйрығымен айқындалады.

97. Конкурстық комиссия кемінде комиссияның бес мүшесінен, оның ішінде комиссия мүшелерінің арасынан сайланатын төрағадан тұратын алқалы орган болып табылады. Конкурстық комиссия құрамына білім беру ұйымы әкімшілігінің өкілдері, тиісті деңгейдегі әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың) немесе білім беру ұйымының, азаматтық қоғамның әдіскерлері, аудандық (қалалық) білім бөлімінің мамандары, педагогтер кіреді.

98. Конкурстық комиссияның құрамына олармен келісім бойынша басқа білім беру ұйымдарының өкілдерін енгізуге рұқсат етіледі.

99. Конкурстық комиссияның хатшысы конкурстық комиссия отырыстарын ұйымдастырады, оның мүшесі болып табылмайды.

100. Конкурстық комиссияның қатыспаған мүшелерін алмастыруға жол берілмейді.

101. Конкурстық комиссияның қызметінде мүдделер қақтығысы туындаған жағдайда конкурстық комиссияның құрамы қайта қаралады.

102. Конкурстық комиссияның құрамын өзгерту білім беру ұйымы басшысының шешімі бойынша жүзеге асырылады.

103. Конкурстық комиссияның отырыстары төраға, отырысқа қатысқан комиссия мүшелері және хатшы қол қойған хаттамамен ресімделеді.

104. Конкурстық комиссияның отырысы, егер оған комиссияның жалпы құрамының кемінде үштен екісі қатысса, өтті деп, ал оның шешімі заңды деп есептеледі.

105. Конкурстық комиссияның отырыстары аудио-бейне жазбамен сүйемелденеді. Аудио-бейне жазбалар білім беру ұйымдарында бірінші отырыс өткізілген күннен бастап бір жыл бойы сақталады.

106. Конкурсқа қатысуға құжаттарды қабылдау конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған соңғы күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде жүргізіледі.

107. Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде келесі құжаттарды электрондық немесе қағаз түрінде жолдайды:

1) осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);

3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);

4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).

7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

8) наркологиялық ұйымнан анықтама;

9) Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі – ҰБТ) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда).

10) 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған Бағалау парағы.

108. Конкурсқа қатысушы бар болған жағдайда біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми/академиялық дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми немесе әдістемелік жарияланымдар, біліктілік санаттар туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсынады.

109. Осы Қағидалардың 107-тармағында көрсетілген құжаттардың біреуінің болмауы құжаттарды кандидатқа қайтару үшін негіз болып табылады.

110. Мемлекеттік ұйым кандидаттың құжаттарын қабылдағаннан кейін үш жұмыс күні ішінде құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшелеріне сыбайлас жемқорлық қылмыс және/немесе қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны туралы мәліметтердің болуы не болмауы туралы, сондай-ақ педагогикалық әдептің бұзылуы туралы сұрау салуды Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетіне жібереді.

111. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жұмысқа орналасуға тыйым салатын сыбайлас жемқорлық қылмыс және/немесе қылмыстық құқық бұзушылық және/немесе педагогикалық әдеп нормаларын бұзу туралы мәліметтер анықталған жағдайда, педагог конкурстың кез келген кезеңінде шеттетіледі.

112. Комиссия құжаттарды қабылдау аяқталған күннен кейін бес жұмыс күні ішінде кандидаттар құжаттарының Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген біліктілік талаптарына сәйкестігін қарауды жүргізеді.

113. Конкурстық комиссия кандидаттар құжаттарының біліктілік талаптарға сәйкестігін қарау нәтижелері бойынша, сондай-ақ осы Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес Бағалау парағында көрсетілген балдарды есептеуді жүзеге асырады.

114. Конкурс қорытындылары бойынша шешімді конкурстық комиссия жинаған балл негізінде қабылдайды.

115. Ең көп балл жинаған кандидат конкурстан өтті деп есептеледі және мемлекеттік білім беру ұйымының бірінші басшысына тағайындауға ұсынылады.

116. Кандидаттардың балл саны тең болған жағдайда конкурстық комиссия әңгімелесу өткізу туралы шешім қабылдайды, нәтижесі бойынша қызметке тағайындауға кандидат айқындалады.

117. Конкурстық комиссияның шешімімен келіспеген жағдайда комиссияның кез келген мүшесі өз пікірін баяндайды, комиссия отырысының хаттамасына қоса беріледі.

118. Конкурстық комиссия шешімі хаттамамен ресімделеді, оған комиссия төрағасы мен мүшелері, сондай-ақ хаттамалауды жүзеге асыратын хатшы қол қояды.

119. Әңгiмелесуге қатысқан, бiрақ тағайындауға ұсынылмаған кандидаттарды конкурстық комиссия кадр резервiне қоюды ұсынады.

120. Кадр резервінде болу мерзімі кадр резервіне алынған күннен бастап бір жылды құрайды.

121. Кадр резервіне енгізілген кандидаттар конкурс жарияланған кезде конкурстық комиссиямен әңгімелесу кезеңінен өтеді.

122. Конкурстың нәтижелері мемлекеттік білім беру ұйымының Интернет-ресурсында, конкурстың соңғы отырысы өткізілген күні ұйымның әлеуметтік желілерінің ресми аккаунттарында жарияланады.

123. Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген біліктілік талаптарына сәйкес келетін немесе комиссияның оң қорытындысын алған кандидатпен білім беру ұйымының басшысы еңбек шартын жасасады және жұмысқа қабылдау туралы бұйрық шығарады.

124. Конкурстық комиссияның оң қорытындысын алған кандидат еңбек шартын жасасудан бас тартқан жағдайда, білім беру ұйымының басшысы конкурстық комиссия кадр резервіне ұсынған немесе қабылдауға ұсынылған педагогтен кейін ең жоғары балл жинаған кандидатпен еңбек шартын жасасады.

125. Егер конкурс нәтижесінде комиссия бос лауазымға орналасуға кандидаттарды анықтамаса, конкурс өткізілмеді деп танылады.

126. Кандидаттар өздеріне қатысты бөлігінде конкурстық құжаттармен және комиссия шешімімен танысады.

127. Қос қызмет атқаратын педагогтерді конкурссыз жұмысқа қабылдау бір пән бойынша 8 сағаттан аспайтын уақытқа рұқсат етіледі.

128. Шағын жинақталған мектепті қоспағанда, қос қызмет атқаратын педагогтің бос жүктемесі педагогтердің арасында бөлінбейді

129. Оқу жылының басында бос лауазымға тиісті кандидат айқындалмаған жағдайда, оқу жылы ішінде бос сағаттар білім беру ұйымының педагогтері арасында бөлінеді және (немесе) уақытша педагог және (немесе) қос қызмет атқаратын педагог қабылданады.

130. Кандидаттар конкурстық комиссияның шешімімен келіспеген жағдайда Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің нормаларына сәйкес шағым береді.

131. Конкурсқа қатысушылар конкурстық комиссия шешіміне жоғары тұрған органның апелляциялық комиссиясына немесе сот тәртібімен шағым жасайды.

132. Педагогті лауазымынан босату Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 49-бабында көрсетілген негіздер бойынша жүзеге асырылады.

133. Мемлекеттік білім беру ұйымдарының педагогтерін босатуды білім беру ұйымы ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) білім бөлімімен келісе отырып жүзеге асырады.
Мемлекеттік білім беру
ұйымдарының бірінші
басшылары мен педагогтерін
лауазымға тағайындау,
лауазымнан босату
қағидаларына
2-қосымша
Нысан

Байқаушының жадынамасы
Құрметті байқаушы, Сізді конкурстық комиссия жұмысының ашықтығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін шақырды.

Осыған байланысты байқаушының толық жұмысы үшін осы жадынамамен танысуыңызды сұраймыз.

Жадынама Сіздің қалауыңыз бойынша мемлекеттік немесе орыс тілдерінде беріледі.

Байқаушы ретінде Сіздің:

Конкурс қатысушыларының құжаттарымен танысуға;

Конкурсқа қатысушылармен әңгімелесу кезінде қатысуға;

Әңгімелесуді өткізу барысы туралы баға беруге;

конкурс жариялаған мемлекеттік органның басшылығына конкурстық комиссияның жұмысы туралы өзіңіздің пікіріңізді жазбаша түрде беруге мүмкіндігіңіз бар.

Бұл ретте байқаушы:

кандидаттарға сұрақтар қоюға;

конкурс қатысушыларының жеке басы деректерін жариялауға;

әңгімелесу өткізу процесіне араласуға, конкурстық комиссия отырысының барысына кедергі жасауға;

конкурс қатысушыларына қандай да бір жәрдемдесуге;

конкурстық комиссияның мүшелеріне олардың шешім қабылдауында әсер етуге;

нақты конкурс қатысушысы туралы, оның жеке қасиеттері туралы пікірін білдіруге;

техникалық жазба құралдарын пайдалануға болмайды.

Әңгімелесу кезінде конкурстық комиссияның Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын сақтауына назар аударыңыз.

Таныстым: _______________________________________________________________

(қолы) (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

20__ жылғы "____"_______________.

Мемлекеттік білім беру
ұйымдарының бірінші
басшылары мен педагогтерін
лауазымға тағайындау,
лауазымнан босату
қағидаларына
3-қосымша
Нысан

Құжаттарды қабылдау туралы қолхат (қағаз түрінде берілген жағдайда)

____________________________________________________________________

/көрсетілетін қызметті алушының Т. А. Ә. (болған жағдайда) көрсету

____________________________________________________________________

/көрсетілетін қызметті берушінің атауын көрсету/

Мемлекеттік білім беру ұйымдарының басшыларын тағайындау конкурсына қатысу

үшін қабылданған құжаттардың тізбесі

керегінің астын сызу керек

1.__________________________________________________________________

2.__________________________________________________________________

3.__________________________________________________________________

Қабылдады:_________________________________________"__"_____20__жыл

____________________________________________________________________

(Орындаушының Т. А. Ә. (болған жағдайда) (қолы, байланыс телефоны)

Мемлекеттік білім беру
ұйымдарының бірінші
басшылары мен педагогтерін
лауазымға тағайындау,
лауазымнан босату
қағидаларына
4 қосымша
_______________________
/ Көрсетілетін қызметті
алушының Т. А. Ә,
(болған жағдайда) /
Нысан

Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат (қағаз түрінде берген жағдайда)
Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін

лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын басшылыққа ала отырып

______________________________ ________________________________________

/ көрсетілетін қызметті берушінің немесе Мемлекеттік корпорацияның атауын,

мекенжайын көрсету / мемлекеттік білім беру ұйымдарының басшыларын

тағайындауға арналған конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдаудан бас тартады

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

/ көрсетілетін қызметті алушының Т. А. Ә. (болған жағдайда) көрсету /

____________________________________________________________________

/ білім беру ұйымының атауын көрсету /

____________________________________________________________________

байланысты, атап айтқанда /жоқ немесе сәйкес келмейтін құжаттардың атауын көрсету /:

1)_________________________________;

2)_________________________________;

3)_________________________________.

Осы қолхат әрбір тарап үшін бір-бірден 2 данада жасалды. "___"___________20___жыл

____________________________________________________________________

(Мемлекеттік корпорация қызметкерінің Т. А. Ә. (болған жағдайда))

____________________________________________________________________

(қолы, байланыс телефоны)

Қабылдады:__________________________________________________________

/ Т.А.Ә. (болған жағдайда) көрсетілетін қызметті алушының /

"____"___________20___жыл ____________

/қолы

Мемлекеттік білім беру
ұйымдарының бірінші
басшылары мен
педагогтерін лауазымға
тағайындау,
лауазымнан босату
қағидаларына
5-қосымша
Нысан

____________________________
конкурс жариялаған мемлекеттік
орган
____________________________________________________________________

кандидаттың Т.Ә.А. (болған жағдайда), ЖСН

____________________________________________________________________

(лауазымы, жұмыс орны)

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

Нақты тұратын жері, тіркелген мекенжайы, байланыс телефондары.

Өтініш
Мені _________________________________ бос лауазымына/уақытша

(білім беру ұйымының атауы, мекенжайы (облыс, аудан, қала/ауыл)

бос лауазымына (керегінің астын сызу керек) орналасуға арналған конкурсқа қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

Қазіргі уақытта _________________________________ жұмыс жасаймын.

(лауазымы, білім беру ұйымының атауы, мекенжайы (облыс, аудан, қала/ауыл)

Тестілеуді тапсыру тілі: қазақ/орыс

керегінің астын сызу керек

Конкурс қағидаларымен таныстым:

Білімі: жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім, техникалық және кәсіптік білім

Оқу орнының атауы

Оқу кезеңі

Диплом бойынша мамандық




Жүктеу
Біліктілік санатының бар болуы (бар болса берілген (расталған) күні):

____________________________________________________________________

Жұмыс өтілі:

Жалпы

Педагогикалық

Мемлекеттік қызмет өтілі

Мамандық бойынша (кәсіпкерлік субъектілерінің мамандары үшін)

Осы білім беру ұйымында, оның ішінде атқаратын лауазымында






Жүктеу
Келесі жұмыс нәтижелерін негізге аламын: ____ _

Наградалары, атағы, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы, сондай-ақ қосымша мәліметтер (бар болса)__________________________________

Мен дербес деректерді өңдеу мақсаттарына сәйкес келетін кез келген заңды тәсілдермен менің дербес деректерімді мерзімсіз өңдеуге (фото, бейне және бейне көрсетілімдерді, оның ішінде автоматтандыру құралдарын пайдалана отырып немесе осындай құралдарды пайдаланбай дербес деректердің ақпараттық жүйелерінде пайдалану үшін) келісемін.

Тестілеу өтетін ғимаратта тыйым салынған заттардың бірін пайдаланғаны үшін жауапкершілік туралы, тиісті акт жасалып, шығарылатыны туралы ескертілді.

Тыйым салынған зат табылған жағдайда бір жыл мерзімге тестілеуден өту құқығынан айырылатыным туралы ескертілді.

Ұлттық біліктілік тестілеуін өткізу кезінде, сондай-ақ бейне жазбаны қарау кезінде қағидаларды бұзу фактілері анықталған жағдайда, тапсыру мерзіміне қарамастан акт жасалатыны және нәтижелердің күші жойылатыны ескертілді.

Тыйым салынған заттар:

- ұялы байланыс құралдары (пейджер, ұялы телефондар, планшеттер, iPad (Айпад), iPod (Айпод), iPhone (Айфон), SmartPhone (Смартфон), Смартсағаттар);

- ноутбуктер, плейерлер, модемдер (мобильді роутерлер);

- радио-электрондық байланыстың кез келген түрлері (Wi-Fi (Вай-фай), Bluetooth (Блютуз), Dect (Дект), 3G (3 Джи), 4G (4 Джи); 5G (5 Джи);

- сымды және сымсыз құлаққаптар және басқалары;

- шпаргалкалар мен оқу-әдістемелік әдебиеттер;

- калькуляторлар мен түзету сұйықтығы.

Келісемін ________________________________________________

(Т.А.Ә. (болған жағдайда)) (қолы)

Тестілеуді және конкурс өткізу қағидаларымен таныстым.

20___жылғы "____" ______________ ____________________

/қолы /
Мемлекеттік білім беру
ұйымдарының бірінші
басшылары мен педагогтерін
лауазымға тағайындау,
лауазымнан босату
қағидаларына
10-қосымша
Нысан
____________________________
конкурс жариялаған мемлекеттік
орган
____________________________________________________________________

кандидаттың Т.А.Ә. (болған жағдайда), ЖСН

____________________________________________________________________

(лауазымы, жұмыс орны)

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

Нақты тұратын жері, тіркелген мекенжайы, байланыс телефоны

Өтініш
Мені бос/уақытша бос лауазымға орналасуға арналған конкурсқа жіберуіңізді сұраймын (керегінің астын сызу керек)

____________________________________________________________________

білім беру ұйымдарының атауы, мекенжайы (облыс, аудан, қала / ауыл)

Қазіргі уақытта жұмыс істеймін

____________________________________________________________________

лауазымы, ұйымның атауы, мекенжайы (облыс, аудан, қала / ауыл)

Өзім туралы мынадай мәліметтерді хабарлаймын:

Білімі: жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі

Оқу орнының атауы

Оқу кезеңі

Диплом бойынша мамандығы




Жүктеу
Біліктілік санатының болуы (берген (растаған) күні):____________________________
Педагогикалық жұмыс өтілі:________________________________________________
Келесі жұмыс нәтижелерім бар:_____________________________________________
Наградалары, атақтары, дәрежесі, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы, сондай-ақ қосымша мәліметтері (болған жағдайда)
_________________________________________________________________________
Мемлекеттік білім беру
ұйымдарының бірінші
басшылары мен педагогтерін
лауазымға тағайындау,
лауазымнан босату
қағидаларына
11-қосымша
Нысан
Педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың бағалау парағы ____________________________________________________________ (Т.Ә.А. (болған жағдайда))


Өлшемшарттар

Растайтын құжат

Балл саны
(1-ден 20-ға дейін)

1.

Білім деңгейі

Білімі туралы диплом

Техникалық және кәсіптік = 1
Жоғары күндізгі = 5
жоғары сырттай / қашықтықтан оқыту = 2
жоғары білім туралы үздік диплом = 7

2.

Ғылыми / академиялық дәрежесі

Білімі туралы диплом

Магистр немесе жоғары білімі бар маман = 5
PHD-докторы = 10
Ғылым докторы = 10
Ғылым кандидаты = 10


Ұлттық біліктілік тестілеуі

Сертификат

"Педагог" біліктілік санатымен
Мазмұны бойынша:
50-ден 60-қа дейін = 0 балл
60-тан 70-ке дейін = 2 балл
70-тен 80-ге дейін = 5 балл
80-нен 90-ға дейін = 6 балл
Әдістеме және педагогика бойынша:
30-дан 40-қа дейін = 0 балл
40-тан 50-ге дейін = 1 балл
50-ден 60-қа дейін = 2 балл
60-тан 70-ке дейін = 3 балл
"Педагог-модератор" біліктілік санатымен
Мазмұны бойынша:
50-ден 60 балға дейін = 0 балл
60-тан 70 балға дейін = 3 балл
70-тен 80 балға дейін=6 балл
80-ден 90 балға дейін=7 балл
Әдістеме және педагогика бойынша:
30-дан 40 балға дейін=0 балл
40-тан 50 балға дейін=2 балл
50-ден 60 балға дейін=3 балл
60-тан 70 балға дейін=4 балл
"Педагог-сарапшы" біліктілік санатымен
Мазмұны бойынша:
50-ден 60 балға дейін=0 балл
60-тан 70 балға дейін=4 балл
70-тен 80 балға дейін=7 балл
80-нен 90 балға дейін=8 балл
Әдістеме және педагогика бойынша:
30-дан 40 балға дейін=0 балл
40-тан 50 балға дейін=3 балл
50-ден 60 балға дейін=4 балл
60-тан 70 балға дейін=5 балл
"Педагог-зерттеуші" біліктілік санатымен
Мазмұны бойынша:
50-ден 60 балға дейін=0 балл
60-тан 70 балға дейін- 5 балл
70-тен 80 балға дейін=8 балл
80-нен 90 балға дейін=9 балл
Әдістеме және педагогика бойынша:
30-дан 40 балға дейін=0 балл
40 - тан 50 балға дейін=4 балл
50-ден 60 балға дейін=5 балл
60-тан 70 балға дейін=6 балл
"Педагог-шебер" біліктілік санатымен - 10 балл

3.

Біліктілігі/Санаты.

Куәлік, өзге де құжат

2 санат-1 балл
1 санат -2 балл
Жоғары санатты-3 балл
Педагог-модератор-3 балл
Педагог-сарапшы = 5 балл
Педагог- зерттеуші = 7 балл
Педагог-шебер = 10 балл

4.

Педагогикалық қызмет өтілі

еңбек кітапшасы / еңбек қызметін алмастыратын құжат

1 жылдан 3 жылға дейін = 1
3 жылдан 5 жылға дейін = 1,5
5 жылдан 10 жылға дейін = 2
10 жылдан және одан артық = 3

5.

Әкімшілік және әдістемелік қызмет тәжірибесі

еңбек кітапшасы / еңбек қызметін алмастыратын құжат

әдіскер= 1 балл
директор орынбасары= 3 балл
директор = 5 балл

6.

Жұмысқа алғаш кіріскен педагогтар үшін

Білім туралы дипломға қосымша

Педагогикалық/кәсіптік практика нәтижелері
"өте жақсы" = 1 балл
"жақсы" = 0,5 балл

7.

Алдыңғы жұмыс орнынан ұсыныс хат (еңбек қызметін жүзеге асыру кезінде)

Хат

Оң ұсыныс хаттың болуы = 3 балл
Ұсыныс хат болмаған жағдайда – минус 3 балл
Теріс ұсыныс хаттың болуы = минус 5 балл

8.

Кәсіби жетістіктердің көрсеткіштері

- білім алушылардың дипломдары, олимпиадалар мен конкурстар жеңімпаздарының грамоталары, ғылыми жобалары;
- мұғалімдер мен олимпиадалар жеңімпаздарының дипломдары, грамоталары;
- мемлекеттік награда

олимпиадалар мен конкурстардың жүлдегерлері-0,5 балл
ғылыми жобалар-1 балл
олимпиадалар мен конкурстардың жүлдегерлері-3 балл
"Үздік педагог" конкурсының қатысушысы-1 балл
"Үздік педагог" конкурсының жүлдегері – 5 балл
медаль "Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы" - 10

9.

Әдістемелік қызмет

- авторлық жұмыстар және жарияланымдар

ҚР БҒМ тізбесіне енгізілген оқулықтардың және (немесе) ОӘК авторы немесе тең авторы – 5 балл
РОӘК – 2 тізбесіне енгізілген оқулықтардың және (немесе) ОӘК авторы немесе тең авторы
БҒССҚЕК, Scopus – 3 тізбесіне енгізілген ғылыми-зерттеу қызметі бойынша жарияланымның болуы

10

Қоғамдық-педагогикалық қызмет

- көшбасшылық
- көптілділікті жүзеге асыру

тәлімгер-0,5 балл
ӘБ жетекшілігі -1 балл
кәсіби-педагогикалық қауымдастық көшбасшысы – 1 балл
2 тілде оқыту, орыс/қазақ – 2 балл
Шетел/орыс, шетел/қазақ – 3 балл
3 тілде оқыту (қазақ, орыс, шетел) – 5 балл

11

Курстық дайындық

- пәндік дайындық сертификаттары;
- цифрлық сауаттылық сертификаты,
ҚАЗТЕСТ,
IELTS;
TOEFL;
DELF;
Goethe Zertifikat, "Python-да бағдарламалау негіздері", "Microsoft-пен жұмыс істеуді оқыту" бағдарламалары бойынша оқыту

НЗМ ПШО, "Өрлеу" курстары
– 0,5 балл
курстар - 0,5 балл (әрқайсысы жеке)

Барлығы:

Максималды балл – 83

Жүктеу
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2012 жылғы 21 ақпандағы
№ 57 бұйрығымен
бекітілген
Нысан

____________________________
конкурс жариалаған мемлекеттік
орган
________________________
(Тегі, аты, әкесінің аты
(болған жағдайда)
Көрсетілген қызметті алушының қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі
Ескерту. Қағида 12-қосымшамен толықтырылды - ҚР Оқу-ағарту министрінің 27.08.2022 № 383 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Мен, _____________________________________________________

(Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

1) дербес деректерді үшінші тұлғаларға беруді;

2) дербес деректерді өңдеу процесінде оларды трансшекаралық беруді;

3) дербес деректерді жалпыға қолжетімді көздерде таратуды қамти отырып,

"Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларына 1-қосымшаның 8-тармағына сәйкес қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізу үшін келісім беремін.

Ұсынылатын құжаттардың дұрыстығын және мемлекеттік қызмет көрсету кезінде біліктілік талаптарына сәйкестігін растау үшін талап етілетін өзге де мәліметтерді қамтитын қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісемін.

Осы Келісім мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін алғанға дейін барлық кезең ішінде қолданылады.

__________ ___________________________________

(қолы) (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)]]>
admin Sat, 27 Aug 2022 11:12:08 +0600
Қазақстан Республикасының "Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы" заңы https://abylaikhan-enkaz.mektebi.kz/o-detskom-sade/normativtk-zhattar/77-azastan-respublikasyny-dni-yzmet-zhne-dni-brlestkter-turaly-zay.html https://abylaikhan-enkaz.mektebi.kz/o-detskom-sade/normativtk-zhattar/77-azastan-respublikasyny-dni-yzmet-zhne-dni-brlestkter-turaly-zay.html Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы
Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 11 қазандағы № 483-ІV Заңы
      Қолданушылар назарына!
       Қолданушыларға ыңғайлы болуы үшін РҚАО мазмұнды жасады.
 МАЗМҰНЫ
      РҚАО-ның ескертпесі!
       ҚР Заңының қолданысқа енгізілу тәртібін 25-баптан қараңыз.
      Осы Заң Қазақстан Республикасының өзін демократиялық, зайырлы мемлекет ретiнде орнықтыратынын, әркiмнiң ар-ождан бостандығы құқығын растайтынын, әркiмнiң дiни нанымына қарамастан тең құқылы болуына кепілдік беретінін, ханафи бағытындағы исламның және православиелік христиандықтың халықтың мәдениетінің дамуы мен рухани өміріндегі тарихи рөлін танитынын, Қазақстан халқының рухани мұрасымен үйлесетін басқа да діндерді құрметтейтінін, конфессияаралық келісімнің, діни тағаттылықтың және азаматтардың діни нанымдарын құрметтеудің маңыздылығын танитынын негізге алады.
 1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгі ұғымдар
      Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
      1) ғибадат үйі (ғимараты) – құдайға құлшылық етуге, дұға оқылатын және діни жиналыстарға, діни тәу етуге (мінажат етуге) арналған орын;
      2) діни қызмет – діндарлардың діни қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған қызмет;
      3) діни қызметші – діни, уағыздаушылық қызметке тиісті діни бірлестік уәкілеттік берген адам;
      4) діни бірлестік – Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың өз мүдделерінің ортақтығы негізінде діни қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен біріккен ерікті бірлестігі;
      4-1) діни ілімді тарату – белгілі бір діннің негізгі догматтары, идеялары, көзқарастары және практикалары туралы ақпаратты жеткізуге, сол сияқты беруге бағытталған қызмет;
      5) миссионерлік қызмет – Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетелдіктердің, азаматтығы жоқ адамдардың дінге үндеу мақсатында Қазақстан Республикасының аумағында діни ілімді таратуға бағытталған қызметі;
       6) уәкілетті орган – діни қызмет саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган.
      Ескерту. 1-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 22.12.2016 № 28-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
 
 
 2-бап. Қазақстан Республикасының діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасы
       1. Қазақстан Республикасының дiни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк-құқықтық актiлерiнен тұрады.
      2. Eгep Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңда көзделгеннен өзгеше қағидалар белгіленген болса, онда халықаралық шарттың нормалары қолданылады.
3-бап. Мемлекет және дін
      1. Мемлекет дін мен діни бірлестіктерден бөлінген.
      2. Діни бірлестіктер және Қазақстан Республикасының азаматтары, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар дінге көзқарасына қарамастан заң алдында тең.
      3. Ешбiр дiн мемлекеттік немесе міндетті дін ретінде белгіленбейді.
      4. Діни білім беру ұйымдарын қоспағанда, Қазақстан Республикасында бiлiм беру мен тәрбиелеу жүйесі дін мен діни бірлестіктерден бөлiнген және зайырлы сипатта болады.
      5. Заңды діни қызметке кедергі келтіруге, жеке тұлғалардың дінге көзқарасы себептері бойынша азаматтық құқықтарының бұзылуына немесе олардың діни сезімдерін қорлауға, қандай да бір дiндi ұстанушылар қастерлейтін заттарды, құрылыстар мен орындарды бүлдіруге жол берілмейді.
      6. Әркім Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес діни немесе өзге де нанымдарды ұстануға, оларды таратуға, діни бірлестіктердің қызметіне қатысуға және миссионерлік қызметпен айналысуға құқылы.
       7. Ешкімнің де өз діни нанымдары себептері бойынша Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарында көзделген міндеттерін атқарудан бас тартуға құқығы жоқ.
      Діни қызметшілер, миссионерлер, діни бірлестіктердің басшылары немесе қатысушылары (мүшелері) болып табылатын Қазақстан Республикасының азаматтары саяси өмiрге Қазақстан Республикасының барлық азаматтарымен бірдей тек өз атынан ғана қатыса алады.
      8. Дін мен діни бірлестіктердің мемлекеттен бөліну қағидатына сәйкес мемлекет:
      1) Қазақстан Республикасы азаматының, шетелдік пен азаматтығы жоқ адамның дінге және ұстанатын дініне өз көзқарасын айқындауына, ата-аналардың немесе балалардың өзге де заңды өкілдерінің балаларды өз нанымдарына сәйкес тәрбиелеуіне, мұндай тәрбиелеу баланың өмірі мен денсаулығына қатер төндірген, оның құқықтарына қысым жасаған және жауапкершілігін шектеген, сондай-ақ Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысына, егемендігіне және аумақтық тұтастығына қарсы бағытталған жағдайларды қоспағанда, араласпайды;
      2) діни бірлестіктерге мемлекеттік органдардың функцияларын орындауды жүктемейді;
      3) егер дiни бiрлестiктердiң қызметi Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмесе, дiни бiрлестiктердiң қызметіне араласпайды;
      4) дiн ұстанатын және оны ұстанбайтын Қазақстан Республикасының азаматтары, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар арасында, сондай-ақ әртүрлі діни бiрлестiктер арасында өзара төзушілік пен құрметтеу қатынастарын орнатуға жәрдемдеседі.
      9. Дін мен діни бірлестіктердің мемлекеттен бөліну қағидатына сәйкес діни бірлестіктер:
      1) мемлекеттiк органдардың функцияларын орындамайды және олардың қызметіне араласпайды;
      2) саяси партиялардың қызметіне қатыспайды, оларға қаржылық қолдау көрсетпейді, саяси қызметпен айналыспайды;
      3) Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтауға мiндеттi.
      10. Дiни негіздегі партиялардың қызметіне, мақсаттары мен іс-әрекеті мемлекетте бір дiннің үстемдігін орнықтыруға, оның iшiнде зорлық-зомбылықпен немесе зорлық-зомбылыққа үндеумен және өзге де құқыққа қарсы іс-әрекеттермен байланысты діни өшпендiлiктi немесе алауыздықты қоздыруға бағытталған діни бiрлестіктер құруға және олардың қызметiне тыйым салынады.
       11. Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен тiркелмеген дiни бiрлестiктердiң қызметiне, сол сияқты Қазақстан Республикасының азаматтарын, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды дiнге көзқарасын айқындауда, діни бірлестіктердің қызметіне, дiни жораларға және (немесе) дiндi оқып-үйренуге қатысуына немесе қатыспауына қандай да бiр мәжбүрлеуге жол берiлмейдi.
       12. Қазақстан Республикасының азаматтарына, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға зорлық-зомбылық көрсетумен немесе олардың денсаулығына өзге де зиян келтірумен не ерлі-зайыптылардың некесін бұзумен (отбасының бұзылуымен) немесе туыстық қарым-қатынастарды тоқтатумен, имандылыққа нұқсан келтірумен, адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын бұзумен, азаматтарды Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарында көзделген міндеттерін атқарудан бас тартуға түрткі болумен және Қазақстан Республикасының заңнамасын өзге де бұзушылықпен ұштасатын діни бірлестіктер қызметіне жол берілмейді.
      13. Қазақстан Республикасының азаматтарын, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды, оның ішінде қайырымдылық арқылы және (немесе) олардың діни бірлестіктерден шығуына кедергі келтіретін, оның ішінде Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың материалдық немесе өзге де тәуелділігін пайдалана отырып бопсалау, күш қолдану немесе күш қолданамын деп қорқыту жолымен не алдау жолымен өз қызметіне мәжбүрлеп тартатын діни бірлестіктердің қызметіне жол берілмейді.
      14. Діни бірлестіктің қатысушыларын (мүшелерін) және дін ұстанушыларын діни бірлестіктің, оның басшылары мен басқа да қатысушыларының (мүшелерінің) пайдасына өздеріне тиесілі мүлкін иеліктен шығаруға мәжбүрлеуге жол берілмейді.
      15. Дінді және діни көзқарастарды пайдалана отырып, мемлекеттік органдардың қызметіне қасақана іріткі салуға, олардың үздіксіз жұмыс істеуінің бұзылуына, елдегі басқарушылық деңгейін төмендетуге әкеп соғатын шешімдерді қабылдауға және іс-әрекеттер жасауға жол берілмейді.
      16. Діни бірлестіктің басшысы кәмелетке толмағандардың ата-анасының біреуі немесе оның өзге де заңды өкілдері қарсылық білдірген кезде кәмелетке толмағандарды діни бірлестіктің қызметіне тартуға және (немесе) қатыстыруға жол бермеу шараларын қолдануға міндетті.
      Ескерту. 3-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 16.11.2015 № 403-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
 
 
  2-тарау. ДІНИ ҚЫЗМЕТ САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ
4-бап. Уәкілетті органның құзыреті
      Уәкілетті орган:
      1) дiни бiрлестiктермен өзара iс-қимыл саласындағы мемлекеттік саясаттың негiзгi бағыттарын қалыптастыруға және iске асыруға қатысады;
      1-1) республикадағы діни ахуалды зерделеуді және талдауды жүргізеді;
      2) Қазақстан Республикасының аумағында құрылған дiни бiрлестiктердiң, миссионерлердiң, діни білім беру ұйымдарының қызметiн зерделеп, оған талдау жүргiзедi;
      3) өз құзыретiне жататын мәселелер бойынша түсіндіру жұмыстарын жүзеге асыруды қамтамасыз етеді;
      4) діни қызмет саласында жергiлiктi атқарушы органдарға әдiстемелiк басшылық жасауды жүзеге асырады;
      5) өз құзыретiне жататын мәселелер бойынша ақпараттық-насихаттық iс-шараларды жүзеге асырады;
      6) дiнтану сараптамаларын жүргізуді қамтамасыз етедi;
      7) шет мемлекеттердiң діни қызмет саласындағы уәкілетті органдарымен ынтымақтастықты ұйымдастырады және жүзеге асырады;
      8) республика аумағындағы шетелдік діни бірлестіктердің қызметін, шетелдік діни орталықтардың Қазақстан Республикасындағы діни бірлестіктер басшыларын тағайындауды келіседі;
      9) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергiлiктi атқарушы органдарының діни қызмет және дiни бiрлестiктермен өзара іс-қимыл мәселелері бойынша қызметiн үйлестiредi;
      10) өз құзыреті шегінде діни қызмет және діни бірлестіктер саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және бекітеді;
       10-1) дінтану сараптамасын жүргізу қағидаларын бекітеді;
       11) діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық 
       материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың, сондай-ақ ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлерде діни іс-шаралар өткізуге арналған үй-жайлардың орналастырылуын айқындау жөніндегі нұсқаулықты бекітеді;
      12) Қазақстан Республикасының діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасын бұзушылықтарға қатысты жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарайды;
      13) құқық қорғау органдарына Қазақстан Республикасының діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасын бұзатын жеке және заңды тұлғалардың қызметіне тыйым салу жөнінде ұсыныстар енгізеді;
      14) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
      Ескерту. 4-бап жаңа редакцияда - ҚР 13.06.2013 № 102-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.
 
 
 5-бап. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарының діни қызмет және діни бірлестіктермен өзара іс-қимыл мәселелері бойынша құзыреті
      Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергiлiктi атқарушы органдары діни қызмет және дiни бiрлестiктермен өзара іс-қимыл мәселелері бойынша:
      1) өңірдегі діни ахуалды зерделеп, оған талдау жүргізеді;
      1-1) өңірде жұмыс істеп тұрған дiни бiрлестiктердiң, миссионерлердiң, рухани (діни) білім беру ұйымдарының қызметiн зерделеуді және талдауды жүргiзедi;
      2) уәкiлеттi органға Қазақстан Республикасының дiни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасын жетiлдiру жөнінде ұсыныстар енгiзедi;
      3) діни қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;
      4) құқық қорғау органдарына Қазақстан Республикасының діни қызмет және дiни бiрлестiктер туралы заңнамасын бұзатын жеке және заңды тұлғалардың қызметiне тыйым салу жөнiнде ұсыныстар енгiзедi;
      5) Қазақстан Республикасының дiни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасын бұзушылықтарға қатысты жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарайды;
      6) өз құзыретіне жататын мәселелер бойынша жергілікті деңгейде түсiндiру жұмыстарын жүргiзедi;
      7) діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуын бекітеді, сондай-ақ ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлерде діни іс-шаралар өткізуге арналған үй-жайлардың орналастырылуын келіседі;
      8) ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салу, олардың орналасатын жерін айқындау, сондай-ақ үйлерді (ғимараттарды) ғибадат үйлері (ғимараттары) етіп қайта бейіндеу (функционалдық мақсатын өзгерту) туралы шешім қабылдайды;
      9) діни бірлестіктерді құруға бастамашы азаматтардың тізімдеріне тексеру жүргізуді қамтамасыз етедi;
       10) миссионерлiк қызметті жүзеге асыратын адамдарды тіркеуді 
      жүргізеді;
       11) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасында жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
      Ескерту. 5-бап жаңа редакцияда - ҚР 13.06.2013 № 102-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.
 
 
 6-бап. Дiнтану сараптамасы
       1. Уәкілетті орган мынадай негіздер бойынша дінтану сараптамасын жүргізуді қамтамасыз етеді:
      1) жеке және (немесе) заңды тұлғалардың уәкілетті органға өтініштері;
      2) Қазақстан Республикасы ұйымдарының кітапхана қорларына, сондай-ақ уәкілетті органға діни әдебиеттің, діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдардың келіп түсуі;
      3) жеке тұлғалардың миссионер ретінде тіркеу және діни бірлестіктерді тіркеу туралы өтініші;
      4) әр атаудың бір данасындағы жеке пайдалануға арналған әдебиетті және материалдарды қоспағанда, діни әдебиеттің, діни мазмұндағы ақпараттық материалдардың әкелінуі;
      5) уәкілетті орган басшысының бұйрығы;
      6) діни әдебиеттің және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдардың әзірленуі, шығарылуы және таратылуы.
      2. Құрылтай құжаттары, сондай-ақ діни мазмұндағы басқа да құжаттар, діни білім беру бағдарламалары, діни мазмұндағы ақпараттық материалдар мен діни мақсаттағы заттар дінтану сараптамасы объектілеріне жатады.
      3. Дінтану сараптамасын дінтану саласында арнайы білімі бар адамдар, қажет болған жағдайда мемлекеттік органдардың өкілдерін және өзге де мамандарды тарта отырып, жүргізеді.
       4. Алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);
      Ескерту. 6-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 22.12.2016 № 28-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
 
 
  3-тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ДІНИ ҚЫЗМЕТ
7-бап. Дiни жоралар мен рәсiмдер
      1. Дiни бiрлестiктер құлшылық ету орындарын ұстауға құқылы.
       2. Құдайға құлшылық ету, діни жоралар, рәсімдер және (немесе) жиналыстар ғибадат үйлерінде (ғимараттарында) және оларға бөлінген аумақта, құлшылық ету орындарында, діни бірлестіктер мекемелері мен үй-жайларында, зираттар мен крематорийлерде, жақын жерде тұратын адамдардың құқықтары мен мүдделері сақталған жағдайда тұрғын жайларда, қажет болған кезде қоғамдық тамақтандыру объектілерінде бөгетсіз жүргізіледі (жасалады). Өзге жағдайларда діни іс-шаралар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртіппен жүзеге асырылады.
      3. Құдайға құлшылық етуді, діни жораларды, рәсімдерді және (немесе) жиналыстарды өткізуге (жасауға), сондай-ақ миссионерлік қызметті жүзеге асыруға:
      1) осы баптың 2 және 4-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік органдардың, ұйымдардың;
      2) Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың, сот және құқық қорғау органдарының, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етумен, жеке тұлғалардың өмірі мен денсаулығын қорғаумен байланысты басқа да қызметтердің;
      3) діни білім беру ұйымдарын қоспағанда, білім беру ұйымдарының аумағында және ғимараттарында жол берілмейді.
       4. Қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнайы мекемелерде ұсталатын, жазаны орындайтын мекемелерде отырған, қарттар мен мүгедектерге арналған интернат-үйлерде әлеуметтiк қызмет көрсетуден өтетін, стационарлық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының емделушілері болып табылатын адамдарға олардың немесе олардың туысқандарының тілегі бойынша салт жораларының қажеттілігі жағдайында Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тіркелген діни бірлестіктердің діни қызметшілері шақырылады. Бұл ретте діни жораларды, рәсімдерді және (немесе) жиналыстарды өткізу аталған ұйымдардың қызметіне кедергі келтірмеуге, басқа адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзбауға тиіс.
8-бап. Миссионерлік қызмет
       1. Қазақстан Республикасының азаматтары, шетелдіктер және 
      азаматтығы жоқ адамдар миссионерлiк қызметтi тiркеуден өткеннен кейiн жүзеге асырады.
      2. Миссионерлiк қызметті жүзеге асыратын адамдарды тiркеудi облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергiлiктi атқарушы органдары құжаттар берілген күннен бастап күнтізбелік отыз күннен аспайтын мерзімде жүргізеді. Миссионер ұсынған материалдар бойынша қорытынды алу үшін дінтану сараптамасын жүргізу кезінде тіркеу мерзімі тоқтатыла тұрады.
      3. Қазақстан Республикасының аумағындағы миссионерлер облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергiлiктi атқарушы органдарында жыл сайын қайта тiркеуден өтуге мiндеттi.
      4. Миссионерлер тіркелу үшін жергілікті атқарушы органдарға мынадай құжаттар мен материалдарды:
      1) паспортының немесе жеке куәлігінің көшірмесін;
      2) миссионерлiк қызмет аумағы мен мерзiмi көрсетiлген өтiнiшті;
      3) дiни бiрлестiктің атынан миссионерлiк қызметті жүзеге асыру құқығына дiни бiрлестiк берген құжатты;
       4) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы 
      анықтаманы және өкiлi миссионер болып табылатын дiни бiрлестiк жарғысының көшiрмесiн;
      5) миссионерлік қызметке арналған діни әдебиетті, дiни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, дiни мақсаттағы заттарды ұсынады.
      Қазақстан Республикасындағы шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар миссионер ретінде тіркелу үшін жергiлiктi атқарушы органдарға мынадай құжаттарды:
      1) миссионер өкілдiк ететін дiни бiрлестiктің шет мемлекеттің заңнамасы бойынша ресми тiркелгендігін куәландыратын заңдастырылған немесе апостиль қойылған құжатты;
      2) Қазақстан Республикасында тіркелген діни бірлестіктің шақыруын қосымша ұсынады.
      Шет мемлекеттер берген құжаттар қазақ және орыс тілдеріне аудармасының дұрыстығы Қазақстан Республикасында нотариат куәландырған және аударманы жүзеге асырған аудармашы қолының төлнұсқалығы Қазақстан Республикасында нотариат куәландырған түрінде табыс етіледі.
       5. Миссионер ретінде тіркеуден өту үшін құжаттар ұсынған 
       Қазақстан Республикасының азаматтарын, шетелдіктерді және азаматтығы 
       жоқ адамдарды дінтану сараптамасының теріс қорытындысы негізінде, 
      сондай-ақ, егер олардың миссионерлік қызметі конституциялық құрылысқа, қоғамдық тәртіпке, адамның құқықтары мен бостандықтарына, халықтың денсаулығы мен имандылығына қатер төндіретін болса, тіркеуден бас тартылады.
      6. Миссионерлердің діни мазмұндағы материалдарды және діни мақсаттағы заттарды пайдалануына дінтану сараптамасының оң қорытындысын алғаннан кейін жол беріледі.
      Ескерту. 8-бап жаңа редакцияда - ҚР 13.06.2013 № 102-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
 
 
 9-бап. Дiни әдебиет және дiни мақсаттағы заттар
      1. Қазақстан Республикасының азаматтары, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар, дiни бiрлестiктер өздерінің қалауы бойынша діни әдебиетті, діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, дiни мақсаттағы заттарды сатып алуға және пайдалануға құқылы.
      Құдайға құлшылық ету, діни әдет-ғұрыптар мен рәсімдер үшін қажетті, сондай-ақ діни нышанның элементтері бар заттар, бұйымдар мен атрибуттар, дiни мақсаттағы заттар болып табылады.
       2. Діни әдебиетті, діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тек қана ғибадат үйлерінде (ғимараттарында), діни білім беру ұйымдарында, сондай-ақ облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары арнайы белгілеген тұрақты үй-жайларда таратуға жол беріледі.
      3. Әр атаудың бір данасындағы жеке пайдалануға арналғандарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағына діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды әкелуді дінтану сараптамасының оң қорытындысын алғаннан кейін тіркелген діни бірлестіктер ғана жүзеге асырады.
      3-1. Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды әзірлеуге, шығаруға және таратуға дінтану сараптамасының оң қорытындысы алынғаннан кейін жол беріледі.
      4. Дiни бiрлестiк шығаратын және (немесе) тарататын дiни әдебиетте және дiни мазмұндағы басқа да ақпараттық материалдарда діни бірлестіктің толық атауы болуға тиiс.
      Ескерту. 9-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 05.12.2013 № 152-V (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі); 22.12.2016 № 28-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
 
 
 10-бап. Қайырымдылық
       Ескерту. 10-баптың тақырыбына өзгеріс енгізілді - ҚР 16.11.2015 № 403-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
       1. Дiни бiрлестiктер қайырымдылықты жүзеге асыруға және қайырымдылық ұйымдарын ашуға құқылы.
      2. Қайырымдылықты жүзеге асыру кезінде діни қызметке тарту мақсатында Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың материалдық тәуелділігін (мұқтаждығын) пайдалануға жол берілмейді.
      Ескерту. 10-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 16.11.2015 № 403-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
 
 
 11-бап. Дiнге сенушiлердiң және дiни бiрлестiктердiң халықаралық байланыстары мен қарым-қатынастары
      1. Қазақстан Республикасының азаматтары, шетелдіктер, азаматтығы жоқ адамдар мен дiни бiрлестiктер олардың мінажат етуге, жиналыстар мен басқа да дiни іс-шараларға қатысу үшiн шетелге шығып тұруын қоса алғанда, халықаралық байланыстар мен жеке қарым-қатынас орнатуға және қатынастарын үзбеуге құқылы.
       2. Дiни бiрлестiктер діни білім беру ұйымдарында оқыту үшiн шетелге Қазақстан Республикасының азаматтарын жiбере алады және 
      Қазақстан Республикасының аумағындағы діни білім беру ұйымдарында оқыту үшiн шетелдіктерді, азаматтығы жоқ адамдарды қабылдай алады.
 4-тарау. ДІНИ БIРЛЕСТIКТЕРДІ ҚҰРУ, МЕМЛЕКЕТТІК ТІРКЕУ, ҚАЙТА ҰЙЫМДАСТЫРУ, ТАРАТУ
12-бап. Діни бірлестіктердің мәртебесі
      1. Қазақстан Республикасында: жергілікті, өңірлік және республикалық мәртебесі бар діни бірлестіктер құрылуы және әрекет етуі мүмкін.
      2. Қазақстан Республикасының кемінде елу азаматының бастамасы бойынша құрылған, бір облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың шегінде әрекет ететін діни бірлестік жергілікті діни бірлестік болып танылады.
      3. Кемінде екі облыстан, республикалық маңызы бар қалалардан және астанадан өкілдік ететін, олардың әрқайсысынан Қазақстан Республикасының кемінде екі жүз елу азаматы бар екі және одан да көп жергілікті діни бірлестіктердің қатысушылары (мүшелері) болып табылатын, Қазақстан Республикасының кемінде бес жүз азаматының бастамасы бойынша құрылған діни бірлестік өңірлік діни бірлестік болып танылады.
      Өңірлік діни бірлестіктер осы жергілікті діни бірлестіктердің қызметі аумағының шегінде құрылып, өз қызметін жүзеге асырады.
      4. Барлық облыстардан, республикалық маңызы бар қалалардан және астанадан өкілдік ететін, Қазақстан Республикасының кемінде бес мың азаматының бастамасы бойынша құрылған, олардың әрқайсысында Қазақстан Республикасының кемінде үш жүз азаматы бар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының барлық аумағында өз құрылымдық бөлімшелері (филиалдары мен өкілдіктері) бар діни бірлестік республикалық діни бірлестік болып танылады.
13-бап. Діни бірлестіктерді құру
      1. Діни бірлестік он сегіз жасқа толған, құрылтай жиналысын (съезін, конференциясын) шақыратын Қазақстан Республикасы азаматтарының бастамасы бойынша құрылады, онда діни бірлестікті құру, оның атауы, жарғысы туралы шешімдер қабылданады және оның басшылық органдары құрылады. Азаматтар құрылтай жиналысына (съезіне, конференциясына) өз еркі бойынша жеке түрде қатысады.
      2. Діни бірлестіктің мынадай белгілері:
      1) ортақ діни ілімі;
      2) діни жораларды, рәсімдер мен уағыздарды орындау;
      3) өз қатысушыларын (мүшелерін) және дін ұстанушыларын дінге тәрбиелеу;
      4) қызметінің діни бағыты болуға тиіс.
      3. Республикалық діни бірлестіктер мен өңірлік діни бірлестіктер өз жарғыларына сәйкес діни қызметшілер даярлаудың кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын мекемелер нысанында діни білім беру ұйымдарын құруға құқылы.
      4. Діни білім беру ұйымдарын қоспағанда, діни бірлестіктен басқа өзгеше ұйымдық-құқықтық нысанда діни қызметпен айналысатын заңды тұлғаларды құруға және олардың қызметіне жол берілмейді.
      5. Мемлекеттік органдарда, ұйымдар мен мекемелерде, білім беру және денсаулық сақтау ұйымдарында діни бірлестіктердің ұйымдық құрылымдарын құруға жол берілмейді.
14-бап. Діни бірлестіктің атауы
      1. Діни бірлестіктің атауы ұстанатын діні мен мәртебесін қамтуға тиіс.
      2. Толық және қысқартылған атауы мен оның нышаны Қазақстан Республикасының және басқа да мемлекеттердің мемлекеттік рәміздерін, Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының, Қазақстан Республикасында тіркелген діни бірлестіктердің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзуына байланысты тыйым салынған және (немесе) таратылған діни бірлестіктердің атауы мен нышанын толық немесе оның елеулі бөлігінде қайталамауға тиіс.
15-бап. Діни бірлестіктерді мемлекеттік тіркеу
      1. Дiни бiрлестiк оны мемлекеттік тіркеген сәттен бастап заңды тұлғаның құқық қабiлеттілігiне ие болады.
       2. Республикалық діни бiрлестiктердi және өңірлік діни бірлестіктерді мемлекеттiк тiркеудi Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi жүзеге асырады.
      Жергілікті діни бірлестіктерді мемлекеттік тіркеуді, филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеуді аумақтық әдiлет органдары жүзеге асырады.
      3. Діни бірлестікті құру туралы шешім қабылданған сәттен бастап екі ай мерзім ішінде тіркелу үшін тіркеуші органға өтініш беріледі. Өтінішке:
      1) діни бірлестік басшысының қолы қойылған діни бірлестіктің жарғысы;
      2) құрылтай жиналысының (съезінің, конференциясының) хаттамасы;
       3) құрылатын діни бірлестіктің бастамашы азаматтарының тіркеуші орган белгілеген нысан бойынша электрондық және қағаз жеткізгіштердегі тізімі;
      4) дiни бiрлестiктiң орналасқан жерiн растайтын құжат;
      5) діни ілімнің пайда болу тарихы мен негіздерін ашып көрсететін және осы ілімге сәйкес келетін діни қызмет туралы мәліметтер қамтылған діни баспа материалдары;
       6) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркегені үшін бюджетке тіркеу алымы төленгенін растайтын түбіртек немесе өзге де құжат;
      7) діни бірлестіктің басшысын сайлау туралы шешім не шетелдік діни орталық басшыны тағайындаған жағдайда, уәкілетті органмен келісілгенін растайтын құжат қоса беріледі.
      4. Өңірлік діни бірлестікті тіркеу кезінде тіркеуші орган белгілеген нысан бойынша өңірлік діни бірлестіктерді құруға бастамашылық жасаған жергілікті діни бірлестіктердің әрқайсысының қатысушыларының тізімі, сондай-ақ олардың жергілікті діни бірлестіктері жарғыларының нотариат куәландырған көшірмелері қосымша табыс етіледі.
      5. Республикалық діни бірлестіктер мәртебесін растау үшін тіркелген күнінен бастап бір жыл өткенге дейін тіркеуді жүзеге асыратын органға олардың құрылымдық бөлімшелерінің (филиалдары мен өкілдіктерінің) аумақтық әділет органдарында есептік тіркеуден өткенін растайтын құжаттардың көшірмелерін ұсынуға міндетті.
       6. Осы баптың 5-тармағының талаптарын орындамаған жағдайда, республикалық діни бірлестік Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен қайта ұйымдастырылуға немесе таратылуға жатады.
       7. Діни бірлестіктерді мемлекеттiк тіркеу және олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептiк тiркеу, діни бірлестіктерді қайта тiркеу, тiркеуден бас тарту осы Заңда көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып, "Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тәртiппен және мерзiмде жүзеге асырылады.
      8. Мемлекеттік тіркеудің (қайта тіркеудің) мерзіміне дінтану сараптамасын жүргізу және діни бірлестікті құруға бастамашы азаматтар тізімінің осы Заңның талаптарына сәйкестігін тексеру үшін үзіліс жасалады.
      9. Тіркеуші орган мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) мерзіміне үзіліс жасау туралы шешім қабылданған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей уәкілетті органға дінтану сараптамасын жүргізуді ұйымдастыру үшін қажетті құжаттардың көшірмелерін және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергiлiктi атқарушы органдарына тексеру үшін діни бірлестіктер құруға бастамашы азаматтар тізімдерінің көшірмелерін жібереді.
      10. Ұсынылған құжаттардың заңнамаға сәйкестігін тексерудің, жүргізілген дінтану сараптамасының, діни бірлестікті құруға бастамашы азаматтардың тізімін тексерудің нәтижелері бойынша діни бірлестікті мемлекеттік тіркеу туралы немесе мемлекеттік тіркеуден бас тарту туралы шешім қабылданады.
      Ескерту. 15-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.12.24 № 60-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 13.06.2013 № 102-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
 
 
 16-бап. Дiни бiрлестiктiң жарғысы
      1. Дiни бiрлестiк өз қызметiн жарғының негiзiнде жүзеге асырады, онда мыналар:
      1) атауы, қызметінің мәні мен мақсаттары;
      2) орналасқан жерi және оның шегінде өз қызметін жүзеге асыратын аумақ;
      3) құрылымы, басқару органдарын қалыптастыру тәртiбi мен олардың құзыреті;
      4) қатысушыларының (мүшелерінің) құқықтары мен мiндеттерi;
      5) ұстанатын діні, діни ілімінің негіздері және осы ілімге сәйкес келетін діни қызметі туралы мәліметтер;
      6) діни бірлестіктің мүшесі етіп қабылдаудың және одан шығудың шарттары мен тәртібі;
      7) мүлікті қалыптастыру көздері;
      8) құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгiзу тәртiбi;
      9) қызметін қайта ұйымдастыру және оны тоқтату шарттары;
      10) таратылған жағдайда мүлікті пайдалану тәртібі;
      11) филиалдар мен өкілдіктер туралы мәліметтер болуға тиіс.
      2. Дiни бiрлестiктiң жарғысында оның қызметіне қатысты және Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де ережелер болуы мүмкін.
      3. Діни ілім негіздері мен діни қызмет туралы мәліметтерде негізгі діни идеялар, діни бірлестік қызметінің нысандары, осы діни бірлестік қатысушыларының (мүшелерінің) және басқа да адамдардың неке мен отбасына, білімге, денсаулыққа көзқарасының ерекшеліктері, оның қатысушылары (мүшелері) мен қызметшілерінің конституциялық құқықтары мен міндеттерін іске асыруға көзқарасы қамтылуға тиіс.
17-бап. Діни бірлестікті тіркеуден бас тарту
       1. Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес, сондай-ақ құрылтай құжаттарындағы және өзге де ұсынылған құжаттардағы мәліметтер дәйексіз болса және (немесе) құрылатын бірлестік дінтану сараптамасының нәтижелері негізінде діни бірлестік ретінде танылмаған жағдайларда діни бірлестікті мемлекеттік тіркеуден, оның құрылымдық бөлімшесін (филиалы мен өкілдігін) есептік тіркеуден бас тартылады.
       2. Тіркеуден бас тартылған жағдайда сотқа шағымдануға болады.
18-бап. Дiни бiрлестiктi қайта ұйымдастыру және тарату
       1. Діни бірлестіктерді қайта ұйымдастыру Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қосылу, бiрiгу, бөлiну, қайта құру және бөлiнiп шығу жолымен діни бірлестіктің құрылтай құжаттары уәкілеттік берген органның шешiмi бойынша не сот шешімі бойынша жүзеге асырылады. Діни бірлестік тек басқа діни бірлестік болып немесе жеке мекеме болып қайта құрылуы мүмкін. Діни бірлестіктерді қайта ұйымдастыру нәтижесінде құрылған ұйымдар осы Заңның талаптарына сәйкес келген жағдайда діни бірлестіктер ретінде тіркелуі мүмкін.
       2. Діни бірлестіктің қызметін тоқтата тұру және оны тарату Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен жүргізіледі.
19-бап. Мемлекет және шетелдік діни бірлестіктер
      1. Шетелдік діни орталық уәкілетті органмен келіспей тағайындаған діни бірлестік басшысының қызметін жүзеге асыруына жол берілмейді.
      2. Шетелдік діни орталық діни бірлестіктің басшысы лауазымына кандидатты келісу үшін уәкілетті органға мынадай құжаттарды:
      1) кандидат туралы, оның шетелдік діни орталықтағы бұрынғы қызметі туралы мәліметтер қамтылған қолдаухатты;
      2) кандидатты Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін діни бірлестіктің басшысы етіп тағайындау туралы шешімді;
      3) діни бірлестіктің басшысы лауазымына кандидаттың паспортының немесе жеке куәлігінің көшірмесін ұсынады.
      Құжаттар қазақ және орыс тілдеріне аудармасының дұрыстығын Қазақстан Республикасында нотариат куәландырған және аударманы жүзеге асырған аудармашы қолының түпнұсқалығын Қазақстан Республикасында нотариат куәландырған түрінде табыс етіледі.
      3. Осы баптың 2-тармағында көрсетілген құжаттарды уәкілетті орган олардың ұсынылған күнінен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде қарайды.
      4. Егер Қазақстан Республикасындағы діни бірлестік басшысының қызметі конституциялық құрылысқа, қоғамдық тәртіпке, адам құқықтары мен бостандықтарына, халықтың денсаулығы мен имандылығына қатер төндіретін болса, уәкілетті орган шетелдік діни орталықтың оны тағайындауына келісуден бас тартады.
 5-тарау. ДІНИ БІРЛЕСТІКТЕРДІҢ МҮЛІКТІК ҚҰҚЫҚ ҚАТЫНАСТАРЫ
20-бап. Дiни бiрлестiктердiң меншiгi
      1. Дiни бiрлестiктердiң өз қаражаты есебінен сатып алынған немесе жасалған, Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың, ұйымдардың қайырмалдықтарға берген немесе Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтiн басқа да негiздер бойынша сатып алынған мүлiкке меншiк құқығы бар.
      2. Меншік құқығындағы жылжымайтын және жылжымалы мүлік діни бірлестіктердің меншігі болып табылады.
      3. Қазақстан Республикасының шегінен тыс жердегі мүлік те дiни бiрлестiктердің меншiгiнде болуы мүмкiн.
      4. Дiни бiрлестiктер ерiктi түрде қаржылай және басқа да қайырмалдықтар сұрауға және оларды алуға құқылы.
      5. Дiни бiрлестiктердiң меншiк құқығы заңмен қорғалады.
21-бап. Мемлекеттiң, ұйымдар мен жеке тұлғалардың меншiгiболып табылатын мүлiктi пайдалану
      1. Дiни бiрлестiктер өздерiне шарттық негiзде берілген үйлердi, аумақты және мүлiктi пайдалануға құқылы.
       2. Діни мақсаттағы тарих және мәдениет ескерткіштері діни бiрлестiктердің пайдалануына Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес берілуі мүмкін.
22-бап. Таратылған дiни бiрлестiктiң мүлкiне иелiк ету
       1. Діни бірлестік таратылған немесе қызметі тоқтатылған кезде оның меншігінде болған мүлікке иелік ету оның жарғысына және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
       2. Құқық мирасқорлары болмаған кезде мүлік Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүлік туралы заңнамасына сәйкес мемлекет меншігіне өтеді.
 6-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР
23-бап. Қазақстан Республикасының дiни қызмет және дiни бiрлестiктер туралы заңнамасын бұзғаны үшiн жауаптылық
       Қазақстан Республикасының дiни қызмет және дiни бiрлестiктер туралы заңнамасын бұзушылық Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жауаптылыққа әкеп соғады.
24-бап. Өтпелі ережелер
      1. Діни бірлестіктер осы Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап бір жылдың ішінде осы Заңның талаптарына сәйкес өздерінің құрылтай құжаттарына тиісті өзгерістер енгізуге міндетті. Сонымен бір мезгілде тіркеуші органға діни бірлестіктің мәртебесін растайтын құжаттар табыс етіледі.
      2. Діни мүдделері мен қажеттіліктерін қанағаттандырумен айналысатын және осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін діни бірлестіктен басқа өзгеше ұйымдық-құқықтық нысанда құрылған заңды тұлғалар осы Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап бір жылдың ішінде өздерінің құрылтай құжаттарына тиісті өзгерістер енгізуге міндетті.
      3. Көрсетілген мерзім өткен соң өздерінің құрылтай құжаттарын осы Заңның талаптарына сәйкес келтірмеген заңды тұлғалар облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергiлiктi атқарушы органдарының өтініші бойынша сот тәртібімен таратылады.
      Ескерту. 24-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.12.24 № 60-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 13.06.2013 № 102-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
 
 
 25-бап. Қорытынды ережелер
      1. Осы Заң алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
       2. "Діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер туралы" 1992 жылғы 15 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1992 ж., № 4, 84-құжат; 1995 ж., № 20, 120, 121-құжаттар; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 13-14, 205-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; № 13, 53-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат) күші жойылды деп танылсын.
Қазақстан Республикасының
 
 
ПрезидентiН. НАЗАРБАЕВ

 
 

 
 
 
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" ШЖҚ РМК]]>
admin Thu, 02 Sep 2021 19:24:43 +0600
Қазақстан Республикасының Конституциясы https://abylaikhan-enkaz.mektebi.kz/o-detskom-sade/normativtk-zhattar/82-azastan-respublikasyny-konstitucijasy.html https://abylaikhan-enkaz.mektebi.kz/o-detskom-sade/normativtk-zhattar/82-azastan-respublikasyny-konstitucijasy.html Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 жылғы N 4, 217-құжат (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң басылымы) жарияланды
Конституция 1995 жылы 30 тамызда республикалық референдумда қабылданды
Қазақстан Республикасының Конституциясы
Бiз, ортақ тарихи тағдыр бiрiктiрген 
Қазақстан халқы, байырғы қазақ жерiнде 
мемлекеттiлiк құра отырып, 
өзiмiздi еркiндiк, теңдiк және татулық 
мұраттарына берiлген бейбiтшiл азаматтық 
қоғам деп ұғына отырып, 
дүниежүзiлiк қоғамдастықта лайықты орын
алуды тілей отырып, 
қазіргі және болашақ ұрпақтар алдындағы 
жоғары жауапкершілігімізді сезіне отырып, 
өзіміздің егемендік құқығымызды негізге 
ала отырып 
осы Конституцияны қабылдаймыз.
I-бөлім. Жалпы ережелер
II-бөлім. Адам және азамат
III-бөлім. Президент
IV-бөлім. Парламент
V-бөлім. Үкімет
VI-бөлім. Конституциялық кеңес
VII-бөлім. Соттар және сот төрелігі
VIII-бөлім. Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару
IX-бөлім. Қорытынды және өтпелі ережелер
I бөлім
 ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1-бап 
1. Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары. 
2. Республика қызметінің түбегейлі принциптері: қоғамдық татулық пен саяси тұрақтылық; бүкіл халықтың игілігін көздейтін экономикалық даму; қазақстандық патриотизм; мемлекет өмірінің аса маңызды мәселелерін демократиялық әдістермен, оның ішінде республикалық референдумда немесе Парламентте дауыс беру арқылы шешу. 
Ескерту. 1-баптың 1-тармағына түсініктеме берілді - ҚР Конституциялық Кеңесінің 2001.12.21 N 18/2 қаулысымен
2-бап 
1. Қазақстан Республикасы - президенттік басқару нысанындағы біртұтас мемлекет. 
2. Республиканың егемендігі оның бүкіл аумағын қамтиды. Мемлекет өз аумағының тұтастығын, қол сұғылмауын және бөлінбеуін қамтамасыз етеді. 
3. Республиканың әкімшілік-аумақтық құрылысы, оның елордасының мәртебесі заңмен белгіленеді. Қазақстанның елордасы Астана қаласы болып табылады.
3-1. Астана қаласының шегінде конституциялық заңға сәйкес қаржы саласында ерекше құқықтық режим белгіленуі мүмкін.
4. Қазақстан Республикасы және Қазақстан атауларының мәні барабар. 
Ескерту. 2-баптың 2-тармағына түсініктеме берілді - ҚР Конституциялық Кеңесінің 2003.04.23 N 4 қаулысымен; өзгерістер енгізілді - ҚР 2007.05.21 N 254; 10.03.2017 № 51-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
3-бап 
1. Мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы - халық. 
2. Халық билікті тікелей республикалық референдум және еркін сайлау арқылы жүзеге асырады, сондай-ақ өз билігін жүзеге асыруды мемлекеттік органдарға береді. 
3. Қазақстан Республикасында билікті ешкім де иемденіп кете алмайды. Билікті иемденіп кетушілік заң бойынша қудаланады. 
Халық пен мемлекет атынан билік жүргізуге Республика Президентінің, сондай-ақ өзінің конституциялық өкілеттігі шегінде Парламенттің құқығы бар. Республика Үкіметі мен өзге де мемлекеттік органдар мемлекет атынан оларға берілген өкілеттіктері шегінде ғана билік жүргізеді. 
4. Республикада мемлекеттік билік біртұтас, ол Конституция мен заңдар негізінде заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтарына бөліну, олардың тежемелік әрі тепе-теңдік жүйесін пайдалану арқылы, өзара іс-қимыл жасау принципіне сәйкес жүзеге асырылады. 
Ескерту. 3-баптың 3-тармағына түсініктеме берілді - ҚР Конституциялық Кеңесінің 2001.04.12 N 1/2 қаулысымен
4-бап 
1. Қазақстан Республикасында қолданылатын құқық Конституцияның, соған сәйкес заңдардың, өзге де нормативтік құқықтық актілердің, халықаралық шарттары мен Республиканың басқа да міндеттемелерінің, сондай-ақ Республика Конституциялық Кеңесінің және Жоғарғы Соты нормативтік қаулыларының нормалары болып табылады. 
2. Конституцияның ең жоғары заңды күші бар және Республиканың бүкіл аумағында ол тікелей қолданылады. 
3. Республика бекіткен халықаралық шарттардың Республика заңдарынан басымдығы болады. Қазақстан қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттардың Қазақстан Республикасының аумағында қолданылу тәртібі мен талаптары Республиканың заңнамасында айқындалады.
4. Барлық заңдар, Республика қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттар жарияланады. Азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты нормативтік құқықтық актілерді ресми түрде жариялау оларды қолданудың міндетті шарты болып табылады. 
Ескерту. 4-баптың 3-тармағына түсініктеме берілді -  ҚР Конституциялық Кеңесінің 2000.10.11 N 18/2, 4-бапқа түсіндірме берілді - ҚР Конституциялық Кеңесінің 2009.11.05 N 6 қаулыларымен; өзгеріс енгізілді - ҚР 10.03.2017 № 51-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
5-бап 
1. Қазақстан Республикасында идеологиялық және саяси әр-алуандылық танылады. Мемлекеттік органдарда партия ұйымдарын құруға жол берілмейді. 
2. Қоғамдық бірлестіктер заң алдында бірдей. Қоғамдық бірлестіктер ісіне мемлекеттің және мемлекет ісіне қоғамдық бірлестіктердің заңсыз араласуына, қоғамдық бірлестіктерге мемлекеттік органдардың қызметін жүктеуге жол берілмейді. 
3. Мақсаты немесе іс-әрекеті Республиканың конституциялық құрылысын күштеп өзгертуге, оның тұтастығын бұзуға, мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіруге, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектік-топтық және рулық араздықты қоздыруға бағытталған қоғамдық бірлестіктер құруға және олардың қызметіне, сондай-ақ заңдарда көзделмеген әскерилендірілген құрамалар құруға тыйым салынады. 
4. Республикада басқа мемлекеттердің саяси партиялары мен кәсіптік одақтарының қызметіне, діни негіздегі партияларға, сондай-ақ саяси партиялар мен кәсіптік одақтарды шетелдік заңды тұлғалар мен азаматтардың, шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың қаржыландыруына жол берілмейді. 
5. Шетелдік діни бірлестіктердің Республика аумағындағы қызметі, сондай-ақ шетелдік діни орталықтардың Республикадағы діни бірлестіктер басшыларын тағайындауы Республиканың тиісті мемлекеттік органдарымен келісу арқылы жүзеге асырылады. 
Ескерту. 5-баптың 4-тармағына түсініктеме берілді -  ҚР Конституциялық Кеңесінің 2000.06.07 N 4/2 қаулысымен, өзгерту енгізілді - ҚР 2007.05.21 N 254 Заңымен. 
6-бап 
1. Қазақстан Республикасында мемлекеттік меншік пен жеке меншік танылады және бірдей қорғалады. 
2. Меншік міндет жүктейді, оны пайдалану сонымен қатар қоғам игілігіне де қызмет етуге тиіс. Меншік субъектілері мен объектілері, меншік иелерінің өз құқықтарын жүзеге асыру көлемі мен шектері, оларды қорғау кепілдіктері заңмен белгіленеді. 
3. Жер және оның қойнауы, су көздері, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, басқа да табиғи ресурстар мемлекет меншігінде болады. Жер, сондай-ақ заңда белгіленген негіздерде, шарттар мен шектерде жеке меншікте де болуы мүмкін. 
Ескерту. 6-баптың 2-тармағына түсініктеме берілді - ҚР Конституциялық Кеңесінің 1999.11.03 N 19/2, 6-баптың 3-тармағына түсініктеме берілді - ҚР Конституциялық Кеңесінің 2000.04.13 N 2/2, 2003.04.23 N 4, 6-баптың 1-тармағына түсініктеме берілді - ҚР Конституциялық Кеңесінің 2001.04.12 N 1/2 қаулыларымен. 
7-бап 
1. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл - қазақ тілі. 
2. Мемлекеттік ұйымдарда және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында орыс тілі ресми түрде қазақ тілімен тең қолданылады. 
3. Мемлекет Қазақстан халқының тілдерін үйрену мен дамыту үшін жағдай туғызуға қамқорлық жасайды. 
8-бап 
Қазақстан Республикасы халықаралық құқықтың принциптері мен нормаларын құрметтейді, мемлекеттер арасында ынтымақтастық пен тату көршілік қарым-қатынас жасау, олардың теңдігі мен бір-бірінің ішкі істеріне араласпау, халықаралық дауларды бейбіт жолмен шешу саясатын жүргізеді, қарулы күшті бірінші болып қолданудан бас тартады. 
Ескерту. 8-бапқа түсініктеме берілді - ҚР Конституциялық Кеңесінің 2001.04.12 N 1/2 қаулысымен
9-бап 
Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері - Туы, Елтаңбасы және Гимні бар. Олардың сипаттамасы және ресми пайдаланылу тәртібі конституциялық заңмен белгіленеді.
Ескерту. 9-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2007.05.21 N 254 Заңымен. 
II бөлім
 АДАМ ЖӘНЕ АЗАМАТ
10-бап 
1. Қазақстан Республикасының азаматтығы заңға сәйкес алынады және тоқтатылады, ол қандай негізде алынғанына қарамастан, бірыңғай және тең болып табылады. 
2. Республиканың азаматын азаматтығынан, өзінің азаматтығын өзгерту құқығынан айыруға, сондай-ақ оны Қазақстаннан тыс жерлерге аластауға болмайды. Азаматтықтан айыруға террористік қылмыстар жасағаны, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өмірлік маңызы бар мүдделеріне өзге де ауыр зиян келтіргені үшін соттың шешімімен ғана жол беріледі.
3. Республика азаматының басқа мемлекеттің азаматтығында болуы танылмайды. 
Ескерту. 10-бапқа түсініктеме берілді -  ҚР Конституциялық Кеңесінің 2003.12.01 N 12 қаулысымен; өзгеріс енгізілді - ҚР 10.03.2017 № 51-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
11-бап 
1. Республиканың халықаралық шарттарында өзгеше белгіленбесе, Қазақстан Республикасының азаматын шет мемлекетке беруге болмайды. 
2. Республика өзінің одан тыс жерлерде жүрген азаматтарын қорғауға және оларға қамқорлық жасауға кепілдік береді. 
12-бап 
1. Қазақстан Республикасында Конституцияға сәйкес адам құқықтары мен бостандықтары танылады және оларға кепілдік беріледі. 
2. Адам құқықтары мен бостандықтары әркімге тумысынан жазылған, олар абсолютті деп танылады, олардан ешкім айыра алмайды, заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілердің мазмұны мен қолданылуы осыған қарай анықталады. 
3. Республиканың азаматы өзінің азаматтығына орай құқықтарға ие болып, міндеттер атқарады. 
4. Конституцияда, заңдарда және халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар Республикада азаматтар үшін белгіленген құқықтар мен бостандықтарды пайдаланады, сондай-ақ міндеттер атқарады. 
5. Адамның және азаматтың өз құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыруы басқа адамдардың құқықтары мен бостандықтарын бұзбауға, конституциялық құрылыс пен қоғамдық имандылыққа нұқсан келтірмеуге тиіс. 
Ескерту. 12-бапқа түсініктеме берілді -  ҚР Конституциялық Кеңесінің 2003.12.01 N 12, 2007.04.18 N 4 Қаулыларымен. 
13-бап 
1. Әркімнің құқық субъектісі ретінде танылуына құқығы бар және өзінің құқықтары мен бостандықтарын, қажетті қорғанысты қоса алғанда, заңға қайшы келмейтін барлық тәсілдермен қорғауға хақылы. 
2. Әркімнің өз құқықтары мен бостандықтарының сот арқылы қорғалуына құқығы бар. 
3. Әркімнің білікті заң көмегін алуға құқығы бар. Заңда көзделген реттерде заң көмегі тегін көрсетіледі. 
Ескерту. 13-баптың 2-тармағына түсініктеме берілді - ҚР Конституциялық Кеңесінің 1999.03.22 N 7/2, 2002.02.15 N 1 қаулыларымен. 
14-бап 
1. Заң мен сот алдында жұрттың бәрі тең. 
2. Тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша ешкімді ешқандай кемсітуге болмайды. 
Ескерту. 14-баптың 1 және 2-тармақтарына түсініктеме берілді - ҚР Конституциялық Кеңесінің 1999.03.10 N 2/2, 14-баптың 1-тармағына түсініктеме берілді - ҚР Конституциялық Кеңесінің 1999.03.22 N 7/2 қаулыларымен. 
15-бап 
1. Әркімнің өмір сүруге құқығы бар. 
2. Ешкімнің өз бетінше адам өмірін қиюға хақысы жоқ. Өлім жазасы адамдардың қаза болуымен байланысты террористік қылмыстар жасағаны үшін, сондай-ақ соғыс уақытында ерекше ауыр қылмыстар жасағаны үшін ең ауыр жаза ретінде заңмен белгіленеді, ондай жазаға кесілген адамның кешірім жасау туралы өтініш ету хақы бар. 
Ескерту. 15-баптың 2-тармағына түсініктеме берілді - ҚР Конституциялық Кеңесінің 2003.01.30 N 10 қаулысымен, өзгерту енгізілді - ҚР 2007.05.21 N 254 Заңымен. 
16-бап 
1. Әркім өзінің жеке басының бостандығына құқығы бар. 
2. Заңда көзделген реттерде ғана және тек қана соттың санкциясымен тұтқындауға және қамауда ұстауға болады, тұтқындалған адамға шағымдану құқығы беріледі. Соттың санкциясынсыз адамды жетпіс екі сағаттан аспайтын мерзімге ұстауға болады. 
3. Ұсталған, тұтқындалған, қылмыс жасады деп айып тағылған әрбір адам сол ұсталған, тұтқындалған немесе айып тағылған кезден бастап адвокаттың (қорғаушының) көмегін пайдалануға құқылы. 
Ескерту. 16-бапқа түсініктеме берілді - ҚР Конституциялық Кеңесінің 2003.12.31 N 13 қаулысымен, өзгерту енгізілді - ҚР 2007.05.21 N 254 Заңымен. 
17-бап 
1. Адамның қадір-қасиетіне қол сұғылмайды. 
2. Ешкімді азаптауға, оған зорлық-зомбылық жасауға, басқадай қатыгездік немесе адамдық қадір-қасиетін қорлайтындай жәбір көрсетуге не жазалауға болмайды. 
18-бап 
1. Әркімнің жеке өміріне қол сұғылмауына, өзінің және отбасының құпиясы болуына, ар-намысы мен абыройлы атының қорғалуына құқығы бар. 
2. Әркім өзінің жеке салымдары мен жинаған қаражатының, жазысқан хаттарының, телефон арқылы сөйлескен сөздерінің, почта, телеграф арқылы және басқа жолдармен алысқан хабарларының құпиялылығы сақталуына құқығы бар. Бұл құқықты шектеуге заңда тікелей белгіленген реттер мен тәртіп бойынша ғана жол беріледі. 
3. Мемлекеттік органдар, қоғамдық бірлестіктер, лауазымды адамдар және бұқаралық ақпарат құралдары әрбір азаматқа өзінің құқықтары мен мүдделеріне қатысты құжаттармен, шешімдермен және ақпарат көздерімен танысу мүмкіндігін қамтамасыз етуге міндетті.
Ескерту. 18-бабы 2-тармағына түсініктеме берілді - ҚР Конститутциялық Кеңесінің 2009.08.20 N 5 Нормативтік қаулысымен.
19-бап 
1. Әркім өзінің қай ұлтқа, қай партияға және қай дінге жататынын өзі анықтауға және оны көрсету-көрсетпеуге хақылы. 
2. Әркімнің ана тілі мен төл мәдениетін пайдалануға, қарым-қатынас, тәрбие, оқу және шығармашылық тілін еркін таңдап алуға құқығы бар. 
20-бап 
1. Сөз бен шығармашылық еркіндігіне кепілдік беріледі. Цензураға тыйым салынады. 
2. Әркімнің заң жүзінде тыйым салынбаған кез келген тәсілмен еркін ақпарат алуға және таратуға құқығы бар. Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиясы болып табылатын мәліметтер тізбесі заңмен белгіленеді. 
3. Республиканың конституциялық құрылысын күштеп өзгертуді, оның тұтастығын бұзуды, мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіруді, соғысты, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектік-топтық және рулық астамшылықты, сондай-ақ қатыгездік пен зорлық-зомбылыққа бас ұруды насихаттауға немесе үгіттеуге жол берілмейді. 
21-бап 
1. Қазақстан Республикасы аумағында заңды түрде жүрген әрбір адам, заңда көрсетілгеннен басқа реттерде, оның аумағында еркін жүріп-тұруға және тұрғылықты мекенді өз қалауынша таңдап алуға құқығы бар.
2. Әркімнің Республикадан тыс жерлерге кетуіне құқығы бар. Республика азаматтарының Республикаға кедергісіз қайтып оралуына құқығы бар. 
22-бап 
1. Әркімнің ар-ождан бостандығына құқығы бар. 
2. Ар-ождан бостандығы құқығын жүзеге асыру жалпы адамдық және азаматтық құқықтар мен мемлекет алдындағы міндеттерге байланысты болмауға немесе оларды шектемеуге тиіс. 
23-бап 
1. Қазақстан Республикасы азаматтарының бірлесу бостандығына құқығы бар. Қоғамдық бірлестіктердің қызметі заңмен реттеледі. 
2. Әскери қызметшілер, ұлттық қауіпсіздік органдарының, құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен судьялар партияларда, кәсіптік одақтарда болмауға, қандай да бір саяси партияны қолдап сөйлемеуге тиіс. 
Ескерту. 23-баптың 2-тармағына түсініктеме берілді -  ҚР Конституциялық Кеңесінің 2000.07.05 N 13/2 қаулысымен.
24-бап 
1. Әркімнің еңбек ету бостандығына, қызмет пен кәсіп түрін еркін таңдауына құқығы бар. Еріксіз еңбекке соттың үкімі бойынша не төтенше жағдайда немесе соғыс жағдайында ғана жол беріледі. 
2. Әркімнің қауіпсіздік пен тазалық талаптарына сай еңбек ету жағдайына, еңбегі үшін нендей бір кемсітусіз сыйақы алуына, сондай-ақ жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғалуға құқығы бар. 
3. Ереуіл жасау құқығын қоса алғанда, заңмен белгіленген тәсілдерді қолдана отырып, жеке және ұжымдық еңбек дауларын шешу құқығы мойындалады. 
4. Әркімнің тынығу құқығы бар. Еңбек шарты бойынша, жұмыс істейтіндерге заңмен белгіленген жұмыс уақытының ұзақтығына, демалыс және мереке күндеріне, жыл сайынғы ақылы демалысқа кепілдік беріледі. 
Ескерту. 24-баптың 2-тармағына түсініктеме берілді -  ҚР Конституциялық Кеңесінің 1999.03.10 N 2/2 қаулысымен
25-бап 
1. Тұрғын үйге қол сұғылмайды. Соттың шешімінсіз тұрғын үйден айыруға жол берілмейді. Тұрғын үйге басып кіруге, оны тексеруге және тінтуге заңмен белгіленген реттер мен тәртіп бойынша ғана жол беріледі. 
2. Қазақстан Республикасында азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін жағдайлар жасалады. Заңда көрсетілген санаттағы мұқтаж азаматтарға тұрғын үй заңмен белгіленген нормаларға сәйкес мемлекеттік тұрғын үй қорларынан олардың шама-шарқы көтеретін ақыға беріледі. 
26-бап 
1. Қазақстан Республикасының азаматтары заңды түрде алған қандай да болсын мүлкін жеке меншігінде ұстай алады. 
2. Меншік, оның ішінде мұрагерлік құқығына заңмен кепілдік беріледі. 
3. Соттың шешімінсіз ешкімді де өз мүлкінен айыруға болмайды. Заңмен көзделген ерекше жағдайларда мемлекет мұқтажы үшін мүліктен күштеп айыру оның құны тең бағамен өтелген кезде жүргізілуі мүмкін. 
4. Әркімнің кәсіпкерлік қызмет еркіндігіне, өз мүлкін кез келген заңды кәсіпкерлік қызмет үшін еркін пайдалануға құқығы бар. Монополистік қызмет заңмен реттеледі әрі шектеледі. Жосықсыз бәсекеге тыйым салынады. 
Ескерту. 26-баптың 3-тармағына түсініктеме берілді -  ҚР Конституциялық Кеңесінің 2000.06.16 N 6/2, 2000.12.20 N 21/2, 2005.07.01 N 4, 2007.05.28 N 5 Қаулыларымен.
27-бап 
1. Неке мен отбасы, ана мен әке және бала мемлекеттің қорғауында болады. 
2. Балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу - ата-ананың етене құқығы әрі міндеті. 
3. Кәмелетке толған еңбекке қабілетті балалар еңбекке жарамсыз ата-анасына қамқорлық жасауға міндетті. 
28-бап 
1. Қазақстан Республикасының азаматы жасына келген, науқастанған, мүгедек болған, асыраушысынан айырылған жағдайда және өзге де заңды негіздерде оған ең төменгі жалақы мен зейнетақының мөлшерінде әлеуметтік қамсыздандырылуына кепілдік беріледі. 
2. Ерікті әлеуметтік сақтандыру, әлеуметтік қамсыздандырудың қосымша нысандарын жасау және қайырымдылық көтермеленіп отырады. 
Ескерту. 28-баптың 1-тармағына түсініктеме берілді -  ҚР Конституциялық Кеңесінің 1999.03.12 N 3/2 қаулысымен
29-бап 
1. Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын сақтауға құқығы бар. 
2. Республика азаматтары заңмен белгіленген кепілді медициналық көмектің көлемін тегін алуға хақылы. 
3. Мемлекеттік және жеке меншік емдеу мекемелерінде, сондай-ақ, жеке медициналық практикамен айналысушы адамдардан ақылы медициналық жәрдем алу заңда белгіленген негіздер мен тәртіп бойынша жүргізіледі. 
30-бап 
1. Азаматтардың мемлекеттік оқу орындарында тегін орта білім алуына кепілдік беріледі. Орта білім алу міндетті. 
2. Азаматтың мемлекеттік жоғары оқу орнында конкурстық негізде тегін жоғары білім алуға құқығы бар. 
3. Жеке меншік оқу орындарында ақылы білім алу заңмен белгіленген негіздер мен тәртіп бойынша жүзеге асырылады. 
4. Мемлекет білім берудің жалпыға міндетті стандарттарын белгілейді. Кез келген оқу орнының қызметі осы стандарттарға сай келуі керек. 
31-бап 
1. Мемлекет адамның өмір сүруі мен денсаулығына қолайлы айналадағы ортаны қорғауды мақсат етіп қояды. 
2. Адамдардың өмірі мен денсаулығына қатер төндіретін деректер мен жағдаяттарды лауазымды адамдардың жасыруы заңға сәйкес жауапкершілікке әкеп соғады. 
32-бап 
Қазақстан Республикасының азаматтары бейбіт әрі қарусыз жиналуға, жиналыстар, митингілер мен демонстрациялар, шерулер өткізуге және тосқауылдарға тұруға хақылы. Бұл құқықты пайдалану мемлекеттік қауіпсіздік, қоғамдық тәртіп, денсаулық сақтау, басқа адамдардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау мүдделері үшін заңмен шектелуі мүмкін. 
33-бап 
1. Қазақстан Республикасы азаматтарының тікелей және өз өкілдері арқылы мемлекет ісін басқаруға қатысуға, мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарына тікелей өзі жүгінуге, сондай-ақ жеке және ұжымдық өтініштер жолдауға құқығы бар. 
2. Республика азаматтарының мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарын сайлауға және оларға сайлануға, сондай-ақ республикалық референдумға қатысуға құқығы бар. 
3. Сот іс-әрекетке қабілетсіз деп таныған, сондай-ақ сот үкімі бойынша бас бостандығынан айыру орындарында отырған азаматтардың сайлауға және сайлануға, республикалық референдумға қатысуға құқығы жоқ. 
4. Республика азаматтарының мемлекеттік қызметке кіруге тең құқығы бар. Мемлекеттік қызметші лауазымына кандидатқа қойылатын талаптар лауазымдық міндеттердің сипатына ғана байланысты болады және заңмен белгіленеді. 
Ескерту. 33-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 1998.10.07 N 284 Заңымен
34-бап 
1. Әркім Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңдарын сақтауға, басқа адамдардың құқықтарын, бостандықтарын, абыройы мен қадір-қасиетін құрметтеуге міндетті. 
2. Әркім Республиканың мемлекеттік рәміздерін құрметтеуге міндетті. 
Ескерту. 34-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2007.05.21 N 254 Заңымен. 
35-бап 
Заңды түрде белгіленген салықтарды, алымдарды және өзге де міндетті төлемдерді төлеу әркімнің борышы әрі міндеті болып табылады. 
36-бап 
1. Қазақстан Республикасын қорғау - оның әрбір азаматының қасиетті парызы және міндеті. 
2. Республика азаматтары заңда белгіленген тәртіп пен түрлер бойынша әскери қызмет атқарады. 
37-бап 
Қазақстан Республикасының азаматтары тарихи және мәдени мұралардың сақталуына қамқорлық жасауға, тарих пен мәдениет ескерткіштерін қорғауға міндетті. 
38-бап 
Қазақстан Республикасының азаматтары табиғатты сақтауға және табиғат байлықтарына ұқыпты қарауға міндетті. 
39-бап 
1. Адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтары конституциялық құрылысты қорғау, қоғамдық тәртіпті, адамның құқықтары мен бостандықтарын, халықтың денсаулығы мен имандылығын сақтау мақсатына қажетті шамада ғана және тек заңмен шектелуі мүмкін. 
2. Ұлтаралық және конфессияаралық татулықты бұзатын кез келген әрекет конституциялық емес деп танылады. 
3. Саяси себептер бойынша азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қандай да бір түрде шектеуге жол берілмейді. Конституцияның 1113-15-баптарында16-бабының 1-тармағында, 17-бабында19-бабында22-бабында, 26-бабының 2-тармағында көзделген құқықтар мен бостандықтар ешбір жағдайда да шектелмеуге тиіс.
Ескерту. 39-баптың 1-тармағына түсініктеме берілді - ҚР Конституциялық Кеңесінің 2007.05.28 N 5 Қаулысымен; өзгеріс енгізілді - ҚР 10.03.2017 № 51-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
III бөлім
 ПРЕЗИДЕНТ
40-бап 
1. Қазақстан Республикасының Президенті - мемлекеттің басшысы, мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын айқындайтын, ел ішінде және халықаралық қатынастарда Қазақстанның атынан өкілдік ететін ең жоғары лауазымды тұлға. 
2. Республиканың Президенті - халық пен мемлекеттік билік бірлігінің, Конституцияның мызғымастығының, адам және азамат құқықтары мен бостандықтарының нышаны әрі кепілі. 
3. Республика Президенті мемлекеттік биліктің барлық тармағының келісіп жұмыс істеуін және өкімет органдарының халық алдындағы жауапкершілігін қамтамасыз етеді. 
41-бап 
1. Қазақстан Республикасының Президентін конституциялық заңға сәйкес жалпыға бірдей, тең және төте сайлау құқығы негізінде Республиканың кәмелетке толған азаматтары жасырын дауыс беру арқылы бес жыл мерзімге сайлайды. 
2. Қазақстан Республикасының Президенті болып тумысынан Республика азаматы болып табылатын, қырық жасқа толған, мемлекеттік тілді еркін меңгерген, Қазақстанда соңғы он бес жыл бойы тұратын және жоғары білімі бар Республика азаматы сайлана алады. Конституциялық заңда Республика Президенттігіне кандидаттарға қосымша талаптар белгіленуі мүмкін.
3. Республика Президентінің кезекті сайлауы желтоқсанның бірінші жексенбісінде өткізіледі және ол мерзімі жағынан Республика Парламентінің жаңа құрамын сайлаумен тұспа-тұс келмеуге тиіс.
3-1. Президенттің кезектен тыс сайлауы Республика Президентінің шешімімен тағайындалады және конституциялық заңда белгіленген тәртіп пен мерзімде өткізіледі.
4. алып тасталды 
5. Дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың елу процентінен астамының дауысын алған кандидат сайланды деп есептеледі. Егер кандидаттардың  бірде-бірі көрсетілген дауыс санын ала алмаса, қайтадан дауысқа салынады, оған көп дауыс алған екі кандидат қатысады. Дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың ең көп дауысын алған кандидат сайланды деп есептеледі. 
Ескерту. 41-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 1998.10.07 N 284 Заңымен, 41-баптың 2-тармағына түсініктеме берілді - ҚР Конституциялық Кеңесінің 1998.10.09 N 9/2, 41-баптың 1 және 3-тармақтарына түсініктеме берілді - 2005.08.19 N 5 қаулыларымен, өзгерістер енгізілді - ҚР 2007.05.21 N 254, 2011.02.02 N 403-IV (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 10.03.2017 № 51-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен. 
42-бап 
1. Қазақстан Республикасының Президенті: "Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын қатаң сақтауға, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына кепілдік беруге, Қазақстан Республикасы Президентінің өзіме жүктелген мәртебелі міндетін адал атқаруға салтанатты түрде ант етемін", - деп халыққа ант берген сәттен бастап қызметіне кіріседі. 
2. Ант беру қаңтардың екінші сәрсенбісінде салтанатты жағдайда Парламент депутаттарының, Конституциялық Кеңес мүшелерінің, Жоғарғы Сот судьяларының, сондай-ақ Республиканың бұрынғы Президенттерінің бәрінің қатысуымен өткізіледі. Конституцияның 48-бабында көзделген жағдайда Қазақстан Республикасы Президентінің өкілеттігін өзіне қабылдаған адам Республика Президентінің өкілеттігін қабылдаған күнінен бастап бір ай ішінде ант береді. 
3. Республика Президентінің өкілеттігі жаңадан сайланған Республика Президенті қызметіне кіріскен кезден бастап, сондай-ақ Президент қызметінен мерзімінен бұрын босатылған немесе кетірілген не ол қайтыс болған жағдайда тоқтатылады. Республиканың бұрынғы Президенттерінің бәрінің, қызметінен кетірілгендерден басқасының, Қазақстан Республикасының экс-Президенті деген атағы болады. 
4. алып тасталды 
5. Бір адам қатарынан екі реттен артық Республика Президенті болып сайлана алмайды. 
Бұл шектеу Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентіне қолданылмайды. 
Ескерту. 42-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 1998.10.07 N 284, 2007.05.21 N 254 Заңдарымен. 
   43-бап 
1. Қазақстан Республикасы Президентінің өкілді органның депутаты болуға, өзге де ақы төленетін қызметтерді атқаруға және кәсіпкерлік қызметпен айналысуға құқығы жоқ. 
2. алып тасталды 
Ескерту. 43-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2007.05.21 N 254 Заңымен. 
44-бап 
Қазақстан Республикасының Президенті: 
1) Қазақстан халқына елдегі жағдай мен Республиканың ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттары туралы жыл сайын жолдау арнайды; 
2) Республика Парламентіне және оның Палатасына кезекті және кезектен тыс сайлау тағайындайды; Парламенттің бірінші сессиясын шақырады және оның депутаттарының Қазақстан халқына беретін антын қабылдайды; Парламенттің кезектен тыс сессиясын шақырады; Парламент Сенаты ұсынған заңға бір ай ішінде қол қояды, заңды халыққа жария етеді не заңды немесе оның жекелеген баптарын қайтадан талқылап, дауысқа салу үшін қайтарады;
3) Парламент Мәжілісінде өкілдігі бар саяси партиялар фракцияларымен консультациялардан кейін келісім беру үшін Мәжілістің қарауына Республика Премьер-Министрінің кандидатурасын енгізеді; Парламент Мәжілісінің келісімімен Республиканың Премьер-Министрін қызметке тағайындайды; Республиканың Премьер-Министрін қызметтен босатады; Премьер-Министрдің ұсынуымен Үкіметтің құрылымын айқындайды; Парламент Мәжілісімен консультациялардан кейін Премьер-Министр енгізген ұсынумен Үкімет мүшелерін қызметке тағайындайды; сыртқы істер, қорғаныс, ішкі істер министрлерін қызметке дербес тағайындайды; Үкімет мүшелерін қызметтен босатады; Үкімет мүшелерінің антын қабылдайды; ерекше маңызды мәселелер бойынша қажеттігіне қарай Үкімет отырыстарына төрағалық етеді; облыстар, республикалық маңызы бар қалалар мен астана әкімдері актілерінің күшін жояды не қолданылуын толық немесе ішінара тоқтата тұрады;
4) Парламент Сенатының келісімімен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасын, Бас Прокурорын және Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасын қызметке тағайындайды; оларды қызметтен босатады; 
5) Республика Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдарды құрады, таратады және қайта құрады, олардың басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады; 
6) Республика дипломатиялық өкілдіктерінің басшыларын тағайындайды және кері шақырып алады; 
7) Орталық сайлау комиссиясының Төрағасын және екі мүшесін, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің Төрағасын және екі мүшесін бес жыл мерзімге қызметке тағайындайды; 
8) алып тасталды - ҚР 10.03.2017 № 51-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
9) алып тасталды - ҚР 10.03.2017 № 51-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
10) республикалық референдум өткізу жөнінде шешім қабылдайды;
10-1) адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігін, егемендігі мен тұтастығын қамтамасыз ету мүддесінде, күшіне енген заңды немесе өзге де құқықтық актіні Республика Конституциясына сәйкестігіне қарау туралы, Қазақстан Республикасы Конституциясының 91-бабының 3-тармағында көзделген жағдайда қорытынды беру туралы Конституциялық Кеңеске өтініш жолдайды;
11) келіссөздер жүргізеді және Республиканың халықаралық шарттарына қол қояды; бекіту грамоталарына қол қояды; өзінің жанында тіркелген шет мемлекеттердің дипломатиялық және өзге де өкілдерінің сенім грамоталары мен кері шақырып алу грамоталарын қабылдайды; 
12) Республика Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас Қолбасшысы болып табылады, Қарулы Күштердің жоғары қолбасшылығын тағайындайды және ауыстырып отырады; 
13) Республиканың мемлекеттік наградаларымен марапаттайды, құрметті, жоғары әскери және өзге атақтарды, сыныптық шендерді, дипломатиялық дәрежелерді, біліктілік сыныптарын береді; 
14) Республиканың азаматтығы, саяси баспана беру мәселелерін шешеді; 
15) азаматтарға кешірім жасауды жүзеге асырады; 
16) Республиканың демократиялық институттарына, оның тәуелсіздігі мен аумақтық тұтастығына, саяси тұрақтылығына, азаматтарының қауіпсіздігіне елеулі және тікелей қатер төнген, мемлекеттің конституциялық органдарының қалыпты жұмыс істеуі бұзылған ретте, Премьер-Министрмен және Республика Парламенті Палаталарының Төрағаларымен ресми консультациялардан кейін Республика Парламентіне дереу хабарлай отырып, Қазақстанның бүкіл аумағында және оның жекелеген жерлерінде төтенше жағдай енгізуді, Республиканың Қарулы Күштерін қолдануды қоса алғанда, аталған жағдаяттар талап ететін шараларды қолданады; 
17) Республикаға қарсы агрессия жасалған не оның қауіпсіздігіне сырттан тікелей қатер төнген ретте Республиканың бүкіл аумағында немесе оның жекелеген жерлерінде әскери жағдай енгізеді, ішінара немесе жалпы мобилизация жариялап, бұл туралы Республика Парламентіне дереу хабарлайды; 
18) өзіне бағынысты Мемлекеттік күзет қызметін жасақтайды;
19) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Хатшысын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады, оның мәртебесі мен өкілеттігін анықтайды; Республика Президентінің Әкімшілігін құрады; 
20) Қауіпсіздік Кеңесін және өзге де консультативтік-кеңесші органдарды, сондай-ақ Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Жоғары Сот Кеңесін құрады; 
21) Республиканың Конституциясы мен заңдарына сәйкес басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады. 
Ескерту. 44-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 1998.10.07 N 284, 2007.05.21 N 254; 10.03.2017 № 51-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Ескерту. 44-баптың 13) тармақшасына - ҚР Конституциялық Кеңесінің 1999.06.30 N 10/2, 2) тармақшасына - 2000.07.03 N 15/2, 9) тармақшасына - 2001.11.12 N 14/2, 44-баптың 2) тармақшасына түсініктеме берілді - 2010.10.18 N 3 Қаулыларымен. 
45-бап 
1. Қазақстан Республикасының Президенті Конституция мен заңдар негізінде және оларды орындау үшін Республиканың бүкіл аумағында міндетті күші бар жарлықтар мен өкімдер шығарады. 
2. Алып тасталды - ҚР 10.03.2017 № 51-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
3. Республиканың Президенті қол қоятын Парламент актілері, сондай-ақ Үкімет бастамасымен шығарылатын Президенттің актілері тиісінше осы актілердің заңдылығы үшін заңдық жауапкершілік жүктелетін Парламенттің әр Палатасының Төрағаларының не Премьер-Министрдің алдын ала қолдары қойылып тиянақталады. 
Ескерту. 45-баптың 2-тармағына түсініктеме берілді - ҚР Конституциялық Кеңесінің 2000.07.03 N 15/2N 5 Нормативтік қаулыларымен; өзгеріс енгізілді - ҚР 10.03.2017 № 51-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
46-бап 
1. Қазақстан Республикасының Президентіне, оның абыройы мен қадір-қасиетіне ешкімнің тиісуіне болмайды. 
2. Республика Президенті мен оның отбасын қамтамасыз ету, оларға қызмет көрсету және қорғау мемлекет есебінен жүзеге асырылады. 
3. Осы баптың ережелері Республиканың экс-Президенттеріне қолданылады. 
4. Қазақстанның Тұңғыш Президентінің мәртебесі мен өкілеттігі Республика Конституциясымен және конституциялық заңмен айқындалады. 
Ескерту. 46-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2007.05.21 N 254 Заңымен. 
47-бап 
1. Қазақстан Республикасының Президенті науқастануына байланысты өзінің міндеттерін жүзеге асыруға қабілетсіздігі дендеген жағдайда қызметінен мерзімінен бұрын босатылуы мүмкін. Бұл ретте Парламент әр Палата депутаттарының тең санынан және медицинаның тиісті салаларының мамандарынан тұратын комиссия құрады. Мерзімінен бұрын босату туралы шешім Парламент Палаталарының бірлескен отырысында комиссияның қорытындысымен белгіленген конституциялық рәсімдердің сақталғаны туралы Конституциялық Кеңес қорытындысы негізінде әр Палата депутаттары жалпы санының кемінде төрттен үшінің көпшілігімен қабылданады. 
2. Республиканың Президенті өзінің міндеттерін атқару кезіндегі іс-әрекеті үшін тек қана мемлекетке опасыздық жасаған жағдайда жауап береді және бұл үшін Парламент оны қызметінен кетіруі мүмкін. Айып тағу және оны тексеру туралы шешім Мәжіліс депутаттарының кемінде үштен бірінің бастамасы бойынша депутаттардың жалпы санының көпшілігімен қабылдануы мүмкін. Тағылған айыпты тексеруді Сенат ұйымдастырады және оның нәтижелері Сенат депутаттары жалпы санының көпшілік даусымен Парламент Палаталары бірлескен отырысының қарауына беріледі. Бұл мәселе бойынша түпкілікті шешім айып тағудың негізділігі туралы Жоғарғы Сот қорытындысы және белгіленген конституциялық рәсімдердің сақталғаны туралы Конституциялық Кеңестің қорытындысы болған жағдайда әр Палата депутаттары жалпы санының кемінде төрттен үшінің көпшілік даусымен Парламент Палаталарының бірлескен отырысында қабылданады. Айып тағылған кезден бастап екі ай ішінде түпкілікті шешім қабылдамау Республика Президентіне қарсы тағылған айыптың күші жойылған деп тануға әкеп соғады. Республиканың Президентіне мемлекетке опасыздық жасады деп тағылған айыптың қабылданбауы оның қай кезеңінде де осы мәселенің қаралуына себепші болған Мәжіліс депутаттарының өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатуға әкеп соғады. 
3. Республика Президентін қызметінен кетіру туралы мәселе ол Республика Парламентінің немесе Парламент Мәжілісінің өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату жөнінде мәселе қарап жатқан кезде қозғалмайды. 
Ескерту. 47-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2007.05.21 N 254 Заңымен.
48-бап 
1. Қазақстан Республикасының Президенті қызметінен мерзімінен бұрын босаған немесе кетірілген, сондай-ақ қайтыс болған жағдайда Республика Президентінің өкілеттігі қалған мерзімге Парламент Сенатының Төрағасына көшеді; Сенат Төрағасының өзіне Президент өкілеттігін қабылдауы мүмкін болмаған ретте ол Парламент Мәжілісінің Төрағасына көшеді; Мәжіліс Төрағасының өзіне Президент өкілеттігін қабылдауы мүмкін болмаған ретте ол Республиканың Премьер-Министріне көшеді. Өзіне Республика Президентінің өкілеттігін қабылдаған тұлға тиісінше Сенат Төрағасының, Мәжіліс Төрағасының немесе Премьер-Министрдің өкілеттігін тапсырады. Бұл жағдайда бос тұрған мемлекеттік лауазымдарды иелену Конституцияда көзделген тәртіппен жүзеге асырылады. 
2. Осы баптың 1-тармағында көзделген негіздерде және тәртіппен Қазақстан Республикасы Президентінің өкілеттігін өзіне қабылдаған тұлғаның Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар туралы бастамашылық жасауға құқығы жоқ. 
Ескерту. 48-бап жаңа редакцияда - ҚР 1998.10.07 N 284 Заңымен
IV бөлім
 ПАРЛАМЕНТ
49-бап 
1. Парламент – Қазақстан Республикасының заң шығару билігiн жүзеге асыратын Республиканың ең жоғары өкiлдi органы.
2. Парламенттің өкілеттігі оның бірінші сессиясы ашылған сәттен басталып, жаңадан сайланған Парламенттің бірінші сессиясы жұмысқа кіріскен кезден аяқталады. 
3. Парламенттің өкілеттігі Конституцияда көзделген реттер мен тәртіп бойынша мерзімінен бұрын тоқтатылуы мүмкін. 
4. Парламенттің ұйымдастырылуы мен қызметі, оның депутаттарының құқықтық жағдайы конституциялық заңмен белгіленеді. 
Ескерту. 49-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 1998.10.07 N 284 Заңымен, 49-баптың 2-тармағына түсініктеме берілді - ҚР Конституциялық Кеңесінің 1999.07.14 N 13/2 қаулысымен; өзгеріс енгізілді - ҚР 10.03.2017 № 51-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
50-бап 
1. Парламент тұрақты негізде жұмыс істейтін екі Палатадан: Сенаттан және Мәжілістен тұрады. 
2. Сенат конституциялық заңда белгіленген тәртіппен әр облыстан, республикалық маңызы бар қаладан және Қазақстан Республикасының астанасынан екі адамнан өкілдік ететін депутаттардан құралады. Сенатта қоғамның ұлттық-мәдени және өзге де елеулі мүдделерінің білдірілуін қамтамасыз ету қажеттілігі ескеріліп, Сенаттың он бес депутатын Республика Президенті тағайындайды. 
3. Мәжіліс конституциялық заңда белгіленген тәртіппен сайланатын жүз жеті депутаттан тұрады. 
4. Парламент депутаты бір мезгілде екі Палатаға бірдей мүше бола алмайды. 
5. Сенат депутаттарының өкілеттік мерзімі - алты жыл, Мәжіліс депутаттарының өкілеттік мерзімі - бес жыл. 
Ескерту. 50-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 1998.10.07 N 284 Заңымен, 50-баптың 5-тармағына түсініктеме берілді - ҚР Конституциялық Кеңесінің 1999.03.15 N 1/2, 1999.11.29 N 24/2, 2003.02.11 N 1, 50-баптың 3-тармағына түсініктеме берілді - 2004.02.12 N 1 қаулыларымен, өзгерту енгізілді - ҚР 2007.05.21 N 254 Заңымен. 
51-бап 
1. Мәжілістің тоқсан сегіз депутатын сайлау жалпыға бірдей, тең және төте сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы жүзеге асырылады. Мәжілістің тоғыз депутатын Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайды. Мәжіліс депутаттарының кезекті сайлауы Парламенттің жұмыс істеп тұрған сайланымы өкілеттігінің мерзімі аяқталардан кемінде екі ай бұрын өткізіледі. 
2. Сенат депутаттары жанама сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру жолымен сайланады. Сайланған Сенат депутаттарының жартысы әрбір үш жыл сайын қайта сайланып отырады. Бұл орайда олардың кезекті сайлауы бұлардың өкілеттік мерзімі аяқталғанға дейінгі екі айдан кешіктірілмей өткізіледі. 
3. Парламент немесе Парламент Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауы тиісінше Парламент немесе Парламент Мәжілісінің өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылған күннен бастап екі ай ішінде өткізіледі. 
4. Қазақстан Республикасының азаматтығында тұратын және оның аумағында соңғы он жылда тұрақты тұрып жатқан адам Парламент депутаты бола алады. Жасы отызға толған, жоғары білімі және кемінде бес жыл жұмыс стажы бар, тиісті облыстың, республикалық маңызы бар қаланың не Республика астанасының аумағында кемінде үш жыл тұрақты тұрып жатқан адам Сенат депутаты бола алады. Жасы жиырма беске толған адам Мәжіліс депутаты бола алады. 
5. Республика Парламенті депутаттарын сайлау конституциялық заңмен реттеледі. 
6. Парламенттің депутаты Қазақстан халқына ант береді. 
Ескерту. 51-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 1998.10.07 N 284 Заңымен, 51-баптың 4-тармағына түсініктеме берілді - ҚР Конституциялық Кеңесінің 1999.03.18 N 5/2, 51-баптың 2-тармағына түсініктеме берілді - 1999.11.29 N 24/2, 51-баптың 5-тармағына түсініктеме берілді - 2003.02.11 N 1 қаулыларымен, өзгерту енгізілді - ҚР 2007.05.21 N 254 Заңымен.  
52-бап 
1. алып тасталды 
2. Парламент депутаттары оның жұмысына қатысуға міндетті. Парламентте депутаттың жеке өзі ғана дауыс береді. Депутаттың Палаталар мен олардың органдарының отырыстарына дәлелді себептерсіз үш реттен артық қатыспауы, сол сияқты дауыс беру құқығын басқа біреуге беруі депутатқа заңда белгіленген жазалау шараларын қолдануға әкеп соғады. 
3. Парламент депутатының басқа өкілді органның депутаты болуға, оқытушылық, ғылыми және өзге де шығармашылық қызметтен басқа, ақы төленетін өзге де жұмыс атқаруға, кәсіпкерлікпен шұғылдануға, коммерциялық ұйымның басшы органының немесе байқаушы кеңесінің құрамына кіруге құқығы жоқ. Осы ереженің бұзылуы депутаттың өкілеттігін тоқтатуға әкеп соғады. 
4. Парламент депутатын оның өкілеттік мерзімі ішінде тұтқынға алуға, күштеп әкелуге, сот тәртібімен белгіленетін әкімшілік жазалау шараларын қолдануға, қылмыс үстінде ұсталған немесе ауыр қылмыс жасаған реттерді қоспағанда, тиісті Палатаның келісімінсіз қылмыстық жауапқа тартуға болмайды. 
5. Парламент депутатының өкілеттігі орнынан түскен, ол қайтыс болған, соттың заңды күшіне енген шешімі бойынша депутат іс-әрекетке қабілетсіз, қайтыс болған немесе хабарсыз кеткен деп танылған жағдайларда және Конституция мен конституциялық заңда көзделген өзге де жағдайларда тоқтатылады. 
Парламент депутаты: 
1) ол Қазақстаннан тысқары жерге тұрақты тұруға кеткен; 
2) оған қатысты соттың айыптау үкімі заңды күшіне енген; 
3) Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтқан кезде өз мандатынан айырылады. 
Парламент Мәжілісінің депутаты: 
1) депутат конституциялық заңға сәйкес өзін сайлаған саяси партиядан шыққан немесе шығарылған; 
2) конституциялық заңға сәйкес депутатты сайлаған саяси партия қызметін тоқтатқан кезде өз мандатынан айырылады. 
Парламент Сенатының тағайындалған депутаттарының өкілеттігі Республика Президентінің шешімі бойынша мерзімінен бұрын тоқтатылуы мүмкін. 
Парламент және Парламент Мәжілісі депутаттарының өкілеттігі тиісінше Парламент немесе Парламент Мәжілісі таратылған жағдайларда тоқтатылады. 
6. Депутаттарға жазалау шараларын қолдануға, олардың осы баптың 3-тармағының талаптарын, депутаттық әдеп ережелерін сақтауына, сондай-ақ депутаттардың өкілеттігін тоқтатуға және өкілеттігінен әрі депутатқа ешкімнің тиіспеуі жөніндегі құқығынан айыруға байланысты мәселелерді әзірлеу Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясына жүктеледі. 
Ескерту. 52-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 1998.10.07 N 284 Заңымен, 52-баптың 3 және 5-тармақтарына түсініктеме берілді - ҚР Конституциялық Кеңесінің 2001.05.17 N 7/2, 2003.05.12 N 5, 52-баптың 1 және 5-тармақтарына түсініктеме берілді - 2001.12.13 N 19/2, 52-баптың 4-тармағына түсініктеме берілді - 2003.01.30 N 10, 52-баптың 4 және 5-тармақтарына түсініктеме берілді - 2003.02.11 N 1 қаулыларымен, өзгерту енгізілді - ҚР 2007.05.21 N 254 Заңымен. 
53-бап 
Палаталардың бірлескен отырысында Парламент: 
1) Қазақстан Республикасы Президентінің ұсынысы бойынша Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізеді; 
2) Үкімет пен Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есептерін бекітеді. Үкіметтің республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есебін Парламенттің бекітпеуі Парламенттің Үкіметке сенімсіздік білдіргенін көрсетеді; 
3) алып тасталды - ҚР 10.03.2017 № 51-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
4) соғыс және бітім мәселелерін шешеді; 
5) Республика Президентінің ұсынысы бойынша бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау жөніндегі халықаралық міндеттемелерді орындау үшін Республиканың Қарулы Күштерін пайдалану туралы шешім қабылдайды; 
6) Конституциялық Кеңестің Республикадағы конституциялық заңдылықтың жай-күйі туралы жыл сайынғы жолдауын тыңдайды; 
7) палаталардың бірлескен комиссияларын құрады, олардың төрағаларын сайлайды және қызметтен босатады, комиссиялардың қызметі туралы есептерді тыңдайды; 
8) Парламентке Конституция жүктеген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады. 
Ескерту. 53-бап жаңа редакцияда - ҚР 2007.05.21 N 254 Заңымен; өзгеріс енгізілді - ҚР 10.03.2017 № 51-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Ескерту. 53-баптың 3) және 4) тармақшаларына түсініктеме берілді - ҚР Конституциялық Кеңесінің 2008.06.26 N 5 Нормативтік қаулысы. 
54-бап 
1. Парламент палаталардың бөлек отырысында мәселелерді әуелі - Мәжілісте, ал содан кейін Сенатта өз кезегімен қарау арқылы конституциялық заңдар мен заңдар қабылдайды, оның ішінде: 
1) республикалық бюджетті бекітеді, оған өзгерістер мен толықтырулар енгізеді; 
2) мемлекеттік салықтар мен алымдарды белгілейді және оларды алып тастайды; 
3) Қазақстанның әкімшілік-аумақтық құрылысы мәселелерін шешу тәртібін белгілейді; 
4) мемлекеттік наградаларды тағайындайды, Республиканың құрметті, әскери және өзге де атақтарын, сыныптық шендерін, дипломатиялық дәрежелерін белгілейді, Республиканың мемлекеттік рәміздерін айқындайды; 
5) мемлекеттік заемдар мен Республиканың экономикалық және өзге де көмек көрсетуі туралы мәселелерді шешеді; 
6) рақымшылық жасау мәселелерін шешеді; 
7) Республиканың халықаралық шарттарын ратификациялайды және олардың күшін жояды. 
2. Парламент палаталардың бөлек отырысында мәселелерді әуелі - Мәжілісте, ал содан кейін Сенатта өз кезегімен қарау арқылы: 
1) республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есептерді талқылайды; 
2) Республика Президентінің қарсылығын туғызған заңдар немесе заңның баптары бойынша қарсылықтар жіберілген күннен бастап бір ай мерзім ішінде қайталап талқылау мен дауысқа салуды өткізеді. Бұл мерзімнің сақталмауы Президент қарсылықтарының қабылданғанын білдіреді. Егер Мәжіліс пен Сенат әр Палата депутаттарының жалпы санының үштен екі көпшілік даусымен бұрын қабылданған шешімді растайтын болса, Президент бір ай ішінде заңға қол қояды. Егер Президенттің қарсылығын ең болмаса палаталардың бірі еңсермесе, заң қабылданбайды немесе Президент ұсынған редакцияда қабылданды деп есептеледі. Парламент қабылдаған конституциялық заңдарға Мемлекет басшысының қарсылығы осы тармақшада көзделген тәртіппен қаралады. Бұл ретте Парламент Президенттің конституциялық заңдарға қарсылығын әр Палата депутаттарының жалпы санының кемінде төрттен үшінің даусымен еңсереді; 
3) республикалық референдум тағайындау туралы бастама көтереді. 
Ескерту. 54-бап жаңа редакцияда - ҚР 2007.05.21 N 254 Заңымен, 54-бабына түсініктеме берілді - ҚР Конституциялық Кеңесінің 2008.10.15 N 8 Нормативтік Қаулысымен. 
55-бап 
Сенаттың ерекше қарауына мыналар жатады: 
1) Қазақстан Республикасы Президентінің ұсынуымен Республиканың Жоғарғы Сотының Төрағасын және Жоғарғы Сотының судьяларын сайлау мен қызметтен босату, олардың анттарын қабылдау;
1-1) Қазақстан Республикасы Президентінің ұсынуымен Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілді бес жыл мерзімге қызметке сайлау және оны қызметінен босату;
2) Республика Президентінің Республика Ұлттық Банкінің Төрағасын, Бас прокурорын және Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасын тағайындауына келісім беру; 
3) Республиканың Бас Прокурорын, Жоғарғы Сотының Төрағасы мен судьяларын оларға ешкімнің тиіспеуі жөніндегі құқығынан айыру; 
4) алып тасталды 
5) Мәжілістің өкілеттіктері мерзімінен бұрын тоқтатылуына байланысты, ол уақытша болмаған кезеңде Республика Парламентінің конституциялық заңдар мен заңдар қабылдау жөніндегі функцияларын орындау; 
6) Конституциямен Парламент Сенатына жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру. 
Ескерту. 55-баптың 1-тармақшасына түсініктеме берілді - ҚР Конституциялық Кеңесінің 2000.07.05 N 11/2 қаулысымен, өзгерістер енгізілді – ҚР 2007.05.21 N 254; 10.03.2017 № 51-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
56-бап 
1. Мәжілістің ерекше қарауына мыналар жатады: 
1) Парламентке енгізілген конституциялық заңдар мен заңдардың жобаларын қарауға қабылдау және осы жобаларды қарау; 
2) Палата депутаттарының жалпы санының көпшілік даусымен Республика Президентіне Республика Премьер-Министрін тағайындауға келісім беру; 
3) Республика Президентінің кезекті сайлауын хабарлау; 
4) Конституциямен Парламент Мәжілісіне жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру. 
2. Мәжіліс депутаттарының жалпы санының көпшілік даусымен, Мәжіліс депутаттарының жалпы санының кемінде бестен бірінің бастамасы бойынша Мәжіліс Үкіметке сенімсіздік білдіруге хақылы. 
Ескерту. 56-бап жаңа редакцияда - ҚР 2007.05.21 N 254 Заңымен. 
57-бап 
Парламенттің әр Палатасы дербес, басқа Палатаның қатысуынсыз: 
1) Конституциялық Кеңестің екі мүшесін қызметке тағайындайды; Орталық сайлау комиссиясының екі мүшесін, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің үш мүшесін бес жыл мерзімге қызметке тағайындайды; 
2) Конституцияның 47-бабының 1-тармағында көзделген ретте Парламент құратын комиссия мүшелерінің тең жартысына өкілеттік береді; 
3) Палаталардың бірлескен комиссиялары мүшелерінің тең жартысын сайлайды; 
4) Палаталар депутаттарының өкілеттігін тоқтатады, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының ұсынуымен оларға ешкімнің тиіспеуі жөніндегі құқығынан Палаталардың депутаттарын айыру мәселелерін шешеді; 
5) өз құзыретіндегі мәселелер бойынша парламенттік тыңдаулар өткізеді; 
6) Палата депутаттары жалпы санының кемінде үштен бірінің бастамасы бойынша Республика Үкіметі мүшелерінің өз қызметі мәселелері жөніндегі есептерін тыңдауға хақылы. Есепті тыңдау қорытындылары бойынша Үкімет мүшесі Республика заңдарын орындамаған жағдайда Палата депутаттары жалпы санының кемінде үштен екі көпшілік даусымен оны қызметінен босату туралы Республика Президентіне өтініш жасауға хақылы. Мұндай жағдайда Республика Президенті Үкімет мүшесін қызметінен босатады;
7) Палаталардың үйлестіруші және жұмыс органдарын құрады; 
8) өз қызметінің регламентін, Палатаның ұйымдастыру және ішкі тәртібіне байланысты мәселелер бойынша өзге де шешімдер қабылдайды. 
Ескерту. 57-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 1998.10.07 N 284, 2007.05.21 N 254; 10.03.2017 № 51-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
58-бап 
1. Палаталарды мемлекеттік тілді еркін меңгерген өз депутаттарының арасынан Палаталар депутаттары жалпы санының көпшілік даусымен жасырын дауыс беру арқылы Сенат пен Мәжіліс сайлаған төрағалар басқарады. Сенат Төрағасының қызметіне кандидатураны Қазақстан Республикасының Президенті ұсынады. Мәжіліс Төрағасының қызметіне кандидатураларды Палатаның депутаттары ұсынады. 
2. Палаталардың төрағалары, егер бұл үшін Палаталардың депутаттары жалпы санының көпшілігі дауыс берсе, қызметтен кері шақырылып алынуы мүмкін, сондай-ақ олар өз еркімен орнынан түсуге хақылы. 
3. Парламент Палаталарының төрағалары: 
1) Палаталардың отырыстарын шақырып, оларға төрағалық етеді; 
2) Палаталардың қарауына енгізілетін мәселелерді әзірлеуге жалпы басшылық жасайды; 
3) Палаталар төрағаларының орынбасарлары қызметіне сайлау үшін Палаталарға кандидатуралар ұсынады; 
4) Палаталар қызметінде регламенттің сақталуын қамтамасыз етеді; 
5) Палаталардың үйлестіру органдарының қызметіне басшылық жасайды; 
6) Палаталар шығаратын актілерге қол қояды; 
7) палаталарға Конституциялық Кеңестің, Орталық сайлау комиссиясының, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің мүшесі қызметіне тағайындау үшін кандидатуралар ұсынады; 
8) өздеріне Парламент регламенті жүктейтін басқа да міндеттерді атқарады. 
4. Мәжіліс Төрағасы: 
1) Парламент сессияларын ашады; 
2) Палаталардың кезекті бірлескен отырыстарын шақырады, Палаталардың кезекті және кезектен тыс бірлескен отырыстарына төрағалық етеді. 
5. Палаталардың төрағалары өз құзыретіндегі мәселелер бойынша өкімдер шығарады. 
Ескерту. 58-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2007.05.21 N 254 Заңымен. 
59-бап 
1. Парламент сессиясы оның Палаталарының бірлескен және бөлек отырыстары түрінде өткізіледі. 
2. Парламенттің бірінші сессиясын Қазақстан Республикасының Президенті сайлау қорытындылары жарияланған күннен бастап отыз күннен кешіктірмей шақырады. 
3. Парламенттің кезекті сессиялары жылына бір рет қыркүйектің бірінші жұмыс күнінен маусымның соңғы жұмыс күніне дейін өткізіледі. 
4. Парламент сессиясын, әдетте, Республика Президенті ашады және сессия Сенат пен Мәжілістің бірлескен отырыстарында жабылады. Парламент сессиялары аралығындағы кезеңде Республика Президенті өз бастамасымен, палаталар төрағаларының немесе Парламент депутаттары жалпы санының кемінде үштен бірінің ұсынысымен Парламенттің кезектен тыс сессиясын шақыра алады. Онда сессияны шақыруға негіз болған мәселелер ғана қаралады. 
5. Палаталардың бірлескен және бөлек отырыстары оларға әр Палата депутаттарының жалпы санының кемінде үштен екісі қатысқан жағдайда өткізіледі. 
6. Палаталардың бірлескен және бөлек отырыстары ашық отырыстар болып табылады. Регламенттерде көзделген реттерде жабық отырыстар өткізілуі мүмкін. Республика Президентінің, Премьер-Министр мен Үкімет мүшелерінің, Ұлттық Банк Төрағасының, Бас Прокурордың, Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының кез келген отырыстарға қатысуға және сөз сөйлеуге құқығы бар. 
Ескерту. 59-баптың 2-тармағына түсініктеме берілді - ҚР Конституциялық Кеңесінің 1999.07.14 N 13/2, 59-баптың 3-тармағына түсініктеме берілді - 1999.06.30 N 14/2 қаулыларымен, өзгерту енгізілді - ҚР 2007.05.21 N 254 Заңымен. 
60-бап 
1. Палаталар әр Палатада саны жетіден аспайтын тұрақты комитеттер құрады. 
2. Палаталардың бірлескен қызметтеріне қатысты мәселелерді шешу үшін Сенат пен Мәжіліс тепе-тең негізде бірлескен комиссиялар құруға хақылы. 
3. Комитеттер мен комиссиялар өз құзыретіндегі мәселелер бойынша қаулылар шығарады. 
4. Комитеттер мен комиссияларды құру, олардың өкілеттігі және қызметін ұйымдастыру тәртібі заңмен белгіленеді. 
61-бап 
1. Заң шығару бастамасы құқығы Республика Президентіне, Парламент депутаттарына, Үкіметке тиесілі және тек қана Мәжілісте жүзеге асырылады. 
2. Республика Президентінің заңдар жобаларын қараудың басымдығын белгiлеуге құқығы бар, бұл тиісті заң жобалары бірінші кезектегі тәртіппен екі ай ішінде қабылдануға тиіс екенін бiлдiредi.
3. Парламент аса маңызды қоғамдық қатынастарды реттейтін, мыналарға: 
1) жеке және заңды тұлғалардың құқық субъектілігіне, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына, жеке және заңды тұлғалардың міндеттері мен жауапкершілігіне; 
2) меншік режиміне және өзге де мүліктік құқықтарға; 
3) мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарын ұйымдастыру мен олардың қызметінің, мемлекеттік және әскери қызметтің негіздеріне; 
4) салық салуға, алымдар мен басқа да міндетті төлемдерді белгілеуге; 
5) республикалық бюджетке; 
6) сот құрылысы мен сотта іс жүргізу мәселелеріне; 
7) білім беруге, денсаулық сақтауға және әлеуметтік қамсыздандыруға; 
8) кәсіпорындар мен олардың мүлкін жекешелендіруге; 
9) айналадағы ортаны қорғауға; 
10) республиканың әкімшілік-аумақтық құрылысына; 
11) мемлекет қорғанысы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысты негізгі принциптер мен нормаларды белгілейтін заңдар шығаруға хақылы. 
Өзге қатынастардың барлығы заңға тәуелді актілермен реттеледі. 
4. Мәжіліс депутаттары қараған және жалпы санының көпшілік даусымен мақұлданған заң жобасы Сенатқа беріледі, ол онда әрі кеткенде алпыс күннің ішінде қаралады. Сенат депутаттары жалпы санының көпшілік даусымен қабылданған жоба заңға айналады және он күннің ішінде Президенттің қол қоюына беріледі. Тұтас алғанда, Сенат депутаттары жалпы санының көпшілік даусымен қабылданбаған жоба Мәжіліске қайтарылады. Егер Мәжіліс депутаттары жалпы санының үштен екісінің көпшілік даусымен жобаны қайтадан мақұлдаса, ол Сенатқа қайта талқылауға және дауысқа салуға беріледі. Қайта қабылданбаған заң жобасын сол сессия барысында қайтадан енгізуге болмайды. 
5. Сенат депутаттары жалпы санының көпшілік даусымен заң жобасына енгізілген өзгертулер мен толықтырулар Мәжіліске жіберіледі. Егер Мәжіліс депутаттардың жалпы санының көпшілік даусымен ұсынылған өзгертулермен және толықтырулармен келіссе, заң қабылданды деп есептеледі. Егер Мәжіліс нақ сондай көпшілік дауыспен Сенат енгізген өзгертулер мен толықтыруларға қарсы болса, Палаталар арасындағы келіспеушілік келісу рәсімі арқылы шешіледі. 
5-1. Мәжіліс депутаттары қараған және олардың жалпы санының кемінде үштен екісінің даусымен мақұлданған конституциялық заң жобасы Сенатқа беріледі, онда алпыс күннен асырылмай қаралады. Сенат депутаттарының жалпы санының кемінде үштен екісінің даусымен қабылданған жоба конституциялық заңға айналады және он күн ішінде Республика Президентіне қол қоюға ұсынылады. Конституциялық заң жобасын тұтастай қабылдамауды Мәжіліс немесе Сенат Палата депутаттары жалпы санының көпшілік даусымен жүзеге асырады. 
Сенат депутаттары жалпы санының кемінде үштен екісінің даусымен конституциялық заң жобасына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар Мәжіліске жіберіледі. Егер Мәжіліс депутаттардың кемінде үштен екісінің даусымен Сенат енгізген өзгерістермен және толықтырулармен келіссе, конституциялық заң қабылданды деп есептеледі. 
Егер Мәжіліс, Сенат енгізген өзгерістер мен толықтырулар бойынша дауыс беру кезінде олармен депутаттардың  кемінде үштен екісінің даусымен келіспесе, онда палаталар арасындағы келіспеушіліктер келісу рәсімдері арқылы шешіледі. 
6. Мемлекеттік кірісті қысқартуды немесе мемлекеттік шығысты көбейтуді көздейтін заңдардың жобалары Республика Үкіметінің оң қорытындысы болғанда ғана енгізілуі мүмкін. Республика Президентінің заң шығару бастамасы тәртібімен Парламент Мәжілісіне енгізілген заңнамалық актілердің жобалары үшін мұндай қорытындының болуы талап етілмейді. 
7. Үкімет енгізген заң жобасының қабылданбауына байланысты Премьер-Министр Парламент палаталарының бірлескен отырысында Үкіметке сенім туралы мәселе қоюға хақылы. Бұл мәселе бойынша дауыс беру сенім туралы мәселе қойылған сәттен бастап қырық сегіз сағаттан ерте өткізілмейді. Егер сенімсіздік білдіру туралы ұсыныс палаталардың әрқайсысының депутаттары жалпы санының көпшілік даусын ала алмаса, заң жобасы дауысқа салынбай қабылданды деп есептеледі. Алайда Үкімет бұл құқықты жылына екі реттен артық пайдалана алмайды. 
Ескерту. 61-баптың 7-тармағына түсініктеме берілді - ҚР Конституциялық Кеңесінің 1999.03.12 N 3/2, 1999.09.27 N 18/2, 2003.05.13 N 6, 61-баптың 3-тармағының 1) және 2) тармақшаларына түсініктеме берілді - 1999.11.03 N 19/2, 61-баптың 6-тармағына түсініктеме берілді - 2000.06.15 N 9/2, 61-баптың 2) тармағына түсініктеме берілді - 2000.07.03 N 15/2, 61-баптың 1 және 4-тармақтарына түсініктеме берілді - 2001.06.08 N 8/2, 61-бабы  3-тармағының 1) және 3) тармақшаларына түсініктеме берілді - 2008.10.15 N 8 қаулыларымен, өзгерістер енгізілді - ҚР 2007.05.21 N 254; 10.03.2017 № 51-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
62-бап 
1. Парламент Республиканың бүкіл аумағында міндетті күші бар Қазақстан Республикасының заңдары, Парламенттің қаулылары, Сенат пен Мәжілістің қаулылары түрінде заң актілерін қабылдайды. 
2. Республиканың заңдары Республика Президенті қол қойғаннан кейін күшіне енеді. 
3. Конституцияға өзгертулер мен толықтырулар әр Палата депутаттары жалпы санының кемінде төрттен үшінің көпшілік даусымен енгізіледі. 
4. Конституциялық заңдар Конституцияда көзделген мәселелер бойынша әр Палата депутаттарының жалпы санының кемінде үштен екісінің көпшілік даусымен қабылданады. 
5. Парламент пен оның Палаталарының заң актілері, егер Конституцияда өзгеше көзделмесе, Палаталар депутаттары жалпы санының көпшілік даусымен қабылданады. 
6. Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу мәселелері бойынша кемінде екі оқылым өткізу міндетті. 
7. Республиканың заңдары, Парламент пен оның Палаталарының қаулылары Конституцияға қайшы келмеуге тиіс. Парламент пен оның Палаталарының қаулылары заңдарға қайшы келмеуге тиіс. 
8. Республиканың заң және өзге де нормативтік құқықтық актілерін әзірлеу, ұсыну, талқылау, күшіне енгізу және жариялау тәртібі арнаулы заңмен және Парламент пен оның Палаталарының регламенттерімен реттеледі. 
Ескерту. 62-бапқа түсініктеме берілді - ҚР Конституциялық Кеңесінің 2000.07.03 N 15/2, 2007.04.18 N 4 Қаулыларымен, өзгерту енгізілді - ҚР 2007.05.21 N 254 Заңымен. 
63-бап 
1. Республика Президенті Парламент палаталары төрағаларымен және Премьер-Министрмен консультациялардан кейін Парламентті немесе Парламент Мәжілісін тарата алады. 
2. Парламентті және Парламент Мәжілісін төтенше немесе соғыс жағдайы кезеңінде, Президент өкілеттігінің соңғы алты айында, сондай-ақ осының алдындағы таратудан кейінгі бір жыл ішінде таратуға болмайды. 
Ескерту. 63-бап жаңа редакцияда - ҚР 2007.05.21 N 254 Заңымен. 
V бөлім
 ҮКIМЕТ
64-бап 
1. Үкімет Қазақстан Республикасының атқарушы билігін жүзеге асырады, атқарушы органдардың жүйесін басқарады және олардың қызметіне басшылық жасайды. 
2. Үкімет алқалы орган болып табылады және өзінің қызметінде Республика Президентінің және Парламенттің алдында жауапты.
3. Конституцияның 57-бабының 6)-тармақшасында көзделген ретте Үкімет мүшелері Парламент палаталарына есеп береді. 
4. Үкіметтің құзыреті, ұйымдастырылуы мен қызмет тәртібі конституциялық заңмен белгіленеді. 
Ескерту. 64-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2007.05.21 N 254; 10.03.2017 № 51-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
65-бап 
1. Қазақстан Республикасының Президенті Үкіметті Конституцияда көзделген тәртіппен құрады. 
2. Республика Премьер-Министрі тағайындалғаннан кейінгі он күн мерзім ішінде Премьер-Министр Үкіметтің құрылымы мен құрамы туралы Республика Президентіне ұсыныс енгізеді. 
3. Үкімет мүшелері Қазақстан халқы мен Президентіне ант береді
66-бап 
Қазақстан Республикасының Үкіметі: 
1) мемлекеттiң әлеуметтiк-экономикалық саясатының, оның қорғаныс қабiлетiнiң, қауiпсiздiгiнiң, қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етудiң негiзгi бағыттарын әзiрлейдi және олардың жүзеге асырылуын ұйымдастырады; Республика Президентiнің келісімімен мемлекеттік бағдарламаларды бекітеді, сондай-ақ олардың орындалуын қамтамасыз етеді;
2) Парламентке республикалық бюджетті және оның атқарылуы туралы есепті ұсынады, бюджеттің атқарылуын қамтамасыз етеді; 
3) Мәжіліске заң жобаларын енгізеді және заңдардың орындалуын қамтамасыз етеді; 
4) мемлекеттік меншікті басқаруды ұйымдастырады; 
5) Республиканың сыртқы саясатын жүргізу жөнінде шаралар әзірлейді; 
6) министрліктердің, мемлекеттік комитеттердің, өзге де орталық және жергілікті атқарушы органдардың қызметіне басшылық жасайды; 
7) Республиканың министрліктері, мемлекеттік комитеттері, өзге де орталық және жергілікті атқарушы органдары актілерінің күшін толық немесе қолданылу бөлігінде жояды немесе тоқтата тұрады; 
8) алып тасталды - ҚР 10.03.2017 № 51-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
9) алып тасталды;
9-1) Республика Президентiнің келісімімен мемлекеттік бюджет есебінен қамтылатын барлық органдар үшін қаржыландырудың және қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеудің бірыңғай жүйесін бекітеді;
10) өзіне Конституциямен, заңдармен және Президент актілерімен жүктелген өзге де қызметтерді орындайды. 
Ескерту. 66-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 1998.10.07 N 284 Заңымен, 66-баптың 4) тармақшасына түсініктеме берілді - ҚР Конституциялық Кеңесінің 1999.03.17 N 4/2, 66-баптың 5) тармақшасына түсініктеме берілді 2001.04.12 N 1/2 қаулыларымен; өзгеріс енгізілді - ҚР 10.03.2017 № 51-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
67-бап 
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі: 
1) Үкімет қызметін ұйымдастырып, оған басшылық жасайды және оның жұмысы үшін дербес жауап береді; 
2) алып тасталды 
3) Үкімет қаулыларына қол қояды; 
4) Үкімет қызметінің негізгі бағыттары жөнінде және оның аса маңызды барлық шешімдері жөнінде Президентке және Парламентке баяндап отырады; 
5) Үкімет қызметін ұйымдастыруға және басшылық жасауға байланысты басқа да қызметтерді атқарады. 
Ескерту. 67-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2007.05.21 N 254; 10.03.2017 № 51-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
68-бап 
1. Үкімет мүшелері өз құзыреті шегінде шешімдер қабылдауда дербестікке ие әрі өздеріне бағынысты мемлекеттік органдардың жұмысы үшін Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің алдында жеке-дара жауап береді. Үкіметтің жүргізіп отырған саясатымен келіспейтін немесе оны жүргізбейтін Үкімет мүшесі орнынан түсуге өтініш береді не ол лауазымнан босатылуға тиіс. 
2. Үкімет мүшелерінің өкілді органның депутаттары болуға, оқытушылық, ғылыми немесе өзге шығармашылық қызметтерді қоспағанда, өзге де ақы төленетін жұмысты атқаруға, кәсіпкерлік іспен шұғылдануға, заңнамаға сәйкес өздерінің лауазымдық міндеттері болып табылатын жағдайларды қоспағанда, коммерциялық ұйымның басшы органының немесе байқаушы кеңесінің құрамына кіруге құқығы жоқ. 
Ескерту. 68-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 1998.10.07 N 284, 2007.05.21 N 254 Заңдарымен. 
69-бап 
1. Қазақстан Республикасының Үкіметі өз құзыретінің мәселелері бойынша Республиканың бүкіл аумағында міндетті күші бар қаулылар шығарады. 
2. Республиканың Премьер-Министрі Республиканың бүкіл аумағында міндетті күші бар өкімдер шығарады. 
3. Үкіметтің қаулылары және Премьер-Министрдің өкімдері Конституцияға, заң актілеріне, Республика Президентінің жарлықтары мен өкімдеріне қайшы келмеуге тиіс. 
70-бап 
1. Үкімет жаңадан сайланған Республика Парламенті Мәжілісінің алдында өз өкілеттігін доғарады.
2. Егер Үкімет және оның кез келген мүшесі өздеріне жүктелген міндеттерді одан әрі жүзеге асыру мүмкін емес деп есептесе, олар Республиканың Президентіне өз орнынан түсетіні туралы мәлімдеуге хақылы. 
3. Парламент Мәжілісі немесе Парламент Үкіметке сенімсіздік білдірген жағдайда Үкімет орнынан түсетіні туралы Республика Президентіне мәлімдейді. 
4. Орнынан түсуді қабылдау немесе қабылдамау туралы мәселені Республиканың Президенті он күн мерзімде қарайды. 
5. Орнынан түсуді қабылдау Үкіметтің не оның тиісті мүшесінің өкілеттігі тоқтатылғанын білдіреді. Премьер-Министрдің орнынан түсуін қабылдау бүкіл Үкіметтің өкілеттігі тоқтатылғанын білдіреді. 
6. Үкіметтің немесе оның мүшесінің орнынан түсуі қабылданбаған жағдайда Президент оған міндеттерін одан әрі жүзеге асыруды тапсырады. 
7. Республиканың Президенті өз бастамасы бойынша Үкіметтің өкілеттігін тоқтату туралы шешім қабылдауға және оның кез келген мүшесін қызметтен босатуға хақылы. Премьер-Министрді қызметінен босату бүкіл Үкіметтің өкілеттігі тоқтатылғанын білдіреді. 
Ескерту. 70-бапқа түсініктеме берілді -  ҚР Конституциялық Кеңесінің 2003.11.19 N 11 қаулысымен, өзгерістер енгізілді - ҚР 2007.05.21 N 254; 10.03.2017 № 51-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
VI бөлім
 КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ КЕҢЕС
71-бап 
1. Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі жеті мүшеден тұрады, олардың өкілеттігі алты жылға созылады. Республиканың экс-Президенттері құқығы бойынша ғұмыр бойы Конституциялық Кеңестің мүшелері болып табылады. 
2. Конституциялық Кеңестің Төрағасын Республиканың Президенті тағайындайды және дауыс тең бөлінген жағдайда оның даусы шешуші болып табылады. 
3. Конституциялық Кеңестің екі мүшесін - Республика Президенті, екі-екі мүшеден тиісінше Сенат пен Мәжіліс тағайындайды. 
Конституциялық Кеңес мүшелерінің жартысы әрбір үш жыл сайын жаңартылып отырады. 
4. Конституциялық Кеңестің Төрағасы мен мүшесінің қызметі депутаттық мандатпен, оқытушылық, ғылыми немесе өзге шығармашылық қызметтерді қоспағанда, өзге де ақы төленетін жұмысты атқарумен, кәсіпкерлікпен айналысумен, коммерциялық ұйымның басшы органының немесе байқаушы кеңесінің құрамына кірумен сыйыспайды. 
5. Конституциялық Кеңестің Төрағасы мен мүшелерін өздерінің өкілеттігі мерзімі ішінде тұтқынға алуға, күштеп әкелуге, оған сот тәртібімен белгіленетін әкімшілік жазалау шараларын қолдануға, қылмыс үстінде ұсталған немесе ауыр қылмыстар жасаған реттерді қоспағанда, Парламенттің келісімінсіз қылмыстық жауапқа тартуға болмайды. 
6. Конституциялық Кеңестің ұйымдастырылуы мен қызметі конституциялық заңмен реттеледі. 
Ескерту. 71-баптың 5-тармағына түсініктеме берілді - ҚР Конституциялық Кеңесінің 2003.01.30 N 10 қаулысымен, 71-бабы 3-тармағы екінші абзацына ресми түсіндіру берілді - ҚР Конституциялық Кеңесінің 2011.03.16 № 3 Нормативтік қаулысымен.
Ескерту. 71-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2007.05.21 N 254 Заңымен. 
72-бап 
1. Конституциялық Кеңес Қазақстан Республикасы Президентінің, Сенат Төрағасының, Мәжіліс Төрағасының, Парламент депутаттары жалпы санының кемінде бестен бір бөлігінің, Премьер-Министрдің өтініші бойынша: 
1) дау туған жағдайда Республика Президентінің, Парламент депутаттарының сайлауын өткізудің дұрыстығы және республикалық референдум өткізу туралы мәселені шешеді; 
2) Парламент қабылдаған заңдардың Республика Конституциясына сәйкестігін Президент қол қойғанға дейін қарайды; 
2-1) Парламент және оның палаталары қабылдаған қаулылардың  Республика Конституциясына сәйкестігін қарайды; 
3) Республиканың халықаралық шарттарын бекіткенге дейін олардың Конституцияға сәйкестігін қарайды; 
4) Конституцияның нормаларына ресми түсіндірме береді; 
5) Конституцияның 47-бабының 1 және 2-тармақтарында көзделген реттерде қорытындылар береді. 
2. Конституциялық Кеңес Конституцияның 44-бабының 10-1) тармақшасында көзделген жағдайларда – Республика Президентінің өтiнiштерiн, сондай-ақ Конституцияның 78-бабында белгiленген жағдайларда соттардың өтiнiштерiн қарайды.
Ескерту. 72-баптың 1-тармағының 2) тармақшасына түсініктеме берілді - ҚР Конституциялық Кеңесінің 2000.07.03 N 15/2, 72-баптың 1-тармағының 4) тармақшасына түсініктеме берілді - 2001.12.13 N 19/2 қаулыларымен, өзгерістер енгізілді - ҚР 2007.05.21 N 254; 10.03.2017 № 51-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
73-бап 
1. Конституциялық Кеңеске Конституцияның 72-бабының 1-тармағының 1)-тармақшасында көрсетілген мәселелер бойынша өтініш жасалған ретте, Президенттің қызметіне кірісуі, Парламенттің сайланған депутаттарын тіркеу не республикалық референдумның нәтижелерін шығару тоқтатыла тұрады. 
2. Конституциялық Кеңеске Конституцияның 72-бабының 1-тармағының 2) және 3)-тармақшаларында көрсетілген мәселелер бойынша өтініш жасалған ретте, тиісті актілерге қол қою не оларды бекіту мерзімінің өтуі тоқтатыла тұрады. 
3. Конституциялық Кеңес өтініштер түскен күннен бастап бір ай ішінде өз шешімін шығарады. Егер мәселе кейінге қалдыруға болмайтын болса, Республика Президентінің талабы бойынша бұл мерзім он күнге дейін қысқартылуы мүмкін. 
4. Алып тасталды - ҚР 10.03.2017 № 51-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
Ескерту. 73-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 10.03.2017 № 51-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
74-бап 
1. Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес емес деп танылған заңдар мен халықаралық шарттарға қол қойылмайды не, тиісінше, бекітілмейді және күшіне енгізілмейді. 
2. Конституциялық емес деп танылған, оның ішінде адамның және азаматтың Конституцияда баянды етілген құқықтары мен бостандықтарына нұқсан келтіреді деп танылған заңдар мен өзге де құқықтық актілердің күші жойылады және қолданылуға жатпайды.
3. Конституциялық Кеңестің шешімдері қабылданған күннен бастап күшіне енеді, Республиканың бүкіл аумағында жалпыға бірдей міндетті, түпкілікті болып табылады және шағымдануға жатпайды. 
Ескерту. 74-баптың 3-тармағына түсініктеме берілді - ҚР Конституциялық Кеңесінің 2001.12.13 N 19/2 қаулысымен, өзгерістер енгізілді - ҚР 2007.05.21 N 254; 10.03.2017 № 51-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
VII бөлім
 СОТТАР ЖӘНЕ СОТ ТӨРЕЛIГI 
75-бап 
1. Қазақстан Республикасында сот төрелігін тек сот қана жүзеге асырады. 
2. Сот билігі сотта іс жүргізудің азаматтық, қылмыстық және заңмен белгіленген өзге де нысандары арқылы жүзеге асырылады. Заңда көзделген жағдайларда қылмыстық сот ісін жүргізу алқабилердің қатысуымен жүзеге асырылады. 
3. Заңмен құрылған Республиканың Жоғарғы Соты, Республиканың жергілікті және басқа да соттары Республиканың соттары болып табылады. 
4. Республиканың сот жүйесі Республика Конституциясымен және конституциялық заңмен белгіленеді. Қандай да бір атаумен арнаулы және төтенше соттарды құруға жол берілмейді. 
Ескерту. 75-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 1998.10.07 N 284 Заңымен, 75-баптың 1-тармағына түсініктеме берілді - ҚР Конституциялық Кеңесінің 2002.02.15 N 1, 2006.04.14 N 1 қаулыларымен, өзгерту енгізілді - ҚР 2007.05.21 N 254 Заңымен.
76-бап 
1. Сот билігі Қазақстан Республикасының атынан жүзеге асырылады және өзіне азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғауды, Республиканың Конституциясының, заңдарының, өзге де нормативтік құқықтық актілерінің, халықаралық шарттарының орындалуын қамтамасыз етуді мақсат етіп қояды. 
2. Сот билігі Республика Конституциясының, заңдарының, өзге де нормативтік құқықтық актілерінің, халықаралық шарттарының негізінде туындайтын барлық істер мен дауларға қолданылады. 
3. Соттар шешімдерінің, үкімдері мен өзге де қаулыларының Республиканың бүкіл аумағында міндетті күші болады. 
Ескерту. 76-бапқа түсініктеме берілді -  ҚР Конституциялық Кеңесінің 1999.03.22 N 7/2, 2000.12.20 N 21/2, 2007.04.18 N 4 Қаулыларымен.
77-бап 
1. Судья сот төрелігін іске асыру кезінде тәуелсіз және Конституция мен заңға ғана бағынады. 
2. Сот төрелігін іске асыру жөніндегі соттың қызметіне қандай да болсын араласуға жол берілмейді, және ол заң бойынша жауапкершілікке әкеп соғады. Нақты істер бойынша судьялар есеп бермейді. 
3. Заңды қолданған кезде судья төмендегі принциптерді басшылыққа алуға тиіс: 
1) адамның кінәлі екендігі заңды күшіне енген сот үкімімен танылғанша ол жасалған қылмысқа кінәлі емес деп есептеледі; 
2) бір құқық бұзушылық үшін ешкімді де қайтадан қылмыстық немесе әкімшілік жауапқа тартуға болмайды; 
3) өзіне заңмен көзделген соттылығын оның келісімінсіз ешкімнің өзгертуіне болмайды; 
4) сотта әркім өз сөзін тыңдатуға құқылы; 
5) жауапкершілікті белгілейтін немесе күшейтетін, азаматтарға жаңа міндеттемелер жүктейтін немесе олардың жағдайын нашарлататын заңдардың кері күші болмайды. Егер құқық бұзушылық жасалғаннан кейін ол үшін жауапкершілік заңмен алынып тасталса немесе жеңілдетілсе, жаңа заң қолданылады; 
6) айыпталушы өзінің кінәсіздігін дәлелдеуге міндетті емес; 
7) ешкім өзіне-өзі, жұбайына (зайыбына) және заңмен белгіленген шектегі жақын туыстарына қарсы айғақ беруге міндетті емес. Діни қызметшілер өздеріне сеніп сырын ашқандарға қарсы куәгер болуға міндетті емес; 
8) адамның кінәлі екендігі жөніндегі кез келген күдік айыпталушының пайдасына қарастырылады; 
9) заңсыз тәсілмен алынған айғақтардың заңды күші болмайды. Ешкім өзінің жеке мойындауы негізінде ғана сотталуға тиіс емес; 
10) қылмыстық заңды ұқсастығына қарай қолдануға жол берілмейді. 
4. Конституциямен белгіленген сот төрелігінің принциптері Республиканың барлық соттары мен судьяларына ортақ және бірыңғай болып табылады. 
Ескерту. 77-бапқа түсініктеме берілді - ҚР Конституциялық Кеңесінің 1999.03.10 N 2/2, 2007.04.18 N 4 Қаулыларымен. 
78-бап 
Соттардың Конституциямен баянды етілген адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарына нұқсан келтіретін заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілерді қолдануға хақысы жоқ. Егер сот қолданылуға тиісті заң немесе өзге де нормативтік құқықтық акт Конституциямен баянды етілген адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарына нұқсан келтіреді деп тапса, іс жүргізуді тоқтата тұруға және осы актіні конституциялық емес деп тану туралы ұсыныспен Конституциялық Кеңеске жүгінуге міндетті. 
79-бап 
1. Соттар тұрақты судьялардан тұрады, олардың тәуелсіздігі Конституциямен және заңмен қорғалады. Судьяның өкілеттігі тек заңда белгіленген негіздер бойынша ғана тоқтатылуы немесе кідіртілуі мүмкін. 
2. Судьяны тұтқынға алуға, күштеп әкелуге, оған сот тәртібімен белгіленетін әкімшілік жазалау шараларын қолдануға, қылмыс үстінде ұсталған немесе ауыр қылмыс жасаған реттерді қоспағанда, Республика Жоғары Сот Кеңесінің қорытындысына негізделген Қазақстан Республикасы Президентінің келісімінсіз не Конституцияның 55-бабының 3) тармақшасында белгіленген жағдайда, - Сенаттың келісімінсіз қылмыстық жауапқа тартуға болмайды. 
3. Республика соттарының судьяларына қойылатын талаптар конституциялық заңда айқындалады.
4. Судьяның қызметі депутаттық мандатпен, оқытушылық, ғылыми немесе өзге шығармашылық қызметтерді қоспағанда, өзге де ақы төленетін жұмысты атқарумен, кәсіпкерлікпен айналысумен, коммерциялық ұйымның басшы органының немесе байқаушы кеңесінің құрамына кірумен сыйыспайды. 
Ескерту. 79-баптың 2-тармағына түсініктеме берілді - ҚР Конституциялық Кеңесінің 2003.01.30 N 10, 79-баптың 1-тармағына түсініктеме берілді - ҚР Конституциялық Кеңесінің 2004.06.23 N 6 қаулыларымен, өзгеріс енгізілді - ҚР 10.03.2017 № 51-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
80-бап 
Соттарды қаржыландыру, судьяларды тұрғын үймен қамтамасыз ету республикалық бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі және ол сот төрелігін толық әрі тәуелсіз жүзеге асыру мүмкіндігін қамтамасыз етуге тиіс. 
81-бап 
Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты азаматтық, қылмыстық істер, жергілікті және басқа да соттардың соттылығына жататын өзге де істер бойынша жоғары сот органы болып табылады, заңда көзделген жағдайларда өзінің соттылығына жататын сот істерін қарайды және сот практикасының мәселелерi бойынша түсiнiктемелер беріп отырады.
Ескерту. 81-бап жаңа редакцияда- ҚР 10.03.2017 № 51-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
82-бап 
1. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасын және судьяларын Жоғары Сот Кеңесінің кепілдемесіне негізделген Республика Президентінің ұсынуымен Сенат сайлайды. 
2. Жергілікті және басқа да соттардың төрағалары мен судьяларын Жоғары Сот Кеңесінің кепілдемесі бойынша Республика Президенті қызметке тағайындайды. 
3. Соттарда конституциялық заңға сәйкес сот алқалары құрылуы мүмкін. Сот алқалары төрағаларына өкілеттіктер беру тәртібі конституциялық заңмен белгіленеді. 
4. Жоғары Сот Кеңесі Республика Президенті тағайындайтын Төрағадан және басқа да адамдардан құралады. 
5. Жоғары Сот Кеңесінің мәртебесі және жұмысын ұйымдастыру заңмен белгіленеді. 
Ескерту. 82-бап жаңа редакцияда - ҚР 2007.05.21 N 254 Заңымен. 
83-бап 
1. Прокуратура мемлекет атынан Қазақстан Республикасының аумағында заңдылықтың сақталуына заңда белгіленген шекте және нысандарда жоғары қадағалауды жүзеге асырады, сотта мемлекеттің мүддесiн бiлдiредi және мемлекет атынан қылмыстық қудалауды жүзеге асырады.
2. Республика Прокуратурасы төменгі прокурорларды жоғары тұрған прокурорларға және Республика Бас Прокурорына бағындыра отырып, бірыңғай орталықтандырылған жүйе құрайды. Ол өз өкілеттігін басқа мемлекеттік органдардан, лауазымды адамдардан тәуелсіз жүзеге асырады және Республика Президентіне ғана есеп береді. 
3. Республиканың Бас Прокурорын өз өкілеттігі мерзімі ішінде тұтқынға алуға, күштеп әкелуге, оған сот тәртібімен әкімшілік жазалау шараларын қолдануға, қылмыс үстінде ұсталған немесе ауыр қылмыстар жасаған реттерді қоспағанда, Сенаттың келісімінсіз қылмыстық жауапқа тартуға болмайды. Бас Прокурор өкілеттігінің мерзімі бес жыл. 
4. Республика прокуратурасының құзыреті, ұйымдастырылуы мен қызмет тәртібі заңмен белгіленеді. 
Ескерту. 83-баптың 1-тармағына түсініктеме берілді -  ҚР Конституциялық Кеңесінің 2000.12.26 N 23/2, 83-баптың 3-тармағына түсініктеме берілді - ҚР Конституциялық Кеңесінің 2003.01.30 N 10, 83-бапқа түсініктеме берілді - ҚР Конституциялық Кеңесінің 2003.12.31 N 13 қаулыларымен; өзгеріс енгізілді - ҚР 10.03.2017 № 51-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
84-бап 
Ескерту. 84-бап алынып тасталды - ҚР 2007.05.21 N 254 Заңымен. 
VIII бөлім
 ЖЕРГIЛIКТI МЕМЛЕКЕТТIК БАСҚАРУ ЖӘНЕ ӨЗIН-ӨЗI БАСҚАРУ
85-бап 
Жергілікті мемлекеттік басқаруды тиісті аумақтағы істің жай-күйіне жауапты жергілікті өкілді және атқарушы органдар жүзеге асырады. 
86-бап 
1. Жергілікті өкілді органдар - мәслихаттар тиісті әкімшілік-аумақтық бөліністегі халықтың еркін білдіреді және жалпымемлекеттік мүдделерді ескере отырып, оны іске асыруға қажетті шараларды белгілейді, олардың жүзеге асырылуын бақылайды. 
2. Мәслихаттарды жалпыға бірдей, тең, төте сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы бес жыл мерзімге халық сайлайды. 
3. Қазақстан Республикасының жиырма жасқа толған азаматы мәслихат депутаты болып сайлана алады. Республика азаматы бір мәслихаттың ғана депутаты бола алады. 
4. Мәслихаттардың қарауына мыналар жатады: 
1) аумақты дамыту жоспарларын, экономикалық және әлеуметтік бағдарламаларын, жергілікті бюджетті және олардың атқарылуы туралы есептерді бекіту; 
2) өздерінің қарауына жатқызылған жергілікті әкімшілік-аумақтық құрылыс мәселелерін шешу; 
3) заңмен мәслихат құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша жергілікті атқарушы органдар басшыларының есептерін қарау; 
4) мәслихаттың тұрақты комиссияларын және өзге де жұмыс органдарын құру, олардың қызметі туралы есептерді тыңдау, мәслихат жұмысын ұйымдастыруға байланысты өзге де мәселелерді шешу; 
5) Республика заңдарына сәйкес азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету жөніндегі өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру. 
5. Мәслихаттың өкілеттігін мерзімінен бұрын Республика Президенті Премьер-Министрмен және Парламент Палаталарының төрағаларымен консультациялардан кейін тоқтатады, сондай-ақ мәслихат өзін-өзі тарату туралы шешім қабылдаған ретте де оның өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылады.
6. Мәслихаттардың құзыреті, ұйымдастырылуы мен қызмет тәртібі, олардың депутаттарының құқықтық жағдайы заңмен белгіленеді. 
Ескерту. 86-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2007.05.21 N 254; 10.03.2017 № 51-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
87-бап 
1. Жергілікті атқарушы органдар Қазақстан Республикасының атқарушы органдарының бірыңғай жүйесіне кіреді, тиісті аумақтың мүддесі мен даму қажеттілігін ұштастыра отырып, атқарушы биліктің жалпы мемлекеттік саясатын жүргізуді қамтамасыз етеді. 
2. Жергілікті атқарушы органдардың қарауына мыналар жатады: 
1) аумақты дамыту жоспарларын, экономикалық және әлеуметтік бағдарламаларын, жергілікті бюджетті әзірлеу және олардың атқарылуын қамтамасыз ету; 
2) коммуналдық меншікті басқару; 
3) жергілікті атқарушы органдардың басшыларын қызметке тағайындау және қызметтен босату, жергілікті атқарушы органдардың жұмысын ұйымдастыруға байланысты өзге де мәселелерді шешу; 
4) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесіне сай Республика заңдарымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру. 
3. Жергілікті атқарушы органды Республика Президенті мен Үкіметінің өкілі болып табылатын тиісті әкімшілік-аумақтық бөліністің әкімі басқарады. 
4. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әкімдерін қызметке тиісінше облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың мәслихаттарының келісімімен Республика Президенті тағайындайды. Өзге әкімшілік-аумақтық бөліністердің әкімдері заңда айқындалатын тәртіппен қызметке тағайындалады немесе сайланады, сондай-ақ қызметінен босатылады. Республика Президенті өзінің ұйғаруы бойынша әкімдерді қызметтерінен босатуға хақылы.
5. Мәслихат депутаттарының жалпы санының кемінде бестен бірінің бастамасы бойынша әкімге сенімсіздік білдіру туралы мәселе қойылуы мүмкін. Бұл жағдайда мәслихат өз депутаттарының жалпы санының көпшілік даусымен әкімге сенімсіздік білдіруге және оны қызметінен босату жөнінде тиісінше Республика Президентінің не жоғары тұрған әкімнің алдына мәселе қоюға хақылы. Облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана әкімдерінің өкілеттігі жаңадан сайланған Республика Президенті қызметіне кіріскен кезде тоқтатылады. 
6. Жергілікті атқарушы органдардың құзыреті, ұйымдастырылуы және олардың қызмет тәртібі заңмен белгіленеді. 
Ескерту. 87-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 1998.10.07 N 284, 2007.05.21 N 254; 10.03.2017 № 51-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
88-бап 
1. Мәслихаттар өз құзыретіндегі мәселелер бойынша шешімдер, ал әкімдер - тиісті әкімшілік-аумақтық бөліністің аумағында орындалуға міндетті шешімдер мен өкімдер қабылдайды. 
2. Мәслихаттардың жергілікті бюджет кірісін қысқартуды немесе жергілікті бюджет шығысын ұлғайтуды көздейтін шешімдерінің жобалары әкімнің оң қорытындысы болған кезде ғана қарауға енгізілуі мүмкін. 
3. Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына сәйкес келмейтін мәслихат шешімдерінің күші сот тәртібімен жойылуы мүмкін. 
4. Әкімдердің шешімдері мен өкімдерінің күшін тиісінше Қазақстан Республикасының Президенті, Үкіметі не жоғары тұрған әкім жоюы мүмкін, сондай-ақ олардың күші сот тәртібімен жойылуы мүмкін. 
Ескерту. 88-баптың 4-тармағына түсініктеме берілді -  ҚР Конституциялық Кеңесінің 2000.05.31 N 3/2 қаулысымен
89-бап 
1. Қазақстан Республикасында жергілікті маңызы бар мәселелерді тұрғын халықтың өзі шешуін қамтамасыз ететін жергілікті өзін-өзі басқару танылады. 
2. Жергілікті өзін-өзі басқаруды тұрғын халық тікелей жүзеге асырады, сондай-ақ ол мәслихаттар және халық топтары жинақы тұратын аумақтарды қамтитын жергілікті қоғамдастықтардағы басқа да жергілікті өзін-өзі басқару органдары арқылы жүзеге асырылады. 
Жергілікті өзін-өзі басқару органдарына мемлекеттік функцияларды жүзеге асыру заңға сәйкес берілуі мүмкін. 
3. Қазақстанда жергілікті өзін-өзі басқаруды ұйымдастыру мен олардың қызметі заңмен реттеледі. 
4. Жергілікті өзін-өзі басқару органдарының дербестігіне олардың заңмен белгіленген өкілеттігі шегінде кепілдік беріледі. 
Ескерту. 89-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2007.05.21 N 254 Заңымен. 
IX бөлім
 ҚОРЫТЫНДЫ ЖӘНЕ ӨТПЕЛI ЕРЕЖЕЛЕР
90-бап 
1. Республикалық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясы референдум нәтижелері ресми түрде жарияланған күннен бастап күшіне енеді, сол мезгілден бастап бұрынғы қабылданған Қазақстан Республикасы Конституциясының күші жойылады. 
2. Республикалық референдумда Конституция қабылданған күн мемлекеттік мереке - Қазақстан Республикасының Конституциясы Күні деп жарияланады. 
91-бап 
1. Қазақстан Республикасының Конституциясына Республика Президентінің өз бастамасымен, Парламенттің немесе Үкіметтің ұсынысымен қабылданған шешімі бойынша өткізілетін республикалық референдум өзгертулер мен толықтырулар енгізуі мүмкін. Егер Президент оны Парламенттің қарауына беру қажет деп ұйғарса, Конституцияға енгізілетін өзгертулер мен толықтырулар жобасы республикалық референдумға шығарылмайды. Мұндай жағдайда Парламенттің шешімі Конституцияда белгіленген тәртіппен қабылданады. Егер Республика Президенті Конституцияға өзгерістер мен толықтыруларды республикалық референдумға шығару туралы Парламенттің ұсынысын қабылдамай тастаса, онда Парламент Палаталарының әрқайсысының депутаттары жалпы санының кемінде бестен төртінің көпшілік даусымен Парламент осы өзгерістер мен толықтыруларды Конституцияға енгізу туралы заң қабылдауға хақылы. Мұндай жағдайда Республика Президенті осы заңға қол қояды немесе оны республикалық референдумға шығарады, егер республикалық референдумға қатысуға құқығы бар Республика азаматтарының жартысынан астамы дауыс беруге қатысса, ол өткізілді деп есептеледі. Республикалық референдумға шығарылған Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар, егер олар үшін облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың кемінде үштен екісінде дауыс беруге қатысқан азаматтардың жартысынан астамы жақтап дауыс берсе, қабылданды деп есептеледі. 
2. Конституцияда белгiленген мемлекеттiң тәуелсіздігі, Республиканың бiртұтастығы мен аумақтық тұтастығы, оны басқару нысаны, сондай-ақ тәуелсіз Қазақстанның Негізін салушы, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы іргесін қалаған Республика қызметінің түбегейлі принциптері және Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының мәртебесі өзгермейді.
3. Республика Конституциясына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар, олардың осы баптың 2-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес келетіні туралы Конституциялық Кеңестің қорытындысы болған жағдайда, республикалық референдумға немесе Республика Парламентінің қарауына шығарылады.
Ескерту. 91-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 1998.10.07 N 284 Заңымен, 91-баптың 1-тармағына түсініктеме берілді - ҚР Конституциялық Кеңесінің 1998.12.04 N 13/2 қаулысымен, өзгерту енгізілді - ҚР 2007.05.21 N 254 Заңымен; өзгеріс енгізілді - ҚР 10.03.2017 № 51-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
92-бап 
1. Конституциялық заңдар Конституция күшіне енген күннен бастап бір жыл ішінде қабылдануға тиіс. Егер Конституцияда конституциялық деп аталған заңдар немесе заң күші бар актілер ол күшіне енген кезде қабылданып қойған болса, онда олар Конституцияға сәйкес келтіріледі де, Қазақстан Республикасының конституциялық заңдары деп есептеледі. 
2. Конституцияда аталған өзге заңдар Парламент белгілейтін тәртіп пен мерзімде, бірақ Конституция күшіне енген күннен бастап екі жылдан кешіктірілмей қабылдануға тиіс. 
3. Республика Президентінің өзіне берілген қосымша өкілеттікті жүзеге асыру мерзімі ішінде "Қазақстан Республикасының Президенті мен жергілікті әкімдерге уақытша қосымша өкілеттік беру туралы" 1993 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес шыққан және заң күші бар Жарлықтары Республика заңдарын өзгерту, толықтыру немесе күшін жою үшін көзделген тәртіппен ғана өзгертілуі, толықтырылуы немесе күшін жоюы мүмкін. 1993 жылғы 28 қаңтарда қабылданған Қазақстан Республикасы Конституциясының 64-бабының 12-15, 18 және 20-тармақтарымен көзделген мәселелер бойынша өзіне берілген қосымша өкілеттікті жүзеге асыру мерзімі ішінде шыққан Республика Президентінің Жарлықтары Республика Парламентінің бекітуіне жатпайды. 
4. Конституция күшіне енген кезде қолданылып жүрген Қазақстан Республикасының заңдары оған қайшы келмейтін бөлігінде қолданылады және Конституция қабылданған күннен бастап екі жыл ішінде оған сәйкес келтірілуге тиіс. 
Ескерту. 92-баптың 4-тармағына түсініктеме берілді - ҚР Конституциялық Кеңесінің 2000.06.15 N 8/2 қаулысымен.
93-бап 
Конституцияның 7-бабын жүзеге асыру мақсатында Үкімет, жергілікті өкілді және атқарушы органдар, арнаулы заңға сәйкес, Қазақстан Республикасының барлық азаматтары мемлекеттік тілді еркін әрі тегін меңгеруі үшін қажетті ұйымдастырушылық, материалдық және техникалық жағдайдың бәрін жасауға міндетті. 
94-бап 
1. Конституция күшіне енген кезде қолданылып жүрген Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес сайланған Қазақстан Республикасының Президенті Конституция белгілеген Қазақстан Республикасы Президентінің өкілеттіктеріне ие болады және оларды 1995 жылғы 29 сәуірде республикалық референдумда қабылданған шешім бойынша белгіленген мерзім ішінде жүзеге асырады. Қазақстан Республикасы Президентінің келісімімен Республика Президенті өкілеттігінің қазіргі мерзімі Республика Парламенті Палаталарының бірлескен отырысында Палаталардың әрқайсысының депутаттары жалпы санының көпшілік даусымен қабылданған Республика Парламентінің қаулысымен қысқартылуы мүмкін. Мұндай жағдайда Парламент Мәжілісі бір ай ішінде Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауын тағайындайды. Осы сайлаудың қорытындылары бойынша сайланған Республика Президенті сайлау қорытындылары жарияланған күннен бастап бір ай ішінде ант береді және жеті жылдан кейін желтоқсанның бірінші жексенбісінде өткізілуге тиіс кезекті Президент сайлауында сайланған Республика Президенті қызметіне кіріскенге дейін өз өкілеттігін жүзеге асырады. 
2. Конституция күшіне енген кезде қолданылып жүрген Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес сайланған Қазақстан Республикасының Вице-Президенті өзі сайланған мерзім аяқталғанға дейін өкілеттігін сақтайды. 
Ескерту. 94-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 1998.10.07 N 284 Заңымен
Ескерту. 94-баптың 1-тармағына түсініктеме берілді - ҚР Конституциялық Кеңесінің 2005.08.19 N 5 қаулысымен.
94-1-бап 
Конституцияның 41-бабы 1-тармағының Республика Президентінің өкілеттік мерзімін белгілейтін ережесі 2005 жылғы 4 желтоқсандағы сайлауда сайланған Республика Президентінің жеті жылдық өкілеттік мерзімінің аяқталуына байланысты өткізілетін президенттік сайлау қорытындысы бойынша Республика Президенті болып сайланған адамға қолданылатын болады. 
Ескерту. 94-1-баппен толықтырылды - ҚР 2007.05.21 N 254 Заңымен. 
95-бап 
1. Бірінші сайланған Сенат депутаттарының жартысы төрт жыл мерзімге, депутаттардың екінші жартысы екі жыл мерзімге конституциялық заңмен белгіленген тәртіппен сайланады. 
2. Қазақстан Республикасы Конституциясының Парламент Мәжілісі депутаттарын партиялық тізімдер негізінде сайлау туралы ережелері екінші шақырылатын Парламент Мәжілісі депутаттарын сайлаудан бастап қолданылады. 
Ескерту. 95-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 1998.10.07 N 284 Заңымен
Ескерту. 95-баптың 1-тармағына түсініктеме берілді - ҚР Конституциялық Кеңесінің 1999.11.29 N 24/2 қаулысымен.
96-бап 
Конституция күшіне енген күннен бастап Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинеті онда белгіленген Қазақстан Республикасы Үкіметінің құқықтарына, міндеттері мен жауапкершілігіне ие болады. 
97-бап 
Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесінің бірінші құрамы былайша құрылады: Республика Президенті, Парламент Сенатының Төрағасы мен Парламент Мәжілісінің Төрағасы Конституциялық Кеңестің мүшелерінен бір бірден үш жыл мерзімге, ал Конституциялық Кеңестің мүшелерінен бір бірден алты жыл мерзімге тағайындайды, Конституциялық Кеңестің Төрағасын Республика Президенті алты жыл мерзімге тағайындайды. 
98-бап 
1. Конституцияда көзделген сот төрелігі мен тергеу органдары тиісті заңдарда көзделген тәртіп пен мерзімде құрылады. Олар құрылғанға дейін жұмыс істеп тұрған сот төрелігі мен тергеу органдары өз өкілеттіктерін сақтайды. 
2. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының және Жоғары Төрелік Сотының, жергілікті соттардың судьялары Конституцияда көзделген соттар құрылғанға дейін өз өкілеттіктерін сақтайды. Судьялардың бос орындары Конституцияда белгіленген тәртіппен толықтырылады. ]]>
admin Wed, 01 Sep 2021 19:28:38 +0600
Қазақстан Республикасының "Білім туралы" Заңы https://abylaikhan-enkaz.mektebi.kz/o-detskom-sade/normativtk-zhattar/81-azastan-respublikasyny-blm-turaly-zay.html https://abylaikhan-enkaz.mektebi.kz/o-detskom-sade/normativtk-zhattar/81-azastan-respublikasyny-blm-turaly-zay.html Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 20, 151-құжат; "Егемен Қазақстан" 2007 жылғы 15 тамыз № 254-256 жарияланды
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі № 319 Заңы. 
Білім туралы
Ескерту. Заңның қолданысқа енгізілу тәртібін 68-баптан қараңыз.
МАЗМҰНЫ
Ескерту. Бүкіл мәтін бойынша:
"соғысқа қатысушылар мен cоғыс мүгедектеріне" деген сөздер "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне" деген сөздермен ауыстырылсын;
"Оқу және тәрбие процесін", "оқу және тәрбие процесі", "оқу және тәрбие процесін", "Оқу және тәрбие процесі", "оқу және тәрбие процесінің" деген сөздер тиісінше "Оқу-тәрбие процесін", "оқу-тәрбие процесі", "оқу-тәрбие процесін", "Оқу-тәрбие процесі", "оқу-тәрбие процесінің" деген сөздермен ауыстырылды - ҚР 2011.10.24 № 487-ІV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
Ескерту. Бүкіл мәтін бойынша "ауыл (село)", "ауылдың (селоның), ауылдық (селолық)", "ауылдың (селоның)" деген сөздер тиісінше "ауыл", "ауылдың, ауылдық", "ауылдың" деген сөздермен ауыстырылды - ҚР 03.07.2013 № 121-V Конституциялық заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Осы Заң білім беру саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді, осы саладағы мемлекеттік саясаттың негізгі принциптерін айқындайды және Қазақстан Республикасы азаматтарының, сондай-ақ Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың білім алуға конституциялық құқығын қамтамасыз етуге бағытталған.
1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар 
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) алып тасталды - ҚР 13.11.2015 № 398-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
1-1) адъюнкт – жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын шетелдік әскери оқу орындарында білім алып жатқан адам;
2) академия – мамандықтардың бір-екі тобы бойынша жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын жоғары оқу орны;
2-1) академиялық оралымдылық – білім алушыларды немесе оқытушы-зерттеушілерді оқыту немесе зерттеулер жүргізу үшін белгілі бір академиялық кезеңге (семестрге немесе оқу жылына) өзінің жоғары оқу орнында немесе оқуды жалғастыру үшін басқа жоғары оқу орнында кредиттер түрінде меңгерген оқу бағдарламаларынан, пәндерден міндетті түрде қайта сынақ тапсыра отырып, басқа жоғары оқу орнына (ел ішінде немесе шетелге) ауыстыру;
2-2) аккредиттеу органдары – стандарттарды (регламенттерді) әзірлейтін және өздері әзірлеген стандарттар (регламенттер) негізінде білім беру ұйымдарын аккредиттеуден өткізетін заңды тұлғалар;
2-3) аккредиттеу стандарттары (регламенттері) – аккредиттеу органының аккредиттеу рәсіміне қойылатын талаптарды белгілейтін құжаттары;
3) атаулы стипендия - тиісті білім беру бағдарламаларын ойдағыдай меңгерген, ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысатын, оқу орнының қоғамдық, мәдени және спорттық өміріне белсене қатысатын неғұрлым қабілетті білім алушыларды көтермелеу үшін жеке немесе заңды тұлғалар тағайындайтын стипендия;
3-1) әдістемелік кабинет – білім беруді басқару органдарының білім беру процесінің ұйымдастырушылық-әдістемелік қамсыздандырылуын, нәтижелілігін талдау мен бағалауды, педагог кадрлардың шығармашылық өсуіне және олардың кәсіптік тұрғыдан өзін-өзі жетілдіруіне жәрдемдесетін инновациялық педагогикалық тәжірибені жинақтау мен таратуды қамтамасыз ететін құрылымдық бөлімшесі;
3-2) әскери, арнаулы оқу орындары – Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарына, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігіне, Қазақстан Республикасының прокуратура органдарына және Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдары;
4) бакалавр – жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын меңгерген адамдарға берілетін дәреже;
4-1) бакалавриат – тиісті мамандық бойынша "бакалавр" дәрежесін бере отырып, кадрлар даярлауға бағытталған жоғары білім, білім беру бағдарламалары;
5) бейін алды даярлық - білім алушының жеке білім беру траекториясының негізгі орта білім беруді таңдауын мақсатты педагогикалық қолдау;
5-1) бейіндік мектеп – жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламасын іске асыратын оқу орны;
6) бейінді оқыту - білім алушылардың мүдделерін, бейімділігі мен қабілеттерін ескере отырып, оқытуды саралау және даралау процесі, білім беру процесін ұйымдастыру;
6-1) бейіні бойынша доктор – Қазақстан Республикасында немесе одан тысқары жерлерде кәсіптік қызметтің тиісті саласы бойынша докторантураның бағдарламасын меңгерген және диссертация қорғаған адамдарға берілетін, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен танылған дәреже;
7) "Болашақ" халықаралық стипендиясы — Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік жетекші жоғары оқу орындарында күндізгі оқу нысаны бойынша оқуы немесе Шетелдерде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия санаттарын айқындайтын жұмыскерлердің шетелдік ұйымдарда тағылымдамадан өтуі үшін Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайтын стипендия;
7-1) біліктілікті арттырудың ваучерлік-модульдік жүйесі – білім беру қызметкеріне ұйымды, оқытудың мазмұны мен мерзімдерін таңдауға мүмкіндік беретін, мемлекет белгілеген және белгілі бір ақша сомасымен қамтамасыз етілген, атаулы құжат (ваучер) түрінде ресімделген жан басына шаққандағы норматив негізінде қаржыландырылатын біліктілікті арттыру нысаны;
7-2) біліктілікті арттыру институты – үздіксіз білім беру жүйесінде кадрлардың кәсіптік біліктілігін арттырудың және оларды қайта даярлаудың актуалды білім беру бағдарламаларын іске асыратын, білім берудегі әдістемелік жұмыстың тиімділігін қамтамасыз ететін инновациялық процестерді қолдауды жүзеге асыратын білім беру ұйымы;
7-3) біліктілікті беру – нақты мамандық бойынша тиісті кәсіптік қызмет түрінің шеңберінде жұмысты орындау үшін қажетті жеке қабілеттілік, кәсіптік білім, шеберлік пен дағдылар жиынтығын растау рәсімі;
7-4) білім алу үшін арнайы жағдайлар – ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар адамдардың (балалардың) оларсыз жалпы білім беретін оқу және білім беру бағдарламаларын меңгеруі мүмкін болмайтын, арнайы оқу бағдарламаларын және оқыту әдістерін, техникалық және өзге де құралдарды, тыныс-тіршілігін, сондай-ақ медициналық, әлеуметтік және өзге де көрсетілетін қызметтерді қамтитын жағдайлар;
8) білім алушыларды аралық аттестаттау - білім алушылардың бір оқу пәнін оны зерделеп бітіргеннен кейінгі бір бөлігінің немесе бүкіл көлемінің мазмұнын меңгеру сапасын бағалау мақсатында жүргізілетін рәсім;
9) білім алушыларды қорытынды аттестаттау - тиісті білім беру деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында көзделген оқу пәндерінің көлемін олардың меңгеру дәрежесін айқындау мақсатында жүргізілетін рәсім;
9-1) білім беру – имандылық, зияткерлік, мәдени, тәндік жағынан дамыту және кәсіби құзыреттілікті қалыптастыру мақсаттарында жүзеге асырылатын тәрбиелеу мен оқытудың үзіліссіз процесі;
9-2) білім беру бағдарламасы – оқытудың мақсатын, нәтижелері мен мазмұнын, білім беру процесін ұйымдастыруды және оларды іске асыру тәсілдері мен әдістерін, оқыту нәтижелерін бағалау өлшемшарттарын қамтитын білім берудің негізгі сипаттамаларының біртұтас кешені;
10) білім беру гранты - жоғары білім алуға төлеу үшін Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген шарттармен білім алушыға берілетін ақшаның нысаналы сомасы;
10-1) білім беру кредиті – қаржылық ұйымдар мерзімділік, ақылылық және қайтарымдылық шарттарымен оқыту ақысын төлеу үшін қарыз алушыға беретін ақша;
11) білім беру қызметі - білім беру субъектілерінің мақсатты, педагогтік негізделген, дәйекті өзара іс-қимылы барысында жеке адамды оқыту, дамыту және тәрбиелеу міндеттері шешілетін процесс;
12) білім беру мониторингі - білім беру процестерін жүзеге асырудың жай-күйін және нәтижелері мен шарттары өзгеруінің серпінін, білім алушылар контингентін, білім беру ұйымдары желісін, сондай-ақ олардың қызметі жетістіктерінің рейтингілік көрсеткіштерін жүйелі түрде байқау, талдау, бағалау және болжау;
13) білім беру саласындағы уәкілетті орган - білім беру саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы;
14) білім беру сапасын бағалаудың ұлттық жүйесі - білім беру сапасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына, жеке адамның, қоғам мен мемлекеттің қажеттіліктеріне сәйкестігін белгілеудің институционалдық құрылымдары, рәсімдері, нысандары мен әдістерінің жиынтығы;
15) бiлiм туралы құжаттарды нострификациялау - басқа мемлекеттерде, халықаралық немесе шетелдік оқу орындарында (олардың филиалдарында) білім алған адамдарға берілген құжаттардың баламалылығын айқындау мақсатында жүргізілетін рәсім;
16) білім беру ұйымдарын аккредиттеу – білім беру қызметтерінің сапасы туралы объективті ақпарат беру және оны арттырудың тиімді тетіктерінің бар екенін растау мақсатында аккредиттеу органының белгіленген аккредиттеу стандарттарына (талаптарына) сәйкестігін тану рәсімі;
17) білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттау - білім беру ұйымдары көрсететін білім беру қызметтерінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарт талаптарына сәйкестігін бақылау мақсатымен жүргізілетін рәсім;
17-1) жоғары оқу орнының ерекше мәртебесі – Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген, білім беру мазмұнын өзі дербес айқындау және білім беру қызметін ұйымдастыру құқығын беретін білім беру ұйымы жұмыс істеуінің ерекше режимі;
18) гимназия – білім алушылардың бейімділігі мен қабілеттеріне сәйкес қоғамдық-гуманитарлық және өзге де оқыту бағыттары бойынша кең ауқымда және тереңдете білім беруді қамтамасыз ететін бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын және қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын оқу орны;
18-1) ғылыми-әдістемелік жұмыс – ғылым жетістіктері мен озық педагогикалық тәжірибеге негізделген және үздіксіз білім беру жүйесінің жұмыс істеуін және оны дамытуды жетілдіруге бағытталған қызмет түрі;
18-2) ғылым кандидаты, ғылым докторы – ізденушілердің диссертациялар қорғауы негізінде берілген ғылыми дәрежелер;
18-3) докторант – докторантурада білім алатын адам;
18-4) докторантура – білім беру бағдарламалары философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесін бере отырып, ғылыми, педагогтік және (немесе) кәсіптік қызмет үшін кадрлар даярлауға бағытталған жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру;
19) алып тасталды - ҚР 2011.10.24 № 487-ІV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен;
19-1) дуальды оқыту – кәсіпорынның, оқу орнының және білім алушының жауапкершіліктері тең болған кезде білім беру ұйымындағы оқытуды кәсіпорында білім алушыларға жұмыс орындарын бере отырып және өтемақы төлемін төлей отырып оқыту мен практиканың міндетті кезеңдерімен ұштастыратын кадрлар даярлау нысаны;
20) алып тасталды - ҚР 2011.10.24 № 487-ІV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен;
21) жалпы білім беретін мектеп – бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, сондай-ақ білім алушылар мен тәрбиеленушілерге қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын оқу орны;
21-1) жан басына шаққандағы қаржыландыру нормативі – білім берудің барлық деңгейлеріндегі мемлекеттік кепілдендірілген оқыту құнының қаржылық қамсыздандырылу нормативі;
21-2) жоғары колледж – техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің интеграцияланған модульдік білім беру бағдарламаларын іске асыратын оқу орны;
21-3) зерттеу университеті – Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен, бес жылға арналған даму бағдарламасын және даярлық (мамандықтар) бағыттарының кең спектрі бойынша жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің өз бетінше әзірленген білім беру бағдарламаларын іске асыратын, жаңа білімді жинақтау мен трансферттеу үшін іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулер нәтижелерін пайдаланатын жоғары оқу орны;
21-4) ерекше білім беру қажеттілігі бар адамдар (балалар) – денсаулығына байланысты білім алуда ұдайы немесе уақытша қиындық көріп жүрген, арнайы, жалпы білім беретін оқу бағдарламалары мен қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын қажет ететін адамдар;
21-5) инклюзивті білім беру – ерекше білім беру қажеттіліктері мен жеке-дара мүмкіндіктерін ескере отырып, барлық білім алушылар үшін білім алуға тең қолжетімділікті қамтамасыз ететін процесс;
22) инновациялық - білім беру консорциумы - жоғары оқу орындары, ғылыми ұйымдар мен өндіріс саласында жұмыс істейтін басқа да заңды тұлғалар іргелі, қолданбалы ғылыми зерттеулер мен технологиялық инновациялар негізінде жоғары білікті мамандар даярлау үшін зияткерлік, қаржылық және өзге де ресурстарды біріктіретін, бірлескен қызмет туралы шарт негізіндегі ерікті тең құқықты бірлестік;
23) алып тасталды - ҚР 2011.10.24 № 487-ІV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен;
24) алып тасталды - ҚР 2011.10.24 № 487-ІV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен;
25) институт – жоғары білім берудің білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын жоғары оқу орны;
26) институционалдық аккредиттеу – білім беру ұйымы сапасының мәлімделген мәртебесіне және аккредиттеу органының белгілеген стандарттарына сәйкестігін аккредиттеу органының бағалау процесі;
26-1) интеграцияланған білім беру бағдарламалары – білім беру бағдарламаларының тиісті мазмұнды аспектілерін біріктіру негізінде әзірленген білім беретін оқу бағдарламалары;
27) интернаттық ұйымдар — тұратын орын беріле отырып, белгілі бір санаттағы адамдардың білім алу құқықтарына мемлекеттік кепілдіктерді қамтамасыз ететін білім беру ұйымдары;
28) интернатура – клиникалық практикаға рұқсат алу үшін білім алушыларды базалық жоғары медициналық білім беру шеңберінде клиникалық мамандықтар бойынша даярлау нысаны;
28-1) кадет – әскери, арнаулы оқу орнында техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары бойынша білім алып жатқан адам;
28-2) кәмелетке толмағандарды бейiмдеу орталықтары – ата-анасын немесе басқа да заңды өкiлдерiн анықтау үшiн үш жастан он сегiз жасқа дейiнгi қадағалаусыз және панасыз қалған балаларды, уақтылы орналастырылуы мүмкiн болмаған жағдайда ата-анасының немесе оларды алмастыратын адамдардың қамқорлығынсыз қалған балаларды, қорғаншылық және қамқоршылық органы балалардың өмiрiне немесе денсаулығына тiкелей қатер төнген кезде ата-анасынан (олардың бiреуiнен) немесе қамқорлыққа алған басқа адамдардан алып қойған балаларды, арнаулы бiлiм беру ұйымдарына жiберiлетiн балаларды, сондай-ақ әлеуметтiк бейiмсiздiкке және әлеуметтiк депривацияға әкеп соққан қатыгездiкпен қарау салдарынан өмiрлiк қиын жағдайда жүрген балаларды қабылдауды және уақытша бағып-ұстауды қамтамасыз ететiн, бiлiм беру органдарының қарамағындағы ұйым;
29) кәсіптік бағдар - білім алушының кәсіптік қызығушылықтарына, жеке қабілеттері мен психикалық-физиологиялық ерекшеліктеріне сәйкес білім беру және кәсіптік мүмкіндіктер саласында, мамандық пен оқитын орнын еркін және саналы таңдау құқықтарын іске асыруына ақпараттар мен консультациялық көмек беру;
29-1) кәсіптік білім – білім алушылардың белгілі бір салада кәсіптік қызметті жүргізуіне және (немесе) нақты кәсіп немесе мамандық бойынша жұмысты орындауына мүмкіндік беретін білімдерді, машықтарды, дағдыларды және құзыреттерді алуына бағытталған білім беру түрі;
29-2) кәсіптік даярлау – техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің білікті жұмысшы кадрлар мен орта буын мамандарын даярлау бойынша қысқартылған мерзіммен оқытатын білім беру бағдарламаларын іске асыруды көздейтін бөлігі;
30) кәсіптік даярлықты бағалау – техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары түлегінің біліктілік (қабілеті) деңгейінің тиісті кәсіптік қызмет түрі шеңберінде жұмысты орындауға сәйкестігі дәрежесін айқындау;
30-1) кәсіптік практика – болашақ кәсіптік қызметпен байланысты белгілі бір жұмыс түрлерін орындау процесінде теориялық білімдерді, дағдыларды бекітуге, практикалық машықтар мен құзыреттерді иемденуге және дамытуға бағытталған оқу қызметінің түрі;
31) алып тасталды - ҚР 2011.10.24 № 487-ІV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен;
32) алып тасталды - ҚР 2011.10.24 № 487-ІV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен;
33) кешенді тестілеу - ақпараттық-коммуникациялық технологиялар қолданылып, бірнеше оқу пәндері бойынша бір мезгілде өткізілетін емтихан нысаны;
34) клиникалық база - жоғары оқу орнының немесе денсаулық сақтау ұйымының жергілікті денсаулық сақтау ұйымдарының базасында жұмыс істейтін, материалдық-техникалық базасының жоғары деңгейі болатын, ұйымдық-әдістемелік, оқу, емдеу-диагностикалық және ғылыми-зерттеу жұмысының қазіргі заманғы әдістері негізінде дәрігерлерді, ғылыми кадрларды даярлауды және қайта даярлауды жүзеге асыратын және медициналық көмектің барлық түрлерін көрсететін клиникасы;
35) колледж – жалпы орта және техникалық пен кәсіптік білімнің немесе орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын оқу орны;
35-1) кооперативтік оқыту – мемлекеттің, жұмыс берушілердің және оқу орындарының корпоративтік жауапкершілігіне негізделген, кадрларды кәсіптік даярлауды ұйымдастыру нысандарының бірі;
36) кредиттік оқыту технологиясы - білім алушының және оқытушының оқу жұмысының көлемін өлшеудің сәйкестендірілген бірлігі ретінде кредитті пайдалана отырып, білім алушылардың пәндерді оқып зерделеу дәйектілігін таңдауы және дербес жоспарлауы негізіндегі оқыту;
36-1) курсант – әскери, арнаулы оқу орнында жоғары білімнің білім беру бағдарламалары бойынша білім алып жатқан адам;
37) қабылдау квотасы – техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi және жоғары бiлiмнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын бiлiм беру ұйымдарына қабылдау үшiн бөлiнетiн мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысы, оның iшiнде бiлiм беру гранттары көлемiнiң шектi саны;
37-1) Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының "Өркен" білім беру гранты (бұдан әрі – "Өркен" гранты) – "Назарбаев Зияткерлік мектептері" дербес білім беру ұйымында дарынды балалардың оқуына ақы төлеу үшін Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті тағайындайтын грант;
37-2) қауымдастырылған профессор (доцент), профессор – білім беру саласындағы уәкілетті орган беретiн ғылыми атақтар;
38) қашықтықтан білім беру технологиясы - білім алушы мен педагог қызметкердің жанама (алыстан) немесе толық емес жанама өзара іс-қимылы кезінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды және телекоммуникациялық құралдарды қолдана отырып жүзеге асырылатын оқыту;
38-1) қолданбалы бакалавриат – білім беру бағдарламалары "қолданбалы бакалавр" біліктілігін бере отырып, кадрлар даярлауға бағытталған орта білімнен кейінгі білім;
38-2) қолданбалы бакалавр – орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын меңгерген адамдарға берілетін біліктілік;
38-3) қосымша бiлiм беретiн мектептен тыс ұйым – бiлiм алушылар мен тәрбиеленушiлерге қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын iске асыратын оқу-тәрбие ұйымы;
39) қосымша білім беру – білім алушылардың, тәрбиеленушілер мен мамандардың жан-жақты қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында жүзеге асырылатын тәрбиелеу, оқыту процесі;
40) лицей – білім алушылардың бейімділігі мен қабілеттеріне сәйкес оларға кең ауқымда және тереңдете жаратылыстанушылық-математикалық білім беруді қамтамасыз ететін негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын және қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын оқу орны;
41) магистр – магистратураның білім беру бағдарламаларын меңгерген адамдарға берілетін дәреже;
41-1) магистрант – магистратурада білім алатын адам;
41-2) магистратура – білім беру бағдарламалары тиісті мамандық бойынша "магистр" дәрежесін бере отырып, кадрлар даярлауға бағытталған жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру;
41-3) маман – адамдарға жоғары білімнің білім беру бағдарламасын меңгергеннен кейін берілетін біліктілік;
42) мамандандырылған аккредиттеу - білім беру ұйымы іске асыратын жекелеген білім беру бағдарламаларының сапасын бағалау;
43) алып тасталды - ҚР 2011.10.24 № 487-ІV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен;
44) мемлекеттік атаулы стипендия - Қазақстан Республикасының Президенті және (немесе) Қазақстан Республикасының Үкіметі тағайындайтын стипендия;
45) мемлекеттік білім беру тапсырысы - мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, орта білім беру жөнінде, экономиканың қажеттілігін қамтамасыз ету, білікті жұмыс күші мен қоғамның зияткерлік әлеуетін молықтыру үшін білікті қызметкерлер мен мамандарды даярлау, біліктілігін арттыру және қайта даярлау жөнінде, сондай-ақ білім беру жүйесін оқу-әдістемелік қамтамасыз ету жөнінде мемлекет қаржыландыратын қызмет көрсетулер көлемі;
45-1) мемлекеттік оқу бітіру емтиханы – білім алушылардың орта білім беру курсын аяқтағаны туралы куәландыратын, мемлекеттік үлгідегі құжатты алуы үшін қажетті шарт болып табылатын, орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды қорытынды аттестаттау нысаны;
46) оқу бағдарламасы – әрбір оқу пәні (сабақ) бойынша меңгерілуге тиісті білімнің, шеберліктің, дағдылар мен біліктіліктің мазмұны мен көлемін айқындайтын бағдарлама;
47) оқу жоспары – тиісті білім беру деңгейінде білім алушылардың оқу пәндерінің, сабақтарының (модульдерінің), практикаларының, өзге де оқу қызметі түрлерінің тізбесін, бірізділігін, көлемін (еңбекті қажетсінуін) және бақылау нысандарын регламенттейтін құжат;
48) оқу-клиникалық орталығы - медициналық жоғары оқу орнының қазіргі заманғы аппаратурамен, фантомдармен және муляждармен жабдықталған және білім алушылардың және (немесе) медицина қызметкерлерінің практикалық (клиникалық) машықтарды меңгеруіне және
оларды бақылауға арналған құрылымдық бөлімшесі;
48-1) оқыту – білім алушылар мен тәрбиеленушілердің білімдерді, машықтарды, дағдыларды және құзыреттерді иелену, қабілеттерді дамыту, білімдерін күнделікті өмірде қолдану тәжірибесін иелену және бүкіл өмір бойы білім алуға ынталануын қалыптастыру жөніндегі қызметін ұйымдастырудың мақсатты бағытталған процесі;
48-2) оқыту-сауықтыру білім беру ұйымы – балаларға және оқушы жастарға тәрбие, білім беру, оларды сауықтыру, демалдыру жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын заңды тұлға;
49) орта білім - азаматтардың Қазақстан Республикасының Конституциясымен кепілдік берілген, білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарына сәйкес бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын меңгеруі нәтижесінде алатын білімі;
49-1) "Орта білім беретін үздік ұйым" гранты – облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органдары мемлекеттік орта білім беру ұйымдарына рейтингілік көрсеткіштері негізінде конкурс қорытындылары бойынша жыл сайын бөлетін ақша;
49-2) орта білім беру ұйымы – бастауыш, негiзгi орта, жалпы орта бiлiмнің жалпы бiлiм беретін оқу бағдарламаларын, мамандандырылған жалпы білім беретін және арнайы оқу бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымы;
50) алып тасталды - ҚР 2012.07.10 N 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
51) резидентура - клиникалық мамандықтар бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі тереңдетілген медициналық білім алу нысаны;
51-1) резидентура тыңдаушысы – клиникалық мамандықтар бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі тереңдетілген медициналық білімнің білім беру бағдарламаларын меңгеретін маман;
52) рухани (діни) білім беру ұйымдары - дін қызметшілерін даярлаудың білім беру бағдарламаларын іске асыратын оқу орындары;
53) стипендия - білім алушыларға олардың тамағына, күнелтуіне және оқу әдебиетін сатыға алуына жұмсалатын шығындарды ішінара жабу үшін берілетін ақша сомасы;
53-1) студент – техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымында оқитын адам;
53-2) сынып жетекшілігі – педагог жұмыскерге сыныпта білім алушылардың қызметін оқу-тәрбие процесі шеңберінде үйлестіру бойынша жүктелетін функция;
53-3) техникалық және кәсіптік білім беру – білікті жұмысшы кадрлар мен орта буын мамандарын даярлауға бағытталған білім беру;
53-4) тыңдаушы – білім беру ұйымында қосымша білімнің және дайындық бөлімінің білім беру бағдарламалары бойынша білім алып жатқан адам;
53-5) тiрек мектеп (ресурс орталығы) – шағын жинақталған мектеп оқушыларының сапалы бiлiм алуға қолжетiмдiлiгiн қамтамасыз ету мақсатында білім алушылардың қысқа мерзiмдi сессиялық сабақтарын, аралық және қорытынды аттестатталуын өткiзу үшiн базасында таяу маңдағы шағын жинақталған мектептердiң бiлiм беру ресурстары шоғырланатын орта бiлiм беру ұйымы;
54) университет – мамандықтардың үш және одан да көп тобы бойынша жоғары білім берудің, магистратураның және докторантураның білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын, іргелі және қолданбалы зерттеулерді жүзеге асыратын, ғылыми және әдістемелік орталық болып табылатын жоғары оқу орны;
55) училище – мәдениет саласында негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын оқу орны;
56) ұлттық бірыңғай тестілеу – жоғары оқу орындарына түсуге арналған іріктеу емтихандарының бір нысаны;
56-1) ұлттық жоғары оқу орны – елдің жетекші ғылыми және әдістемелік орталығы болып табылатын, ерекше мәртебесі бар жоғары оқу орны;
56-2) ұлттық зерттеу университеті – ерекше мәртебесі және Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен, бес жылға арналған даму бағдарламасы бар, даярлық (мамандықтар) бағыттарының кең спектрі бойынша жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің өз бетінше әзірленген білім беру бағдарламаларын іске асыратын, жаңа білімді жинақтау мен трансферттеу үшін іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеу нәтижелерін пайдаланатын жоғары оқу орны;
57) философия докторы (РhD) – Қазақстан Республикасында немесе одан тысқары жерлерде ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша докторантураның бағдарламасын меңгерген және диссертация қорғаған адамдарға берілетін, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен танылған дәреже;
57-1) халықаралық мектеп – дербес әзірленген интеграцияланған білім беру бағдарламаларын іске асыратын, Халықаралық Бакалавриат Ұйымында авторизациялаудан немесе халықаралық институционалдық аккредиттеуден өткен оқу орны;
58) шағын жинақты мектеп - білім алушылар контингенті шағын, сынып-жинақтары біріктірілген және оқу сабақтарын ұйымдастырудың өзіндік нысаны бар жалпы білім беретін мектеп;
59) эксперименттік алаң – жаңа педагогикалық технологиялар мен білім берудің жаңа мазмұнын сынақтан өткізуге арналған эксперимент режимінде білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымы;
60) экстернат – білім алушы сабаққа үнемі қатыспай-ақ тиісті білім беру бағдарламасының оқу пәндерін өз бетімен оқитын оқыту нысандарының бірі;
61) элиталық білім - дарынды адамдарға арналған мамандандырылған білім беру ұйымдарында іске асырылатын мамандандырылған жалпы білім беретін оқу және білім беру бағдарламалары бойынша алынатын білім.
Ескерту. 1-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.10.24 № 487-ІV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2012.01.09 № 535-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.07.10 N 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 18.02.2014 № 175-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 21.07.2015 № 337-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 13.11.2015 № 398-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.11.2015 № 419-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 09.04.2016 № 501-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 05.05.2017 № 60-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.07.2017 № 88-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 11.07.2017 № 91-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
2-бап. Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамасы
1. Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.
2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгіленсе, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады.
3-бап. Білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың принциптері
1. Білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі принциптері мыналар болып табылады:
1) баршаның сапалы білім алуға құқықтарының теңдігі;
2) білім беру жүйесін дамытудың басымдығы;
3) әрбір адамның зияткерлік дамуы, психикалық-физиологиялық және жеке ерекшеліктері ескеріле отырып, халықтың барлық деңгейдегі білімге қолжетімділігі;
4) білім берудің зайырлы, гуманистік және дамытушылық сипаты, азаматтық және ұлттық құндылықтардың, адам өмірі мен денсаулығының, жеке адамның еркін дамуының басымдығы;
5) адамның құқықтары мен бостандықтарын құрметтеу;
6) жеке адамның білімдарлығын ынталандыру және дарындылығын дамыту;
7) білім беру деңгейлерінің сабақтастығын қамтамасыз ететін білім беру процесінің үздіксіздігі;
8) оқытудың, тәрбиенің және дамытудың бірлігі;
9) білім беруді басқарудың демократиялық сипаты, білім беру жүйесі қызметінің ашықтығы;
10) білім беру ұйымдарының меншік нысандары, оқыту мен тәрбиенің нысандары, білім беру бағыттары бойынша алуан түрлі болуы.
2. Білім беру ұйымдарында саяси партиялар мен діни ұйымдардың (бірлестіктердің) ұйымдық құрылымдарын құруға және олардың қызметіне тыйым салынады.
Ескерту. 3-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2011.10.24 № 487-ІV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
2-тарау. БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІН БАСҚАРУ
4-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің білім беру саласындағы құзыреті
Қазақстан Республикасының Үкіметі:
1) білім беруді дамыту жөніндегі мемлекеттік саясатты әзірлейді және іске асырады;
2) алып тасталды - ҚР 03.07.2013 № 124-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
3) еңбек нарығының кадрларға ағымдағы және келешектегі қажеттігінің тұрақты мониторингі жүйесін қалыптастырады;
4) еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, әлеуметтік әріптестердің кәсіптік білім беру проблемаларын шешуге қатысуын қамтамасыз етеді және республикалық бюджеттен қаржыландырылатын білім беру ұйымдарында (Қарулы Күштер, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар, сондай-ақ арнаулы мемлекеттік органдар үшін мамандар даярлауды жүзеге асыратын білім беру ұйымдарын қоспағанда) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі, сондай-ақ техникалық және кәсіптікорта білімнен кейінгі білімі бар мамандар даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын бекітеді;
5) жоғары білім алуға ақы төлеу үшін білім беру грантын беру ережелерін бекітеді;
5-1) "Өркен" грантын беру қағидаларын және оның мөлшерін бекітеді;
6) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);
7) Білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттау қағидаларын бекітеді;
8) алып тасталды - ҚР 13.11.2015 № 398-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
9) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);
10) халықтың тығыздығына және елді мекендердің қашықтығына қарай білім беру ұйымдары желісінің кепілдік берілген мемлекеттік нормативін бекітеді;
11) мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлерінің үлгілік штаттарын, сондай-ақ педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген адамдар лауазымдарының тізбесін айқындайды;
12) Қазақстан Республикасының Президентіне жеке адамды тәрбиелеуге, оқытуға және кәсіптік қалыптастыруға аса зор үлес қосып келе жатқан жоғары оқу орындарына ерекше мәртебе беру туралы ұсыну енгізеді және жоғары оқу орындарының ерекше мәртебесі туралы ережені бекітеді;
13) егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттiк басқару органының ұсынысы бойынша бюджет қаражаты есебiнен қаржыландырылатын мемлекеттiк бiлiм беру ұйымдарын құрады, қайта ұйымдастырады және таратады;
14) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);
15) Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігімен келісу бойынша "Болашақ" халықаралық стипендиясын беру үшін үміткерлерді іріктеу қағидаларын бекітеді және "Болашақ" халықаралық стипендиясын жұмсау бағыттарын айқындайды;
16) мемлекеттік атаулы стипендияларды бекітеді;
17) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);
18) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);
19) тиісті үлгідегі білім беру ұйымдары, оның ішінде балаларға арналған қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік ережелерін бекітеді;
20) алып тасталды - ҚР 2011.10.24 № 487-ІV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен;
21) мемлекеттік білім беру мекемелерінің мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне және жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалып, отбасыларда тұратын балаларға, төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді талап ететін отбасылардан шыққан балаларға және білім беру ұйымының алқалы басқару органы айқындайтын өзге де санаттағы білім алушылар мен тәрбиеленушілерге жалпы білім беретін мектептерді ағымдағы ұстауға бөлінетін бюджет қаражатының кемінде бір пайызы мөлшерінде қаржылай және материалдық көмек көрсетуге бөлінетін қаражатты қалыптастыру, жұмсау бағыты мен оларды есепке алу қағидаларын бекітеді;
22) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);
22-1) қаржы ұйымдары беретін білім беру кредиттерін кепілдендіру тәртібін айқындайды;
22-2) маманды жұмысқа жіберу, өз бетімен жұмысқа орналасу құқығын беру, мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде білім алған, осы Заңның 47-бабының 17-тармағында аталған азаматтарды жұмысын өтеу жөніндегі міндетінен босату немесе олардың міндетін тоқтату тәртібін айқындайды;
23) бірінші басшыларын Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайтын жоғары оқу орындарының тізбесін және оларды тағайындау, аттестаттау және қызметтен босату тәртібін бекіту туралы Қазақстан Республикасының Президентіне ұсыныс енгізеді;
24) білім берудің тиісті деңгейлерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекітеді;
24-1) білім беру саласындағы уәкілетті органның ұсынысы бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға түсу кезінде қабылдау квотасының мөлшерін бекітеді;
25) бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекітеді;
25-1) осы Заңның 8-бабы 4-тармағының екінші бөлігінде аталған азаматтарға әлеуметтік көмектің мөлшерін, көздерін, түрлерін және оны беру тәртібін айқындайды;
26) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);
27) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);
28) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);
29) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);
29-1) шетелде кадрларды даярлаудың, қайта даярлаудың және олардың біліктілігін арттырудың халықаралық бағдарламалары, оның ішінде "Болашақ" халықаралық стипендиясы бойынша іс-шаралар кешенін жүзеге асыратын ұйымды (әкімшіні) айқындайды;
30) өзіне Қазақстан Республикасының Конституциясымен, заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жүктелген өзге де функцияларды орындайды.
Ескерту. 4-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.10.24 № 487-ІV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2011.07.15 N 461-IV (2012.01.30 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.02.13 N 553-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2013 № 124-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 13.11.2015 № 398-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
5-бап. Білім беру саласындағы уәкілетті органның құзыреті
Білім беру саласындағы уәкілетті орган мынадай өкілеттіктерді орындайды:
1) азаматтардың білім беру саласындағы конституциялық құқықтары мен бостандықтарын сақтауды қамтамасыз етеді;
1-1) білім беру саласында жергiлiктi атқарушы органдарды үйлестіруді және оларға әдiстемелiк басшылық жасауды жүзеге асырады;
2) білім беру саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асырады, салааралық үйлестіруді жүзеге асырады, білім беру және ғылым саласындағы халықаралық бағдарламаларды әзірлейді және іске асырады;
2-1) республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мәдениет саласындағы білім беру ұйымдарындағы мәдениет және өнер мамандықтарын қоспағанда, мамандықтар бөлінісінде жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар мамандарды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын бөлуді бекітеді;
3) білім беруді дамытудың жай-күйі туралы жыл сайынғы ұлттық баяндама әзірлеу және жариялау арқылы қоғам мен мемлекетті білім беру жүйесінің жай-күйі және оның қызметінің тиімділігі туралы нақты ақпаратпен қамтамасыз етеді;
4) білім беруді басқару жүйесінің білім беру мониторингін және оны ақпараттық қамтамасыз етуді жүзеге асырады, білім берудің бірыңғай ақпараттық жүйесін ұйымдастыру және оның жұмыс істеу ережелерін бекітеді;
5) білім беру сапасын басқаруды, білім беру ұйымдары ұсынатын білім беру қызметін әдістемелік және әдіснамалық қамтамасыз етуді жүзеге асырады;
6) тиісті білім беру деңгейлерінің жалпыға міндетті мемлекеттік білім беру стандарттарын әзірлеуді ұйымдастырады, сондай-ақ, әскери, арнаулы, медициналық және фармацевтикалық оқу орындарының үлгілік оқу бағдарламаларын және үлгілік оқу жоспарларын қоспағанда, барлық білім беру деңгейлерінің үлгілік оқу бағдарламаларын және үлгілік оқу жоспарларын бекітеді;
6-1) алып тасталды - ҚР 13.11.2015 № 398-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
6-2) мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын әзірлеу тәртібін айқындайды;
6-3) бiлiм туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттардың түрлері мен нысандарын және оларды беру тәртібін айқындайды;
6-4) бас бостандығынан айыруға сотталғандардың бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім алуын ұйымдастыру қағидаларын қылмыстық-атқару қызметі саласындағы уәкілетті органмен келіседі;
7) алып тасталды - ҚР 2011.10.24 № 487-ІV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен;
7-1) балалар музыка мектептерінің, балалар көркемөнер мектептерінің және балалар өнер мектептерінің үлгілік оқу жоспарлары мен білім беру бағдарламаларын әзірлейді және бекітеді;
8) бiлiм беру қызметiмен айналысуға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаларды:
бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын;
техникалық және кәсіптік білімнің, оның ішінде кәсіптер мен мамандықтар бойынша білім беру бағдарламаларын;
орта білімнен кейінгі, жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің, оның ішінде мамандықтар бойынша білім беру бағдарламаларын;
рухани білім беру бағдарламаларын іске асыратын заңды тұлғаларға береді;
8-1) бiлiм беру мониторингiн жүзеге асыру тәртiбiн белгiлейдi;
8-2) мектепке дейiнгi тәрбие мен оқыту бойынша қызметтi жүзеге асырудың басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламаларды қабылдауды жүзеге асырады;
8-3) "Алтын белгi" белгiсi туралы ереженi бекiтедi;
8-4) алып тасталды - ҚР 13.11.2015 № 398-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
8-5) мектепке дейiнгi тәрбие мен оқыту бойынша рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тiзiлiмiн жүргiзедi;
8-6) "Жоғары оқу орнының үздiк оқытушысы" және "Үздiк педагог" атақтарын беру қағидаларын бекiтедi;
8-7) "Орта бiлiм беретiн үздiк ұйым" грантының мөлшерін және оны беру тәртiбiн белгiлей отырып, оны беруге арналған конкурсты өткiзу қағидаларын бекiтедi;
РҚАО-ның ескертпесі!
9) тармақша жаңа редакцияда көзделген - ҚР 13.11.2015 № 398-V Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).
РҚАО-ның ескертпесі!
9) тармақшаның бұл редакциясы 01.01.2017 бастап 01.01.2020 дейін қолданыста болады - ҚР 13.11.2015 № 398-V Заңымен.
9) ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, мыналарды:
мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын;
мамандандырылған білімнің мамандандырылған жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын;
арнайы білімнің арнайы оқу бағдарламаларын;
техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын;
әскери, арнаулы оқу орындарында жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асырып жатқан білім беру ұйымдарына мемлекеттік аттестаттау жүргізеді;
9-1) инновациялық қызметті жүзеге асыратын және ғылыми зерттеулердің нәтижелерін өндіріске енгізетін базалық жоғары оқу орындарын айқындайды;
10) аккредиттеу органдарына, оның ішінде шетелдік аккредиттеу органдарына қойылатын талаптарды және оларды танудың тәртібін белгілейді және танылған аккредиттеу органдарының, аккредиттелген білім беру ұйымдарының және білім беру бағдарламаларының тізілімін қалыптастырады;
11) бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік ережелерін әзірлейді;
12) Ұлттық бірыңғай тестілеуді және кешенді тестілеуді өткізу және оқу жетістіктеріне сырттай бағалау жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
12-1) білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесін бекітеді;
12-2) орта білім беру ұйымдарында сынып жетекшілігі туралы ережені әзірлейді және бекітеді;
13) мүдделі министрліктермен, өзге де орталық атқарушы органдармен, жұмыс берушілермен және басқа да әлеуметтік әріптестермен өзара іс-қимыл жасай отырып, кадрлар даярлау үшін кәсіптер мен мамандықтар тізбесін айқындайды және кәсіптер мен мамандықтардың сыныптауыштарын бекітеді;
14) меншік нысандарына және ведомостволық бағыныстылығына қарамастан, білім беру ұйымдарында оқу жылының басталу және аяқталу мерзімін айқындайды;
14-1) орта білім беру ұйымдары үшін міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды әзірлейді және бекітеді;
14-2) қолайсыз ауа райы метеожағдайларында орта білім беру ұйымдарында, сондай-ақ техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында сабақтарды тоқтату қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
15) сырттай, кешкі нысандарда және экстернат нысанында білім алуға жол берілмейтін кәсіптер мен мамандықтардың тізбесін белгілейді;
15-1) жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқытуға рұқсат беру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
15-2) сыныптауышқа сәйкес техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім үшін оқыту мерзімдері және білім беру деңгейлері бойынша кәсіптер мен мамандықтардың тізбесін әзірлейді және бекітеді;
16) білім алушыларды білім беру ұйымдарының түрлері бойынша ауыстыру және қайта қабылдау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
17) білім беру ұйымдарында білім алушыларға академиялық демалыстар беру тәртібін әзірлейді және бекітеді;
18) алып тасталды - ҚР 2011.10.24 № 487-ІV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен;
19) білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау өткізудің үлгілік ережелерін бекітеді;
19-1) мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының оқулықтарға және оқу-әдістемелік кешендеріне қажеттілігін болжау әдістемесін әзірлейді және бекітеді;
19-2) мемлекеттік білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілерін оқулықтармен және оқу-әдістемелік кешендермен қамтамасыз ету қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
19-3) мемлекеттік білім беру ұйымдарының кітапханалар қорын қалыптастыру, пайдалану және сақтау жөніндегі қағидаларды әзірлейді және бекітеді;
20) кәсіптік даярлық деңгейін бағалау және кәсіптер (мамандықтар) бойынша біліктілікті беру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
21) білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау тәртібін белгілейді;
21-1) білім туралы құжаттарды (түпнұсқаларды) апостильдеу рәсімін жүзеге асырады;
21-2) білім беру ұйымдарын бағалау өлшемшарттарын әзірлейді және бекітеді;
21-3) білім алушылардың білімін бағалау өлшемшарттарын әзірлейді және бекітеді;
22) бiлiм және (немесе) бiлiктiлiк туралы мемлекеттiк үлгiдегi құжаттардың бланкiлерiне тапсырыс берудi ұйымдастыру, оларды сақтау, есепке алу және беру және олармен негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiмнің білім беру бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарын, ведомстволық бағыныстағы бiлiм беру ұйымдарын қамтамасыз ету жөнiндегi қағидаларды әзiрлейдi және бекiтедi және олардың пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырады;
23) білім беру ұйымдары білім беру қызметінде пайдаланатын қатаң есептіліктегі құжаттардың нысанын әзірлейді және бекітеді, білім туралы құжаттарды ресімдеуге қойылатын талаптарды айқындайды; білім алуды аяқтамаған адамдарға берілетін анықтама нысанын бекітеді;
23-1) бастауыш білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары үшін әрбір пән бойынша бірыңғай базалық оқулықты айқындайды және бекітеді;
РҚАО-ның ескертпесі!
5-бапты 23-2) тармақшамен толықтыру көзделген - ҚР 13.11.2015 № 398-V Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).
РҚАО-ның ескертпесі!
5-бапты 23-3) тармақшамен толықтыру көзделген - ҚР 13.11.2015 № 398-V Заңымен (01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі).
24) білім беру қызметтерін көрсетудің үлгілік шартының және кәсіптік практикадан өткізуге арналған үлгілік шарт нысандарын бекітеді;
24-1) білім беру жинақтау салымы туралы үлгілік шартты әзірлейді және бекітеді;
25) оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмысқа басшылықты жүзеге асырады және оны жүргізуді үйлестіреді, мәдениет саласындағы білім беру ұйымдарын қоспағанда, білім беру ұйымдарында оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмысты ұйымдастыру және жүзеге асыру қағидаларын, оқытудың кредиттік технологиясы бойынша оқу процесін ұйымдастыру қағидаларын бекітеді және қашықтықтан білім беру технологиялары бойынша оқу процесін ұйымдастыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
25-1) Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдерінің қызметін ұйымдастыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
25-2) жоғары оқу орындарының жанынан ұқсас мамандық топтары бойынша оқу-әдістемелік бірлестіктер құрады және олардың қызметтері туралы ережені бекітеді;
26) республикалық орта білім беру ұйымдарын, сондай-ақ халықаралық келісімдерге сәйкес шетелдік мектептерде оқитын отандастарды оқулықтармен және оқу-әдістемелік кешендермен қамтамасыз етеді;
26-1) мектепке дейiнгi, орта, техникалық және кәсiптiк, орта білімнен кейінгі бiлiм беру ұйымдарын, сондай-ақ арнайы білім беру ұйымдарын жабдықтармен және жиһазбен жарақтандыру нормаларын әзiрлеудi ұйымдастырады және бекiтедi;
27) оқулықтарды, оқу-әдiстемелiк кешендері мен оқу-әдiстемелiк құралдарын әзiрлеу, оларға сараптама, сынақ өткізу және мониторинг жүргізу, оларды басып шығару жөнiндегi жұмысты ұйымдастыру қағидаларын әзірлейді әрі бекiтедi және осы жұмысты ұйымдастырады;
27-1) жыл сайын республикалық және жергілікті бюджеттер бекітілгенге дейін оқулықтардың, оқу-әдiстемелiк кешендерiнiң, құралдарының және басқа да қосымша әдебиеттердiң, оның ішінде электрондық жеткізгіштегілерінің тiзбесiн бекiтедi;
27-2) мектепке дейінгі, орта білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілерін оқулықтармен және оқу-әдістемелік кешендермен қамтамасыз ету бойынша жұмысты үйлестіреді;
28) республикалық маңызы бар мектептен тыс іс-шаралар өткізуді ұйымдастырады;
29) жаратылыстану-математика циклы пәндері бойынша Президенттік олимпиаданы, жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарын, орындаушылардың республикалық конкурстары мен кәсіби шеберлік конкурстарын ұйымдастыру және өткізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
29-1) жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық және халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының (ғылыми жарыстардың), орындаушылар конкурстарының, кәсіби шеберлік конкурстарының және спорттық жарыстардың тізбесін қалыптастырады және бекітеді;
29-2) жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарына (ғылыми жарыстарға) қатысушылар құрамын қалыптастыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
30) алынып тасталды - ҚР 13.01.2014 N 159-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
31) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, ведомстволық бағыныстағы бiлiм беру ұйымдарының жарғыларын бекiтедi;
32) білім беру ұйымдарында меншік нысандарына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамасының және нормативтік құқықтық актілерінің, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының, сондай-ақ ведомстволық бағыныстағы ұйымдардағы бюджеттік және қаржылық тәртіптің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес орындалуына мемлекеттік бақылау жасауды жүзеге асырады;
33) алып тасталды - ҚР 2011.10.24 № 487-ІV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен;
34) педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген адамдар лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын әзірлейді және бекітеді;
34-1) педагогикалық әдеп қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
35) мемлекеттік орта білім беру мекемелерінің басшыларын конкурстық тағайындау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
36) жоғары оқу орындарының профессор-оқытушы құрамы мен ғылыми қызметкерлердің лауазымдарға конкурстық орналасуы қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
36-1) қауымдастырылған профессор (доцент), профессор ғылыми атақтарын береді;
36-2) ғылыми қызметтің нәтижелерін жариялау үшін ұсынылатын басылымдар тізбесіне қосу үшін ғылыми басылымдарға қойылатын талаптарды әзірлейді және бекітеді;
37) алып тасталды - ҚР 2012.07.10 N 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
38) педагог кадрларды қайта даярлау мен олардың біліктілігін арттыруды ұйымдастырады;
38-1) педагогика кадрларының біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
38-2) педагогика кадрларының біліктілігін арттыру курстарының білім беру бағдарламаларын бекітеді;
39) салалық көтермелеу жүйесін әзірлейді және бекітеді;
40) шетелдік әріптестермен келіссөздер жүргізеді және өз құзыреті шегінде білім беру саласында, сондай-ақ ғылыми қызметте халықаралық шарттарға (келісімдерге) және бағдарламаларға қол қояды; білім беру ұйымдары жүзеге асыратын халықаралық ынтымақтастық ұйымдарының ережелерін белгілейді және осы жұмысты үйлестіреді;
41) шетелге, оның ішінде академиялық оралымдылық шеңберінде оқытуға жіберу тәртібін әзірлейді, бекітеді және белгілейді;
42) алып тасталды - ҚР 2011.10.24 № 487-ІV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен;
43) еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi, жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiмi бар мамандарды даярлауға, жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдеріне, сондай-ақ мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға, орта білім беруге мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын орналастыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
43-1) техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi және жоғары бiлiмнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдарда мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде білім алушылар үшін өтемақылар төлеу арқылы қысқы және жазғы каникул кезеңінде қалааралық теміржол және автомобиль (таксиден басқа) көлігінде жеңілдікпен жол жүруді қамтамасыз ету қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
44) Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамасының анықталған бұзушылықтарын нұсқамада белгіленген мерзімде жою туралы орындалуы міндетті жазбаша нұсқамалар береді;
44-1) білім беру ұйымдарында эксперимент режимінде іске асырылатын білім беру бағдарламаларын әзірлеу, сынақтан өткізу және енгізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
44-2) білім беру жүйесін басқару органдарын ақпараттық қамтамасыз етуді жүзеге асырады;
44-3) бірыңғай ақпараттық білім беру жүйесін ұйымдастыру және оның жұмыс істеу қағидаларын әзірлеуді ұйымдастырады және бекітеді;
44-4) "Болашақ" халықаралық стипендиясы бойынша шығыс нормаларын, оқуға және тағылымдамадан өтуге арналған үлгілік шарттарды бекітеді;
44-5) білім беру ұйымы түрлерінің номенклатурасын және олардың қызметінің, оның ішінде шағын жинақталған мектептердегі қызметтің үлгілік қағидаларын бекітеді;
44-6) мемлекеттік білім беру тапсырысына байланысты қызметтер көрсетудің тізбесін қалыптастырады және бекітеді;
45) алып тасталды - ҚР 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
45-1) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);
45-2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізіліміндегі мәліметтерді алады;
45-3) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);
46) кәмелетке толмағандарды Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарында ұстаудың тәртібі мен шарттарын белгілейді;
46-1) мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру әдістемелерін әзірлеуді ұйымдастырады және бекітеді;
46-2) мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру қағидаларын әзірлеуді ұйымдастырады және бекітеді;
46-3) біліктілікті арттырудың ваучерлік-модульдік жүйесінің әдістемесін әзірлеуді ұйымдастырады және бекітеді;
46-4) біліктілікті қашықтықтан арттыруды қамтамасыз етудің қағидаларын әзірлеуді ұйымдастырады және бекітеді;
46-5) педагогтардың біліктілік деңгейін растау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
46-6) базалық жоғары оқу орындарында магистрлер мен PhD докторларын нысаналы даярлау тетігін әзірлейді және бекітеді;
46-7) мемлекеттік жоғары оқу орындарының ректорларын тағайындау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
46-8) университеттік интернет-ресустарға қойылатын талаптарды айқындайды және бекітеді;
46-9) алып тасталды - ҚР 13.11.2015 № 398-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
46-10) экстернат нысанында оқыту қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
46-11) кәсіптік практиканы ұйымдастыру мен өткізу қағидаларын және практика базалары ретінде ұйымдарды айқындау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
46-12) дуальды оқытуды ұйымдастыру қағидаларын мүдделі мемлекеттік органдармен келісу бойынша әзірлейді және бекітеді;
46-13) мемлекеттік білім беру ұйымдарының жатақханаларындағы орындарды бөлу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
46-14) мектепке дейінгі жастағы және мектеп жасындағы балаларды, олар орта білім алғанға дейін, есепке алуды ұйымдастыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
46-15) алып тасталды - ҚР 05.07.2017 № 88-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
46-16) республикалық орта білім беру ұйымдарындағы мемлекеттік білім беру тапсырысын бекітеді;
47) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Білім беру саласындағы уәкілетті органның осы баптың бірінші бөлігінің 4), 8-1), 8-3), 13), 14), 14-1), 14-2), 16), 19), 25), 27), 34), 36), 38), 38-1), 38-2), 44-3), 44-5), 46-8) және 46-11) тармақшаларында көзделген өкілеттіктері әскери, арнаулы оқу орындарына қолданылмайды.
Ескерту. 5-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.07.17 N 188-IV(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2010.03.19 № 258-IV 2010.12.29 N 372-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2011.01.06 N 378-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.10.24 № 487-ІV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2011.07.15 N 461-IV (2012.01.30 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.07.10 N 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 13.06.2013 № 102-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2013 № 124-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 13.01.2014 N 159-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 16.05.2014 № 203-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 19.05.2015 № 315-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 13.11.2015 № 398-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 09.04.2016 № 501-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 18.04.2017 № 58-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.05.2017 № 60-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.07.2017 № 88-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
5-1-бап. Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің, Қазақстан Республикасы прокуратура органдарының және Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің өздеріне ведомстволық бағынысты әскери, арнаулы оқу орындарына қатысты құзыреті
Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі, Қазақстан Республикасының прокуратура органдарының және Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі өздеріне ведомстволық бағынысты әскери, арнаулы оқу орындарына қатысты мынадай өкілеттіліктерді жүзеге асырады:
1) орта білім беру ұйымдарын қоспағанда, әскери, арнаулы оқу орындарының білім беру қызметінің тиісті деңгейлерінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарының жекелеген бөлімдерін әзірлеуге қатысады;
2) әскери, арнаулы оқу орындарының білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарының жекелеген бөлімдерін және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесін әзірлеуге қатысады;
3) әскери, арнаулы оқу орындарының қызмет қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
4) әскери, арнаулы оқу орындарында (орта білім беру ұйымдарында білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша) оқу процесін, оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік қызметті ұйымдастыру және жүзеге асыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді
5) әскери, арнаулы оқу орындарында білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылау, оларға аралық және қорытынды аттестаттау жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
6) білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша үлгілік оқу жоспарларын әзірлейді және бекітеді;
7) орта білім беру ұйымдарын қоспағанда, үлгілік оқу бағдарламаларын әзірлейді және бекітеді;
8) орта білім беру ұйымдарын қоспағанда, оқулық басылымдары мен оқу-әдістемелік кешендерді дайындау, сараптау, сынамақтан өткізу, басып шығару және оларға мониторинг жүргізу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
9) тиісті деңгейдегі білім беру бағдарламаларын іске асырып жатқан әскери, арнаулы оқу орындарына оқуға қабылдау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
10) орта білім беру ұйымдарын қоспағанда, әскери, арнаулы оқу орындарында оқу жылының басталу және аяқталу мерзімдерін айқындайды;
11) әскери, арнаулы оқу орындарында білім алушылардың кәсіптік практикасын және тағылымдамасын ұйымдастыру және одан өту қағидаларын әзірлейді және бекітеді
12) әскери, арнаулы оқу орындарына ауыстыру және қайта қабылдау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
13) әскери, арнаулы оқу орындарында, азаматтық қызметші лауазымдарын қоспағанда, педагог жұмыскерлер мен оларға теңестірілген адамдар лауазымдарының біліктілік сипаттамаларын әзірлейді және бекітеді;
14) әскери, арнаулы оқу орындарында, азаматтық қызметші лауазымдарын қоспағанда, педагог жұмыскерлер мен оларға теңестірілген адамдар, ғылыми қызметкерлер лауазымдарына орналасу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
15) әскери, арнаулы оқу орындарының ақпараттық жүйелері мен интернет-ресурстарына қойылатын талаптарды әзірлейді және бекітеді;
16) әскери, арнаулы оқу орындарында іске асырылып жатқан білім беру бағдарламалары бойынша мамандықтар мен біліктіліктер тізбесін бекітеді;
17) әскери, арнаулы оқу орындарында білім алу нысандары мен технологиясын айқындайды;
18) әскери, арнаулы оқу орындарында білім беру технологияларын қолдана отырып оқу процесін ұйымдастыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
19) осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Ескерту. 2-тарау 5-1-баппен толықтырылды - ҚР 13.11.2015 № 398-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
6-бап. Білім беру саласындағы жергілікті өкілді және атқарушы органдардың құзыреті
1. Жергілікті өкілді органдар:
1) алып тасталды - ҚР 03.07.2013 № 124-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
2) білім алушылардың қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жол жүруі туралы шешім қабылдайды;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету жөніндегі өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
2. Облыстың жергілікті атқарушы органы:
1) алып тасталды - ҚР 03.07.2013 № 124-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
1-1) білім беру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;
2) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беруді қамтамасыз етеді;
3) балаларды арнайы оқу бағдарламалары бойынша оқытуды қамтамасыз етеді;
4) мамандандырылған білім беру ұйымдарында дарынды балаларды оқытуды қамтамасыз етеді;
5) білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттардың бланкілеріне тапсырыс беруді және негізгі орта, жалпы білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын және техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарын солармен қамтамасыз етуді ұйымдастырады және олардың пайдаланылуына бақылауды жүзеге асырады;
5-1) алып тасталды - ҚР 13.06.2013 № 102-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
6) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын, мамандандырылған жалпы білім беретін және арнайы оқу бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдарын, сондай-ақ балалар мен жасөспірімдердің спорт мектептерін білім беру саласындағы уәкілетті органның келісімі бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен құрады, қайта ұйымдастырады және таратады;
7) алып тасталды - ҚР 2011.10.24 N 487-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
7-1) алып тасталды - ҚР 2011.10.24 N 487-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
7-2) алып тасталды - ҚР 2011.10.24 N 487-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
8) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар мамандарды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекітеді;
8-1) Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының ұсыныстарын ескере отырып, техникалық және кәсіптік, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар мамандарды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастырады;
8-2) орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын бекітеді;
9) білім алушылардың ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысуын ұйымдастырады;
10) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын, сондай-ақ мамандандырылған жалпы білім беретін және арнайы оқу бағдарламаларын (қылмыстық-атқару жүйесінің түзеу мекемелеріндегі білім беру ұйымдарын қоспағанда) іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдарын материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асырады;
11) мемлекеттік білім беру мекемелерінің мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне және жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалып, отбасыларда тұратын балаларға, төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді талап ететін отбасылардан шыққан балаларға және білім беру ұйымының алқалы басқару органы айқындайтын өзге де санаттағы білім алушылар мен тәрбиеленушілерге жалпы білім беретін мектептерді ағымдағы ұстауға бөлінетін бюджет қаражатының кемінде бір пайызы мөлшерінде қаржылай және материалдық көмек көрсетуге қаражат жұмсайды;
12) мемлекеттік тапсырыс негізінде техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын, сондай-ақ мамандандырылған жалпы білім беретін және арнайы оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары үшін жыл сайын 1 тамызға дейін қағаз және электрондық жеткізгіштерде оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерін сатып алуды және жеткізуді қамтамасыз етеді;
13) облыс ауқымында жалпы білім беретін пәндер бойынша мектеп олимпиадаларын және ғылыми жобалар конкурстарын, орындаушылар конкурстары мен кәсіби шеберлік конкурстарын ұйымдастыруды және өткізуді қамтамасыз етеді;
14) балаларға облыстық деңгейде жүзеге асырылатын қосымша білім беруді қамтамасыз етеді;
15) бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын мемлекеттік білім беру ұйымдарының кадрларын қайта даярлауды және қызметкерлердің біліктілігін арттыруды ұйымдастырады;
16) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);
16-1) балалар мен жасөспірімдердің психикалық денсаулығын зерттеп-қарауды және психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялық көмек көрсетуді қамтамасыз етеді;
17) дамуында проблемалары бар балалар мен жасөспірімдерді оңалтуды және әлеуметтік бейімдеуді қамтамасыз етеді;
18) жетім балаларды, ата-анаcының қамқорлығынсыз қалған балаларды белгіленген тәртіппен мемлекеттік қамтамасыз етуді жүзеге асырады;
19) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен білім алушылардың жекелеген санаттарын тегін және жеңілдікпен тамақтандыруды ұйымдастырады;
20) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарын мемлекеттік білім беру тапсырысының негізінде бітірген адамдарды жұмысқа орналастыруды қамтамасыз етеді;
20-1) берілген өтінімдерге сәйкес кейіннен жұмысқа орналастыра отырып, ауылдық жердің кадрлар қажетсінуі туралы өтінімді білім беру және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органдарға жыл сайын 15-ші сәуірге дейін ұсынады;
21) мәслихатқа білім алушылардың қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жол жүруі туралы ұсыныстар енгізеді;
22) білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша білім беруді облыстық басқару органының бірінші басшысын тағайындайды;
22-1) білім беру мониторингін жүзеге асырады;
22-2) жыл сайын белгіленген мерзімдерде білім саласындағы уәкілетті органның білім берудің бірыңғай ақпараттық жүйесінде статистикалық байқаулар деректерін жинауды қамтамасыз етеді;
23) Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарының жұмыс істеуін қамтамасыз етеді;
24) Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарында ұсталатын адамдарға жағдай жасайды;
24-1) қамқоршылық кеңестерге жәрдем көрсетеді;
24-2) мемлекеттік білім беру ұйымдарының кадрмен қамтамасыз етілуін ұйымдастырады;
24-3) конкурс жеңімпаздарына – мемлекеттік орта білім беру мекемелеріне "Орта білім беретін үздік ұйым" грантын төлейді;
24-4) мамандырылған және арнайы жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқытуға рұқсат береді;
24-5) облыстық деңгейдегі әдістемелік кабинеттердің материалдық-техникалық базасын қамтамасыз етеді;
24-6) орта білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызметтің жұмыс істеу қағидаларын әзірлеуді ұйымдастырады және бекітеді;
24-7) білім беру ұйымдарының ішкі тәртіптемесінің үлгілік қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
24-8) дуальды оқыту бойынша білікті жұмысшы кадрлар мен орта буын мамандарын даярлауды ұйымдастыруды қамтамасыз етеді;
25) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
3. Республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органы:
1) алып тасталды - ҚР 03.07.2013 № 124-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
2) мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы балаларды есепке алуды, оларды орта білім алғанға дейін оқытуды ұйымдастырады;
3) кешкі (ауысымды) оқыту нысанын және интернат үлгісіндегі білім беру ұйымдары арқылы ұсынылатын орта білім беруді қоса алғанда, орта білім беруді ұйымдастырады және қамтамасыз етеді;
4) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім алуды қамтамасыз етеді;
5) мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің, балаларға қосымша білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдарын, сондай-ақ мамандандырылған жалпы білім беретін және арнайы оқу бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдарын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен құрады, қайта ұйымдастырады және таратады;
6) алып тасталды - ҚР 2011.10.24 N 487-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
6-1) алып тасталды - ҚР 2011.10.24 N 487-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
6-2) алып тасталды - ҚР 2011.10.24 N 487-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
7) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар мамандарды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекітеді;
7-1) мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекiтедi;
7-2) орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын бекітеді;
8) білім алушылардың ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысуын ұйымдастырады;
9) мемлекеттік орта білім беру ұйымдары, сондай-ақ техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын, мамандандырылған жалпы білім беретін және арнайы оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары үшін жыл сайын 1 тамызға дейін оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендер сатып алуды және жеткізуді ұйымдастырады;
10) балаларға арналған қосымша білім беруді қамтамасыз етеді;
11) мемлекеттік білім беру мекемелерінің мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне және жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалып, отбасыларда тұратын балаларға, төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді талап ететін отбасылардан шыққан балаларға және білім беру ұйымының алқалы басқару органы айқындайтын өзге де санаттағы білім алушылар мен тәрбиеленушілерге жалпы білім беретін мектептерді ағымдағы ұстауға бөлінетін бюджет қаражатының кемінде бір пайызы мөлшерінде қаржылай және материалдық көмек көрсетуге қаражат жұмсайды;
12) мемлекеттік білім беру ұйымдарының (қылмыстық-атқару жүйесінің түзеу мекемелеріндегі білім беру ұйымдарын қоспағанда) және мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарының материалдық-техникалық қамтамасыз етілуін жүзеге асырады;
13) арнайы оқу бағдарламалары бойынша оқытуды ұйымдастырады;
14) дарынды балаларды мамандандырылған білім беру ұйымдарында оқытуды қамтамасыз етеді;
15) республикалық маңызы бар қала, астана ауқымында жалпы білім беретін пәндер бойынша мектеп олимпиадаларын, ғылыми жобалар конкурстарын, орындаушылар конкурстары мен кәсіби шеберлік конкурстарын ұйымдастыруды және өткізуді қамтамасыз етеді;
16) балалар мен жасөспірімдердің психикалық денсаулығын тексеруді және халыққа психологиялық-медициналық-педагогтік консультациялық көмек көрсетуді қамтамасыз етеді;
17) дамуында проблемалары бар балалар мен жасөспірімдерді оңалтуды және әлеуметтік бейімдеуді қамтамасыз етеді;
18) кадрларды қайта даярлауды және бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер қызметкерлерінің біліктілігін арттыруды қамтамасыз етеді;
19) жетім балаларды, ата-анаcының қамқорлығынсыз қалған балаларды белгіленген тәртіппен мемлекеттік қамтамасыз етуді жүзеге асырады;
20) мектепке дейінгі ұйымдарды және интернаттық ұйымдарға жатпайтын орта білім беру ұйымдарын қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне медициналық қызмет көрсетуді ұйымдастырады;
21) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарын тегін және жеңілдікпен тамақтандыруды ұйымдастырады;
22) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарын мемлекеттік білім беру тапсырысының негізінде бітірген адамдарды жұмысқа орналастыруға жәрдемдеседі;
23) мәслихатқа білім алушылардың қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жол жүруі туралы ұсыныстар енгізеді;
24) мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарына қажетті әдістемелік және консультациялық көмек көрсетеді;
24-1) орта білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызметтің жұмыс істеу қағидаларын әзірлеуді ұйымдастырады және бекітеді;
24-2) білім беру ұйымдарының ішкі тәртіптемесінің үлгілік қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
25) білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша білім беруді басқару органының бірінші басшыларын тағайындайды;
25-1) негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын және техникалық пен кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің кәсіптік бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттардың бланкілеріне тапсырыс беруін және солармен қамтамасыз етілуін ұйымдастырады және олардың пайдаланылуына бақылауды жүзеге асырады;
25-2) білім беру мониторингін жүзеге асырады;
25-3) қамқоршылық кеңестерге жәрдем көрсетеді;
25-4) мемлекеттік білім беру ұйымдарының кадрмен қамтамасыз етілуін ұйымдастырады;
25-5) білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызметтің әдістемелік басшылығын қамтамасыз етеді;
25-6) конкурс жеңімпаздарына – мемлекеттік орта білім беру мекемелеріне "Орта білім беретін үздік ұйым" грантын төлейді;
25-7) негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында, сондай-ақ мамандандырылған жалпы бiлiм беретін және арнайы оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқытуға рұқсат береді;
25-8 әдістемелік кабинеттердің материалдық-техникалық базасын қамтамасыз етеді;
26) Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарының жұмыс істеуін қамтамасыз етеді;
27) Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарында ұсталатын адамдарға жағдай жасайды;
28) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
4. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органы:
1) алып тасталды - ҚР 03.07.2013 № 124-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
2) кешкі (ауысымды) оқу нысанын және интернат үлгісіндегі ұйымдар арқылы ұсынылатын жалпы орта білім беруді қоса алғанда, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беруді қамтамасыз етеді;
3) білім алушылардың ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысуын ұйымдастырады;
4) мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы балаларды есепке алуды, оларды орта білім алғанға дейін оқытуды ұйымдастырады;
4-1) мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруды қамтамасыз етеді;
5) мамандандырылған жалпы білім беретін және арнайы оқу бағдарламаларын, сондай-ақ мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту және балаларға арналған қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдарын қоспағанда, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдарын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен құрады, қайта ұйымдастырады және таратады;
6) алып тасталды - ҚР 2011.10.24 N 487-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
6-1) алып тасталды - ҚР 2011.10.24 N 487-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
6-2) алып тасталды - ҚР 2011.10.24 N 487-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
7) бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдарының (қылмыстық-атқару жүйесінің түзеу мекемелеріндегі білім беру ұйымдарын қоспағанда) материалдық-техникалық қамтамасыз етілуін жүзеге асырады;
8) жыл сайын 1 тамызға дейін мектепке дейінгі даярлықтың жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына, орта білім беру ұйымдарына білім беру органдары оқу жылына болжайтын көлемде оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді сатып алуды және жеткізуді ұйымдастырады;
8-1) мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекiтедi;
8-2) аудандық әдістемелік кабинеттердің материалдық-техникалық базасын қамтамасыз етеді;
8-3) орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын бекітеді;
9) балаларға қосымша білім беруді қамтамасыз етеді;
10) аудан (қала) ауқымында жалпы білім беретін пәндер бойынша мектеп олимпиадаларын және ғылыми жобалар конкурстарын ұйымдастыру мен өткізуді қамтамасыз етеді;
11) мемлекеттік білім беру мекемелерінің мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне және жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалып, отбасыларда тұратын балаларға, төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді талап ететін отбасылардан шыққан балаларға және білім беру ұйымының алқалы басқару органы айқындайтын өзге де санаттағы білім алушылар мен тәрбиеленушілерге жалпы білім беретін мектептерді ағымдағы ұстауға бөлінетін бюджет қаражатының кемінде бір пайызы мөлшерінде қаржылай және материалдық көмек көрсетуге қаражат жұмсайды;
12) жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды белгіленген тәртіппен мемлекеттік қамтамасыз етуді, оларды міндетті жұмысқа орналастыруды және тұрғын үймен қамтамасыз етуді жүзеге асырады;
13) мектепке дейінгі ұйымдарды және интернаттық ұйымдарға жатпайтын орта білім беру ұйымдарын қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне медициналық қызмет көрсетуді ұйымдастырады;
14) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарын тегін және жеңілдікпен тамақтандыруды ұйымдастырады;
15) білім беру ұйымдарында оқу бітірген адамдарды жұмысқа орналастыруға жәрдемдеседі;
16) ауылдық жердегі білім беру ұйымдарына жұмыс істеуге келген жас мамандарды тұрғын үй-тұрмыстық жағдайлармен қамтамасыз етуге жәрдемдеседі;
17) мәслихатқа білім алушылардың қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жол жүруі туралы ұсыныстар енгізеді;
18) мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарына және отбасыларына қажетті әдістемелік және консультациялық көмек көрсетеді;
19) облыстың жергілікті атқарушы органымен келісу бойынша аудандық (қалалық) білім бөлімдерінің бірінші басшыларын тағайындайды;
19-1) білім беру мониторингін жүзеге асырады;
19-2) негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттардың бланкілеріне тапсырыс беруін және солармен қамтамасыз етілуін ұйымдастырады және олардың пайдаланылуына бақылауды жүзеге асырады;
19-3) жыл сайын белгіленген мерзімдерде білім саласындағы уәкілетті органның білім берудің бірыңғай ақпараттық жүйесінде статистикалық байқаулар деректерін жинауды қамтамасыз етеді;
20) алып тасталды - ҚР 2011.10.24 № 487-ІV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен;
21) алып тасталды - ҚР 2011.10.24 № 487-ІV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен;
21-1) мемлекеттік білім беру ұйымдарының кадрмен қамтамасыз етілуін жүзеге асырады;
21-2) білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызметтің әдістемелік басшылығын қамтамасыз етеді;
21-3) негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқытуға рұқсат береді;
21-4) алып тасталды - ҚР 13.11.2015 № 398-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
21-5) білім беру ұйымдарында ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар адамдар (балалар) үшін білім алудың арнайы жағдайларын жасайды;
22) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
5. Қаладағы ауданның, облыстық, аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкімі:
1) мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы балаларды есепке алуды ұйымдастырады;
1-1) тірек мектептердің (ресурс орталықтарының) жұмыс істеуін қамтамасыз етеді;
2) мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды қамтамасыз етеді, оның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарына медициналық қызмет көрсетуді ұйымдастырады.
Кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкімі елді мекенде мектеп болмаған жағдайда білім алушыларды таяудағы мектепке дейін және кері қарай тегін жеткізіп салуды ұйымдастырады.
Ескерту. 6-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2010.12.29 N 372-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.10.24 № 487-ІV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2011.07.15 N 461-IV (2012.01.30 бастап қолданысқа енгізіледі), 13.06.2013 № 102-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2013 № 124-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 04.07.2013 № 130-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 13.11.2015 № 398-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 09.04.2016 № 501-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 22.12.2016 № 29-VІ (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі); 05.05.2017 № 59-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.05.2017 № 60-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.07.2017 № 88-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
7-бап. Білім беру жүйесін басқару органдарын ақпараттық қамтамасыз ету
1. Білім беру жүйесін басқару органдарын толық, дұрыс, салыстырмалы ақпаратпен уақтылы қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасында білім беруді тиімді басқарудың мүмкіндіктерін қамтамасыз ететін білім берудің бірыңғай ақпараттық жүйесі құрылады және жұмыс істейді.
2. Білім берудің бірыңғай ақпараттық жүйесі білім беру мониторингінің деректерін, статистикалық байқауларды және білім беру саласындағы уәкілетті орган, жергілікті атқарушы органдар, білім беру ұйымдары өз міндеттерін жүзеге асыру кезінде алған өзге де деректерді қамтиды.
Ескерту. 7-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2011.10.24 № 487-ІV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
8-бап. Білім беру саласындағы мемлекеттік кепілдіктер
1. Мемлекет білім алу құқығын білім беру жүйесін дамыту, оның жұмыс істеуінің құқықтық негізін жетілдіру және Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес білім алу үшін қажетті әлеуметтік-экономикалық жағдайлар жасау арқылы қамтамасыз етеді.
Білім беру сапасын мемлекеттік бақылау білім беру сапасын бағалаудың ұлттық жүйесін жасау және оның жұмыс істеуін қамтамасыз ету арқылы жүзеге асырылады.
2-1. Мемлекет ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдаланыла отырып, электрондық оқытудың ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымын құру жағдайларын қамтамасыз етеді.
2. Мемлекет Қазақстан Республикасы азаматтарының тегін мектепалды, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім алуын, түлектерге жұмысшы біліктілігінің белгіленген және жоғарылатылған деңгейін бере отырып, техникалық және кәсіптік білім алуын, сондай-ақ, әскери, арнаулы оқу орындарында алынатын білімді қоспағанда, егер Қазақстан Республикасының азаматы осы деңгейлердің әрқайсысында бірінші рет білім алатын болса, мемлекеттік білім беру тапсырысына сәйкес конкурстық негізде тегін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуын қамтамасыз етеді.
Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын, сондай-ақ Қазақстан Республикасына отбасына қосылу мақсатында келген шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың білім беру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен Қазақстан Республикасының азаматтарымен бірдей мектепалды, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім алуға құқығы бар.
Әскери, арнаулы оқу орындарын қоспағанда, Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ адамдарға, егер олар осы деңгейлердің әрқайсысында бірінші рет білім алатын болса, мемлекеттік білім беру тапсырысына сәйкес конкурстық негізде тегін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуға құқық беріледі.
Шетелдіктердің мемлекеттік білім беру тапсырысына сәйкес конкурстық негізде тегін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуға құқығы Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарымен айқындалады.
3. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуға қолжетімділікті қамтамасыз ету мақсатында Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесін және мемлекеттік емес білім беруді кредиттеуді дамыту үшін жағдайлар жасалады.
Мемлекет қаржылық ұйымдар беретiн бiлiм беру кредиттерiнiң кепiлдiк жүйесiн құру жөнiнде шаралар қабылдайды.
4. Мемлекет әлеуметтік көмекке мұқтаж Қазақстан Республикасы азаматтарын олардың білім алуы кезеңінде қаржылау шығыстарын толық немесе ішінара өтейді.
Әлеуметтік көмек көрсетілетін Қазақстан Республикасы азаматтарының санатына:
1) жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
2) даму мүмкіндіктері шектеулі балалар, мүгедектер және бала кезінен мүгедектер, мүгедек балалар;
3) көп балалы отбасылардың балалары;
4) кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарындағы балалар;
5) жалпы және санаторийлік үлгідегі мектеп-интернаттарында, мектеп жанындағы интернаттарда тұратын балалар;
6) дарынды балаларға арналған мамандандырылған интернаттық білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және білім алатын балалар;
7) интернаттық ұйымдардың тәрбиеленушілері;
8) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан балалар;
9) денсаулық жағдайына байланысты бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру бағдарламалары бойынша ұзақ уақыт бойы үйде немесе стационарлық көмек, сондай-ақ қалпына келтіру емін және медициналық оңалту көрсететін ұйымдарда оқитын балалар;
10) Қазақстан Республикасының заңдарымен айқындалатын өзге де санаттағы азаматтар жатады.
4-1. Мемлекет Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен білім алушылардың жекелеген санаттарын тамақтандыруға жұмсалатын шығыстарды толығымен немесе ішінара өтейді.
Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді, тауарларды, сондай-ақ мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында, жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға білім беру ұйымдарында тәрбиеленуші және білім алушы балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етуге байланысты тауарларды сатып алу бөлігінде Қазақстан Республикасының білім саласындағы заңнамасымен реттелген құқықтық қатынастарға Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының күші қолданылмайды.
Орта білім беру ұйымдарында оқитындарды тамақтандыруды ұйымдастыру және мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында, жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында тәрбие алатын және оқитын балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етуге байланысты тауарлар сатып алу қағидалары, Мектепке дейінгі, орта білім беру ұйымдарында, жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында оқитын және тәрбиеленетін балаларды тамақтандыруды ұйымдастыру жөніндегі көрсетілетін қызметтерді жосықсыз берушілердің, тауарлардың тізбесін қалыптастыру қағидаларын білім саласындағы уәкілетті орган айқындайды.
5. Денсаулық жағдайына қарай ұзақ уақыт бойы орта бiлiм беру ұйымдарына бара алмайтын азаматтар үшін үйде немесе стационарлық көмек, сондай-ақ қалпына келтіру емін және медициналық оңалту көрсететін ұйымдарда тегін жеке оқыту ұйымдастырылады.
6. Мемлекет инклюзивті білім берудің мақсатын іске асыра отырып, білім берудің барлық деңгейінде даму мүмкіндіктері шектеулі азаматтарға олардың білім алуына, дамуындағы ауытқуды түзетуіне және әлеуметтік бейімделуіне арнайы жағдайлар жасауды қамтамасыз етеді.
7. Мемлекет тұрғындар саны аз елді мекендерде тұратын балалардың бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім алу құқықтарын қамтамасыз ету үшін шағын жинақты мектептер мен интернат ұйымдарының жұмыс істеуіне кепілдік береді.
8. Мемлекет Қазақстан Республикасының дарынды азаматтарының элиталық білім, оның ішінде шетелде білім алуына қажетті жағдай жасайды.
Ескерту. 8-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.07.22 № 478-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.10.24 № 487-ІV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2012.02.13 N 553-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2013.01.14 N 68-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 21.05.2013 № 93-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 14.01.2014 № 161-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 13.11.2015 № 398-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.11.2015 № 419-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 04.12.2015 № 435-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 09.04.2016 № 501-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
8-1-бап. Білім беру саласындағы ең төмен әлеуметтік стандарттар
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің, конкурстық негізде алынатын жоғары білімнің ең төмен әлеуметтік стандарттары "Ең төмен әлеуметтік стандарттар және олардың кепілдіктері туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес білім беру саласындағы ең төмен әлеуметтік стандарттар болып табылады.
Ескерту. 2-тарау 8-1-баппен толықтырылды - ҚР 19.05.2015 № 315-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
 
8-2-бап. Білім беру саласындағы мемлекеттік монополия
Білім беру деңгейлері бойынша оқулықтарға, оқу-әдістемелік кешендер мен құралдарға сараптама жүргізуді, сондай-ақ білім беру жүйесі мен білім беру процесін әдіснамалық және ғылыми-әдістемелік (мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары, оқу жоспарлары, оқу бағдарламалары) қамтамасыз етуді ұйымдастыру жөніндегі қызмет мемлекеттік монополияға жатады.
Ескерту. 2-тарау 8-2-баппен толықтырылды - ҚР 13.11.2015 № 398-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
9-бап. Оқыту және тәрбиелеу тілі
1. Білім беру ұйымдарындағы тіл саясаты Қазақстан Республикасының Конституциясына және Қазақстан Республикасының тіл туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
2. Меншік нысандарына қарамастан барлық білім беру ұйымдары білім алушылардың мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілін білуін, сондай-ақ білім берудің тиісті деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес орыс тілін және шет тілдерінің біреуін оқып-үйренуін қамтамасыз етуге тиіс.
3. Ана тілінде білім алу құқығы тиісті білім беру ұйымдарының мүмкіндіктері болған жағдайда сыныптар, топтар құрумен, сондай-ақ олардың жұмыс істеуіне жағдай жасаумен қамтамасыз етіледі.
Мемлекеттік тілде оқытатын тиісті білім беру ұйымдарын, сыныптарды, топтарды құру басым бағыт болып табылады.
4. Мемлекеттік тіл және орыс тілі орта білім беру ұйымдарында білім алушыларға қорытынды аттестаттау өткізу кезінде пәндер тізбесіне енгізілетін міндетті пәндер болып табылады.
Ескерту. 9-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.10.24 № 487-ІV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 09.04.2016 № 501-V (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
9-1-бап. Білім беру ұйымдарын аккредиттеу
1. Білім беру ұйымын аккредиттеу ерікті негізде жүзеге асырылады.
Білім беру ұйымы аккредиттеу органын өз бетінше таңдайды.
2. Аккредиттеуден өткізу туралы немесе аккредиттеуді өткізуден бас тарту туралы шешімді аккредиттеу органы білім беру ұйымы өтінішінің және тізбесін аккредиттеу органы айқындайтын, ұсынылған құжаттардың қаралу нәтижелері бойынша қабылдайды.
Аккредиттеуді өткізудің шарттары мен мерзімдері білім беру ұйымы мен аккредиттеу органы арасындағы аккредиттеуді өткізу туралы шартта айқындалады.
3. Аккредиттеу органы өзінің аккредиттеу стандарттарына (регламенттеріне) сәйкес институционалдық немесе мамандандырылған аккредиттеуді өткізеді.
4. Білім беру ұйымын аккредиттеу білім беру ұйымының қаражаты есебінен өткізіледі.
5. Білім беру ұйымдары уәкілетті органның тізіліміне енгізілген аккредиттеу органдарында ұлттық және халықаралық институционалдық, мамандандырылған аккредиттеуден өтуге құқылы.
6. Біліктілікті арттыру институттары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жалпы негіздерде аккредиттеуден өтуге құқылы.
Ескерту. 2-тарау 9-1-баппен толықтырылды - ҚР 2011.10.24 № 487-ІV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
3-тарау. БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІ
10-бап. Білім беру жүйесі ұғымы
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесі өзара іс-қимыл жасайтын:
1) білім беру деңгейінің сабақтастығын қамтамасыз ететін мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының және білім беру бағдарламаларының;
2) үлгілері мен түрлеріне қарамастан, білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының;
3) білім беруді басқару органдары мен тиісті инфрақұрылымдардың, оның ішінде білім беру мониторингін жүзеге асыратын оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету ұйымдарының;
4) білім беру қызметінің субъектілері бірлестіктерінің жиынтығын бiлдiредi.
Ескерту. 10-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.10.24 № 487-ІV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 13.11.2015 № 398-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
 
11-бап. Білім беру жүйесінің міндеттері
1. Білім беру жүйесінің міндеттері:
1) ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіптік шыңдауға бағытталған сапалы білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау;
2) жеке адамның шығармашылық, рухани және күш-қуат
мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, даралықты дамыту үшін жағдай жасау арқылы ой-өрісін байыту;
3) азаматтық пен патриотизмге, өз Отаны - Қазақстан Республикасына сүйіспеншілікке, мемлекеттік рәміздер мен мемлекеттік тілді құрметтеуге, халық дәстүрлерін қастерлеуге, Конституцияға қайшы және қоғамға жат кез келген көріністерге төзбеуге тәрбиелеу;
4) белсенді азаматтық ұстанымы бар жеке адамды тәрбиелеу, республиканың қоғамдық-саяси, экономикалық және мәдени өміріне қатысу қажеттігін, жеке адамның өз құқықтары мен міндеттеріне саналы көзқарасын қалыптастыру;
5) отандық және әлемдік мәдениеттің жетістіктеріне баулу; қазақ халқы мен республиканың басқа да халықтарының тарихын, әдет-ғұрпы мен дәстүрлерін зерделеу; мемлекеттік тілді, орыс, шетел тілдерін меңгерту;
6) педагог қызметкерлердің әлеуметтік мәртебесін арттыруды қамтамасыз ету;
7) білім беру ұйымдарының еріктілігін, дербестігін кеңейту, білім беру ісін басқаруды демократияландыру;
8) қоғам мен экономиканың қажеттеріне жауап беретін білім беру сапасын бағалаудың ұлттық жүйесінің жұмыс істеуі;
9) оқытудың жаңа технологияларын, оның ішінде кәсіптік білім беру бағдарламаларының қоғам мен еңбек нарығының өзгеріп отыратын қажеттеріне тез бейімделуіне ықпал ететін кредиттік, қашықтан оқыту, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды енгізу және тиімді
пайдалану;
10) жалпы оқытудың, жұмыс орны бойынша оқытудың және еңбек нарығының қажеттері арасындағы өзара байланысты қамтамасыз ететін және әркімге өзінің білім мен біліктілікке негізделген жеке әлеуетін қоғамда барынша пайдалануға көмектесетін оқыту жүйесін өмір бойы дамыту;
11) білімнің, ғылымның және өндірістің интеграциясы;
12) білім алушылардың кәсіптік ұмтылысын қамтамасыз ету;
13) жұмыс берушілермен және басқа да әлеуметтік әріптестермен белсенді өзара іс-қимыл арқылы техникалық және кәсіптік білім берудің озық қарқынмен дамытылуын қамтамасыз ету;
14) ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар адамдардың (балалардың) сапалы білім алуына арнайы жағдайлар жасау болып табылады.
Ескерту. 11-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.10.24 № 487-ІV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 13.11.2015 № 398-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
 
12-бап. Білім беру деңгейлері
Қазақстан Республикасындағы білім беру жүйесі жалпы білім беретін оқу және білім беру бағдарламаларының үздіксіздігі және сабақтастығы принципі негізінде мынадай білім беру деңгейлерін:
1) мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды;
2) бастауыш білім беруді;
3) негізгі орта білім беруді;
4) орта білім беруді (жалпы орта білім беруді, техникалық және
кәсіптік білім беруді);
5) орта білімнен кейінгі білім беруді;
6) жоғары білім беруді;
7) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруді қамтиды.
Ескерту. 12-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 13.11.2015 № 398-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
4-тарау. БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫ
13-бап. Білім беру мазмұнының ұғымы
Білім беру мазмұны - жеке адамның біліктілігі мен жан-жақты дамуын қалыптастыру үшін негіз болып табылатын білім берудің әрбір деңгейі бойынша білімдер жүйесі (кешені).
Білім беру мазмұны білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары негізінде әзірленетін жалпы білім беретін оқу және білім беру бағдарламаларымен айқындалады.
Ескерту. 13-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 13.11.2015 № 398-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
 
14-бап. Білім беру бағдарламалары
Ескерту. 14-баптың тақырыбына өзгеріс енгізілді - ҚР 13.11.2015 № 398-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
1. Білім беру бағдарламалары мазмұны мен бағыттарына (міндеттеріне) қатысты:
1) жалпы білім беретін (үлгілік, жұмыстық);
2) кәсіптік (үлгілік, жұмыстық);
3) қосымша болып бөлінеді.
Үлгілік оқу бағдарламалары мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының талаптарына сәйкес әзірленеді.
Жұмыстық оқу бағдарламалары тиісті үлгілік оқу жоспарлары мен үлгілік оқу бағдарламаларының негізінде әзірленеді.
2. Жалпы білім беретін оқу бағдарламалары жеке адамның жалпы мәдениетін қалыптастырудың, жеке адамды қоғамдағы өмірге бейімдеудің міндеттерін шешуге, кәсіпті, мамандықты саналы түрде таңдау мен меңгеру үшін негіз жасауға бағытталған.
Жалпы білім беретін оқу бағдарламалары мазмұнына қарай мынадай оқу бағдарламаларына:
1) мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту;
2) бастауыш білім беру;
3) негізгі орта білім беру;
4) жалпы орта білім беру болып бөлінеді.
Дарынды адамдардың әлеуетті мүмкіндіктерін неғұрлым толық дамыту үшін оқу бағдарламасының жекелеген пәндерін тереңдетіп оқытуды көздейтін мамандандырылған жалпы білім беретін оқу бағдарламалары әзірленеді.
Адамдардың жекелеген санаттары үшін психологиялық-медициналық-педагогтік консультациялардың ұсынымдары ескеріле отырып айқындалатын, білім алушылар мен тәрбиеленушілердің даму және әлеуеттік мүмкіндіктерінің ерекшеліктері ескерілетін арнайы оқу бағдарламалары әзірленеді.
3. Білім беру бағдарламалары экономика салаларындағы кәсiптiк қызмет бағыттары бойынша білікті жұмысшы кадрлары мен орта буын мамандарын даярлауға, жеке бастың кәсiптiк және жалпы бiлiм деңгейiн дәйекті түрде арттыруға бағытталған.
Кәсіптік бағдарламалар мазмұнына қарай:
1) техникалық және кәсiптiк бiлiмнің;
2) орта бiлiмнен кейiнгi бiлiмнің;
3) жоғары бiлiмнің;
4) жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiмнің білім беру бағдарламаларына бөлiнедi.
4. Қосымша білімнің білім беру бағдарламалары білім алушылардың өзін-өзі билеуін, шығармашылығын дамыту, олардың қабілеттерін іске асыру, қоғам өміріне бейімделуі, азаматтық сана-сезімін, жалпы мәдениетін, салауатты өмір салтын қалыптастыру, бос уақытын мазмұнды ұйымдастыру үшін жағдайлар жасауды көздейді.
5. Оқытудың жаңа технологияларын сынақтан өткізу, білім берудің жаңа мазмұнын енгізу үшін эксперимент режимінде (эксперименттік алаңдарда) жұмыс істейтін білім беру ұйымдарында іске асырылатын эксперименттік білім беру бағдарламалары әзірленеді.
6. Интеграцияланған білім беру бағдарламаларын бiлiм беру ұйымдары әзiрлейдi. Интеграцияланған бiлiм беретін оқу бағдарламалары пәнаралық және деңгейаралық, жоғары оқу орындары аралық және халықаралық болуы мүмкiн.
7. Алып тасталды - ҚР 13.11.2015 № 398-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
8. Медициналық және фармацевтік мамандықтар бойынша үлгілік оқу бағдарламаларын бiлiм беру саласындағы уәкiлеттi органмен келiсiм бойынша денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекітеді.
8-1. Су көлігі саласындағы мамандықтар бойынша үлгілік оқу бағдарламаларын білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша сауда мақсатында теңізде жүзу саласындағы басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы орган бекітеді.
9. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, бiлiм беру ұйымы лицензиясы болған жағдайда әртүрлi деңгейдегi білім беру бағдарламаларын iске асыруға құқылы.
Ескерту. 4-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.01.19 N 395-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2011.10.24 № 487-ІV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2012.07.10 N 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 13.01.2015 № 276-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 13.11.2015 № 398-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
 
15-бап. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпы білім беретін оқу бағдарламалары
1. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпы білім беретін оқу бағдарламалары іс-әрекет түрлерінің мектеп жасына дейінгі балалар үшін ерекшеліктерін ескере отырып, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының негізінде әзірленеді.
2. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпы білім беретін оқу бағдарламалары:
1) балаларды тәрбиелеу, оқыту, дамыту және сауықтыру тұтастығы принциптерін ескере отырып, мектепке дейінгі және бастауыш білім берудің сабақтастығы мен үздіксіздігін қамтамасыз етеді;
2) әр баланың талабын, бейімділігін, қабілеттілігін, дарындылығын іске асыруға және оның даму ерекшеліктері мен денсаулық жағдайын ескере отырып, дара әдіс негізінде оны бастауыш білім берудің білім беру бағдарламасын меңгеруге даярлауға бағдарланады.
3. Мектепке дейінгі оқытудың жалпы білім беретін оқу бағдарламалары оқудың, жазудың, есептеудің және тілдік қатынас тәжірибесінің қарапайым дағдыларын қалыптастырады және бастауыш білім беруді меңгеру үшін бірдей бастапқы жағдайларды жасауды көздейді.
16-бап. Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары
1. Бастауыш білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары баланың жеке басын қалыптастыруға, оның жеке қабілеттерін, оқу ісіндегі оң талпынысы мен алғырлығын: негізгі мектептің білім беру бағдарламаларын кейіннен меңгеру үшін оқудың, жазудың, есептеудің, тілдік қатынастың, шығармашылық тұрғыдан өзін-өзі көрсетудің, мінез-құлық мәдениетінің берік дағдыларын дамытуға бағытталған.
2. Негізгі орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары білім алушылардың ғылым жүйесінің базалық негіздерін меңгеруге, олардың бойында тұлғааралық және этносаралық қатынастың жоғары мәдениетін қалыптастыруға, жеке адамның өзін-өзі билеуіне және кәсіптік бағдарлануына бағытталады.
Жалпы білім беретін оқу бағдарламасы білім алушылардың бейін алды даярлығын қамтиды.
Әрбір пәннің мазмұнын зерделеу негізгі орта білім беру деңгейінде аяқталады.
Негiзгi орта бiлiм берудің жалпы бiлiм беретін оқу бағдарламасын меңгеру мерзiмi – бес жыл.
3. Жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары бейіндік оқытуды енгізе отырып, білім беру мазмұнын саралау, интеграциялау және кәсіптік бағдарлау негізінде әзірленеді.
Жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламасын игеру мерзімі - екі жыл.
Ескерту. 16-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.10.24 № 487-ІV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 13.11.2015 № 398-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
 
17-бап. Техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламалары
Ескерту. 17-баптың тақырыбына өзгеріс енгізілді - ҚР 13.11.2015 № 398-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
1. Техникалық және кәсіптік білім беру орта білім беру деңгейінің құрамдас бөлігі болып табылады және білікті қызметкерлер мен орта буын мамандарды даярлауға бағытталған.
2. Техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламалары олардың мазмұнына және білім алушылардың даярлық біліктілігінің деңгейіне қарай мынадай білімнің білім беру бағдарламалары болып бөлінеді:
1) білікті жұмысшы кадрлар даярлауды көздейтін.
Білім беру бағдарламаларының мазмұны:
жалпы кәсіптік және арнайы пәндерді меңгеру үшін бейіндеуші болып табылатын жалпы білім беретін пәндер бойынша интеграцияланған курстарды зерделеуді, кәсіптік дағдыларды меңгеру бойынша өндірістік оқудан және кәсіптік практикадан өтуді;
білім алушыларға нақты кәсіп бойынша кәсіптік біліктіліктің белгіленген деңгейін (разряд, сынып, санат) беруді көздейді;
2) экономиканың барлық салаларында жоғары технологиялармен және кәсіптік қызметпен байланысты жұмыстарды орындаудың күрделі (аралас) кәсіптері мен практикалық дағдыларын меңгеруді көздейтін.
Білім беру бағдарламаларының мазмұны:
жалпы білім беретін, жалпы гуманитарлық, экономикалық, жалпы кәсіптік, арнайы пәндерді зерделеуді, кәсіптік дағдыларды игеру және бекіту бойынша өндірістік оқудан және кәсіптік практикадан өтуді;
білім алушыларға нақты мамандық бойынша кәсіптік біліктіліктің жоғары деңгейін беруді көздейді;
3) орта буын мамандарды даярлауды қамтамасыз ететін.
Білім беру бағдарламаларының мазмұны техникалық және кәсіптік білім берудің интеграцияланған білімнің білім беру бағдарламаларын жоғары оқу орындарының 1-2-курстарының білім беру бағдарламаларымен қоса зерделеуді көздейді.
Аралық аттестаттау қорытындысы бойынша (оқытудың әрбір курсынан кейін) білім алушыларға нақты мамандық бойынша кәсіптік біліктіліктің қол жеткізген деңгейі (разряды, сыныбы, санаты) беріледі.
Оқытудың толық курсын аяқтағаннан және қорытынды аттестаттаудан өткеннен кейін білім алушыларға орта буын маманы біліктілігі беріледі.
3. Мәдениет және өнер мамандықтары бойынша техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламалары көрсетілген мамандықтар бойынша білім алушылардың ерте мамандануы қағидаты мен даярлау ерекшеліктері ескеріле отырып әзірленеді. Оқыту ұзақтығы бағдарламалардың күрделілігі мен берілетін біліктілік деңгейіне байланысты және ол тиісті мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартымен айқындалады.
4. Жалпы орта білімі бар азаматтар үшін техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламалары жалпы кәсіптік, экономикалық, арнайы пәндерді зерделеуді және таңдаған мамандығы бойынша болашақ кәсіптік қызметін айқындайтын оқу-өндірістік жұмыстарды орындауды көздейді.
5. Техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламалары теориялық және өндірістік оқыту бағдарламаларынан және кәсіптік практикадан тұрады.
6. Дуальды оқыту пайдаланылатын техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламалары білім беру ұйымдарындағы теориялық оқытуды және кәсіпорын базасында кемінде алпыс пайыздық өндірістік оқытуды, практиканы көздейді.
Ескерту. 17-бап жаңа редакцияда - ҚР 2011.10.24 № 487-ІV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен; өзгеріс енгізілді - ҚР 13.11.2015 № 398-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
 
18-бап. Мамандандырылған жалпы білім беретін оқу бағдарламалары
Мамандандырылған жалпы білім беретін оқу бағдарламалары негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары негізінде әзірленеді және білім алушылардың ғылым, мәдениет, өнер, спорт, әскери іс негіздерін терең игеруіне, олардың шығармашылық әлеуеттері мен дарын-қабілеттерін дамытуға бағытталған.
Мамандандырылған жалпы білім беретін оқу бағдарламалары дарынды балаларға арналған мамандандырылған білім беру ұйымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскер қатарына шақыруға дейінгі терең даярлықты мамандандырылған мектептерінде іске асырылады.
19-бап. Арнайы оқу бағдарламалары
Ескерту. 19-баптың тақырыбына өзгеріс енгізілді - ҚР 13.11.2015 № 398-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
1. Арнайы оқу бағдарламалары бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары және техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламалары негізінде әзірленеді және ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар адамдарды (балаларды) оқытуға және дамытуға бағытталады, білім алушылар мен тәрбиеленушілердің психологиялық-медициналық-педагогтік консультациялар ұсынымдары ескеріле отырып айқындалатын психикалық-физикалық ерекшеліктері мен танымдық мүмкіндіктерін ескереді.
2. Ұзақ уақыт емделуді қажет ететін адамдар үшін, сондай-ақ даму мүмкіндіктері шектеулі балалар мен жасөспірімдер үшін арнайы оқу бағдарламалары әзірленеді және енгізіледі.
3. Арнайы оқу бағдарламалары Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген арнайы білім беру ұйымдарында, жалпы білім беретін мектептерде, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында немесе үйде іске асырылады.
Ескерту. 19-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.10.24 № 487-ІV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 13.11.2015 № 398-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
 
20-бап. Орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары
1. Орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары орта (жалпы орта немесе техникалық және кәсіптік) білімі бар азаматтардың қатарынан білікті жұмысшы кадрлар, орта буын және қолданбалы бакалавр мамандарын даярлауға бағытталған.
2. Білім беру бағдарламаларының мазмұны техникалық және кәсіптік білімнің интеграцияланған, модульдік бағдарламаларын және бакалавриаттың жекелеген пәндерін зерделеуді көздейді.
Аралық аттестаттау қорытындылары бойынша кәсіптік даярлық деңгейін бағалау негізінде:
1) біліктілік (разряд, сынып, санат);
2) күрделі (аралас) кәсіптер бойынша біліктіліктің жоғарылатылған деңгейі беріледі.
Оқытуды аяқтағаннан және қорытынды аттестаттаудан өткеннен кейін білім алушыларға "орта буын маманы", "қолданбалы бакалавр" біліктілігі беріледі.
Ескерту. 20-бап жаңа редакцияда - ҚР 13.11.2015 № 398-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
 
21-бап. Жоғары білімнің білім беру бағдарламалары
1. Жоғары білімнің білім беру бағдарламалары "бакалавр" дәрежесін немесе "маман" біліктілігін бере отырып, экономика салаларының қажеттіліктеріне сәйкес біліктілігі жоғары кадрлар даярлауға бағытталған.
"Бакалавр" дәрежесі беріліп немесе "маман" біліктілігін бере отырып, жоғары білімнің білім беру бағдарламасы бойынша оқытуды аяқтаған адамдар өздері үшін біліктілік талаптарында жоғары білімі болуы көзделген лауазымдарға орналаса алады.
2. Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларының мазмұны жалпы білім беретін пәндер циклін, базалық пәндер циклін, бейіндеуші пәндер циклін зерделеуді, сондай-ақ тиісті мамандықтар бойынша кәсіптік практикадан өтуді көздейді.
Жоғары білімнің білім беру бағдарламалары мiндеттi құрамдас бөлiктің және таңдау бойынша құрамдас бөлiктің пәндерін қамтиды. Білім алушының таңдауы бойынша құрамдас бөліктегі пәндер әрбір циклде міндетті құрамдас бөліктің пәндерін мазмұндық жағынан толықтыруға тиіс.
Жоғары оқу орындары білім беру жүйесін одан әрі дамытуға және жетілдіруге бағытталған жаңа оқыту технологиялары мен әдістерін қамтитын инновациялық білім беру бағдарламаларын конкурстық негізде әзірлеуге және енгізуге құқылы.
3. Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын игеру мерзімі мемлекеттік жалпыға міндетті жоғары білім беру стандартында айқындалады және ол кемінде төрт жыл болуға тиіс.
4. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі немесе жоғары білімі бар Қазақстан Республикасының азаматтары үшін жоғары оқу орындары қысқартылған оқыту мерзімдерін көздейтін білім беру бағдарламаларын әзірлейді және іске асырады.
5. Интернатураның кәсіптік білім беру бағдарламасын игеру денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган тізбесін бекітетін клиникалық мамандықтар бойынша жоғары медициналық білім алған Қазақстан Республикасының азаматтарын клиникалық практикаға жіберудің міндетті шарты болып табылады.
Интернатура туралы ережені денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекітеді.
Ескерту. 21-бап жаңа редакцияда - ҚР 13.11.2015 № 398-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
 
22-бап. Жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары
Ескерту. 22-баптың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 13.11.2015 № 398-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
1. Жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары біліктілігі жоғары ғылыми-педагог кадрлар мен басшы кадрлар даярлауға, олардың ғылыми, педагогтік және кәсіптік даярлық деңгейін дәйектілікпен арттыруға бағытталған.
2. Жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларының мазмұны: базалық және бейіндеуші пәндерді қамтитын теориялық оқытуды; кәсіптік практиканы; диссертация жаза отырып ғылыми-зерттеу (эксперименттік-зерттеу) жұмысын көздейді.
3. Резидентураның кәсіптік оқу бағдарламаларын игеру денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган тізбесін бекіткен клиникалық мамандықтар бойынша жоғары медициналық білім алған азаматтарды клиникалық практикаға жіберудің міндетті шарты болып табылады.
Ескерту. 22-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 13.11.2015 № 398-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
 
23-бап. Қосымша білім беретін білім беру бағдарламалары
Ескерту. 23-баптың тақырыбына өзгеріс енгізілді - ҚР 13.11.2015 № 398-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
1. Қосымша білім беретін білім беру бағдарламалары білім алушылардың, тәрбиеленушілер мен мамандардың жан-жақты қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған.
2. Қосымша білім беретін білім беру бағдарламалары мазмұнына және бағытына қатысты:
1) білім алушылар мен тәрбиеленушілерге қосымша білім беру;
2) қазіргі заман талаптарына сай келетін кәсіптік біліктілікті дамытуға бағытталған, мамандарды қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру бағдарламалары болып бөлiнедi.
3. Балалардың музыкалық мектептерінің, балалардың көркемсурет мектептерінің және балалардың өнер мектептерінің білім беру саласындағы уәкілетті орган бекітетін білім беру бағдарламаларын қоспағанда, мемлекеттік білім беру ұйымдары іске асыратын балаларға арналған қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын оларға қатысты мемлекеттік басқару органының функцияларын атқаратын органдар бекітеді.
Ескерту. 23-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.10.24 № 487-ІV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 13.11.2015 № 398-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
 
24-бап. Ересектерге білім беру
Ескерту. 24-бап алып тасталды - ҚР 2011.10.24 № 487-ІV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
 
25-бап. Эксперименттік білім беру бағдарламалары
Ескерту. 25-баптың тақырыбына өзгеріс енгізілді - ҚР 13.11.2015 № 398-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Эксперименттік білім беру бағдарламалары оқытудың жаңа технологияларын сынақтан өткізуге, білім берудің жаңа мазмұнын енгізуге бағытталған.
Ескерту. 25-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 13.11.2015 № 398-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
5-тарау. БІЛІМ БЕРУ ҚЫЗМЕТІН ҰЙЫМДАСТЫРУ
26-бап. Білім алушылар мен тәрбиеленушілерді білім беру ұйымдарына қабылдауға қойылатын жалпы талаптар
1. Әскери, арнаулы оқу орындарын қоспағанда, мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарына, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау тәртібі тиісті үлгідегі оқу орындарына қабылдаудың үлгілік қағидаларымен белгіленеді.
1-1. Ерекше мәртебесі бар жоғары оқу орындарына қабылдау тәртібін олардың өздері дербес айқындайды.
2. Бiлiм беру ұйымдарының қызмет көрсету аумағында тұратын барлық балаларды қабылдауды қамтамасыз ететiн мектепке дейiнгi және орта бiлiм беру ұйымдарына оқуға қабылдау тәртiбi тиісті үлгідегі оқу орындарына қабылдаудың үлгілік қағидалары негiзiнде жергiлiктi атқарушы органдар бекiтетін қабылдау қағидаларымен белгiленедi.
2-1. Конкурстық негізде "Өркен" гранты берілген Қазақстан Республикасының азаматтарын оқуға қабылдауды "Назарбаев Зияткерлік мектептері" дербес білім беру ұйымы жүзеге асырады.
3. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау конкурстық негізде азаматтардың өтініші бойынша жүзеге асырылады. Конкурстың шарттары білім алу құқықтарын сақтауға кепілдік беруге және неғұрлым қабілетті және тиісті деңгейдегі білім беру бағдарламаларын меңгеруге даярлығы бар азаматтарды қабылдауды қамтамасыз етуге тиіс.
3-1. Дербес білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау ұлттық бірыңғай тестілеу рәсімін қолданбастан, аталған ұйымдар айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады.
4. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жыл сайын бекітілетін мамандықтар тізбесіне сәйкес оқытудың күндізгі нысаны бойынша жетекші шетелдік жоғары оқу орындарында жоғары оқу орнынан кейінгі білімді алу үшін Қазақстан Республикасы азаматының конкурстық негізде "Болашақ" халықаралық стипендиясын алу құқығы бар. 
"Болашақ" халықаралық стипендиясы берілген Қазақстан Республикасының азаматтарымен "Болашақ" халықаралық стипендиясы бойынша оқуға арналған шарт жасалады.
5. Бiлiм беру гранттарын алуға, сондай-ақ техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi және жоғары бiлiмдi кадрлар даярлауға мемлекеттiк білім беру тапсырысы бойынша бiлiм алушылардың құрамына қабылдауға арналған конкурсты өткiзу кезiнде:
1) "Алтын белгi" белгiсімен марапатталған адамдардың;
2) алып тасталды - ҚР 13.11.2015 № 398-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
2-1) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының білім туралы құжаттары бар, біліктілігін растаған және мамандығы бойынша кемінде бір жыл жұмыс өтілі бар адамдардың;
3) тiзбесiн бiлiм беру саласындағы уәкiлеттi орган айқындайтын жалпы бiлiм беретiн пәндер бойынша халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының (ғылыми жарыстардың) (бiрiншi, екiншi және үшiншi дәрежелi дипломдармен марапатталған), орындаушылардың халықаралық және республикалық конкурстарының және спорттық жарыстардың (бiрiншi, екiншi және үшiншi дәрежелi дипломдармен марапатталған) соңғы үш жылдағы жеңiмпаздарының, сондай-ақ өздерi таңдаған мамандықтары олимпиаданың, конкурстың немесе спорттық жарыстың пәнiне сәйкес келген жағдайда, жалпы бiлiм беретiн пәндер бойынша ағымдағы оқу жылында президенттік, республикалық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстары (бiрiншi, екiншi және үшiншi дәрежелi дипломдармен марапатталған) жеңiмпаздарының басым құқығы бар.
Білім беру гаранттарын алуға конкурс өткізу кезінде, сондай-ақ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша білім алушылардың құрамына кіргізу кезінде көрсеткiштері бiрдей болған жағдайда, жетiм балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалардың, сондай-ақ кәмелетке толғанға дейін ата-аналарынсыз қалған немесе ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған жастардың қатарындағы Қазақстан Республикасы азаматтарының, бірінші және екінші топтардағы мүгедектердің, жеңілдіктері мен кепілдіктері бойынша Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен оның мүгедектеріне теңестірілген адамдардың, медициналық қорытындыға сәйкес тиісті білім беру ұйымдарында оқуға қарсы көрсетілімдері жоқ бала кезінен мүгедектердің, мүгедек балалардың және үздік білімі туралы құжаттары (куәліктері, аттестаттары, дипломдары) бар адамдардың артықшылық құқығы болады.
5-1. Білім беру грантын иеленуші оны жоғары оқу орнына қабылдағанға дейін одан бас тартқан жағдайда, білім беру грантын беру туралы куәліктің күші жойылады, ал білім беру гранты белгіленген тәртіппен беріледі.
6. Орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары бойынша оқуға қабылдау білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындаған шарттармен жүзеге асырылады.
7. Жоғары оқу орнынан кейінгі білім алу үшін жоғары оқу орындарына оқуға қабылдау білім беру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен конкурстық негізде азаматтардың өтініштері бойынша жүзеге асырылады.
8. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға түсу кезінде:
1) I, II топтағы мүгедектер, бала кезінен мүгедектер, мүгедек-балалар арасынан шыққан азаматтар үшін;
2) жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген адамдар үшін;
3) ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуын айқындайтын мамандықтар бойынша ауыл жастары арасынан шыққан азаматтар үшін;
4) Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ адамдар үшін;
5) жетім балаларды және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды, сондай-ақ кәмелеттік жасқа толғанға дейін ата-анасын жоғалтқан немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жастар қатарындағы Қазақстан Республикасының азаматтарын;
6) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерге қоныс аударған ауыл жастары арасынан шыққан Қазақстан Республикасының азаматтарын қабылдау үшін квота көзделеді.
9. Педагогикалық мамандықтарға, арнаулы немесе шығармашылық дайындықты қажет ететін мамандықтарға оқуға қабылдау арнаулы немесе шығармашылық емтихандар нәтижелерін ескере отырып жүзеге асырылады. Мамандықтар тізбесі және арнаулы немесе шығармашылық емтихандарды өткізу тәртібі үлгілік қабылдау ережелерімен белгіленеді.
10. Рухани (діни) білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау орта білімі бар адамдар арасынан құрылтайшы белгілеген тәртіппен жүзеге асырылады.
11. Мемлекеттік құпиялармен жұмыс істеу талап етілетін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім берудің жекелеген мамандықтары бойынша мемлекеттік білім беру тапсырыстарымен оқуға қабылдау Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасына сәйкес ұлттық қауіпсіздік органдарының рұқсаты бар білім беру ұйымдарында жүзеге асырылады.
12. Білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау тәртібін осы Заңмен және қабылдаудың тиісті үлгілік ережелерімен реттелмеген бөлігінде білім беру ұйымдарының құрылтайшысы немесе құрылтайшылары (мемлекеттік басқару органы) белгілейді.
13. Әскери, арнаулы оқу орындарын қоспағанда, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары оқуға түскен адамдармен шарт жасасады, оның үлгі нысанын білім беру саласындағы уәкілетті орган бекітеді.
Ескерту. 26-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.01.19 № 395-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2011.10.24 № 487-ІV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 21.07.2015 № 337-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 13.11.2015 № 398-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз); 24.11.2015 № 421-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.12.2015 № 433-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 09.04.2016 № 501-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
27-бап. Білім алу нысандары
Жеке адамның қажеттіліктері мен мүмкіндіктері ескеріле отырып, білім беру бағдарламаларының мазмұнына, білім берудің әрбір деңгейін алуға қол жеткізу жағдайларының жасалуына қарай оқыту күндізгі, кешкі, сырттай оқу, экстернат және ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар адамдар (балалар) үшін қашықтықтан оқыту нысанында жүзеге асырылады.
Ескерту. 27-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.10.24 № 487-ІV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 13.11.2015 № 398-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
28-бап. Оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру
1. Білім беру ұйымдарындағы оқу-тәрбие процесі жұмыстық оқу жоспарлары мен жұмыстық оқу бағдарламаларына сәйкес жүзеге асырылады.
2. Білім беру ұйымдары жүзеге асыратын оқу және тәрбие жұмысын жоспарлау мен есепке алу оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың негізі болып табылады.
Оқу және тәрбие жұмыстарын жоспарлау оқу жоспарлары мен бағдарламаларының толық көлемде уақтылы және сапалы орындалуын қамтамасыз етуге тиіс.
Орта білім беру ұйымдарында, техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие жұмысын жоспарлау бекітілген оқу-тәрбие процесінің оқу жылына арналған графигі мен бекітілген теориялық және практикалық сабақтардың кестесі негізінде жүзеге асырылады.
Орта білім беру ұйымдарында, техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие жұмысын есепке алу теориялық және өндірістік оқытудың есепке алу журналдарын және оқу бағдарламаларының оқу сағаттарында орындалуын есепке алу табельдерін жүргізу арқылы жүзеге асырылады.
Жоғары оқу орындарында оқу-тәрбие жұмысын жоспарлау бекітілген оқу жылына арналған академиялық күнтізбе және бекітілген оқу сабақтарының кестесі негізінде жүзеге асырылады.
3. Білім беру ұйымдарындағы тәрбие бағдарламалары білім беру процесінің құрамдас бөлігі болып табылады және білім алушылардың, тәрбиеленушілердің патриоттық, азаматтық, интернационалдық, жоғары моральдық және имандылық сезімін қалыптастыруға, сондай-ақ жан-жақты қызығушылықтары мен қабілеттерін дамытуға бағытталған.
Білім беру ұйымдарында нәсілдік, этностық, діни, әлеуметтік ымырасыздық пен айырықшалықты насихаттауға, милитаристік және де халықаралық құқық пен ізгіліктің жалпыға танылған принциптеріне қайшы келетін өзге де идеяларды насихаттауға тыйым салынады.
4. Оқу-тәрбие процесі білім алушылардың, тәрбиеленушілердің, педагог жұмыскерлердің адамгершілік қадір-қасиетін өзара құрметтеу және мүгедектердің құқықтарына білім беру жүйесінің барлық деңгейлерінде құрметпен қарау негізінде жүзеге асырылады.
Білім алушылар мен тәрбиеленушілерге қатысты күш көрсету, моральдық және психикалық қысым жасау әдістерін қолдануға жол берілмейді.
5. Азаматтарды күндізгі бөлімдерінде оқыту уақыты мерзімді әскери қызметті өткеруге теңестірілетін білім беру ұйымдарындағы білім беру қызметін ұйымдастыру тәртібін олардың мемлекеттік басқару органдары айқындайды.
6. Әскерге шақырылуға дейінгі және шақырылу жасындағы білім алушылардың негізгі орта білім беру базасындағы алғашқы әскери даярлығы - жалпы орта білімнің жалпы орта білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беретін кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында (арнаулы білім беру ұйымдарынан басқа), ал жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен әскери кафедраларда жүзеге асырылады.
7. Білім беру ұйымдары білім алушылардың білім беру бағдарламаларын игеруін бақылау мақсатында білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылауды жүзеге асырады және оларға аралық аттестаттау жүргізеді. 
Білім беру ұйымдары білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды жүзеге асыру және оларға аралық аттестаттау жүргізу нысандарын, тәртібін және мерзімділігін таңдауда дербес болады.
8. Негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын меңгеру білім алушыларды міндетті қорытынды аттестаттаумен аяқталады.
9. Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды қорытынды аттестаттау мемлекеттік оқу бітіру емтихандары нысанында жүзеге асырылады.
10. Техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын бiлiм беру ұйымдарында бiлiм алушыларды қорытынды аттестаттау:
1) бiлiм беру ұйымдарында бiлiм алушыларды қорытынды аттестаттауды;
2) кәсiптiк даярлығының деңгейiн бағалауды және бiлiктiлiктi берудi қамтиды.
Жоғары оқу орнынан кейiнгi білімнің білім беру бағдарламаларын меңгерген бiлiм алушыларды қорытынды аттестаттау ерекшелiктерiн бiлiм беру саласындағы уәкiлеттi орган айқындайды.
11. Білім беру ұйымдары кәмелетке толмаған білім алушылардың, тәрбиеленушілердің ата-аналарына және өзге де заңды өкілдеріне оқу-тәрбие процесінің барысымен және мазмұнымен, сондай-ақ білім алушылардың үлгерімімен танысу мүмкіндігін қамтамасыз етеді.
Ескерту. 28-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.10.24 № 487-ІV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 13.11.2015 № 398-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.12.2015 № 433-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 09.04.2016 № 501-V (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
29-бап. Оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмысты ұйымдастыру
1. Білім мен ғылымды интеграциялау, оқу-тәрбие процесін қамтамасыз ету және жетілдіру, оқытудың жаңа технологияларын әзірлеу және енгізу, білім беру ұйымдарында және тиісті инфрақұрылымда педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыруды қамтамасыз ету мақсатында оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмыс жүзеге асырылады.
2. Оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмысқа басшылық жасау:
орта білім беру ұйымдарында – облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әдістемелік кабинеттеріне және аудандық (қалалық) білім бөлімдерінің әдістемелік кабинеттеріне;
техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында – облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың білім беруді басқару органдарының әдістемелік кабинеттеріне жүктеледі.
3. Білім беру ұйымдарында және тиісті инфрақұрылымда, оның ішінде оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету ұйымдарында ғылыми және оқу-әдістемелік қызметті үйлестіру білім беру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен жүзеге асырылады.
Ескерту. 29-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.10.24 № 487-ІV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 13.11.2015 № 398-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
30-бап. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту
РҚАО-ның ескертпесі!
1-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР 09.04.2016 № 501-V Заңымен (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі).
1. Алты (жеті) жасқа дейiнгi балаларды мектепке дейiнгi тәрбиелеу отбасында немесе бiр жастан бастап мектеп жасына жеткенге дейін мектепке дейiнгi ұйымдарда жүзеге асырылады.
2. Мектепке дейiнгi оқыту балаларды мектепте оқытуға мектеп алды даярлық түрiнде бес жастан бастап жүзеге асырылады.
Мектеп алды даярлық мiндеттi және отбасында, мектепке дейiнгi ұйымдарда, жалпы бiлiм беретiн мектептердiң, лицейлердiң және гимназиялардың мектеп алды сыныптарында жүзеге асырылады.
Мемлекеттiк бiлiм беру ұйымдарындағы мектеп алды даярлық тегiн болып табылады.
Ескерту. 30-бап жаңа редакцияда - ҚР 2011.10.24 № 487-ІV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
31-бап. Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру
РҚАО-ның ескертпесі!
1-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР 09.04.2016 № 501-V Заңымен (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі).
1. 1-сыныпқа оқуға балалар алты (жеті) жастан қабылданады.
2. Орта бiлiм беру ұйымдарының негiзгi түрлерi жалпы білім беретін мектеп, шағын жинақталған мектеп, гимназия, лицей, бейiндiк мектеп болып табылады.
3. Он алты жасқа дейінгі балаларды орта білім беретін мемлекеттік ұйымдардан шығаруға құқыққа қарсы әрекеттер жасағаны, білім беру ұйымдарының жарғысын өрескел және бірнеше рет бұзғаны үшін білім беру ұйымы мемлекеттік басқару органының шешімі бойынша ерекше жағдайларда рұқсат етіледі.
Жетім балаларды және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды шығару туралы шешім қорғаншы және қамқоршы ұйымдардың келісімімен қабылданады.
Пробация қызметінің есебінде тұрған кәмелетке толмағандарды орта білім беретін мемлекеттік ұйымдардан шығару туралы шешім пробация қызметінің келісімімен қабылданады.
Ескерту. 31-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.10.24 № 487-ІV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 13.11.2015 № 398-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 18.04.2017 № 58-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
32-бап. Техникалық және кәсіптік білім беру
1. Техникалық және кәсіптік білім беру негізгі орта және (немесе) жалпы орта білім беру базасында училищелерде, колледждерде және жоғары колледждерде жүзеге асырылады.
Техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарындағы оқу процесі теориялық сабақтарды және оқу-өндірістік шеберханаларында, оқу шаруашылықтары мен оқу полигондарында өндірістік оқыту шеберінің басшылығымен орындалатын, сондай-ақ тікелей өндірістегі және тиісті бейіндегі ұйымдардағы өндірістік оқытуды қамтиды.
2. Алып тасталды - ҚР 2011.10.24 № 487-ІV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
3. Техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары оқу-өндірістік шеберханаларда, оқу шаруашылықтарында және оқу полигондарында шығарылатын өз өндірісі өнімдерін өткізеді.
Ескерту. 32-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.10.24 № 487-ІV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 13.11.2015 № 398-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
32-1-бап. Кәсіптік даярлық
1. Кәсіптік даярлық белгілі бір жұмыс түрін орындау үшін қажетті жаңа немесе өзгерген кәсіптік дағдыларды білім алушылардың жедел меңгеруіне бағытталған. Кәсіптік даярлық білім алушының білім деңгейін арттырумен байланысты емес.
2. Қызметкерлердің немесе жұмыс берушімен еңбек қатынастарында тұрмайтын өзге де адамдардың кәсіптік даярлығын жұмыс беруші тікелей ұйымдарда, оқу орталықтарында, курстарда, сондай-ақ заңды тұлғалардың әр түрлі оқу-өндірістік құрылымдарында немесе техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жүргізеді.
3. Кәсіптік даярлық оқыту шартына сәйкес жұмыс берушінің қаражаты немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де қаражат есебінен жүзеге асырылады.
Кәсіптік даярлықтың нысанын, мазмұны мен көлемін жұмыс беруші тиісті кәсіп бойынша қолданыстағы білім беретін оқу бағдарламаларының негізінде айқындайды.
Кәсіптік даярлық нысандарына кәсіпорындарда оқыту, басқа мамандыққа қайта оқыту, корпоративтік жауапкершілік және оқушылық негізінде кооперативтік оқыту жатады.
4. Кәсіптік даярлық деңгейін бағалау бойынша біліктілік емтиханынан табысты өткен адамдарға нақты мамандық бойынша тиісті біліктілік деңгейі беріледі және біліктілікті беру туралы белгіленген үлгідегі куәлік (сертификат) беріледі.
Ескерту. 5-тарау 32-1-баппен толықтырылды - ҚР 2011.10.24 № 487-ІV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
33-бап. Орта білімнен кейінгі білім беру
Орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары колледждерде және жоғары колледждерде іске асырылады.
Орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары бойынша мамандарды даярлау, тізбесін білім беру саласындағы уәкілетті орган бекітетін мамандықтар бойынша жүзеге асырылады.
Ескерту. 33-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.10.24 № 487-ІV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 13.11.2015 № 398-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
34-бап. Жоғары техникалық мектептер
Ескерту. 34-бап алып тасталды - ҚР 2011.10.24 № 487-ІV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
35-бап. Жоғары білім беру
1. Жоғары білімді жалпы орта немесе техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білімі бар азаматтар алады. Азаматтың конкурстық негізде тегін жоғары білім алуға құқығы бар.
2. Жоғары білімнің білім беру бағдарламалары жоғары оқу орындарында iске асырылады.
Ұлттық зерттеу университеті, ұлттық жоғары оқу орны, зерттеу университеті, университет, академия, институт және оларға теңестiрiлгендер (консерватория, жоғары мектеп, жоғары училище) жоғары оқу орындарының негiзгi түрлерi болып табылады.
Жоғары оқу орындарында тиісті лицензия және материалдық-техникалық база болған кезде техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі және қосымша білімнің білім беру бағдарламалары, сондай-ақ мәдениет саласындағы білім беру ұйымдарында бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары іске асырылуы мүмкін.
Мәдениет саласындағы жоғары оқу орындарын қоспағанда, жоғары оқу орындары техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары бойынша оқу процесін жоғары оқу орындарының ақылы қызметтер көрсетуден алатын кірістері есебінен қамтамасыз етеді.
3. Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын меңгеру бойынша қорытынды аттестаттаудан табысты өткен білім алушыға біліктілік және (немесе) "бакалавр" академиялық дәрежесі беріледі.
4. Білім беру бағдарламаларын іске асыру және ғылыми-қолданбалы зерттеулерді жүргізу үшін жоғары оқу орындары инновациялық-білім беру консорциумын құруға және (немесе) оған кіруге құқылы.
Ескерту. 35-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.10.24 № 487-ІV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2011.07.15 N 461-IV (2012.01.30 бастап қолданысқа енгізіледі); 13.11.2015 № 398-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
36-бап. Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру
1. Жоғары оқу орнынан кейінгі білімді жоғары білімі бар азаматтар алады.
2. Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жоғары оқу орындарының магистратурасы мен докторантурасында, жоғары оқу орындарының және ғылыми ұйымдардың резидентурасында, сондай-ақ "Болашақ" халықаралық стипендиясының стипендиаттарын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен жыл сайын бекiтiлетiн мамандықтар тiзбесiне сәйкес күндiзгi оқыту нысаны бойынша жетекші шет елдердiң жоғары оқу орындарына оқуға жiберу арқылы жүзеге асырылады.
3. Кадрларды магистратурада даярлау жоғары білімнің білім беру бағдарламалары базасында:
1) кемінде екі жылдық оқыту мерзімімен ғылыми-педагогтік;
2) кемінде бір жылдық оқыту мерзімімен бейіндік болып екі бағытта жүзеге асырылады.
4. Кадрларды докторантурада даярлау магистратураның білім беру бағдарламалары базасында:
1) кемінде үш жылдық оқыту мерзімімен ғылыми-педагогтік;
2) кемінде үш жылдық оқыту мерзімімен бейіндік болып екі бағытта жүзеге асырылады.
4-1. Әскери мамандықтар бойынша магистр дәрежесін алған немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын меңгерген адамдар философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесін алу үшін әскери, арнаулы оқу орындарының докторантурасында кемінде үш жыл даярлықтан өтеді.
5. Жоғары оқу орнынан кейінгі медициналық және фармацевтік білім беру резидентураны, магистратура мен докторантураны қамтиды.
Резидентурада мамандануына қарай оқыту ұзақтығы екі жылдан төрт жылға дейін клиникалық мамандықтар бойынша тереңдетіле даярлау жүзеге асырылады. Резидентура туралы ережені денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекітеді.
Ескерту. 36-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.10.24 № 487-ІV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2012.02.13 N 553-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 13.11.2015 № 398-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
37-бап. Қосымша білім беру
1. Балаларға қосымша білім беру олардың түрлерін білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындайтын білім беру ұйымдарында және мектептен тыс ұйымдарда жүзеге асырылады.
Қосымша білімнің білім беру бағдарламалары бойынша білім беру қызметтерін білім алушыларға бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары көрсетеді және шарттық негізде ұсынады.
2. Ересектерге (он сегiз жасқа толған адамдарға) бiлiм беру қоғамда болып жатқан әлеуметтiк-экономикалық өзгерiстерге сәйкес бiлiм мен дағдылардың қосымша көлемiн алу үшiн олардың өмiр бойы бiлiм алу қажеттiлiктерiн қанағаттандыруға бағытталған.
Ересектерге бiлiм берудi бiлiм беру ұйымдары, сондай-ақ қосымша бiлiм беру бағдарламаларын iске асыратын құрылымдық бөлiмшелерi бар заңды тұлғалар жүзеге асырады.
2-1. Жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдерінде оқыту қосымша білім беруге жатады.
3. Кадрлардың біліктілігін арттыру және оларды қайта даярлау қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында, ғылыми ұйымдарда, біліктілікті арттыру институттарында, өндірісте және "Болашақ" халықаралық стипендиясы бойынша тағылымдамадан өту кезінде жүзеге асырылады.
4. Бiлiм беру ұйымдары басшы кадрларының, педагог және ғылыми қызметкерлерiнiң бiлiктiлiгiн арттыру бес жылда кемiнде бiр рет жүзеге асырылады.
5. Медициналық және фармацевтік кадрлардың біліктілігін арттыру және оларды қайта даярлау денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекітетін үлгілік бағдарламаларға сәйкес медициналық білім және ғылым ұйымдарында жүзеге асырылады.
6. Қазақстан Республикасының азаматтары тағылымдамадан өту үшін "Болашақ" халықаралық стипендиясын алуға арналған конкурсқа қатысуға құқылы.
Тағылымдамадан өту үшін "Болашақ" халықаралық стипендиясын алуға баллдары теңдей болған кезде Президенттік олимпиада жеңімпазы ғылыми жетекшісінің басым құқығы бар.
"Болашақ" халықаралық стипендиясы берілген Қазақстан Республикасының азаматтарымен "Болашақ" халықаралық стипендиясы бойынша тағылымдамадан өту туралы шарт жасалады.
7. "Болашақ" халықаралық стипендиясын әкімшілендіру жөніндегі іс-шаралар кешенін жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасының Үкіметі құрған ұйым:
1) "Болашақ" халықаралық стипендиясы бойынша іс-шараларды ақпараттық қолдап отыруды жүргізеді;
2) "Болашақ" халықаралық стипендиясын тағайындауға үміткерлердің құжаттарын қабылдауды ұйымдастыруды және жүргізуді жүзеге асырады;
3) үміткерлерді конкурстық негізде іріктеуді ұйымдастыру жөніндегі іс-шаралар кешенін жүзеге асырады;
4) оқыту, кепіл және (немесе) кепілдік шарттарын жасасады;
5) стипендиаттардың академиялық оқытылуы мен тағылымдамадан өтуін ұйымдастыруды және оның мониторингін жүзеге асырады;
6) оқытуды және тағылымдамадан өтуді ұйымдастыруға байланысты шығыстарды қаржыландыруды қамтамасыз етеді;
7) шарттың Қазақстан Республикасының аумағында жұмыспен өтеу бөлігіндегі талаптарын стипендиаттардың орындауына мониторингті жүзеге асырады;
8) халықаралық әріптестермен, шетелдік оқу орындарымен стипендиаттардың оқуын ұйымдастыруға арналған шарттар жасасады.
Ескерту. 37-бап жаңа редакцияда - ҚР 2011.10.24 № 487-ІV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); өзгеріс енгізілді - 21.07.2015 № 337-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 13.11.2015 № 398-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
37-1-бап. Жеке педагогтік қызмет
1. Табыс алумен байланысты жеке педагогтік қызмет кәсіпкерлік қызмет болып табылады. Жеке педагогтік қызметпен айналысатын тұлғаны мемлекеттік тіркеу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
2. Жеке педагогтік қызмет лицензияланбайды.
Ескерту. 5-тарау 37-1-баппен толықтырылды - ҚР 2011.10.24 № 487-ІV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
38-бап. Білім алушылардың кәсіптік практикасы
1. Білім алушылардың кәсіптік практикасы мамандар даярлайтын білім беру бағдарламаларының құрамдас бөлігі болып табылады.
Кәсіптік практика тиісті ұйымдарда жүргізіледі және оқыту процесінде алған білімдерді бекітуге, практикалық дағдыларды игеруге және озық тәжірибені меңгеруге бағытталған.
2. Кәсіптік практиканың түрлері, мерзімдері мен мазмұны жұмыстық оқу бағдарламаларымен және жұмыстық оқу жоспарларымен айқындалады.
3. Кәсіптік практиканы өткізу үшін білім беру ұйымдары шарттық негізде практиканың базасы ретінде ұйымдары айқындайды, олармен практиканы өткізудің келісілген бағдарламалары мен күнтізбелік кестелерін бекітеді.
Шарттарда білім беру ұйымының, практиканың базасы болып табылатын ұйымдардың және білім алушылардың міндеттері мен жауаптылықтары айқындалады.
4. Кәсіптік практикаға кететін шығындар білім беру ұйымдарында және практиканың базасы болып табылатын ұйымдарда көзделеді және жасасылған шарттармен айқындалады.
5. Практиканың базалары болып табылатын ұйымдармен шарттар білім алушылардың кәсіптік практикасын өткізуге арналған шарттардың үлгілік нысаны негізінде жасасылады.
6. Жоғары білімнің білім беру бағдарламалары бойынша оқудың екінші курсынан бастап кәсіптік практикадан өту міндетті. Кәсіптік практиканың мазмұны мен базасы мамандықтың бейіні мен білім беру бағдарламасының мазмұнына сәйкес айқындалады.
7. Осы баптың талаптары әскери, арнаулы оқу орындарында білім алушылардың кәсіптік практикасына қолданылмайды.
Ескерту. 38-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 13.11.2015 № 398-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
39-бап. Білім туралы құжаттар
1. Қазақстан Республикасында білімі туралы құжаттардың мына түрлері қолданылады:
РҚАО-ның ескертпесі!
1) тармақша жаңа редакцияда көзделген - ҚР 09.04.2016 № 501-V Заңымен (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі).
1) білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттар;
2) дербес білім беру ұйымдарының білім туралы құжаттары;
3) білім туралы өзіндік үлгідегі құжаттар.
Дербес білім беру ұйымдарының, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарының білім туралы құжаттары білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттарға теңестіріледі.
Білім туралы құжаттардың барлық түрлерінің қорғаныш белгілері болады.
2. Білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттың не дербес білім беру ұйымының білім туралы құжатының не білім туралы өзіндік үлгідегі құжаттың болуы келесі деңгейдегі білім беру ұйымдарында білім алуды жалғастыру үшін қажетті талап болып табылады.
РҚАО-ның ескертпесі!
3-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР 13.11.2015 № 398-V Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).
РҚАО-ның ескертпесі!
3-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР 09.04.2016 № 501-V Заңымен (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі).
РҚАО-ның ескертпесі!
3-тармақтың осы редакциясы 01.01.2017 бастап 01.01.2020 дейін қолданыста болады - ҚР 13.11.2015 № 398-V Заңымен.
3. Қорытынды аттестаттаудан өткен білім алушыларға мемлекеттік үлгідегі білім туралы құжатты:
1) негізгі орта, жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламалары, сондай-ақ әскери, арнаулы оқу орындарында жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша білім беру қызметімен айналысуға лицензиясы бар және мемлекеттік аттестаттаудан өткен білім беру ұйымдары;
1-1) Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, негізгі орта, жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары бойынша білім беру қызметімен айналысуға лицензиясы бар, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік аттестаттаудан немесе аккредиттеуден өткен халықаралық мектептер;
2) әскери және арнаулы жоғары оқу орындарын қоспағанда, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары бойынша білім беру қызметімен айналысуға лицензиясы бар және білім беру сапасын қамтамасыз ету жөніндегі халықаралық еуропалық желілердің толық құқылы мүшелері болып табылатын шетелдік немесе ұлттық аккредиттеу органдарында халықаралық аккредиттеуден өткен және білім саласындағы уәкілетті органның тізіліміне енгізілген білім беру ұйымдары береді.
Мемлекеттік үлгідегі білім туралы құжаттарды толтыруға қойылатын талаптарды білім саласындағы уәкілетті орган айқындайды.
РҚАО-ның ескертпесі!
39-бапты 3-1-тармақпен толықтыру көзделген - ҚР 09.04.2016 № 501-V Заңымен (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі).
4. Дербес білім беру ұйымдарының білім туралы құжаттарын дербес білім беру ұйымдары береді.
Дербес білім беру ұйымының білім туралы құжаттарының нысаны мен оларды толтыруға қойылатын талаптарды дербес білім беру ұйымы айқындайды.
РҚАО-ның ескертпесі!
5-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР 13.11.2015 № 398-V Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).
РҚАО-ның ескертпесі!
5-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР 09.04.2016 № 501-V Заңымен (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі).
РҚАО-ның ескертпесі!
5-тармақтың бұл редакциясы 01.01.2020 дейін қолданыста болады - ҚР 13.11.2015 № 398-V Заңымен.
5. Білім туралы өзіндік үлгідегі құжатты:
1) ерекше мәртебесі бар білім беру ұйымы;
2) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары бойынша білім беру қызметімен айналысуға лицензиясы бар білім беру ұйымы беруге құқылы.
Білім туралы өзіндік үлгідегі құжаттардың нысаны мен оларды толтыруға қойылатын талаптарды білім беру ұйымы айқындайды.
6. Білім алуды аяқтамаған не қорытынды аттестаттаудан өтпеген білім алушыларға белгіленген үлгідегі анықтама беріледі.
7. Шетелдік білім беру ұйымдары берген білім туралы құжаттар Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық шарттар (келісімдер) негізінде танылады.
Халықаралық шарттар (келісімдер) болмаған кезде Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарын нострификациялау және оларға тиісті куәліктер беру білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындаған тәртіппен жүзеге асырылады.
8. "Болашақ" халықаралық стипендиясын иеленуші Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттар тану немесе нострификациялау рәсімдерінен өтпей-ақ Қазақстан Республикасында танылады.
Ескерту. 39-бап жаңа редакцияда - ҚР 13.11.2015 № 398-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
6-тарау. БІЛІМ БЕРУ ҚЫЗМЕТІНІҢ СУБЪЕКТІЛЕРІ
40-бап. Білім беру ұйымдары
1. Меншік нысанына және ұйымдық құқықтық нысанына қарамастан, бір немесе бірнеше білім беру бағдарламаларын іске асыратын және (немесе) білім алушыларды, тәрбиеленушілерді бағып-күтуді және тәрбиелеуді қамтамасыз ететін заңды тұлғалар, сондай-ақ заңды тұлғалардың халықаралық мектептер мәртебесі бар филиалдары, заңды тұлға құрмай, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын дара кәсіпкерлер білім беру ұйымдары болып табылады.
2. Білім беру ұйымдарында бiлiм беру қызметiмен айналысу құқығы:
1) лицензиялауды талап ететін білім беру қызметінің кіші түрлері үшін – егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, лицензия алған сәттен бастап және Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен лицензиядан айыру немесе оны жарамсыз деп тану туралы соттың шешімі заңды күшіне енген сәттен бастап;
2) лицензиялауды талап етпейтін білім беру қызметінің кіші түрлері үшін – заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеген сәттен бастап туындайды.
3) білім беру қызметінің хабарлама жасау тәртібі көзделген кіші түрлері үшін – хабарлама берілген кезден бастап туындайды және Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен хабарламалар тізілімінен білім беру ұйымы алып тасталған кезден бастап тоқтатылады.
2-1. Заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеуден өткен кезден бастап алты ай ішінде бiлiм беру қызметiмен айналысуға лицензия алмаған жағдайда білім беру ұйымы сот тәртібімен таратылады.
Осы мерзімнің өтуін білім беру саласындағы уәкілетті орган білім беру ұйымының білім беру қызметімен айналысу құқығына лицензия алу туралы материалдарын қарау мерзіміне тоқтата тұрады.
3. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, бiлiм беру ұйымының мәртебесін (үлгісін, түрін) оның құрылтайшылары айқындайды және осы Заңның талаптары, білім беру қызметін лицензиялау кезіндегі біліктілік талаптары, тиісті үлгідегі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік ережелері ескеріле отырып, оның жарғыларында көрсетіледі.
4. Іске асырылатын білім беру бағдарламаларына қарай білім беру ұйымдарының мынадай үлгілері болуы мүмкін:
1) мектепке дейінгі ұйымдар;
2) орта (бастауыш, негiзгi орта, жалпы орта) бiлiм беру ұйымдары;
3) техникалық және кәсіптік білім беру;
4) орта білімнен кейінгі білім беру;
5) жоғары білім беру;
6) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру;
7) мамандандырылған білім беру ұйымдары;
8) арнайы білім беру ұйымдары;
9) жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдары;
10) балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдары;
11) ересектерге арналған қосымша білім беру ұйымдары.
Білім беру ұйымдары түрлерінің номенклатурасын білім беру саласындағы уәкілетті орган бекітеді.
5. Медициналық білім беру ұйымдары қаржыландырылуы Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған көздерден жүзеге асырылатын клиникалық базасы бар болған кезде ғана жұмыс істеуі мүмкін.
Клиникалық базалар туралы ережені денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекітеді.
Ескерту. 40-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.01.19 N 395-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2011.10.24 № 487-ІV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2011.07.15 N 461-IV (2012.01.30 бастап қолданысқа енгізіледі); 16.05.2014 № 203-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 21.07.2015 № 337-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 13.11.2015 № 398-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
40-1-бап. Жоғары оқу орнының ерекше мәртебесі
Ерекше мәртебесі бар жоғары оқу орны:
1) бакалавриат, магистратура және докторантура бағдарламаларын әзірлеуге және іске асыруға;
2) мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес ағымдағы, аралық және қорытынды аттестаттау қағидаларын айқындауға;
3) профессор-оқытушылар құрамына білім алушылардың арақатынасын осы Заңның 52-бабының 8-тармағында белгіленген нормалар шегінде белгілеуге; 
4) педагог жұмыскерлер мен оларға теңестірілген адамдар лауазымдарының біліктілік сипаттамаларын белгілеуге;
5) білім беру қызметтерін көрсету шартының нысанын бекітуге;
6) өз бетінше әзірлеген оқу жүктемесінің нормалары, еңбекке ақы төлеу нысандары мен мөлшерлерінің негізінде білім беру қызметін жүзеге асыруға құқылы.
Ескерту. 6-тарау 40-1-баппен толықтырылды - ҚР 13.11.2015 № 398-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
41-бап. Білім беру ұйымының жарғысы
1. Білім беру ұйымының жарғысы Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында көзделген талаптардан басқа, мыналарды:
1) іске асырылатын білім беру бағдарламаларының тізбесін;
2) білім беру ұйымдарына қабылдау тәртібін;
3) білім беру процесін ұйымдастыру тәртібін (оның ішінде оқыту және тәрбиелеу тілін (тілдерін), білім алушылардың, тәрбиеленушілердің сабақ режимін);
4) білімдерді ағымдағы бақылау, білім алушыларды аралық және қорытынды аттестаттау жүйесін, оларды өткізудің нысандарын және тәртібін;
4-1) білім алушыларды, тәрбиеленушілерді оқудан шығару негіздерін және тәртібін;
5) ақылы қызмет көрсетудің тізбесін және тәртібін;
6) білім беру ұйымының білім алушылармен, тәрбиеленушілермен және (немесе) олардың ата-аналарымен және өзге де заңды өкілдерімен қатынастарын ресімдеу тәртібін қамтуға тиіс.
2. Білім беру ұйымының жарғысында оның қызметіне қатысты және Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де ережелер қамтылуы мүмкін.
3. Білім беру ұйымының жарғысы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бекітіледі.
Ескерту. 41-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.10.24 № 487-ІV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 13.11.2015 № 398-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
42-бап. Білім беру ұйымдарын құру, қайта ұйымдастыру және тарату
1. Білім беру ұйымдарын құру, қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
2. Білім беру ұйымы білім беру қызметімен айналысуға лицензиясынан айырылған немесе таратылған жағдайда оның құрылтайшысы (құрылтайшылары) білім алушыларды оқуын жалғастыру үшін басқа білім беру ұйымдарына ауыстыруға шаралар қолданады.
Ескерту. 42-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 13.11.2015 № 398-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
43-бап. Білім беру ұйымдарының құзыреті
1. Білім беру ұйымдары Қазақстан Республикасының заңнамасында, тиісті үлгідегі білім беру ұйымдарының қызметі туралы үлгілік ережелер мен білім беру ұйымдарының жарғыларында белгіленген шектерде оқу-тәрбие процесін жүзеге асыруда, кадрларды іріктеу мен орналастыруда ғылыми, қаржы-шаруашылық және өзге де қызметте дербес болады.
2. Білім беру ұйымдары өз қызметін жария түрде жүзеге асырады, жұртшылықты оқу, ғылыми-зерттеу және қаржы қызметі туралы хабардар етеді.
3. Білім беру ұйымдарының құзыретіне мынадай функциялар:
1) ішкі тәртіп ережелерін әзірлеу және бекіту;
2) жұмыс оқу жоспарлары мен жұмыс оқу бағдарламаларын әзiрлеу және бекiту;
2-1) қысқартылған оқыту мерзімімен білім беру бағдарламаларын әзірлеу және бекіту;
2-2) ата-аналарды және өзге де заңды өкілдерді, білім алушылар мен тәрбиеленушілерді жыл сайын ағымдағы оқу жылының соңына дейін:
алдағы оқу жылында пайдалануға ұсынылатын оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерінің, құралдары мен қосымша әдебиеттердің, оның ішінде электрондық жеткізгіштегілерінің тізбесі туралы;
алдағы оқу жылында пайдаланылатын оқу материалдарының тізбесі туралы хабардар ету;
3) егер осы Заңда және қабылдаудың Үлгілік ережесінде өзгеше көзделмесе бiлiм беру қызметiмен айналысуға берілген лицензияға сәйкес білім алушылардың, тәрбиеленушілердің контингентін қалыптастыру;
4) оқытудың жаңа технологияларын, оның ішінде оқытудың кредиттік технологиясын және қашықтықтан білім беру технологияларын енгізу;
5) ұлттық бірыңғай тестілеу мен жұмысшы кадрлардың және орта буын мамандарының мамандықтары бойынша біліктілікті беруді қоспағанда, білім алушылардың үлгерімін ағымдық бақылауды, аралық және қорытынды аттестатталуын жүргізу;
6) өз қаржы қаражаттары шектерінде мемлекеттік білім беру ұйымдарындағы қызметкерлерге Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен лауазымдық айлықақылар (ставкалар), қосымша ақылар, үстеме ақылар және өзге де ынталандыратын төлемдер белгілеу;
7) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен кадрлардың біліктілігін арттыруды және оларды қайта даярлауды қамтамасыз ету;
8) білім беру ұйымдарын материалдық-техникалық қамтамасыз ету, жарақтандыру мен жабдықтау;
9) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ақылы негізде тауарларды (жұмыстарды, қызметтер көрсетуді) ұсыну;
10) жарғылық қызметті жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қосымша қаржылық және материалдық қаражат көздерін тарту;
11) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органмен және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік органмен келісу бойынша білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен білім алушыларды тамақпен қамтамасыз ету;
11-1) интернаттық ұйымдарға жатпайтын орта білім беру ұйымдарын қоспағанда, білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне медициналық қызмет көрсетуді қамтамасыз ету;
11-2) білім алушылар мен тәрбиеленушілердің денсаулығын сақтау мен нығайтуды қамтамасыз ету;
12) білім алушылардың, тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген қосымша жеңілдіктер материалдық қамсыздандыру түрлерінің уақтылы берілуін қамтамасыз ету;
13) білім алушылар мен тәрбиеленушілерді асырау және олардың тіршілік ету жағдайларының белгіленген нормалардан төмен болмауын қамтамасыз ету;
14) қоғамдық өзін-өзі басқару органдарының, қоғамдық бірлестіктердің қызметіне жәрдемдесу;
15) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қаржылық есептілікті табыс ету;
16) алып тасталды - ҚР 2011.10.24 № 487-ІV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен;
17) жоғары оқу орындарында білім алушыларға "бакалавр" және "магистр" дәрежелерін беру;
18) кадрларды кәсіптік даярлаудың қазіргі заманғы нысандарын енгізу жатады.
4. Алып тасталды - ҚР 13.11.2015 № 398-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
5. Алып тасталды - ҚР 13.11.2015 № 398-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
6. Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен құрылған оқыту-сауықтыру білім беру ұйымдары:
1) жалпы білім беретін оқу және білім беру бағдарламаларын іске асырады;
2) балалардың, оның ішінде өздеріне Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес атаулы әлеуметтік көмек көрсетілетін балалардың сауықтырылуын, демалысын ұйымдастыру жөніндегі шаралар кешенін жүзеге асырады;
3) балалардың сауықтырылуы, демалысы уақытында жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын меңгеруіне жағдайлар жасайды;
4) білім алушыларға медициналық қызмет көрсетілуін қамтамасыз етеді;
5) зияткерлік және имандылық дамуды қамтамасыз ететін инновациялық педагогикалық әдістер мен технологияларды әзірлейді;
6) оқулықтарды, оқу-әдістемелік кешендерді, ғылыми-әдістемелік құралдар мен ұсынымдарды, оның ішінде олардың электрондық түрдегілерін, сондай-ақ имандылық-рухани даму саласындағы мерзімді және сериялы басылымдарды әзірлейді және басып шығарады;
7) имандылық-рухани даму саласында педагог жұмыскерлерді қайта даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды жүзеге асырады;
8) имандылық-рухани даму мәселелері бойынша ғылыми зерттеулер жүргізеді.
Ескерту. 43-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.10.24 № 487-ІV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2012.02.13 N 553-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 21.05.2013 № 93-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 13.11.2015 № 398-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 22.12.2016 № 29-VІ (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі); 30.06.2017 № 80-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
44-бап. Білім беру ұйымдарын басқару
1. Білім беру ұйымдарын басқару Қазақстан Республикасының заңнамасына, тиісті үлгідегі білім беру ұйымы қызметінің үлгілік ережелері мен білім беру ұйымының жарғысына сәйкес жеке-дара басқару және алқалылық принциптерімен жүзеге асырылады.
2. Білім беру ұйымын тікелей басқаруды оның басшысы жүзеге асырады.
3. Лауазымға тағайындау және лауазымнан босату тәртібін Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын жекелеген мемлекеттік жоғары оқу орындарының бірінші басшыларын қоспағанда, білім беру ұйымының басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.
Бірінші басшыларын Қазақстан Республикасының Президенті лауазымға тағайындайтын және лауазымнан босататын мемлекеттік жоғары оқу орындарының тізбесін Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді.
Мектепке дейінгі, орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын және қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын, мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы мемлекеттік білім беру ұйымының басшысы лауазымға конкурстық негізде тағайындалады.
4. Алып тасталды - ҚР 2011.10.24 № 487-ІV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
5. Мемлекеттік білім беру ұйымының басшысы үш жылда бір рет Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен аттестаттаудан өтеді.
Қазақстан Республикасының Президенті лауазымға тағайындайтын және лауазымнан босататын жекелеген мемлекеттік жоғары оқу орындарының бірінші басшыларының аттестаттаудан өту тәртібін Қазақстан Республикасының Президенті айқындайды.
6. Мемлекеттік білім беру ұйымының (медициналық және фармацевтік білім беру ұйымдарынан басқа) басшысы мемлекеттік басқару органымен келісім бойынша бас бухгалтерді лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады.
7. Мемлекеттік білім беру ұйымдарының басшыларына өздерінің лауазымдарын білім беру ұйымдары ішіндегі немесе одан тыс жерлердегі басқа да басшылық (ғылыми және ғылыми-әдістемелік басшылықтан басқа) лауазымдармен қоса атқаруға тыйым салынады.
8. Мемлекеттік білім беру ұйымдары басшыларының лауазымдық міндеттерін қоса атқаруға болмайды.
9. Білім беру ұйымдарында алқалы басқару органдары құрылады.
Білім беру ұйымын алқалы басқарудың нысандары, оларды сайлау тәртібімен қоса, жұмысты ұйымдастырудың үлгілік ережелерін білім беру саласындағы уәкілетті орган бекітетін білім беру ұйымының кеңесі (ғылыми кеңес), қамқоршылық кеңеспедагогтікәдістемелік (оқу-әдістемелік, ғылыми әдістемелік), кеңестер және басқа да нысандар бола алады.
9-1. Мемлекеттік техникалық және кәсіптік білім беру ұйымының алқалы басқару органының құрамына Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілі келісу бойынша кіреді.
10. Осы бап қадағалау кеңесі бар шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған білім беру ұйымдарына "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген ережелерге қайшы келмейтін бөлігінде қолданылады.
Ескерту. 44-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.03.01 N 414-IV (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.10.24 № 487-ІV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 04.07.2013 № 130-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 21.07.2015 № 337-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 13.11.2015 № 398-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
45-бап. Еңбек қатынастары және білім беру ұйымы басшысының жауапкершілігі
1. Қызметкер мен білім беру ұйымының еңбек қатынастары Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасымен реттеледі.
Жоғары оқу орындарындағы ғылыми-педагогтік қызметкерлердің (профессорлық-оқытушылық құрамның, ғылыми қызметкерлердің) лауазымдарға орналасуы конкурстық негізде жүзеге асырылады.
2. Әскери, арнаулы оқу орындарының басшылары мен профессор-оқытушылар құрамын лауазымға тағайындау тәртібін және олардың еңбек жағдайларын тиісінше Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі, Қазақстан Республикасының прокуратура органдары, Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі айқындайды.
3. Білім беру ұйымының басшысы Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен:
1) білім беру ұйымы білім алушыларының, тәрбиеленушілерінің, қызметкерлерінің құқықтары мен бостандықтарын бұзғаны;
2) өзінің құзыретіне жатқызылған функцияларды орындамағаны;
3) мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының талаптарын бұзғаны;
4) білім беру ұйымы білім алушыларының және тәрбиеленушілерінің, қызметкерлерінің оқу-тәрбие процесі кезіндегі өмірі мен денсаулығы;
5) қаржы-шаруашылық қызметтің жай-күйі, оның ішінде материалдық және ақша қаражаттарын нысаналы пайдаланбағаны;
6) нормативтік құқықтық актілерде және еңбек шартының талаптарында көзделген талаптарды өзге де бұзғаны үшін жауаптылықта болады.
Ескерту. 45-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 13.11.2015 № 398-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
45-1-бап. Кәсіптік білім беру саласындағы әлеуметтік әріптестік
1. Кәсіптік білім беру саласындағы әлеуметтік әріптестік білім беру жүйесінің қызметі нәтижелерін арттыруға, экономика салалары мен жұмыс берушілердің қажеттіліктерін ескере отырып кадрлар даярлығының деңгейіне қол жеткізуге, оқытудың өндіріспен байланысын, оның ішінде дуальды оқытуды енгізу арқылы нығайтуға, мемлекеттік-жекешелік әріптестік негізінде жұмыс берушілердің қаражатын қоса алғанда, қосымша қаржыландыру көздерін тартуға бағдарланған.
2. Кәсіптік білім беру саласындағы әріптестердің өзара іс-қимылдарының негізгі бағыттары:
1) жұмыс берушілердің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын, үлгілік оқу жоспарлары мен бағдарламаларын әзірлеуге қатысу;
2) кәсіпорындардың технологиялық базасын пайдалана отырып, білім алушылардың кәсіптік практикасын, арнайы пәндер бойынша оқытушылардың және мамандардың тағылымдамаларын ұйымдастыру;
2-1) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында білім алушылардың практикадан өту үшін ұйымдардың жұмыс орындарын ұсынуына жәрдемдесу;
3) мамандар даярлау және оларды жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу мәселелері бойынша тараптардың өзара іс-қимылдарын дамыту;
4) экономиканың тиісті салаларында кәсіптік қызмет тәжірибесі бар мамандарды оқыту процесіне тарту;
5) кәсіптік білім беру сапасын бақылауды ұйымдастыруға және түлектердің кәсіптік даярлығын бағалауға қатысу;
6) жұмыс берушілердің қаржылай қаражатын білім беру ұйымдарын дамытуға тарту болып табылады.
3. Әлеуметтік әріптестік:
1) республикалық деңгейде;
2) өңірлік (облыстық, қалалық, аудандық) деңгейде комиссиялар құру арқылы тараптардың өзара іс-қимылы жолымен жүзеге асырылады.
4. Кәсіптік және техникалық білім беру саласындағы әлеуметтік әріптестік жөніндегі комиссиялардың үлгі ережесі мен қызметінің тәртібін білім беру саласындағы уәкілетті орган бекітеді.
Ескерту. 6-тарау 45-1-баппен толықтырылды - ҚР 2011.10.24 № 487-ІV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен; өзгерістер енгізілді - ҚР 04.07.2013 № 130-V(алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 13.11.2015 № 398-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
46-бап. Білім беру жүйесіндегі бірлестіктер
Білім беру жүйесіндегі білім беру қызметі субъектілерінің мүдделерін олардың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған және әрекет ететін бірлестіктері білдіре алады.
47-бап. Білім алушылар мен тәрбиеленушілердің құқықтары, міндеттері мен жауапкершілігі
1. Қазақстан Республикасы азаматтарының, Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың қабылдау талаптарына сәйкес білім беру ұйымдарын және білім алу нысандарын таңдауға құқығы бар.
2. Білім алатын адамдар білім алушылар немесе тәрбиеленушілер болып табылады.
Бiлiм алушыларға оқушылар, кадеттер, курсанттар, тыңдаушылар, студенттер, магистранттар, интерндер, резидентура тыңдаушылары және докторанттар жатады.
Тәрбиеленушілерге мектепке дейінгі, интернаттық ұйымдарда білім алушы және тәрбиеленуші адамдар жатады.
3. Білім алушылар мен тәрбиеленушілердің:
1) мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес сапалы білім алуға;
2) білім беру ұйымы кеңесінің шешімі бойынша жалпыға міндетті мемлекеттік білім беру стандарттары шеңберінде жеке оқу жоспарлары, қысқартылған білім беру бағдарламалары бойынша оқуға;
3) оқу жоспарларына сәйкес баламалы курстарды таңдауға;
4) өзінің бейімділігі мен қажеттеріне қарай қосымша білім беру қызметтерін, білімдерді ақылы негізде алуға;
5) білім беру ұйымдарын басқаруға қатысуға;
6) қайта қабылдануға және бір оқу орнынан басқасына, бір мамандықтан басқасына, ақылы негізден мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқуға немесе оқудың бір нысанынан басқасына ауысуға;
7) білім беру ұйымдарында, оның ішінде мүгедектер, мүмкіндіктері шектеулі балалар үшін қолжетімді нысанда ақпараттық ресурстарды тегін пайдалануға, оқулықтармен, оқу-әдістемелік кешендермен және оқу-әдістемелік құралдармен, оның ішінде мүгедектер, мүмкіндіктері шектеулі балалар үшін дайындалған оқулықтармен, оқу-әдістемелік кешендермен және оқу-әдістемелік құралдармен қамтамасыз етілуге;
8) спорт, оқу, акт залдарын, компьютерлік сыныптарын және кітапхананы тегін пайдалануға;
9) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес халықты жұмыспен қамту саласындағы жағдай туралы ақпарат алуға;
10) өзінің пікірі мен сенімін еркін білдіруге;
11) өзінің адамдық қадір-қасиетінің құрметтелуіне;
12) оқудағы, ғылыми және шығармашылық қызметтегі табыстары үшін көтермеленуге және сыйақы алуға құқығы бар.
4. Ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, барлық білім беру ұйымдарының күндізгі оқу нысаны бойынша білім алушылары мен тәрбиеленушілерінің:
1) жергілікті өкілді органдардың шешімі бойынша қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жол жүруге;
2) оқудан бос уақытта оқуды жұмыспен ұштастыруға;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әскери қызметке шақырылу мерзімін кейінге қалдыруға құқығы бар.
5. Медициналық айғақтар бойынша және өзге де ерекше жағдайларды білім алушыға академиялық демалыс берілуі мүмкін.
6. Білім беру ұйымдарын бітірген азаматтар келесі деңгейдегі білім беру ұйымына түсу кезінде бірдей құқықтарға ие болады.
6-1. Алып тасталды - ҚР 09.04.2016 № 501-V Заңымен (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі).
6-2. Алып тасталды - ҚР 09.04.2016 № 501-V Заңымен (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі).
7. Білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысаны бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша білім алушы (кәсіптік лицейлердің оқушыларынан басқа) студенттерге, интерндерге, магистранттарға, докторанттарға, резидентура тыңдаушыларына, жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдерінің тыңдаушыларына мемлекеттік стипендия төленуі мүмкін. Мемлекеттік стипендияны тағайындау және төлеу қағидаларын, сондай-ақ оның мөлшерін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
Мемлекеттiк атаулы стипендия жоғары оқу орындарының неғұрлым дарынды магистранттарына және Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының күндiзгi оқу нысаны бойынша бiлiм алушыларына жоғары оқу орындары ғылыми кеңестерiнiң шешiмдерi негiзiнде төленеді.
Көзі көрмейтін мүгедектердің және құлағы естімейтін мүгедектердің, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған және қорғаншылыққа (қамқорлыққа) алынған балалардың, сондай-ақ кезекті аралық аттестаттаудың нәтижелері бойынша "үздік" деген бағаға ғана оқитын студенттер мен магистранттардың мөлшерін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын жоғары мемлекеттік стипендия алуға құқығы бар.
Жеке және заңды тұлғалар тағайындайтын атаулы стипендиялар техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында оқытудың күндізгі нысаны бойынша білім алушыларға тағайындалады.
Атаулы стипендиялардың мөлшерін және оларды төлеу тәртібін оларды тағайындаған органдар мен тұлғалар айқындайды.
8. Алып тасталды - ҚР 2011.10.24 № 487-ІV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
9. Мемлекеттік білім беру тапсырысына сәйкес оқуға қабылданған білім алушыларды білім беру ұйымдары білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындаған тәртіппен жатақханалардағы орындармен қамтамасыз етеді.
10. Білім алушылар мен тәрбиеленушілерді оқу процесінен алаңдатуға жол берілмейді.
11. Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында білім алушы және (немесе) тәрбиеленуші жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар толық мемлекет қамқорлығында ұсталады.
12. Білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа да жеңілдіктер беріледі.
13. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім беретін ұйымдарда мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде білім алушылардың қысқы және жазғы каникул кезінде қалааралық теміржол және автомобиль (таксиден басқа) көлігінде жеңілдікпен жол жүруге құқығы бар.
14. Білім алушылар мен тәрбиеленушілер мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының талаптарына сәйкес білімді, шеберлікті, практикалық дағдылар мен біліктілікті меңгеруге, ішкі тәртіп ережелерін сақтауға, білім беру ұйымының жарғысында және білім беру қызметтерін көрсету туралы шартта көзделген басқа да талаптарды орындауға міндетті.
15. Білім алушылар мен тәрбиеленушілер өздерінің денсаулығы үшін қам жеуге, рухани және тән саулығын өздігінен жетілдіруге ұмтылуға міндетті.
15-1. Орта білім беру ұйымдарында білім алушылар білім беру саласындағы уәкілетті орган белгілеген, міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды сақтауға міндетті.
Өзге білім беру ұйымдарында білім алушылар білім беру ұйымында белгіленген киім формасын сақтауға міндетті.
16. Білім алушылар мен тәрбиеленушілер педагог қызметкердің ар-намысы мен қадір-қасиетін, өздері білім алатын оқу орнының дәстүрлерін құрметтеуге міндетті.
17. Осы Заңның 26-бабы 8-тармағының 3) тармақшасында белгiленген квота шегiнде педагогтік, медициналық және ветеринарлық мамандықтар бойынша оқуға түскен ауыл жастары қатарынан шыққан азаматтар жоғары оқу орнын бітіргеннен кейiн тиісінше мемлекеттік бiлiм беру ұйымдарында, мемлекеттік медицина ұйымдарында, ветеринария саласында қызметін жүзеге асыратын мемлекеттік органдар бөлімшелерінде не ауылдық жерде орналасқан мемлекеттік ветеринария ұйымдарында кемiнде үш жыл жұмысты өтеуге мiндеттi.
Мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде педагогикалық және медициналық мамандықтарға оқуға түскен Қазақстан Республикасының азаматтары жоғары оқу орнын бітіргеннен кейін кемінде үш жыл мемлекеттік білім беру ұйымдарында және мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарында жұмыспен өтеуге міндетті.
Мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде басқа мамандықтар бойынша білім алған Қазақстан Республикасының азаматтары Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен кемінде үш жыл жұмыспен өтеуге міндетті.
Мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде философия докторлары (РhD) бағдарламасы бойынша докторантураға оқуға түскен азаматтар оқуын бітіргеннен кейін жоғары оқу орындарында немесе ғылыми ұйымдарда кемінде үш жыл жұмысты өтеуге міндетті.
Осы тармақта аталған адамдардың жұмысты өтеу жөніндегі өз міндеттерін орындауына немесе жұмысты өтемеген жағдайда бюджет қаражатының шығыстарын өтеуіне мониторингті және олардың сақталуына бақылауды қамтамасыз ету білім беру саласындағы уәкілетті орган сенім білдірген агентке жүктеледі.
Осы Заңның 26-бабы 8-тармағының 6) тармақшасында белгіленген квота шегінде педагогикалық, техникалық және ауыл шаруашылығы мамандықтары бойынша оқуға түскен ауыл жастары арасынан шыққан Қазақстан Республикасының азаматтары жоғары оқу орнын аяқтағаннан кейін оқытқан жері бойынша өңірде кемінде үш жыл жұмыспен өтеуге міндетті.
17-1. Мемлекеттік білім беру ұйымдарына және мемлекеттік медицина ұйымдарына жұмысқа бірінші кезекте бөліну құқығына мыналар ие:
1) жұбайы (зайыбы) бос орынды ұсынған елді мекенде тұратын, жұмыс істейтін немесе қызметін өткеретін адамдар;
2) ата-анасының біреуі немесе екеуі де мүгедек болып табылатын адамдар, сондай-ақ бос орынды ұсынған елді мекенде тұрақты тұратын, қорғаншылар және қамқоршылар болып табылатын адамдар.
17-2. Осы баптың 17-тармағында көзделген жұмысты өтеу жөніндегі міндеттен босату жас мамандарды жеке-жеке бөлу жөніндегі комиссияның шешімімен мынадай санаттағы жас мамандарға:
1) жұбайы (зайыбы) тұратын, жұмыс істейтін немесе қызметін өткеретін елді мекенде бос орын болмаған жағдайдағы адамдарға;
2) І және ІІ топтағы мүгедектерге;
3) одан әрі оқу үшін магистратураға, резидентураға, докторантураға түскен адамдарға;
4) жүкті әйелдерге, үш жасқа дейінгі баласы (балалары) бар, сондай-ақ үш жасқа дейінгі баланы (балаларды) өзі тәрбиелеп жатқан адамдарға беріледі.
17-3. Оқумен байланысты бюджет қаражаты есебінен шыққан шығыстар өтелместен, осы баптың 17-тармағында көзделген жұмысты өтеу жөніндегі міндеттің тоқтатылуы:
1) жұмысты өтеу жөніндегі міндеттің орындалуына байланысты;
2) тиісті құжатпен расталатын білім алушының (жас маманның) қайтыс болуына байланысты;
3) жұмысты өтеу мерзімі ішінде І және ІІ топтағы мүгедектік белгіленген жағдайда;
4) осы баптың 17-2-тармағында көзделген жағдайларда жұмысты өтеу жөніндегі міндеттен босатылуына байланысты басталады.
17-4. Осы баптың 17-2-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, осы баптың 17-тармағында көзделген жұмысты өтеу жөніндегі міндетті орындамағаны үшін жас маман өзінің оқуына байланысты бюджет қаражаты есебінен шыққан шығыстарды өтеуге міндетті.
17-5. Жас мамандар осы баптың 17-тармағында көзделген жұмыспен өтеу жөніндегі міндетті орындамаған жағдайда, білім беру саласындағы уәкілетті органның сенім білдірілген агентінің бюджет қаражатының шығыстарын өтеу жөніндегі талабына талап қоюдың ескіруі қолданылмайды.
18. Білім алушылардың, тәрбиеленушілердің міндеттерін бұзғаны үшін оларға білім беру ұйымының ішкі тәртібінің ережелерімен және жарғысымен көзделген тәртіптік ықпал ету шаралары не білім беру қызметтерін көрсету туралы шартта көзделген өзге де шаралар қолданылуы мүмкін.
Ескерту. 47-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.01.19 № 395-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 2011.10.24 № 487-ІV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 2012.01.09 № 535-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 21.07.2015 № 337-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 13.11.2015 № 398-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 24.11.2015 № 421-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.12.2015 № 433-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 09.04.2016 № 501-V (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
48-бап. Білім алушылардың, тәрбиеленушілердің денсаулығын сақтау
1. Білім беру ұйымдарында білім алушылардың, тәрбиеленушілердің науқастануын болдырмау, денсаулығын нығайту, тән саулығын жетілдіру, салауатты өмір салтына қалыптастыру жөніндегі қажетті шаралардың орындалуы қамтамасыз етіледі.
2. Білім алушылардың, тәрбиеленушілердің оқу жүктемесі, сабақ режимі мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары, санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормалар, оқу жоспарлары мен денсаулық сақтау және білім беру органдарының ұсынымдары негізінде әзірленген білім беру ұйымдары бекітетін ережелермен айқындалады.
3. Денсаулық сақтау жүйесінің ұйымдары білім алушылардың, тәрбиеленушілердің денсаулық жағдайына үнемі бақылау жасауды, оларға медициналық қызмет көрсетуді жүзеге асырады. Білім беру ұйымдары медициналық пункттер үшін үй-жайлар ұсынады.
Білім алушылардың, тәрбиеленушілердің денсаулығын сақтауды қамтамасыз ету мақсатында білім беру ұйымдары білім алушыларға және тәрбиеленушілерге медициналық қызмет көрсетуді қамтамасыз ететін құрылымдық бөлімшелер құруға құқылы.
3-1. Интернаттық ұйымдарға жатпайтын орта білім беру ұйымдарының білім алушыларына медициналық қызмет көрсетуді алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсету ұйымдары денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен қағидаларға сәйкес қамтамасыз етеді.
4. Мектепке дейiнгi және орта білім беру ұйымдарының, техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi бiлiмнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының педагог жұмыскерлерi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен жыл сайын тегiн медициналық зерттеп-қараудан өтуге мiндеттi.
5. Білім беру ұйымдарындағы сабақ кестесінде білім алушылар мен тәрбиеленушілердің тамақтануы және белсенді тынығуы үшін ұзақтығы жеткілікті үзіліс жасалуы көзделуге тиіс.
Білім беру ұйымдарында білім алушылардың тамақтануын ұйымдастыру үшін жағдай жасалады. Тамақ сапасын бақылау денсаулық сақтау органдарына жүктеледі.
6. Білім беру ұйымдарында оқытудың, тәрбиелеудің, еңбек пен тынығудың салауатты және қауіпсіз жағдайларын жасау үшін жауапкершілік олардың басшыларына жүктеледі.
Ескерту. 48-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.10.24 № 487-ІV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 13.11.2015 № 398-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 22.12.2016 № 29-VІ (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
49-бап. Ата-аналардың және өзге де заңды өкілдердің құқықтары мен міндеттері
1. Кәмелетке толмаған балалардың ата-аналары мен өзге де заңды өкілдерінің:
1) баланың тілегін, жеке бейімділігі мен ерекшеліктерін ескере отырып білім беру ұйымын таңдауға;
2) ата-аналар комитеттері арқылы білім беру ұйымдарын басқару органдарының жұмысына қатысуға;
3) білім беру ұйымдарынан өз балаларының үлгеріміне, мінез-құлқына және оқу жағдайларына қатысты ақпарат алуға;
4) өз балаларын оқыту мен тәрбиелеу проблемалары жөнінде психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялардан консультациялық көмек алуға;
5) балаларының шарттық негізде қосымша қызмет көрсетулер алуына құқығы бар.
2. Ата-аналар мен өзге де заңды өкілдер:
1) балаларға өмірі мен оқуы үшін салауатты және қауіпсіз жағдайлар жасауға, олардың ой-өрісі мен дене күшін дамытуды, имандылық тұрғысынан қалыптасуын қамтамасыз етуге;
2) балаларды одан әрі жалпы білім беретін мектепке беруді айқындай отырып, мектеп алды даярлығын қамтамасыз етуге;
3) білім беру ұйымының жарғысында айқындалған қағидаларды орындауға;
4) балалардың оқу орнындағы сабаққа баруын қамтамасыз етуге;
5) білім беру ұйымы жұмыскерлерінің ар-намысы мен қадір-қасиетін құрметтеуге;
6) білім беру саласындағы уәкілетті орган белгілеген, міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды орындауға;
7) білім беру ұйымында белгіленген киім формасын сақтауға міндетті.
Ескерту. 49-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.10.24 № 487-ІV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 13.11.2015 № 398-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
7-тарау. ПЕДАГОГ ҚЫЗМЕТКЕРДІҢ МӘРТЕБЕСІ
50-бап. Педагог қызметкердің мәртебесі
1. Білім беру ұйымдарында, сондай-ақ білім беру бағдарламаларын іске асыратын басқа да ұйымдарда білім алушылар мен тәрбиеленушілерді оқытуға және тәрбиелеуге байланысты білім беру қызметімен айналысатын адамдар педагог қызметкерлерге жатады.
Мемлекеттік мекемелер мен қазыналық кәсіпорындардың ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған мемлекеттік білім беру ұйымдарының педагог жұмыскерлері (әскери, арнаулы оқу орындарының әскери немесе арнаулы атағы, сыныптық шені бар қызметкерлерін және әскери қызметшілерін қоспағанда) азаматтық қызметшілер болып табылады.
2. Мемлекет қоғамдағы педагог қызметкерлердің ерекше мәртебесін таниды және кәсіптік қызметін жүзеге асыруы үшін жағдайлар жасайды.
Ескерту. 50-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 13.11.2015 № 398-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2017 № 84-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
51-бап. Педагог қызметкердің құқықтары, міндеттері мен жауапкершілігі
1. Тиісті бейіні бойынша арнайы педагогтік немесе кәсіптік білімі бар адамдар педагогтік қызметпен айналысуға жіберіледі.
Білім беру ұйымдарындағы жұмысқа:
1) медициналық қарсы көрсетілімі бар;
2) психатриялық және (немесе) наркологиялық диспансерде есепте тұратын адамдар;
3) Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінде көзделген шектеулер негізінде жіберілмейді.
2. Педагог жұмыскердің:
1) кәсіби қызметіне арналған жағдаймен қамтамасыз етіле отырып, педагогтік қызметпен айналысуға;
2) ғылыми-зерттеу, тәжірибелік-эксперименттік жұмыспен айналысуға, педагогтік практикаға жаңа әдістемелер мен технологияларды енгізуге;
3) дара педагогтік қызметке;
4) тиісті білім беру деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының талаптары сақталған жағдайда педагогтік қызметті ұйымдастырудың тәсілдері мен нысандарын еркін таңдауға;
5) білім беру ұйымдарын басқарудың алқалы органдарының жұмысына қатысуға;
6) бес жылда бір реттен сиретпей, ұзақтығы төрт айдан аспайтын біліктілігін арттыруға;
7) санатын арттыру мақсатында мерзімінен бұрын аттестатталуға;
8) педагогтік қызметтегі табыстары үшін мемлекеттік наградалар, құрметті атақтар, сыйлықтар мен атаулы стипендиялар түрінде моральдық және материалдық көтермеленуге;
9) өзінің кәсіптік ар-намысы мен қадір-қасиетінің қорғалуына;
10) әскери қызметке шақырылу мерзімінің кейінге қалдырылуына;
11) ғылыми қызметпен айналысу үшін педагогтік өтілі сақтала отырып, шығармашылық демалыс алуға;
12) білім беру ұйымы әкімшілігінің бұйрықтары мен өкімдеріне шағым жасауға;
13) білім алушылар, тәрбиеленушілер және олардың ата-аналары немесе өзге де заңды өкілдері тарапынан өз ар-намысы мен қадір-қасиетінің құрметтелуіне құқығы бар.
3. Педагог жұмыскер:
1) өзінің кәсіптік құзыреті саласында тиісті теориялық және практикалық білімді және оқыту дағдыларын меңгеруге;
2) мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының талаптарына сәйкес ұсынылатын білім беру қызметтерінің сапасын қамтамасыз етуге;
3) білім алушыларды жоғары имандылық, ата-аналарына, этномәдени құндылықтарға құрмет көрсету, қоршаған дүниеге ұқыпты қарау рухында тәрбиелеуге;
4) білім алушылардың өмірлік дағдыларын, құзыретін, өздігінен жұмыс істеуін, шығармашылық қабілеттерін дамытуға;
5) өзінің кәсіптік шеберлігін, зияткерлік, шығармашылық және жалпы ғылыми деңгейін ұдайы жетілдіріп отыруға;
6) бес жылда бір реттен сиретпей аттестаттаудан өтуге;
7) педагогтік әдеп қағидаларын сақтауға;
8) білім алушылардың, тәрбиеленушілер мен олардың ата-аналарының немесе өзге де заңды өкілдерінің ар-намысы мен қадір-қасиетін құрметтеуге;
9) білім алушылар жасаған, оның ішінде білім алушыларға қатысты қылмыстық құқық бұзушылықтар фактілері туралы не өздеріне белгілі болған, білім беру ұйымдарынан тыс жерде болған осындай құқық бұзушылықтар жасау фактілері туралы құқық қорғау органдарына дереу хабарлауға;
10) өмірде қиын жағдайға тап болған баланы анықтағаннан бастап бір жұмыс күні ішінде кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, қадағалаусыз және панасыз қалудың профилактикасы жүйесі органдарына хабарлауға міндетті.
Міндеттерін бұзғаны және педагог жұмыскер атағына кір келтіретін теріс қылық жасағаны үшін педагог жұмыскер Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа тартылуы мүмкін.
4. Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, педагог жұмыскерлерді өздерінің кәсіптік міндеттерін орындаумен байланысы жоқ жұмыс түрлеріне тартуға жол берілмейді.
5. Педагог жұмыскерлердің білім беру процесін саяси үгіттеу, діни насихат жүргізу мақсатында немесе білім алушыларды Қазақстан Республикасының Конституциясына және Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келетін әрекеттерге итермелеу үшін пайдалануына тыйым салынады.
Ескерту. 51-бап жаңа редакцияда - ҚР 13.11.2015 № 398-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 09.04.2016 № 501-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
52-бап. Білім беру ұйымдары қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеу жүйесі
1. Мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеу жүйесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен айқындалады.
Жеке меншік білім беру ұйымдары қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеуді Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес олардың құрылтайшылары немесе оған уәкілетті адам айқындайды.
2. Бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлеріне жалақыны есептеу ережесін еңбек саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша білім беру саласындағы уәкілетті орган бекітеді.
3. Білім беретін мемлекеттік мекемелер мен қазыналық кәсіпорындардың педагог қызметкерлерінің лауазымдық айлықақысы, қосымша ақылар мен үстеме ақылар, сондай-ақ ынталандыру сипатындағы басқа да төлемдер Қазақстан Республикасының заңнамасымен айқындалады.
4. Білім беру ұйымдарының қызметкерлеріне ауылдық жерде жұмыс істегені үшін, сынып жетекшілігі үшін, дәптерді, жазу жұмыстарын тексергені үшін, оқу кабинеттеріне меңгерушілік еткені, пәндерді тереңдетіп оқытқаны үшін, эксперимент режимінде жұмыс істегені үшін, мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс істегені үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қосымша ақы және басқа да төлемдер төлеу жүргізіледі.
5. Ерекше мәртебесі бар мемлекеттік жоғары оқу орындарының профессор-оқытушылар құрамы мен басшы қызметкерлерінің лауазымдық айлықақысы арттырылып отыратын коэффициентті ескере отырып айқындалады.
6. Мемлекеттік білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлеріне тиісті дипломы бар болған кезде негізгі жұмыс орны бойынша:
философия докторы (РhD) және бейіні бойынша доктор дәрежесі үшін бір айлық ең төменгі жалақы мөлшерінде;
ғылым кандидаты дәрежесі үшін бір айлық ең төменгі жалақы және ғылым докторы дәрежесі үшін екі айлық ең төменгі жалақы мөлшерінде қосымша ақы белгіленеді.
7. Мемлекеттік білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие процесін тікелей жүзеге асыратын педагог қызметкерлерге айлық жалақыны есептеу үшін аптасына нормативтік оқу жүктемесі:
1) 18 сағат:
орта білім беру ұйымдары және техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi бiлiмнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары үшiн;
білім алушылар мен тәрбиеленушілерге қосымша білім беру ұйымдары үшін;
мамандандырылған және арнайы білім беру ұйымдары үшін;
2) 24 сағат:
мектепке дейінгі ұйымдар және мектепке дейінгі тәрбие берудің мектепалды топтары және білім беру ұйымдарының мектеп алды сыныптары үшін;
балалар мен жасөспірімдердің спорттық білім беру ұйымдары үшін;
3) 30 сағат интернаттық ұйымдардың, демалыс лагерьлерінің, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары жатақханаларының тәрбиешілері үшін;
4) 25 сағат арнайы білім беру ұйымдары және жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарының тәрбиелеушілері үшін белгіленеді.
Нормативтік оқу жүктемесі белгіленбеген білім беру ұйымдары қызметкерлерінің жұмыс уақытының ұзақтығы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес белгіленеді.
Жоғары оқу орындары профессор-оқытушылар құрамының жылдық оқу жүктемесі жұмыс уақытының жылдық нормасының шегінде белгіленеді және ғылыми кеңестің шешімі негізінде жоғары оқу орнының басшысы бекітеді.
8. Мемлекеттік білім беру тапсырысын айқындау кезінде жоғары оқу орындары профессор-оқытушылар құрамының жалпы саны мынадай орташа арақатынасты негізге ала отырып есептеледі:
1) студенттер мен оқытушылар (бір оқытушыға шаққандағы студенттердің орташа саны) тиісінше:
күндізгі оқу нысаны үшін - 8:1 (медициналық жоғары оқу орындары үшін - 6:1);
кешкі оқу нысаны үшін - 16:1;
сырттай оқу нысаны үшін - 32:1;
2) магистранттар және оқытушылар - 4:1;
3) докторанттар және оқытушылар - 3:1;
4) резиденттер мен оқытушылар 2,5:1;
5) тыңдаушылар 6:1. 
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген нормалар әскери, арнаулы оқу орындарына қолданылмайды.
Ескерту. 52-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.10.24 № 487-ІV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 13.11.2015 № 398-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
 
53-бап. Әлеуметтік кепілдіктер
1. Педагог қызметкерлер мынадай:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тұрғын үй, оның ішінде қызметтік үй және (немесе) жатақхана;
2) орта білім беру ұйымдары мен техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері мен оларға теңестірілген адамдар үшін ұзақтығы күнтізбелік 56 күн; оқу-әдістемелік қызметкерлері қамтамасыз ету, мектепке дейінгі және қосымша білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері мен оларға теңестірілген адамдар үшін - күнтізбелік 42 күн ақы төленетін жыл сайынғы демалыс алудың әлеуметтік кепілдіктерін иеленеді.
2. Ауылдық жерде жұмыс істейтін білім берудің педагог қызметкерлері жергілікті өкілді органдардың шешімі бойынша:
1) қала жағдайында педагогтік қызметпен айналысатын педагог қызметкерлердің ставкаларымен салыстырғанда айлықақылар мен тарифтік ставкалар кемінде жиырма бес процентке арттырылып белгіленеді;
2) коммуналдық қызмет көрсетулерге шығыстарды жабуға және тұрғын үй-жайларды жылыту үшін отын сатып алуға жергілікті өкілді органдардың шешімі бойынша белгіленетін мөлшерде бюджет қаражаты есебінен біржолғы ақшалай өтемақы төленеді;
3) (алынып тасталды - ҚР 2008.12.24. N 111-IV (2009.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен).
2-1. Ауылдық жерде жұмыс істейтін білім беру саласының педагог қызметкерлеріне Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген қосымша әлеуметтік қолдау шаралары ұсынылады.
2-2. Ауылдық жерде жұмыс істейтін, жеке меншігінде малы бар білім беру саласының педагог қызметкерлеріне жергілікті өкілді және атқарушы органдардың шешімі бойынша жемшөп, мал жаю және шөп шабу үшін жер учаскелері беріледі.
3. Білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлеріне жыл сайын тиісті бюджет қаражаты есебінен:
1) оларға кезекті еңбек демалысын беру кезінде мемлекеттік білім беру ұйымдарында Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңнамасымен айқындалған мөлшерде күнтізбелік жылда бір рет сауықтыруға жәрдемақы;
2) "Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы" атағын иеленушіге жұмсау бағытын Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын айлық есептік көрсеткіштің 2000 еселенген мөлшерінде мемлекеттік грант;
3) "Үздік педагог" атағын иеленушіге айлық есептік көрсеткіштің 1000 еселенген мөлшерінде сыйақы төленеді.
Ескерту. 53-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2008.12.24 N 111-IV (2009.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.10.24 № 487-ІV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 13.11.2015 № 398-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
8-тарау. БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ
54-бап. Білім беру саласындағы мемлекеттік реттеудің мақсаты мен нысандары
1. Білім беру саласындағы мемлекеттік реттеу білім алуға конституциялық құқықтарды іске асыруды қамтамасыз ететін жағдайларды жасауға және білім беру ұйымдары ұсынатын білім беру қызметтерін көрсетудің жоғары сапасын қамтамасыз етуге бағытталған.
2. Білім беру саласындағы мемлекеттік реттеу құқықтық қамтамасыз ету, білім сапасын басқару, стандарттау, бақылау жүргізу арқылы жүзеге асырылады.
55-бап. Білім беру сапасын басқару
1. Білім беру сапасын басқару білім беру саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асыруға бағытталған және білім сапасын бағалаудың бірыңғай ұлттық жүйесін құрайтын мемлекеттік және институционалдық құрылымдарын, білім беруді қаржыландыруға бөлінетін қаражатты пайдалану ұтымдылығын және білім беру жүйесі жұмыс істеуінің тұтастай тиімділігін қамтиды.
2. Білім беру сапасын басқару білім беру мониторингінің нәтижелері, негізінде барлық деңгейлерде басқарушылық шешімдерді қабылдау арқылы жүзеге асырылады.
3. Бiлiм беру мониторингi бiлiм беру жүйесінің сапасын сырттай және iшкi бағалау үшін статистикалық және талдамалық бағалау көрсеткіштерінің кешені көмегімен жүзеге асырылады.
4. Оқу жетістіктерін сырттай бағалау білім беру ұйымына тәуелсіз, оқыту сапасына мониторинг түрлерінің бірі болып табылады.
Оқу жетістіктерін сырттай бағалау білім беру қызметтерінің сапасын бағалау және білім алушылардың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарда көзделген, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын және жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын меңгеру деңгейін айқындау мақсатында жүзеге асырылады.
5. Оқу жетістіктерін сырттай бағалау, жоғары медициналық және фармацевтикалық білім беру мамандықтарын қоспағанда, орта және жоғары білім беру ұйымдарында:
1) бастауыш мектепте – оқу жетістіктерін мониторингтеу мақсатында іріктеліп; 
2) негізгі мектепте – оқу жетістіктерін мониторингтеу және оқу процесін ұйымдастырудың тиімділігін бағалау мақсатында іріктеліп;
3) жалпы орта мектепте – оқу жетістіктерінің деңгейін бағалау мақсатында;
4) жоғары білім беруде – оқыту бағыттары бойынша оқу бағдарламасын игеруді мониторингтеу мақсатында іріктеліп жүргізіледі.
6. Оқу жетістіктеріне сырттай бағалау жүргізілетін орта білім беру ұйымдарының және жоғары білімді мамандықтардың тізбесін білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындайды.
7. Білім беру қызметтерінің сапасына сырттай бағалау жүргізу жөніндегі іс-шаралар кешенін жүзеге асыратын ұйым:
1) жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына түсетін адамдар үшін кешенді тест тапсырмаларын әзірлейді және енгізеді;
2) оқу процесінің сапасын бақылау технологияларын, білім беру ұйымдарында білім алушылар контингентін конкурстық жолмен қалыптастыру модельдерін әзірлейді және енгізеді;
3) білім беру сапасын өлшеуді тестілеудің теориясы мен әдіснамасы және оның мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары талаптарына сәйкестігі бойынша ғылыми-әдістемелік зерттеулер жүргізеді.
Ескерту. 55-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.10.24 № 487-ІV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 13.11.2015 № 398-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
 
56-бап. Білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары
1. Қазақстан Республикасында әрбір білім беру деңгейі бойынша:
1) білімнің мазмұнына;
2) білім алушылар мен тәрбиеленушілердің оқу жүктемесінің ең көп көлеміне;
3) білім алушылардың даярлық деңгейіне;
4) оқу мерзіміне қойылатын жалпы талаптардың жиынтығын айқындайтын білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары белгіленеді.
2. Тиісті білім беру деңгейлерінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары, үлгілері мен түрлеріне қарамастан, барлық білім беру ұйымдары үшін міндетті.
3. Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары инклюзивті білім беру ескеріле отырып әзірленеді.
Ескерту. 56-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 13.11.2015 № 398-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.12.2015 № 433-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
 
57-бап. Білім беру саласындағы қызметті лицензиялау
Ескерту. 57-баптың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 13.11.2015 № 398-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
1. Заңды тұлғалардың (бұдан әрі – лицензиат) білім беру қызметі Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес лицензиялануға жатады.
2. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын заңды тұлғалардың білім беру саласындағы қызметін лицензиялау техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру мамандықтарының сыныптауышына сәйкес біліктіліктер бойынша жүргізіледі.
Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын заңды тұлғалардың білім беру саласындағы қызметін лицензиялау жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру мамандықтарының сыныптауышына сәйкес мамандықтары бойынша жүргізіледі.
Бұл ретте, білім беру қызметімен айналысу лицензиясында және (немесе) лицензияның қосымшаларында мамандық немесе біліктілік бойынша шифр, атауы, оқу мерзімі көрсетіледі.
3. Лицензиар білім беру қызметімен айналысуға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру, білім беру ұйымының қайта ұйымдастырылуына байланысты білім беру қызметімен айналысуға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу мәселелерін алқалы және жария қарау үшін консультациялық-кеңесші орган құрады.
4. Халықаралық мектептер мәртебесі бар филиалдар арқылы білім беру қызметін жүзеге асыратын лицензиатты қоспағанда, білім беру қызметімен айналысуға лицензияның және (немесе) лицензия қосымшасының қолданысы лицензиаттың (заңды мекенжайына сәйкес) тіркелген орны бойынша әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде шектеледі.
4-1. Коммерциялық емес ұйымдардың халықаралық мектептер мәртебесі бар филиалдары лицензиялауға жататын білім беру қызметін осы коммерциялық емес ұйымға берілген лицензия және (немесе) лицензияға қосымша негізінде жүзеге асыруға құқылы.
5. Лицензиардың білім беру қызметімен білім беру қызметімен айналысуға лицензияның қолданысын Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген тәртіппен алты айға дейінгі мерзімге тоқтата тұруға құқығы бар.
Білім беру қызметімен айналысуға лицензияның қолданысы тоқтатыла тұрған кезеңде лицензиат оқу-тәрбие процесінің жалғастырылуын және білім беру қызметімен айналысуға лицензияның қолданысын тоқтата тұруға әкеп соқтырған бұзушылықтарды жоюды қамтамасыз етеді.
6. Білім беру ұйымы оның түрін өзгерту жолымен қайта ұйымдастырылған жағдайда, қайта ұйымдастыру нәтижесінде жаңадан пайда болған білім беру ұйымының білім беру қызметін лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігі расталған жағдайда, оның қолда бар білім беру қызметімен айналысуға лицензиясы және (немесе) лицензиясының қосымшасы қайта ресімделуге жатады.
Бюджет қаражаты есебiнен қаржыландырылатын бiлiм беру ұйымдары қайта ұйымдастырылған жағдайда, лицензиар қайта ұйымдастыру жүргізілгенге дейін қайта ұйымдастырылатын білім беру ұйымының білім беру қызметін лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігіне тексеру жүргізеді.
Қайта ұйымдастыру жүргізілгеннен кейін лицензиат білім беру қызметімен айналысуға лицензияны және (немесе) лицензияның қосымшасын қайта ресімдеуге өтініш береді, ал лицензиар өзі бұрын жүргізген, білім беру қызметін лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігін тексеру негізінде білім беру қызметімен айналысуға лицензияны және (немесе) лицензияның қосымшасын береді.
Білім беру қызметімен айналысуға лицензияны және (немесе) лицензияның қосымшасын қайта ресімдеу үшін лицензиат білім беру саласындағы уәкілетті орган бекітетін нысан бойынша өтінішті, лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжатты, сондай-ақ:
1) лицензияны және (немесе) оған қосымшаны қайта ресімдеуге негіз болған өзгерістер туралы ақпаратты қамтитын құжаттардың көшірмелерін;
2) білім беру қызметін лицензиялау кезінде қойылатын бiлiктiлiк талаптарына сәйкестігі туралы мәлiметтер мен құжаттарды береді.
Лицензиар осы тармақта көзделген негіз бойынша білім беру қызметімен айналысуға лицензияны және (немесе) лицензияның қосымшасын қайта ресімдеуден:
1) осы тармақтың төртінші бөлігінде көрсетілген құжаттар ұсынылмаған немесе тиісті түрде ресімделмеген;
2) өтініш беруші білім беру қызметін лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келмеген жағдайда, бас тартады.
Білім беру қызметімен айналысуға лицензия және (немесе) лицензияның қосымшасы тиісті құжаттармен қоса өтініш ұсынылған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде қайта ресімделеді.
Білім беру қызметімен айналысуға лицензия және (немесе) лицензияның қосымшасы қайта ресімделгенге дейін лицензиат қызметті қайта ресімделуге жататын лицензияның негізінде жүзеге асырады.
Ескерту. 57-бап жаңа редакцияда - ҚР 16.05.2014 № 203-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгерістер енгізілді - ҚР 21.07.2015 № 337-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 13.11.2015 № 398-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
57-1-бап. Мектепке дейiнгi тәрбие мен оқыту саласындағы қызметті жүзеге асырудың басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама
1. Мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытудың жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымының қызметі Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес хабарлама жасау тәртібімен жүзеге асырылады.
2. Мектепке дейiнгi тәрбие мен оқыту саласындағы қызметті жүзеге асырудың басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламаларды қабылдауды білім беру саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады.
Ескерту. 8-тарау 57-1-баппен толықтырылды - ҚР 16.05.2014 № 203-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР 13.11.2015 № 398-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
58-бап. Білім беру ұйымдарын аккредиттеу
Ескерту. 58-бап алып тасталды - ҚР 2011.10.24 № 487-ІV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
59-бап. Білім беру жүйесіндегі мемлекеттік бақылау
1. Бiлiм беру жүйесiндегi мемлекеттiк бақылау мемлекеттiң бiлiм алуға құқықты қамтамасыз етуіне және жалпы білім беретін оқу және білім беру бағдарламаларын iске асыратын заңды тұлғалардың, сондай-ақ заңды тұлға құрмай дара кәсіпкерлердің өздерi жүзеге асыратын бiлiм беру қызметiнiң Қазақстан Республикасының бiлiм беру саласындағы заңнамасының және Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасының талаптарына сәйкестігін сақтауға бағытталған және оны бiлiм саласындағы уәкiлеттi орган, жергiлiктi атқарушы органдар өз құзыретi шегiнде жүзеге асырады.
2. Білім беру жүйесіндегі мемлекеттік бақылау объектілері:
1) жалпы білім беретін оқу және білім беру бағдарламаларын іске асыратын заңды тұлғалардың білім беру қызметі;
2) білім алушылардың тиісті жалпы білім беретін оқу және білім беру бағдарламаларын меңгеру деңгейі болып табылады.
3. Мемлекеттік бақылаудың негізгі түрлері:
1) білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттау;
2) алып тасталды - ҚР 2011.10.24 № 487-ІV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен;
3) Қазақстан Республикасының білім туралы заңнамасының және білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарының сақталуын бақылау болып табылады.
4. Білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттауды, олардың ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, білім беруді мемлекеттік басқару органдары өздерінің құзыретіне сәйкес жоспарлы түрде бес жылда бір рет өткізеді.
РҚАО-ның ескертпесі!
4-тармақтың екінші бөлігі жаңа редакцияда көзделген - ҚР 13.11.2015 № 398-V Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).
РҚАО-ның ескертпесі!
4-тармақтың екінші бөлігінің бұл редакциясы 01.01.2017 бастап 01.01.2020 дейін қолданыста болады - ҚР 13.11.2015 № 398-V Заңымен.
Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің, сондай-ақ әскери, арнаулы оқу орындарында жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары үшін мемлекеттік аттестаттау мамандықтар бойынша да жүзеге асырылады.
РҚАО-ның ескертпесі!
4-тармақтың үшінші бөлігін алып тастау көзделген - ҚР 13.11.2015 № 398-V Заңымен (01.01.2020 бастап қолданыста болады).
РҚАО-ның ескертпесі!
4-тармақтың үшінші бөлігіне енгізілген өзгеріс 01.01.2020 дейін қолданыста болады - ҚР 13.11.2015 № 398-V Заңымен.
Аккредиттеу органдарының, аккредиттелген білім беру ұйымдары мен білім беру бағдарламаларының тізіліміне енгізілген аккредиттеу органдарында институционалдық және мамандандырылған аккредиттеуден өткен білім беру ұйымдары аккредиттеу мерзіміне, бірақ 5 жылдан аспайтын мерзімге аккредиттелген білім беру бағдарламалары (мамандықтар) бойынша мемлекеттік аттестаттау рәсімінен босатылады.
Медициналық және фармацевтік білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттауды денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады.
Бірінші мемлекеттік аттестаттау жаңадан құрылған:
1) бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында төрт жылдан кейін;
РҚАО-ның ескертпесі!
2) тармақша жаңа редакцияда көзделген - ҚР 13.11.2015 № 398-V Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).
РҚАО-ның ескертпесі!
2) тармақшаның бұл редакциясы  01.01.2017 бастап 01.01.2020 дейін қолданыста болады - ҚР 13.11.2015 № 398-V Заңымен.
2) әскери, арнаулы оқу орындарындағы техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында мамандардың алғашқы бітіру жылынан кешіктірілмей;
3) мектепке дейінгі ұйымдарда және қосымша білім беру ұйымдарында үш жылдан кейін өткізіледі.
4-1. Мемлекеттік аттестатталуға жататын білім беру ұйымдары өзін-өзі бағалауды жүргізеді және өзін-өзі бағалау материалдарын білім беруді басқарудың мемлекеттік органдарына табыс етеді.
5. Шетелдік білім беру ұйымдары мен халықаралық білім беру ұйымдарының филиалдарын аттестаттау, егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше белгіленбесе, осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.
6. Алып тасталды - ҚР 2011.10.24 № 487-ІV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
7. Алып тасталды - ҚР 2011.10.24 № 487-ІV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
8. Бiлiм беру ұйымдарының Қазақстан Республикасының бiлiм туралы және рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасының сақтауын бақылау тексерулер нысанында және өзге де нысандарда жүзеге асырылады.
8-1. Білім беру қызметімен айналысуға лицензияның қолданысы тоқтатыла тұрған кезде лицензиаттың білім туралы құжатты бере отырып, білім берудің оқу жылын аяқтауға құқығы бар.
8-2. Білім беру қызметімен айналысу лицензиясының қолданысы тоқтатыла тұрған кезде лицензиат:
1) мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға арналған конкурсқа қатысуға;
2) білім беру қызметімен айналысу лицензиясымен және (немесе) лицензияның қосымшаларымен әрекеттер жасауға (тоқтатуға, қайта ресімдеуге, тоқтатыла тұрған білім беру қызметімен айналысу лицензиясына жаңа қосымшалар алуға);
3) оқуға қабылдауды жүзеге асыруға құқылы емес.
8-3. Қызметін хабарлама жасау тәртібімен жүзеге асыратын білім беру ұйымдарының қызметі тоқтатыла тұрған кезде білім беру ұйымдары:
3) мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға арналған конкурсқа қатысуға;
4) бұзушылықтарды жойғанға және білім беру саласындағы уәкілетті орган қызметті қайта бастағанға дейін қызметті жүзеге асыруға құқылы емес.
8-4. Қызметін хабарлама жасау тәртібімен жүзеге асыратын, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпы бiлiм беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес тексерілуге жатады.
Қызметін хабарлама жасау тәртібімен жүзеге асыратын білім беру ұйымдарының қызметін Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде көзделген тәртіппен тоқтата тұруға білім беру саласындағы уәкілетті органның құқығы бар.
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бойынша қызметтер көрсететін субъектілер тексеру және (немесе) мемлекеттік аттестаттау нәтижесінде анықталған бұзушылықтарды жоймаған кезде, білім беру саласындағы уәкілетті орган мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бойынша қызметті жүзеге асырудың басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламалар тізілімінен білім беру ұйымын алып тастайды.
9. Алып тасталды - ҚР 2009.07.17. N 188-IV Заңымен.
10. Алып тасталды - ҚР 2009.07.17. N 188-IV Заңымен.
11. Қазақстан Республикасының аумағында құрылған халықаралық және шетелдік білім беру ұйымдары мен олардың филиалдары Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тексеріледі.
12. Алып тасталды - ҚР 2009.07.17. N 188-IV Заңымен.
13. Алып тасталды - ҚР 2009.07.17. N 188-IV Заңымен.
14. Алып тасталды - ҚР 2009.07.17. N 188-IV Заңымен.
15. Алып тасталды - ҚР 2009.07.17. N 188-IV Заңымен.
16. Алып тасталды - ҚР 2009.07.17. N 188-IV Заңымен.
Ескерту. 59-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.07.17. N 188-IV(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2011.01.06 N 378-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.10.24 № 487-ІV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2011.07.15 N 461-IV (2012.01.30 бастап қолданысқа енгізіледі); 16.05.2014 № 203-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 13.11.2015 № 398-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.10.2015 № 376-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
60-бап. Мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың құқықтары мен міндеттері
1. Білім беру саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдар қажетті біліктілікке ие болуы және қосымша білім беруі жүйесінде кемінде бес жылда бір рет тиісті оқытудан өтуі тиіс.
2. Білім беру саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың:
1) білім беру ұйымдарына, мекемелеріне және кәсіпорындарына, тексеру мақсатында қызметтік куәлікті көрсету арқылы кедергісіз кіруге, ал ведомстволық білім беру ұйымдарына - оларға кірудің белгіленген режимін ескере отырып кіруге;
2) тексеруді жүргізу кезінде кез келген қажетті ақпаратты сұратып алуға, тексеру нысанасына жататын құжаттардың түпнұсқаларымен танысуға құқығы бар.
3. Білім беру саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдар:
1) Қазақстан Республикасының заңнамаларын, білім беру қызметі субъектілерінің құқықтары мен заңды мүдделерін сақтауға;
2) тексерулерді осы Заң және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілері негізінде және оларда белгіленген тәртіпке қатаң сәйкестікте жүргізуге;
3) тексеру жүргізу кезеңінде білім беру ұйымдарының белгіленген жұмыс режиміне кедергі келтірмеуге;
4) Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамаларымен белгіленген талаптарын бұзушылықтардың алдын алу оларды анықтау және болдырмау жөніндегі Қазақстан Республикасы заңдарына сәйкес берілген өкілеттілікті уақтылы және толық көлемде
орындауға;
5) білім беру ұйымына тексеру нәтижелері туралы актіні оны аяқтаған күні беруге;
6) алынған құжаттар мен тексеру нәтижесінде алынған мәліметтердің сақталуын қамтамасыз етуге міндетті.
4. Білім беру саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың іс-әрекетіне (шешімдеріне) және іс-әрекеттер жасау (шешімдерді қабылдау) үшін негіздеме болған ақпаратқа мүдделі адамдар жоғары тұрған лауазымды адамға және (немесе) сотқа шағымдануы мүмкін.
Ескерту. 60-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 13.11.2015 № 398-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
9-тарау. БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІН ҚАРЖЫЛЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ
61-бап. Қаржыландыру жүйесі, принциптері мен көздері
1. Білім беруді қаржыландыру жүйесі - республикалық және жергілікті бюджеттердің, басқа да кіріс көздерінің жиынтығы.
2. Білім беруді қаржыландыру жүйесі:
1) тиімділік пен нәтижелілік;
2) басымдық;
3) айқындылық;
4) жауаптылық;
5) бюджеттердің барлық деңгейлерінің ара жігін ажырату мен дербестік принциптеріне негізделеді.
3. Білім беру жүйесі қаржыландыру көздері:
1) мемлекеттік білім беру мекемелерін ұстауды бюджеттік қаржыландыру;
2) мемлекеттік білім беру тапсырысын бюджеттік қаржыландыру;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін ақылы қызметтер көрсетуден түскен кірістер;
4) қаржылық ұйымдардың кредиттері;
5) қайырымдылық көмек, өтемсіз аударымдар мен қайырмалдықтар, гранттар, құрылтайшылардың (қатысушылардың) салымдары болып табылады.
Республикалық және жергілікті бюждеттердің қаражаты жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар мамандарды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын қаржыландыру көздері болып табылады.
Ескерту. 61-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.10.24 № 487-ІV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 13.11.2015 № 398-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 16.11.2015 № 403-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.05.2017 № 60-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
62-бап. Білім беру ұйымдарын мемлекеттік қаржыландыру
1. Мемлекет білім берудің басымдығын ескере отырып оған бюджеттік қаражаттардың бөлінуін қамтамасыз етеді.
2. Мемлекеттік білім беру ұйымдарын қаржыландыру білім беру деңгейлері бойынша мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарымен белгіленген талаптар және Қазақстан Республикасының заңнамасымен айқындалатын нормалар негізінде бюджеттік қаражаттар есебінен жүзеге асырылады.
3. Мемлекеттік білім беру мекемелерін бюджеттік қаражаттар есебінен қаржыландыру мекемелердің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес ұсталуын және функцияларды орындауын қамтамасыз етеді.
4. Мемлекеттік білім беру кәсіпорындарын, басқа да ұйымдық-құқықтық нысандағы білім беру ұйымдарын қаржыландыру мемлекеттік білім тапсырысы негізінде жүзеге асырылады.
Мемлекеттік білім беру тапсырысына байланысты қызметтердің тізбесін білім беру саласындағы уәкілетті орган бекітеді.
4-1. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруді (ведомстволық білім беру ұйымдарын қоспағанда) қаржыландыру көлемі жан басына шаққандағы қаржыландыру нормативі бойынша анықталады.
4-2. Жергілікті атқарушы органдар жергілікті бюджеттерде мүмкіндік болған кезде, меншік нысанына қарамастан, орта білім беру ұйымдарында мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастырады.
Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын жеке меншік білім беру ұйымдарындағы мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша бір оқушыға жұмсалатын шығыстардың орташа құны бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдарындағы бір оқушыға жұмсалатын шығыстар құнынан жоғары болмауға тиіс.
5. Білікті жұмысшылар мен мамандарды даярлауға, біліктілігін арттыруға және қайта даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысы:
1) мамандарды даярлау бағыттарын;
2) оқыту нысандары бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысының көлемін (орындар, гранттар санын);
3) бір маманды оқытуға жұмсалатын шығыстардың орташа құнын қамтуға тиіс.
Мемлекеттік білім беру мекемелерінде техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар мамандарды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру кезінде бюджеттік бағдарламаның әкімшісі және білім беру ұйымының атауы көрсетіледі.
Мемлекеттік білім беру тапсырысына сонымен қатар осы Заңның 65-бабының 4-тармағында көзделген тәртіппен құрылған оқу орындарында және (немесе) олардың филиалдарында мамандарды даярлау, сондай-ақ жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдерінде шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды оқыту енеді.
РҚАО-ның ескертпесі!
5-1-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР 13.11.2015 № 398-V Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).
РҚАО-ның ескертпесі!
5-1-тармақтың бұл редакциясы 01.01.2017 бастап 01.01.2020 дейін қолданыста болады - ҚР 13.11.2015 № 398-V Заңымен.
5-1. Білім беру грантының негізінде жоғары білімі бар кадрлар даярлауды қаржыландыру, әскери, арнаулы оқу орындарын қоспағанда, білім беру сапасын қамтамасыз ету жөніндегі халықаралық еуропалық желілердің толық мүшелері болып табылатын және білім беру саласындағы уәкілетті органның тізіліміне енгізілген шетелдік немесе ұлттық аккредиттеу органдарында халықаралық аккредиттеуден өткен білім беру ұйымдарында жүзеге асырылады.
Білім беру тапсырысының негізінде жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрлар даярлауды қаржыландыру, әскери, арнаулы оқу орындарын қоспағанда, білім беру сапасын қамтамасыз ету жөніндегі халықаралық еуропалық желілердің толық мүшелері болып табылатын, білім беру саласындағы уәкілетті органның тізіліміне енгізілген шетелдік немесе ұлттық аккредиттеу органдарында халықаралық аккредиттеуден өткен білім беру ұйымдарында жүзеге асырылады.
6. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарында орналастырылатын мемлекеттік білім беру тапсырысы тәрбиеленушілер санын және бір тәрбиеленушіге жұмсалатын шығыстардың орташа құнын қамтуға тиіс.
6-1. Орта білім беру ұйымдарында орналастырылатын мемлекеттік білім беру тапсырысы білім алушылардың санын және бір оқушыға жұмсалатын шығыстардың орташа құнын қамтуға тиіс.
7. Білім беру жүйесін оқу-әдістемелік қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысын ұстауға қойылатын талаптарды білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындайды.
8. Жоғары білім беруді қаржыландыруға мемлекеттік білім беру тапсырысы білім беру гранттары түрінде мамандыққа, оқу орнының түрі мен мәртебесіне қарай саралана отырып орналастырылады.
Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының ақылы негізде бір білім алушыға жұмсалатын шығындары білім беру грантының немесе мемлекеттік білім беру тапсырысының мөлшерінен кем болмайды.
Ескерту. 62-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.10.24 № 487-ІV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 13.11.2015 № 398-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.07.2017 № 88-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
63-бап. Білім беру ұйымдарының ақылы негізде тауарлар (жұмыстар, қызметтер көрсету) ұсынуы
1. Білім алушылар мен тәрбиеленушілерге білім беру ұйымдары бюджет қаражаттары есебінен көрсететін білім беру қызметтері тегін ұсынылады.
2. Мемлекеттiк бiлiм беру мекемелерiне:
1) бiлiм алушылар мен тәрбиеленушiлерге мемлекеттiк жалпыға мiндеттi бiлiм беру стандарттары шеңберiнде ақылы негiзде бiлiм беру қызметтерiн көрсетуге;
2) осы Заңның 63-бабының 3-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, оқушылардан және педагог қызметкерлерден ақшаны өндіріп алуға тыйым салынады.
Өнер мамандығы бойынша жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын, сондай-ақ техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру мекемелері бюджеттік қаражаттар есебінен көрсетілетін білім беру қызметтерінің көлемдерінен тыс ақылы негізде білім беру қызметтерін ұсынуға құқылы.
3. Мемлекеттік білім беру мекемелері мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының талаптарынан тыс, ақылы қызметтер көрсету туралы шартты жасай отырып, ақылы негізде мынадай:
1) қосымша білім беру бағдарламаларын (балалар және жасөспірімдер шығармашылығын, спорт, мәдениет және өнер саласындағы бейімділіктер мен қызығушылықтарды дамыту, мамандардың біліктілігін арттыру) іске асыру;
2) оқу жоспары мен бағдарламалары бойынша бөлінген оқу уақытынан пәндер (сабақтар және сабақтардың циклдері) бойынша жекелеген білім алушылармен қосымша сабақтар ұйымдастыру;
3) пәндер (сабақтар және сабақтардың циклдері) бойынша білім алушылармен ғылым негіздерін тереңдетіп оқып үйренуді ұйымдастыру;
4) білім алушылар мен тәрбиеленушілер, педагог қызметкерлер мен ересек жұртшылық арасында әр түрлі: спорт жарыстарын, семинарлар, кеңестер, конференциялар, сондай-ақ оқу-әдістемелік әдебиетті әзірлеу мен өткізу жөніндегі іс-шаралар ұйымдастыру және өткізу;
5) музыка аспаптарын пайдалануға беру және Интернет-байланыстың қосымша қызметтерін ұсыну;
6) жазғы демалысты ұйымдастыру, білім алушылар мен тәрбиеленушілердің, білім беру ұйымында өткізілетін түрлі іс-шараларға қатысушылардың тамақтануын қамтамасыз ету;
7) энергия қондырғылары мен қазандықтар беретін жылу энергиясын жіберу;
8) кәсіптік білім беруді ұйымдастыру (білікті жұмысшы кадрлар мен орта буын мамандарын қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру);
9) оқу-өндірістік шеберханалардың, оқу шаруашылықтарының, оқу-тәжірибе учаскелерінің өнімдерін өндіру мен өткізуді ұйымдастыру бойынша тауарларды (жұмыстарды, қызметтер көрсетуді) беруге құқылы.
4. Мемлекеттік білім беру мекемелері ақылы негізде ұсынатын тауарларға (жұмыстарға және қызметтер көрсетуге) бағалар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бекітілуге жатады.
5. Жеке меншік білім беру ұйымдары ақылы негізде тауарларды (жұмыстарды және қызметтер көрсетуді) өткізуден, оның ішінде мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының шеңберінде оқытудан түскен кірістерді, құрылтайшылардың қаражаттарын және заңнамамен тыйым салынбаған басқа да қаржыландыру көздерін дербес пайдаланады.
6. Ақылы негізде қызметтер көрсететін білім беру ұйымдарының және білім алушының (тәрбиеленушінің), оның ата-анасының немесе өзге де заңды өкілдердің өзара қатынастары шартпен реттеледі.
Білім алушы шарт жасасу кезінде бүкіл оқу кезеңіне шығыстарды бір мезгілде төлеген жағдайда төлем сомасы оқу мерзімі аяқталғанға дейін өзгермейтін болады.
Оқуға төлемді кезең-кезеңмен төлеген ретте төлем сомасы жалақының ұлғаюы жағдайында және инфляция индексі ескеріле отырып, жылына бір реттен жиі емес өзгертілуі мүмкін.
Ескерту. 63-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.10.24 № 487-ІV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 19.05.2015 № 315-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 13.11.2015 № 398-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
 
64-бап. Білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасын дамыту
1. Мемлекеттік білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасын жасау және дамыту бюджет қаражаттары, ақылы негізде көрсетілетін қызметтерден түскен кірістер, Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен жүзеге асырылады.
2. Білім беру ұйымдарының Қазақстан Республикасының заңнамасымен айқындалатын тәртіппен мүліктерге иелік ету және пайдалану құқығы бар. Білім беру ұйымының мемлекеттік мүлкі алып қойылуға немесе білім беру ұйымының негізгі міндеттеріне қайшы келетін мақсаттарда пайдаланылуға тиіс емес.
3. Білім беру ұйымдарын жекешелендіру "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес және білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша жүзеге асырылады.
4. Конкурстық негізде "Орта білім беретін үздік ұйым" грантын алған мемлекеттік орта білім беру мекемелері грантты материалдық-техникалық және ғылыми-әдістемелік жағынан білім беру процесін қамтамасыз етуге жұмсайды.
Ескерту. 64-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2011.03.01 N 414-IV (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.10.24 № 487-ІV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.
10-тарау. БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ
65-бап. Халықаралық ынтымақтастық және сыртқы экономикалық қызмет
1. Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы халықаралық ынтымақтастығы Қазақстан Республикасының заңнамасы және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары негізінде жүзеге асырылады.
2. Білім беру ұйымының өз жұмысының ерекшеліктеріне сәйкес шетелдік білім беру, ғылым және мәдениет ұйымдарымен, халықаралық ұйымдармен және қорлармен тікелей байланыстар орнатуға, ынтымақтастық туралы екі жақтан және көп жақты шарттар жасасуға, студенттер, магистранттар, докторанттар, педагог және ғылыми қызметкерлер алмасудың халықаралық бағдарламаларына қатысуға, білім беру саласындағы халықаралық үкіметтік емес ұйымдарға (қауымдастықтарға) кіруге құқығы бар.
Әскери және арнаулы оқу орындарының халықаралық шарттар мен келiсiмшарттарға сәйкес шетелдiк азаматтардың қатарынан мамандар даярлауды жүзеге асыруға құқығы бар.
Білім беру ұйымдары Қазақстан Республикасының заңнамасында және білім беру ұйымдарының жарғысында айқындалған тәртіппен сыртқы экономикалық қызметпен айналысуға құқылы.
3. Қазақстан Республикасы білім беру ұйымдарының халықаралық
ынтымақтастықты жүзеге асыру тәртібін білім беру саласындағы уәкілетті орган белгілейді.
4. Қазақстан Республикасында халықаралық және шетелдік оқу орындарын және (немесе) олардың филиалдарын құру халықаралық шарттардың негізінде немесе Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша жүзеге асырылады.
Халықаралық мектеп мәртебесін беру Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша, ол айқындаған тәртіппен жүзеге асырылады.
5. Халықаралық оқу орындарының және Қазақстан Республикасының аумағында басқа мемлекеттер немесе олардың заңды және жеке тұлғалары оқу орындарының, олардың филиалдарының білім беру қызметін лицензиялау, сондай-ақ оларды мемлекеттік аттестаттау мен аккредиттеу, Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Ескерту. 65-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.01.09 № 535-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.07.15 N 461-IV (2012.01.30 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.02.13 N 553-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
 
66-бап. Шет елдегі қазақ диаспорасының білім алу қажеттіліктерін қанағаттандыру
1. Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ адамдардың Қазақстан Республикасында білім алуға құқығы бар.
2. Мемлекет шет елдегі қазақ диаспорасының білім алу қажеттіліктерін қанағаттандыруға жәрдемдеседі.
3. Шет елдегі қазақ диаспорасы үшін білім беру ұйымдарын құру және оған қаржылық-материалдық көмек көрсету халықаралық шарттарда белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
11-тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНДАҒЫ
 ЗАҢНАМАСЫН БҰЗҒАНЫ ҮШІН ЖАУАПТЫЛЫҚ
67-бап. Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық
Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылыққа әкеп соғады.
12-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР
68-бап. Осы Заңның қолданысқа енгізілуі
1. Осы Заң, 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 8-баптың 2-тармағының екінші бөлігін, 52-баптың 6-тармағының екінші абзацын, 7-тармағы 1) тармақшасының екінші және бесінші абзацтарын, 8-тармағының 2), 3) тармақшаларын және 53-баптың 3-тармағының 1), 3) тармақшаларын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
2. Бiлiм беру ұйымдарына осы Заң қолданысқа енгiзiлгенге дейiн тиісті оқу мерзімдерімен оқуға түскен адамдар оқуға түскен кезде қолданыста болған бiлiм беру бағдарламалары бойынша оқуын бiтiрiп, оларға оқуға түскен кезде қолданыста болған бiлiм туралы белгiленген үлгiдегi құжат берiледi.
3. "Білім туралы" 1999 жылғы 7 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы 1999 ж., N 13, 429-құжат; N 23, 927-құжат; 2001 ж., N 13-14, 173-құжат; N 24, 338-құжат; 2004 ж., N 18, 111-құжат; N 23, 142-құжат; 2006 ж., N 1, 5-құжат; N 3, 22-құжат; N 12, 71-құжат; N 15, 92-құжат; 2007 ж., N 2, 18-құжат; N 9, 67-құжат) күші жойылды деп танылсын.
Ескерту. 68-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2011.10.24 № 487-ІV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
Қазақстан Республикасының
Президенті

]]>
admin Wed, 01 Sep 2021 19:27:48 +0600
«Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы https://abylaikhan-enkaz.mektebi.kz/o-detskom-sade/normativtk-zhattar/80-blm-beru-obektlerne-ojylatyn-sanitarijaly-jepidemiologijaly-talaptar-sanitarijaly-aidalaryn-bektu-turaly.html https://abylaikhan-enkaz.mektebi.kz/o-detskom-sade/normativtk-zhattar/80-blm-beru-obektlerne-ojylatyn-sanitarijaly-jepidemiologijaly-talaptar-sanitarijaly-aidalaryn-bektu-turaly.html ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі, 06.10.2017 ж.  жарияланды
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 16 тамыздағы № 611 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 13 қыркүйекте № 15681 болып тіркелді  
«Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы
2009 жылғы 18 қыркүйектегі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 144-бабының 6-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған «Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары бекітілсін. 
2. «Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 29 желтоқсандағы № 179 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10275 болып тіркелген, 2015 жылғы 11 наурызда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) бұйрығының күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен: 
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі көшірмелерін қағаз және электрондық түрде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін. 
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
 Денсаулық сақтау министрі        Е.Біртанов
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрі
____________ Е. Сағадиев
2017 жылғы 8 қыркүйек
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының 
Инвестициялар және даму министрі
______________ Ж. Қасымбек
2017 жылғы 6 қыркүйек
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі 
______________ Т. Сүлейменов
2017 жылғы 7 қыркүйек
Қазақстан Республикасы
 Денсаулық сақтау министрінің
 2017 жылғы 16 тамыздағы
 № 611 бұйрығымен
 бекiтiлген
«Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы «Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары (бұдан әрі – Санитариялық қағидалар) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 7-1-бабының 1-тармағының 2) тармақшасына, 144-бабының 6-тармағына және 145-бабына сәйкес әзірленді және меншік нысанына қарамастан білім беру объектілерінде объект салынатын жер учаскесін таңдауға, жобалауға, реконструкциялауға, пайдалануға, сумен жабдықтауға, су бұруға, жылумен жабдықтауға, жарықтандыруға, желдетуге, ауаны баптауға, жөндеуге және күтіп-ұстауға, тұру, тамақтану, оқыту жағдайларына және өндірістік практикаға, өндірістік бақылауға, персоналдың еңбек және қызмет көрсету жағдайларына, білім алушылар мен тәрбиеленушілерді медициналық қамтамасыз етуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды белгілейді. 
2. Осы Санитариялық қағидалар балаларды мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту объектілерін (бұдан әрі – мектепке дейінгі ұйымдар) қоспағанда білім алушылар мен тәрбиеленушілерге білім беруді, тәрбиелеуді, тұратын және тамақтану орнын ұйымдастыру объектілеріне, барлық түрдегі және типтегі интернат ұйымдарына (бұдан әрі – объектілер) қолданылады. 
3. Объектілерде осы Санитариялық қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес зертханалық-аспаптық зерттеулер жүргізіледі.
4. Осы Санитариялық қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылды:
1) арнайы білім беру ұйымдары – бұл ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар адамдардың (балалардың) оларсыз жалпы білім беретін оқу және білім беру бағдарламаларын меңгеруі мүмкін болмайтын, арнайы оқу бағдарламаларын және оқыту әдістерін, техникалық және өзге де құралдарды, өсір сүру ортасын, сондай-ақ медициналық, әлеуметтік және өзге де көрсетілетін қызметтерді қамтитын жағдайларды қамтамасыз ететін білім беру ұйымдары;
2) бастауыш мектеп – бастауыш білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, сондай-ақ бiлiм алушылар мен тәрбиеленушiлерге қосымша білім беретін оқу бағдарламаларын iске асыратын білім беру ұйымдары;
3) бракераж – органолептикалық көрсеткiштер бойынша тамақ өнiмдерiнiң және дайын тағамдардың сапасын бағалау;
4) білім беру ұйымдары – заңды тұлғалар, сондай-ақ меншік нысанына және ұйымдық құқықтық нысанына қарамастан, бір немесе бірнеше білім беру бағдарламаларын іске асыратын және (немесе) білім алушылар мен тәрбиеленушілерді бағуды және оларға тәрбие беруді қамтамасыз ететін халықаралық мектеп мәртебесі бар заңды тұлғалардың филиалдары, жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын, заңды тұлға құрмаған дара кәсіпкерлер; 
5) гимназия – білім алушылардың бейімділігі мен қабілеттеріне сәйкес қоғамдық-гуманитарлық және өзге де оқыту бағыттары бойынша кең ауқымда және тереңдете білім беруді қамтамасыз ететін бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын және қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын оқу орны;
6) дене тәрбиесі – адам денсаулығын нығайтуға және дене қабілеттерін дамытуға бағытталған қызмет саласы;
7) жалпы білім беретін мектеп – бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, сондай-ақ білім алушылар мен тәрбиеленушілерге қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын оқу орны;
8) жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдары – жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға тұратын орындар бере отырып, оларды тәрбиелеу, оларға білім беру үшін қолайлы жағдай жасалатын ұйым; 
9) жеке медициналық кітапша – жұмысқа жіберу туралы белгі қойылып, міндетті медициналық тексеріп-қараулардың нәтижелері енгізілетін, халықтың декреттелген тобының өкіліне берілетін жеке құжат; 
10) жиынтық оқу жүктемесі – Үлгілік оқу жоспарының инвариантты және вариативті бөлігі сағаттарының жалпы саны;
11) интернат ұйымдары – тұратын орын беріле отырып, белгілі бір санаттағы адамдардың білім алу құқықтарына мемлекеттік кепілдіктерді қамтамасыз ететін білім беру ұйымдары;
12) кәмелетке толмағандарды бейiмдеу орталықтары (бұдан әрі – КТБО) – ата-анасын немесе басқа да заңды өкiлдерiн анықтағанға дейін үш жастан он сегіз жасқа дейiнгi қадағалаусыз және панасыз қалған балалар мен жасөспірімдерді, уақтылы орналастыру мүмкiн болмаған жағдайда ата-анасының немесе оларды алмастыратын адамдардың қамқорлығынсыз қалған балаларды, қорғаншылық және қамқоршылық органы балалардың өмiрiне немесе денсаулығына тiкелей қатер төнген кезде ата-анасынан (олардың бiреуiнен) немесе қамқорлыққа алған басқа адамдардан алып қойған балаларды, арнаулы бiлiм беру ұйымдарына жiберiлетiн балаларды, сондай-ақ әлеуметтiк бейiмсiздiкке және әлеуметтiк депривацияға әкеп соққан қатыгездiкпен қарау салдарынан өмiрлiк қиын жағдайда жүрген балаларды қабылдауды және уақытша бағуды қамтамасыз ететiн, бiлiм беру органдарының қарамағындағы ұйымдар;
13) лицей – білім алушылардың бейімділігі мен қабілеттеріне сәйкес оларға кең ауқымда және тереңдете жаратылыстану-математикалық білім беруді қамтамасыз ететін негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын және қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын оқу орны;
14) мамандандырылған білім беру ұйымы – жалпыға міндетті мемлекеттік білім беру стандарттары негізінде әзірленген және ғылым, мәдениет, өнер, спорт, әскери іс негіздерін терең игеруге, олардың шығармашылық әлеуеттері мен дарын-қабілеттерін дамытуға бағытталған негізгі және жалпы орта білім берудің мамандандырылған жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын оқу орны;
15) мектеп алды сыныптары (0) – жалпы білім беретін мектептерде бес, алты (жеті) жастағы балаларды тегін міндетті мектеп алды даярлау жүргізілетін сыныптар;
16) мектептен тыс қосымша білім беру ұйымы – білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жеке тұлғасын дамытуға, денсаулығын нығайтуға және өзін-өзі кәсіптік тұрғыдан айқындауға, шығармашылық еңбегіне, олардың жалпы мәдениетін қалыптастыруға, жеке тұлғаны қоғамдағы өмірге бейімдеуге, бос уақытын пайдалы өткізуді ұйымдастыруға қажетті жағдайларды қамтамасыз етуге арналған оқу-тәрбие ұйымдары (бұдан әрі –мектептен тыс объектілер);
17) оқу жүктемесі – әрбір жас тобы үшін оқу сағаттарымен өлшенетін оқу-тәрбие процесіне қатысудың нормаланатын жиынтығы;
18) оқу сағаты – сабақтың (жаттығудың) немесе дәрiстердiң сабақ басталғаннан үзiлiске дейiнгі ұзақтығы;
19) оңтайлы микроклиматтық жағдай – білім алушылар мен тәрбиеленушілерге ұзақ және жүйелі әсер ету кезінде термореттегіш тетіктерінің көмегінсіз организмнің қалыпты жылу жағдайын сақтауды қамтамасыз ететін микроклиматтың сандық көрсеткіштерінің үйлесімдігі;
20) өндірістік бақылау – өндірілетін өнімнің, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің адам мен мекендеу ортасы үшін қауіпсіздігін және (немесе) зиянсыздығын қамтамасыз етуге бағытталған, дара кәсіпкер немесе заңды тұлға орындайтын іс-шаралар, оның ішінде зертханалық зерттеулер мен сынақтар кешені;
21) рекреация – үзіліс кезінде және сабақтан бос уақытта білім алушылар мен тәрбиеленушілердің демалуына және күшін қалпына келтіруге арналған үй-жай;
22) санитариялық-аулалық қондырғылар (бұдан әрі – САҚ) – орталықтандырылған кәрізбен байланысы жоқ, объектінің аумағында орналасқан жер үсті бөлігі мен қазылған шұңқыры бар дәретхана; 
23) санитариялық арнайы киім (бұдан әрі – арнайы киім) – шикізатты, қосымша материалдар мен дайын өнімді механикалық бөлшектермен, микроорганизмдермен ластанудан және басқа да ластанулардан қорғауға арналған персоналдың қорғаныш киімінің жиынтығы;
24) септик – шағын көлемдегi тұрмыстық сарқынды суды тазалауға арналған құрылыс;
25) спорт объектілері – қызметі балалар және жасөспірімдерді емдеу-сауықтыру, дене шынықтыру-сауықтыру, оқу-тәрбие жұмыстарын және мәдени бос уақытты ұйымдастырумен және жүзеге асырумен байланысты ұйымдар;
26) сыныптардың толықтырылуы – сыныптағы білім алушылардың нормаланған саны;
27) ұтымды тамақтану – тамақтанудың физиологиялық және жас ерекшелігі нормаларын ескере отырып, теңестірілген тамақтандыру;
28) халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтары – кресло-арбалармен және/немесе басқа да қосалқы құралдардың көмегімен қозғалатын, тірек-қозғалыс аппараты бұзылған және ауыратын мүгедектер, сондай-ақ сүйемелдеушілердің көмегімен қозғалатын, нашар көретін және/немесе көзі көрмейтін азаматтар;
29) шағын жинақталған мектеп – білім алушылар контингенті аз (5 баладан бастап), біріккен сынып-жиындары бар және оқу сабақтарын ұйымдастыру нысаны ерекше жалпы білім беру мектебі.
2-тарау. Объектінің салынатын жер учаскесін таңдауға, жобалауға, пайдалануға, реконструкциялауға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
5. Объектінің жер учаскесін таңдау, жобалау, реконструкциялау «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 23-16) тармақшасына сәйкес сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері бойынша уәкілетті орган бекітетін сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтердің (бұдан әрі – сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтер) талаптарымен айқындалады.
6. Жалпы білім беру ұйымдарының және білім алушылар мен тәрбиеленушілердың тұратын орындарын ұйымдастыратын объектілердің аумағында сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтер талаптарына сәйкес барлық периметрі бойынша қоршау болуы тиіс. Қоршау зақымдалмаған болуы тиіс.
7. Объектілердің аумағында олардың қызметiмен байланысы жоқ объектілерді орналастыруға жол берілмейді.
8. Көп қабатты тұрғын үйлерде, жеке үй иелігінде, ішіне-жапсарлас салынған үй-жайларда орналастырылатын мектептен тыс объектілерде жеке жер учаскесі болмауы мүмкін.
9. Объектінің учаскесіне кіру жолдары, көлiкпен өту жолдары, шаруашылық құрылыстарға, қоқыс жинағыштарға артналған алаңдарға, санитариялық-аулалық қондырғыларға апаратын жолдар асфальтпен, бетонмен немесе тазалауға қолжетімді басқа да қатты жабынмен жабылады.
10. Жалпы білім беретін ұйымдардағы үй-жайлардың (сыныптар, оқу кабинеттері) ауданы оқытудың аралас нысандарында (фронтальды және топтық) бір білім алушыға шаққанда 2,5 шаршы метр (бұдан әрі – м2) нормасы белгіленеді. Технологияны және еңбекті зерделеу шеберханаларының, сондай-ақ бағыттар бойынша саралап оқытуға арналған мамандандырылған шеберханалардың ауданы бір білім алушыға шаққанда 3,75 м2.
11. Техникалық және кәсіптік білімнің (бұдан әрі – ТжКБ), орта білімнен кейінгі (бұдан әрі – ОБКБ), жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі (бұдан әрі – ЖОО) оқу кабинеттері мен дәрісханалары үй-жайларының ауданы:
1) 12 – 15 орын үшін 1 білім алушыға 2,5 м2 ;
2) 16 - 25 орын үшін 1 білім алушыға 2,2 м2 ; 
3) 26 - 49 орын үшін 1 білім алушыға 1,8 м2;        
4) 50-75 орын үшін 1 білім алушыға 1,5 м2;
5) 76-100 орын үшін 1 білім алушыға 1,3 м2; 
6) 100-150 орын үшін 1 білім алушыға 1,2 м2; 
7) 150-350 орын үшін 1 білім алушыға 1,1м2; 
8) 350 және одан артық орын үшін 1 білім алушыға 1,0 м2 болып айқындалады. 
Дәрісханалар, оқу кабинеттері, зертханалар жерүсті қабаттарда орналасуы тиіс.
12. Білім алушылар мен тәрбиеленушілердің саны объектінің жобалық сыйымдылығынан аспауы тиіс. Қашықтықтан оқыту нысаны бойынша білім алушылардың саны жалпы санға енгізілмейді.
13. Әрбір ауысымда 1 білім алушыға шаққандағы аудан нормалары және осы Санитариялық қағидалардың талаптары сақталған жағдайда оқудың екі ауысымдық режимін ұйымдастыруға жол беріледі.
14. Пайдалану режимі шумен қоса жүретін және білім алушылар мен тәрбиеленушілердің алаңдауын тудыруы мүмкін, педагогикалық, медициналық, әкімшілік персоналдың жұмысына кедергі келтіруі немесе оларды бұзуы мүмкін үй-жайлар (сорғы қондырғысы бар бойлерлер, өндірістік үй-жайлар, жөндеу шеберханалары, сорғы бөлімшесі бар салқындатқыш камералар, желдеткіш камералары, компрессорлық) жатын бөлмелермен, оқу, медицина кабинеттерімен көршілес, олардың астына немесе үстіне орналастырылмайды.
15. Мектептен тыс мекемелер үй-жайларының жинағы қосымша білім беру бағдарламаларының іске асырылуына, бір жолғы сыйымдылығына, білім беру технологиясына, инженерлік-техникалық жабдыққа, қажетті жиһазбен жарақтандырылуына қарай қабылданады. 
16. Спорт залының жылыту жүйесінің радиаторлары терезе астындағы қуыстарда орналастырылады және торлармен жабылады немесе еденнен биіктігі 2,4 метрде (бұдан әрі – м) орналастырылады. Терезелерде және жарықтандыру аспаптарында қоршау құрылғылары көзделуі тиіс.
17. Барлық үй-жайлардағы еденнің беті тегіс, саңылаусыз, ақаусыз және механикалық зақымданбаған болуы тиіс. 
Оқу үй-жайларындағы, кабинеттердегі және рекреациялардағы еденнің тақтай немесе паркет төсемі болуы тиіс. Едендерге ылғалды тәсілмен өңдеуге және дезинфекциялауға жол беретін синтетикалық полимерлі материалдар, жылы линолеум төсеуге болады. 
Спорт залының едені ағаштан болуы немесе арнайы төсемі болуы, еденнің беті тегіс, саңылаусыз және ақаусыз болуы тиіс. 
Еңбекке баулу шеберханаларындағы еден механикалық әсерге төзімді, химия кабинеттері мен зертханаларында – химиялық реагенттерге төзімді материалдан жасалады.
18. Объектілер жеке тұрған ғимаратта немесе бірнеше жекелеген ғимараттарда пайдаланылады. 
Объектілерді бейімделген ғимараттарда пайдалануға жол беріледі. Жалпы білім беру ұйымдарын бейімделген ғимаратта пайдаланған кезде оқу үй-жайларының және кабинеттердің есептік сыйымдылығы 1 білім алушыға шаққанда 2,5м2 аудан нормасы ескеріле отырып айқындалады.
19. Мектептен тыс объектілерді, білім беру орталықтарын бейімделген ғимараттарда, ішіне-жапсарлас салынған үй-жайларда, сондай-ақ тұрғын үйлердің бірінші қабаттарында пайдалануға жол беріледі.
20. Көп пәтерлі тұрғын үйдің бірінші қабатында пайдаланылатын объектілердің тұрғын үйдің кіреберісімен қосылмаған бөлек есігі болуы тиіс.
21. Білім алушылар мен тәрбиеленушілер болатын, медициналық мақсаттағы үй-жайларды ғимараттардың жертөле және цокольдық қабаттарда пайдалануға жол берілмейді.
22. Барлық үй-жайлар функционалдық мақсатына сәйкес пайдаланылуы тиіс.
23. Авариялық ғимараттарда және үй-жайларда орналасқан объектілерді пайдалануға жол берілмейді. 
24. Объектілерде мектепке дейінгі ұйымдар, компьютерлік сыныптар, мамандандырылған медициналық және стоматологиялық кабинеттер, шаштараздар, кір жуатын орындар, бассейндер, оқу-өндірістік шеберханалары, тамақтану объектілері болған жағдайда Кодекстің 144-бабының 6-тармағына және 145-бабына сәйкес халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган бекітетін санитариялық қағидалардың, гигиеналық нормативтердің (бұдан әрі – нормалау құжаттары) талаптары қолданылады. 
25. Объектілерді реконструкциялау кезінде осы Санитариялық қағидалардың 6-24-тармағы аралығындағы талаптардың сақталуы көзделеді. 
3-тарау. Сумен жабдықтауға, су бұруға, жылумен жабдықтауға, жарықтандыруға, желдетуге, ауаны баптауға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
26. Объектілерде орталықтандырылған шаруашылық-ауыз сумен, ыстық сумен жабдықтау, су бұру көзделеді және олар жарамды жағдайда болуы тиіс.
27. Объектілер нормалау құжаттарының белгіленген талаптарына сәйкес қауіпсіз және сапалы ауыз сумен қамтамасыз етіледі.
28. Объектілерде ауыз су режимі ұйымдастырылады. Ауыз су, оның ішінде сыйымдылықтарға (графиндер, шәйнектер, бөшкелер және басқалар) өлшеп-құйылған немесе шөлмектердегі ауыз су сапасы мен қауіпсіздік көрсеткіштері бойынша нормалау құжаттарының талаптарына сәйкес келеді.
Суға арналған кулерлер (диспенсерлер) өндірушінің нұсқаулығына сәйкес тұрақты түрде тазартылады. Су ішу үшін таза ыдыс (шыны, фаянс ыдыс, бір рет қолданылатын стақандар) пайдаланылады. 
Жеке шөлмек сыйымдылықты пайдалануға рұқсат етіледі. Қайнаған ауыз су 3 сағаттан аспай сақталған жағдайда оны пайдалануға жол беріледі. 
29. Стационарлық ауыз су бұрқақтарының конструктивтік шешімдері судың тік ағынының айналасында биіктігі кемінде он сантиметр болатын шектеу сақинасының болуын көздейді.
30. Ауыз су режимін ұйымдастыру үшін объекті басшысының бұйрығымен жауапты адам тағайындалады. Білім алушылар мен тәрбиеленушілердің объектілерде болатын барлық уақыты ішінде олардың ауыз суға еркін қолжетімдігі қамтамасыз етіледі.
31. Орталықтандырылған сумен жабдықтау жүйесі болмаған жағдайда ішкі су құбыры және су бұру құрылғысымен жергілікті ауыз суы мақсатындағы көздерден алынатын су пайдаланылады.
32. Шаруашылық-ауыз су мұқтаждығы үшін әкелінетін ауыз-суды пайдалануға жол беріледі, оны жеткізу мамандандырылған автокөлікпен, ауыз сумен жанасуға рұқсат етілген материалдардан жасалған, уақтылы тазартылатын, жуылатын және дезинфекцияланатын таңбаланған арнайы сыйымдылықтарда жүргізіледі.
33. Әкелінетін сумен жұмыс істейтін объектілерде ауыз су қорын сақтауға арналған сыйымдылықтар орнатылған жеке үй-жай көзделеді. Сыйымдылықтар таңбаланады («ауыз су»), олар апта сайын (және қажеттілігіне қарай) жуу және дезинфекциялау құралдары қолданыла отырып, тазартылады және дезинфекцияланады. Ауыз суға арналған сыйымдылықтарды басқа мақсаттарда пайдалануға жол берілмейді.
34. Орталықтандырылған ыстық сумен жабдықтау жүйесі болмаған жағдайда су жылытқыштар орнатылады. Ыстық және суық су тұратын жерлердегі, медициналық мақсаттағы үй-жайлардағы барлық ванналарға, себезгілерге, кір жуатын орындарға, қолжуғыштарға, сондай-ақ ас блогындағы технологиялық жабдыққа араластырғыш орнатыла отырып, жүргізіледі.
Сумен жылыту жүйесiндегi ыстық суды технологиялық және шаруашылық-тұрмыстық мақсаттар үшін пайдалануға жол берiлмейдi. 
35. Сурет салуға және жабыстыруға, өсімдіктермен жұмыс істеуге арналған үй-жайлар, шеберханалар, медициналық блок үй-жайлары, ас блогының өндірістік үй-жайлары ыстық және суық су өткізілген раквиналармен, қол жууға және кептіруге арналған құралдармен жабдықталады.
36. Объектілерді кәріз жүргізілмеген және ішінара кәріз жүргізілген орындарда орналастырған кезде жергілікті су бұру құрылғысы көзделеді. Сарқынды суларды, оның ішінде САҚ-тың сарқынды суын қабылдауды объекті аумағының шаруашылық аймағында орналасқан, гидравликалық бекітпесі бар қақпақтармен (сифондар) жарақталған жалпы немесе бөлек жерасты су өткізбейтін сыйымдылықтарға (шұңқырға, септикке) жүзеге асырады, оларды тазалау уақтылы жүргізіледі.
Сарқынды суды ашық су айдындарына және іргелес аумаққа, сондай-ақ су сіңіргіш құдықтар құрылғысына ағызуға жол берiлмейдi.
37. Өндірістік, қойма үй-жайларындағы, тұрмыстық үй-жайлардағы су бұруға арналған кәріз бағандары сыланған қораптарға салынады. 
38. Кәріз жүргізілмеген жерлерде САҚ құрылғысына (75 адамға 1) және су құйылатын қолжуғыштарды (30 адамға 1) орнатуға жол беріледі.
САҚ-тың жер үстіндегі үй-жайлары мен су өткізбейтін материалдан жасалған қазылған шұңқыры болады. САҚ-ты жинау дезинфекциялау құралдарын пайдалана отырып күн сайын жүргізіледі. САҚ-тың қазылған шұңқырын уақтылы тазалайды.
39. Объектілердің ғимараттары орталық жылыту жүйелерімен жабдықталады. Орталықтандырылған жылумен жабдықтау көзі болмаған жағдайда сұйық, қатты және газ түріндегі отынмен жұмыс істейтін автономды қазандық көзделеді. 
40. Селолық елді мекендердегі шағын жинақталған білім беру объектілерінің бір қабатты ғимараттарында пешпен жылыту құрылғысына жол беріледі. Пешті жағу жеке есігі бар оқшауланған үй-жайда жүргізіледі.
41. Жылыту кезеңінде ауаның температурасы нормалау құжаттарына сәйкес айқындалады. 
42. Үй-жайларды табиғи және жасанды жарықтандыруды сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтерге сәйкес жобалау керек. Жасанды жарықтандыру үшін жарық диодты, люминесцентті және энергия үнемдеуші шамдарды пайдаланады. Ортақ жасанды жарықтандыру барлық үй-жайларда көзделеді. 
43. Объектінің аумағында, оның ішінде санитариялық-аулалық қондырғыларда сыртқы жасанды жарықтандыру болады. 
44. Оқу үй-жайларындағы, ойын және жатын бөлмелеріндегі жарық түсетін ойықтарды реттелетін күннен корғайтын құрылғылармен жабдықтайды.
45. Оқу-өндірістік шеберханаларда, спорт залдарында екі жақ бүйірден табиғи жарықтандыруға және аралас (үстіңгі және бүйір жақтан) жарықтандыруға жол беріледі. Оқу үй-жайларында терезенің әйнектерін бояуға жол берілмейді.
Терезелердің әйнектелуі бүтін шыны төсемінен орындалады.
46. Жасанды жарықтандыру кезінде бір үй-жайда бір үлгідегі шамдар қолданылады. Жарықтандыру кезінде шағылысқан және шашыраңқы жарықты шамдарды пайдаланады, оларды плафондармен қамтамасыз етеді.
47. Білім беру объектілерін жасанды жарықтандыру көрсеткіштері нормалау құжаттарына сәйкес айқындалады. 
48. Көру қабілеті бұзылған білім алушылар мен тәрбиеленушілерге арналған объектілердегі оқу үй-жайларын (сыныптарды, кабинеттерді, зертханаларды, шеберханаларды), сондай-ақ оқу залдарын жасанды жарықтандырудың құрамдастырылған жүйесімен жабдықтайды. Көру патологиясының түріне байланысты жалпы және жергілікті жарықтандырудың жиынтық жарықтандыру деңгейі мынаны құрайды: 
1) жоғары дәрежелі күрделі алыстан көрмейтіндер және жоғары дәрежедегі жақыннан көрмейтіндерге – 1000 люкс (бұдан әрі – лк); 
2) торлы қабық пен көру нервісі зақымдалғандарға (көздің қарығуы болмайтын) – 1000 – 1500 лк;
3) жарықтан қорқу ауруынан зардап шегетіндерге – 500 лк-тен артық емес;
4) жасанды жарықтандыру деңгейі жалпы жарықтандыру жүйесінен 400 лк-тен аспауы тиіс;
5) әр жұмыс орнын кемінде 400 лк жергілікті жарықтандыру шамдарымен жабдықтайды.
Шамдар үстелдің бетіне нығыз бекітілуі және олардың еңкею бұрышы мен жарық көзінің биіктігін өзгертуге мүмкіндік беретін иілімді кронштейні болады. 
49. Істен шыққан шамдар ауыстырылады. Жарамсыз, құрамында сынап бар шамдар білім алушылар мен тәрбиеленушілердің қолы жетпейтін жеке үй-жайда сақталады. Пайдаланылған құрамында сынап бар шамдарды қоқыс жинағыштарға тастауға жол берілмейді. Пайдаланылған құрамында сынап бар шамдарды сақтау және кәдеге жаратуға жіберу объекті басшысының бұйрығымен жауапты адамға жүктеледі. 
50. Объектілердің ғимараттары желдету және ауа баптау жүйелерімен жабдықталады. Ас блогында механикалық түрде іске қосылатын желдету жүйесі көзделеді. Жылу және ылғал бөлу көздері болып табылатын жабдықтың үстінде сыртқа тарту шатырлары орнатылады.
51. Желдету және ауа баптау жүйелерін пайдалану кезінде нормалау құжаттарының талаптары сақталады.
52. Оқу үй-жайларын үзілістер кезінде, рекреациялық үй-жайларды сабақ уақытында желдетеді. Сабақ басталғанға дейін және олар аяқталғаннан кейін оқу үй-жайларында өтпелі желдету жүзеге асырылады. Өтпелі немесе бұрыштан желдетуді білім алушылар мен тәрбиеленушілер болмаған кезде жүргізеді. Өтпелі желдетуді дәретхана үй-жайлары арқылы жүргізбейді. 
53. Станоктарда және тетіктерде жұмыс істеу жылу мен шаңның көп мөлшерінің бөлінуімен байланысты болатын шеберханалар сору-сыртқа тарту желдеткішімен және жергілікті шаңұстағыштармен және сыртқа тарту құралдарымен жабдықтайды. 
54. Объектілерде нормалау құжаттарына сәйкес үй-жайлардың оңтайлы микроклиматтық жағдайлары (температура, ауа қозғалысының жылдамдығы және ауаның салыстырмалы ылғалдылығы) қамтамасыз етіледі. 
55. Ауаның температурасын бақылау үшін білім беру ұйымдарының ойын, оқу және жатын үй-жайларында, балаларды тәрбиелеу және олардың тұратын орындарында, сондай-ақ медициналық пункт үй-жайларында термометрлер орнатылады.
4-тарау. Объектілердің үй-жайларын жөндеуге және күтіп-ұстауға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар 
56. Жыл сайын объектіде ағымдағы жөндеу жүргізіледі. 
57. Объектілер жұмыс істеп тұрған кезде авариялық жағдайларды жою жұмыстарын қоспағанда, күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстарының түрлерін жүргізуге жол берілмейді.
58. Үй-жайларды әрлеу үшін олардың сапасы мен қауіпсіздігін растайтын құжаттары бар құрылыс материалдары пайдаланылады.
59. Вестибюльдерде, холлдарда, рекреацияларда, акті және мәжіліс залдарында, әкімшілік үй-жайларында конструкциясы әртүрлі аспалы төбелерді қолдануға жол беріледі.
60. Барлық үй жайлардың төбелері мен қабырғалары тегіс, саңылаусыз, жарықшағы жоқ, бүлінбеген, грибоктармен зақымдану белгілерінсіз болуы тиіс.
61. Қалыпты режимде пайдаланылатын үй-жайлардағы қабырғалардың, еденнің, жабдықтың беті ылғалды тәсілмен жинауға жол беретіндей тегіс, күңгірт болады.
Ылғалды режимде жұмыс істейтін үй-жайлардың (медициналық мақсаттағы, ас блогы, санитариялық тораптар, кір жуу, жуыну орындары) қабырғаларын кемінде 1,5 м биіктікте, себезгі бөлмелерінде кемінде 1,8 м биіктікте тақтаймен немесе жуу және дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып, ылғалды тәсілмен жинауға жол беретін басқа да материалдармен қаптайды. 
62. Терезе әйнектері, электр шамдардың плафондары және сыртқа тартып желдету жүйесінің жалюзді торлары таза ұсталады. Білім алушылар мен тәрбиеленушілерді жарықтандыру арматурасын тазалауға және терезелерді жууға тартуға жол берілмейді.
63. Желдету үшін ашылатын терезелерге, форточкаларға, фрамугаларға москит торлары орнатылады.
64. Объектілердің аумағы, ашық ауадағы дене шынықтыру және спорт алаңдары таза ұсталады, бөгде заттардан бос болуы тиіс. 
65. Барлық үй-жайлар таза ұсталады. Ас блогын және дәретханаларды күн сайын дезинфекциялау құралдарын пайдалана отырып жинайды. Дәретханаларда еден, есік тұтқалары, кранның құлақтары, раковиналар және унитаздар күн сайын дезинфекциялауға жатады. 
Үй жайларды ылғалды жинауды ұйымның техникалық персоналы жүргізеді. Білім алушылар мен тәрбиеленушілерді санитариялық тораптарды жинауға тартуға жол берілмейді.
66. Жинау жүргізу үшін нормалау құжаттарына сәйкес қолдануға рұқсат етілген жуу, дезинфекциялау құралдары пайдаланылады. 
Дезинфекциялау ерітінділерін өндірушінің нұсқаулығына сәйкес ерітіндінің дайындалған күнін көрсете отырып, таңбаланған сыйымдылықтарда дайындайды. Дезинфекциялау және жуу құралдары және олардың жұмысшы ерітінділері білім алушылар мен тәрбиешілердің қолы жетпейтін орындарда сақталады.
67. Жинау мүкәммалы (легендер, шелектер, щеткалар, шүберектер) таңбаланады және олар жекелеген үй-жайларға (санитариялық торап, медициналық пункт, ас блогының өндірістік үй-жайлары, тамақ ішетін залдар, рекреациялар, оқу кабинеттері, жатын бөлмелер, өндірістік шеберханалар) бекітіледі және арнайы бөлінген орындарда сақталады.
Барлық ұйымдардың санитариялық тораптары үшін жинау мүкәммалының белгілік таңбасы болады. 
68. Объектілерде дератизациялау және дезинсекциялау бойынша іс-шаралар жүргізіледі. Жәндіктердің, кенелердің және басқа да буынаяқтылар мен кеміргіштердің болуына жол берілмейді.
69. Тығыз жабылатын қақпақтармен жабдықталған қоқыс жинағыштар шаруашылық аймақтағы үш жағынан қоршалған тазалау және дезинфекциялау үшін қолжетімді, су өткізбейтін төсемі бар алаңға орнатылады. Қоқыс жинағыштар (контейнерлер) тазаланады, жуылады және дезинфекцияланады. 
Көп пәтерлі тұрғын үйдің бірінші қабатында, ішіне-жапсарлас салынған үй-жайларда орналасқан объектілердің қоқысын жинау үшін тұрғын үйдің ортақ қоқыс жинағыштары немесе контейнерлері пайдаланылады.
5-тарау. Оқыту және өндірістік практика жағдайларына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
70. Жалпы білім беру және арнайы білім беру ұйымдарының топтарын (сыныптарын) толықтыру осы Санитариялық қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес қабылданады. 
71. Жалпы білім беру ұйымдарында сабақтың ұзақтығы 40 минуттан аспауы тиіс. Бірінші сыныптарда оқу жүктемесін бірте-бірте арттыра отырып, оқу сабақтарының «сатылы» режимін қолданады. Қыркүйекте үш сабақ 35 минуттан, қазаннан бастап 40 минуттан жоспарланады. Сабақтарда дене шынықтыру минуттарын және көзге арналған жаттығулар өткізіледі.
Бірінші сынып оқушылары үшін бір жыл ішінде қосымша бір апталық демалыстар болуы тиіс.
72. Жалпы білім беру ұйымдарындағы апталық оқу жүктемесі осы Санитариялық қағидаларға 3-қосымшада көрсетілген нормалардан аспауы тиіс.
Кестедегі сабақтар саны ата-аналар комитетімен келісіледі.
73. Бастауыш мектепте қосарланған сабақтарды өткізуге жол берілмейді.
Сабақ кестесін жасаған кезде бір күн және бір аптаның ішіндегі оқушының ақыл-ой еңбегіне қабілеттілік серпіні ескеріледі және осы Санитариялық қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес қиындығы бойынша пәндерді саралау кестесі пайдаланылады.
74. Мектептің сабақ кестесі міндетті және факультативтік сабақтар үшін жеке жасалады. Факультативтік сабақтар міндетті сабақтардың барынша аз саны бар күндері жоспарланады.
75. Жалпы білім беру ұйымдарының барлық түрінде оқушылар үшін сабақтар арасындағы үзілістің ұзақтығы кемінде 5 минут, үлкен үзіліс (2-ші немесе 3-ші сабақтан кейін) 30 минутты құрайды. Бір үлкен үзілістің орнына екінші және төртінші сабақтан кейін әрқайсысы 15 минуттан екі үзіліс жасауға жол беріледі.
Үзілістерді таза ауаны барынша көп пайдаланып, қозғалыс ойындарымен өткізеді.
Ауысымдар арасында ылғалды жинау және желдету үшін ұзақтығы кемінде 40 минут үзіліс көзделеді.
76. Мектеп алды сыныптардағы сабақтардың барынша рұқсат етілген саны – ұзақтығы 25-30 минуттан төрт сабақтан аспайды. Сабақтар арасындағы үзілістер кемінде 10 минут болуы тиіс. 
77. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғарғы білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының білім алушыларының оқу жүктемесі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген Білім берудің тиісті деңгейлерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарымен белгіленеді. 
78. Жазғы демалыс кезінде жалпы білім беру ұйымдары жанында дене шынықтыру-сауықтыру, оқу-тәрбие қызметін және білім алушылар мен тәрбиеленушілердің мәдени бос уақытын өткізуді жүзеге асыратын мектеп жанындағы лагерьлерді (алаңдарды) ұйымдастыруға жол беріледі. Мектеп жанындағы лагерьлер жұмыс істеген уақытта тамақтандыруды және күндізгі ұйқыны ұйымдастыруға жол беріледі. Тамақтандыруды ұйымдастыру кезінде осы Санитариялық қағидалардың талаптары ескеріледі. Күндізгі ұйқыны ұйымдастыру кезінде жатын үй-жайы бөлінеді, жеке кереуеттер (жазылатын кереуеттер) орнатылады, жеке төсек-орын жабдықтары (жайма, жастықтың тысы, көрпенің тысы) және кемінде екі орамал (аяққа және қолға арналған) көзделеді.
79. Өндірістік практика оқу-тәрбие процесінің кестесіне сәйкес жүргізіледі. Білім алушылар мен тәрбиеленушілердің технологиялық жабдықты жөндеуіне жол берілмейді.
80. Ойын және спорт алаңдарының жабдықтарын қоса алғанда, жиһаз бен жабдық білім алушылар мен тәрбиеленушілердің бойына және жасына сәйкес келеді. Спорт, ойын жабдығы жарамды күйде ұсталады.
81. Оқу жиhазын іріктеп алуды білім алушылардың бойына сәйкес жүргізеді. Оқу жиһазының өлшемдері осы Санитариялық қағидаларға 5-қосымшада көрсетілген. 
82. Объектілерде оқу кабинеттері, зертханалар жұмыс үстелдерімен, арқалығы бар орындықтармен жабдықталады. 
Мынадай білім алушылар мен тәрбиеленушілер:
есту, көру қабілеті бұзылған білім алушылар мен тәрбиеленушілер тақтаға жақын, алдыңғы қатардағы үстелдерге;
жиі суық тиіп ауыратын білім алушылар мен тәрбиеленушілер сыртқы қабырғадан алыс отырғызылады. 
83. Оқу үй-жайларындағы жиһаз сол жақ бүйірден табиғи жарықтандыру қамтамасыз етіле отырып, орнатылады. Негізгі жарық ағынының білім алушылар мен тәрбиеленушілердің алдынан және арт жағынан түсуіне жол берілмейді.
84. Физикалық және химиялық реагенттерді пайдалана отырып, зертханалық жұмыстарды жүргізу үшін физика мен химия кабинетіндегі демонстрациялық және оқу зертханалық үстелдерге электр энергиясын жүргізу, химия кабинетінде (орталықтандырылған сумен жабдықтау болғанда) су және кәріз жүргізу көзделеді. 
Химия кабинетінде сыртқа тарту шкафы жабдықталады.
85. Тәжірибелер жүргізу үшін пайдаланылатын химиялық реагенттер, қышқылдар мен сілтілер таңбаланады, жауапты адамның бақылауымен арнайы бөлінген сейфте сақталады. 
86. Оқу шеберханаларында мамандандырылған верстактарда және үстелдерде жұмыс істеу кезінде өздерінің мақсатына сәйкес арқалығы жоқ көтеріліп-бұрылатын отырғыштар қолданылады. 
87. Шеберханалар шуы аз жабдықпен жарақталады, шу мен діріл деңгейлері нормалау құжаттарының талаптарына сәйкес келеді.
88. Спорт залдарының жанындағы киім шешетін орындар киімге арналған шкафтармен немесе ілгіштермен және орындықтармен жабдықталады.
89. Спорттық төсеніштер мен снарядтардың жабыны (қаптамасы) ылғалды тәсілмен өңдеуге және дезинфекциялауға жол беретіндей бүтін болады. 
90. Секіруге арналған шұңқырларды үгінділер қосылған таза құммен (тас, бұтақтар, жапырақтары жоқ) толтырады, секіру алдында іші қопсытылады және тегістеледі. Шұңқырлардың ағаш ернеулері жердің бетімен бір деңгейде болуы тиіс, олар брезентпен немесе резеңкемен қапталады.
Жүгіру жолдарының бетінің қатты, жақсы құрғатылатын жабыны болуы, нығыз, шаңданбайтын, атмосфералық жауын-шашынға төзімді жоғарғы қабаты болуы тиіс. 
91. Орталықтандырылған сумен жабдықтау жүйесі болмаған жағдайда су құятын қолжуғыштарды орнатуға жол беріледі.
92. Объектілердің санитариялық тораптарында унитаздар, қол жуатын раквиналар, қолды жууға және кептіруге арналған құралдар, қоқыс жинауға арналған қоқыссалғыштар орнатылады. Білім алушылар мен тәрбиеленушілерге арналған унитаздар жабық кабиналарда орналастырылады, білім беру объектілерінің мектеп алды сыныптары үшін балаларға арналған унитаздар орнатылады.
Объектілердің оқу және тұрғын корпустарындағы санитариялық аспаптарға қажеттілік осы Санитариялық қағидаларларға 6-қосымшаға сәйкес көзделеді. 
Жүріп-тұруы шектеулі топтар үшін санитариялық құралдардың орнатылуы және оларға қажеттілік сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтердің талаптарына сәйкес нормаланады.
93. Білім алушылар мен тәрбиеленушілер үшін сатып алынған өнімдердің (ойыншықтар, аяқ киім, киім, ыдыс, жеке гигиена құралдары, мектеп және жазу құралдары, төсек-орын жабдықтары, парфюмерлік-косметикалық өнім, жиһаз) оның сапасы мен қауіпсіздігін растайтын құжаттары болуы тиіс.
6-тарау. Объектілерде тұру жағдайларына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар 
94. Білім алушылар мен тәрбиеленушілердің тұруына арналған объектіні бөлек тұрған ғимараттарға, ішіне-жапсарлас салынған ғимараттарға, сондай-ақ оқу корпустарымен көрші ғимараттарға орналастыруға жол беріледі. 
Жатын үй-жалардағы ауданы 1 орынға кемінде 4 м2, полиемиелит және енжар параличтен зардап шеккен балаларға арналған мектеп-интернаттарда 4,5 м2 көзделеді.
ТжКБ, ОБКБ және ЖОО білім алушыларына арналған жатақханаларда 1 адамға кемінде 6 м2 аудан көзделеді.
95. Үй-жайлар олардың функционалдық мақсаттарына сәйкес жиһазбен жабдықталады. 
Төсек-орын жабдықтары, жаңа және ескі киімдер мен аяқ киімдер, қатты мүкәммал қорларын сақтау үшін қойма үй-жайлары көзделеді.
96. Білім алушылар мен тәрбиеленушілерді тәулік бойы болатын объектілерде шомылдыру төсек-орын жабдықтарын, іш киім мен орамалдарды бір уақытта ауыстыра отырып, кесте бойынша жеті күнде бір реттен сиретпей жүзеге асырылады.
97. Төсек-орын жабдықтарын, орамалдарды ауыстыру ластануына қарай, бірақ аптасына бір реттен сиретпей жүргізіледі. Лас киім-кешек кір жуатын орынға қаптармен (клеенкалы және мата) жеткізіледі. Матадан тігілген қаптар жууға тапсырылады, клеенкалы қаптар қолдануға рұқсат етілген жуу құралдарымен өңделеді. Таза киім-кешек жуылған қаптарда жеткізіледі. Төсек-орын жабдықтары жылына кемінде бір рет камералы дезинфекциялауға жатады.
98. Бір жатын орынға кемінде үш төсек-орын жабдығының болуы көзделеді. Білім алушылар мен тәрбиеленушілердің тұратын орны ұйымдастырылған объектілерде төсек-орын керек-жарақтары мен төсек-орын жабдықтары таңбаланады, жеке гигиенаға арналған заттар (тіс щеткалары, тарақтар, жөкелер) әр балаға жеке бөлінеді. Жеке тіс щеткалары, жөкелер жуынатын бөлмелердегі ашық ұяшықтарда сақталады. 
99. Кір жуу объектінің кір жуатын орнында жүзеге асырылады, таза және лас киім-кешектің қарама-қарсы ағыны болмайды. Кір жуатын орын болмаған жағдайда кір жуу басқа кір жуатын орындарда бір орталықтан жүргізіледі.
Инфекциялық аурумен ауырған адамның киім-кешегі жуу алдында таңбаланған ванналарда дезинфекциялауға жатады. 
100. ТжКО, ОБКБ және ЖОО білім алушыларына арналған студенттік жатақханаларда 4-6 адамға 1 себезгі, 1 қол жуатын раквина және 1 унитаз орнатылады. Әйелдердің жеке гигиенасы кабинасы 50 адамға шаққанда 1 кабина есебінен көзделеді және унитазбен, бидемен, себезгімен және қол жуатын раквинамен жабдықталады.
7-тарау. Объектілердегі тамақтану жағдайларына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
101. Объектілердің ас блогтарына осы Санитариялық қағидалардың талаптарына қайшы келмейтін бөлігінде қоғамдық тамақтану объектілеріне қойылатын нормалау құжаттарының талаптары қолданылады.
102. Тамақ ішу арасындағы интервал 3,5 – 4 сағаттан аспауы тиіс. 
103. Тәрбиелеу және білім беру объектілерінде білім алушылар мен тәрбиеленушілерді тамақтандыру нормалары («брутто» массасында) «Әлеуметтік көмек көрсетілетін азаматтарға әлеуметтік көмектің мөлшерін, көздерін, түрлерін және оны беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 наурыздағы № 320 қаулысымен регламенттелген. 
104. Объектіде перспективалық маусымдық (жаз-күз, қыс-көктем) екі апталық мәзір жасалады. Мәзірді әзірлеу кезінде білім алушылар мен тәрбиеленушілердің болу ұзақтығы, жас санаты ескеріледі, витаминдік-минералдық кешенмен байытылған тамақ өнімдері көзделеді.
105. Жалпы білім беретін ұйымдардың бірінші ауысымының білім алушылары үшін бір-екі рет тамақтану – екінші таңғы ас немесе екінші таңғы ас пен түскі ас, екінші ауысымның білім алушылары үшін – бесін ас, ұзартылған күн топтары үшін – екінші таңғы ас, түскі ас және бесін ас көзделеді. Балалар тәулік бойы болатын кезде кемінде бес рет тамақтану көзделеді.
106. Жасқа байланысты граммен тағам порцияларының ұсынылатын массасы осы Санитариялық қағидаларға 7-қосымшада көрсетілген. 
107. Осы Санитариялық қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес тамақ өнімдерін ауыстыруға жол беріледі. 
108. Мәзірде бірдей тағамдарды немесе аспаздық өнімдерді бір күнде және келесі екі-үш күнтізбелік күнде қайталауға жол берілмейді.
109. Күн сайын тамақтану рационына ет, сүт, сары май және өсімдік майы, қара бидай және (немесе) бидай наны, көкөністер және қант енгізіледі. Балық, жұмыртқа, ірімшік, сүзбе, құс еті екі-жеті күнтізбелік күнде бір рет енгізіледі.
110. Таңғы ас тағамнан (бірінші немесе екінші) және сусыннан (компот, кисель, шай және шырындар) тұрады. Жұмыртқаны, шырындарды, жемістерді, сары маймен немесе ірімшікпен бутербродтарды таңғы асқа енгізуге немесе жеке қабылдауға жол беріледі. 
Түскі асқа салат, бірінші, екінші тағам (негізгі тағам еттен, балықтан немесе гарнирі бар құс еті) және үшінші (компот, кисель, шай және шырындар) кіреді. Пісірілген және жас көкөністерден оңай жасалатын салаттар дайындалады.
Бесін аста мәзірге тоқашпен және кремі жоқ кондитерлік өнімдермен бірге сусын (сүт, қышқыл сүт өнімдері, кисель, шырындар) енгізіледі. 
Кешкі ас көкөніс (сүзбе) тағамынан немесе ботқадан, негізгі екінші тағамнан (ет, балық немесе гарнирі бар құс еті), сусыннан (шай, шырын, кисель) тұрады. 
Қосымша екінші кешкі ас ретінде жемістер немесе қышқыл сүт өнімдері және тоқаш немесе кремі жоқ кондитерлік өнімдер енгізіледі. 
111. Күн сайын тамақ ішетін залда объектінің басшысы бекіткен мәзір ілінеді, онда тағамдардың атауы, әр дайын тағамның шығымы көрсетіледі. Мәзірде көрсетілген тағамдар мен аспаздық өнімдердің атаулары пайдаланылған рецептуралар жинақтарында көрсетілген атауларға сәйкес келуі тиіс.
112. Тамақ өнімдерін және азық-түлік шикізатын қабылдау осы Санитариялық қағидаларға 9-қосымшаның 1-нысанына сәйкес деректер тез бұзылатын тамақ өнімдері мен жартылай фабрикаттардың бракераж журналына енгізіле отырып, олардың сапасы мен қауіпсіздігін растайтын құжаттар бар болған жағдайда жүзеге асырылады.
Тамақ өнімінің сапасы мен қауіпсіздігін растайтын құжаттар қоғамдық тамақтану ұйымында сақталады.
113. Білім алушылар мен тәрбиеленушілерді тамақтандыруда көрсетілген тамақ өнімінің сапасы мен қауіпсіздігін растайтын зертханалық-аспаптық зерттеулер нәтижелері болған кезде, ауыл шаруашылығы мақсатындағы ұйымдарда, білім беру ұйымдарының оқу-тәжірибелік және бақша учаскелерінде, жылыжайларында өсірілген өсімдіктен алынған азық-түлік шикізатын пайдалануға жол беріледі.
114. Білім алушылар мен тәрбиеленушілердің ас блогының өндірістік үй-жайларында болуына және оларды тағам дайындаумен, көкөністерді тазалаумен, дайын тағамды таратумен, нан тураумен, ыдыс жуумен, өндірістік үй-жайларды жинаумен байланысты жұмыстарға тартуға жол берілмейді. 
115. Сусындарды құю тікелей тұтынушының ыдысына (стақандарға, бокалдарға) жүзеге асырылады, тарату алдында ортақ ыдысқа құюға жол берілмейді. 
116. «С» витаминімен витаминдеуді балалар тәулік бойы болатын ұйымдарда осы Санитариялық қағидаларға 9-қосымшаның 2-нысанына сәйкес деректерді «С-витаминдеу» журналына енгізе отырып, «С» витаминінің тәуліктік нормасы есебінен мектеп жасындағы балалар үшін – 70 мг мөлшерінде жүргізеді.
117. Тамақ өнімдерінің жарамдылық мерзімдері және оларды сақтау шарттары өндіруші (дайындаушы) белгілеген жарамдылық мерзімдеріне сәйкес келеді.
118. Тез бұзылатын тамақ өнімдерін сақтау температурасы төмен тоңазыту жабдықтарында және (немесе) тоңазыту камераларында және (немесе) тоңазытқыштарда жүзеге асырылады. Температураны бақылау үшін термометрлер орнатылады. Сынап термометрлерін пайдалануға жол берілмейді. 
119. Тәрбиелеу және білім беру объектілерінің қоғамдық тамақтану ұйымдарында мыналарды: 
1) қатық, сүзбе, айранды;
туралған ет қосылған құймақтарды;
флотша макаронды;
зельцтер, форшмактар, сілікпелер, паштеттерді;
кремі бар кондитерлік өнімдерді;
тұтыну қаптамасындағы кондитерлік өнімдер мен тәттілерді (шоколад, кәмпит, печенье);
морстар, квастарды;
фритюрде қуырылған өнімдерді;
шала пісірілген жұмыртқа, қуырылған жұмыртқаны;
күрделі (4 компоненттен артық) салаттарды; қаймақ пен майонез қосылған салаттарды;
окрошканы;
саңырауқұлақтарды;
өнеркәсіпте дайындалмаған (үйде дайындалған) тамақ өнімдерін;
тез дайындалатын құрғақ тағамдық концентраттар негізіндегі бірінші және екінші тағамдарды;
газдалған, емдік және емдік-асханалық минералдық суды, тәтті алкогольсіз сусындарды, алкогольсіз энергетикалық (сергітетін) сусындарды, диффузиялық қойылтылған шырындарды (қаптамаланған минералды және ауыз суды қоспағанда);
фаст-фудтар: гамбургерлер, ход-догтар, чипсілер, кептірілген нан, қытырлақ нанды;
ащы тұздықтар, кетчуптар, ащы дәмдеуіштерді (бұрыш, ақшелкек, қыша) дайындауға және өткізуге;
2) мыналарды:
пастерленбеген сүтті, термиялық өңделмеген сүзбені және қаймақты;
суда жүзетін құстың жұмыртқасы мен етін;
ауыл шаруашылығы малының сырқаттанушылығы бойынша қолайсыз шаруашылықтардың сүтін және сүт өнімдерін;
тіл, жүректі қоспағанда өнімді мал мен құстың субөнімдерін;
механикалық түрде сылынып алынған өнімді малдың етін және құс етін;
құс етінен алынған құрамында коллаген бар шикізатты;
сойылған өнімді мал мен құстың қайта мұздатылған өнімдерін;
генетикалық түрлендірілген шикізаттар және (немесе) құрамында генетикалық түрлендірілген көздер бар шиізаттарды;
йодталмаған тұзды және құрамында темір бар витаминдермен, минералдармен байытылмаған (фортификацияланбаған) жоғарғы және бірінші сұрыпты бидай ұнын пайдалануға жол берілмейді. 
120. ЖОО-ны қоспағанда білім беру объектілерінде тамақ өнімдерін өткізетін автоматтарды орнатуға жол берілмейді.
121. Жаппай сауықтыру емшарасы ретінде оттегі коктейльдерін өткізуге жол берілмейді.
122. Күн сайын медицина қызметкері немесе жауапты адам осы Санитариялық қағидаларға 9-қосымшаның 3-нысанына сәйкес тағамдардың және аспаздық өнімдердің сапасын органолептикалық бағалау журналына жазба енгізе отырып, дайын тағамдардың сапасына органолептикалық бағалау жүргізеді. 
Тамақтану сапасын мерзімдік бағалауды бракераж комиссиясы жүргізеді, оның құрамы міндетті түрде құрамына медицина, әкімшілік қызметкері, өндіріс меңгерушісі және ата-аналар комитетінің өкілі енгізіле отырып, обьекті басшысының бұйрығымен айқындалады.
123. Күн сайын ас блогында аспазшы нақты ас мәзіріне сәйкес дайын өнімнің тәуліктік сынамасын қалдырады. Сынамаларды қақпағы бар таза (қайнатылып өңделген) шыны ыдысқа (гарнирді бөлек ыдысқа салады) алады және +2°С-тан +6°С-қа дейінгі температурада тоңазытқышта арнайы бөлінген орында сақтайды. Тәуліктік сынаманы келесі күні немесе демалыстан кейінгі күні (демалыс күндерінің санына қарамастан) дайындалған тағаммен – таңғы аспен, түскі аспен, бесін немесе кешкі аспен ауыстырғанға дейін кемінде жиырма төрт сағат сақтайды.
8-тарау. Өндірістік бақылауға, персоналдың еңбек және тұрмыстық қызмет көрсету жағдайларына қойылатын талаптар
124. Объектіде нормалау құжаттарының талаптарына сәйкес өндірістік бақылау ұйымдастырылады және жүргізіледі.
125. Объектіде персоналдың еңбек жағдайын және жеке гигиена қағидаларын сақтауына жағдай жасалады. 
126. Ас блогының жұмыскерлері, техникалық персонал арнайы киіммен (халат немесе шалбары бар күрте, бас киім, аяқ киім) қамтамасыз етіледі. 
Объектілердің жұмыскерлері жеке және өндірістік гигиенаны сақтайды: қолдың тазалығын бақылайды, таза арнайы киім мен аяқ киім киеді, объектіден шығу және дәретханаға бару алдында арнайы киімін шешеді, жұмыс басталу алдында және дәретханаға барғаннан кейін, сондай-ақ жұмыстағы әрбір үзілістен соң және лас заттармен жанасқанда қолдарын сабынмен жуады. 
127. Білім беру объектілерінің асхана жұмыскерлері жұмыс басталу алдында шаштарын орамалдың немесе қалпақтың астына жинайды, зергерлік бұйымдарды, сағаттарды және басқа да сынатын заттарды шешеді, тырнақтарын қысқа етіп қиады және оларды лакпен боямайды. 
Жұмыскерлердің өндірістік үй-жайларға арнайы киімсіз кіруіне және оның үстінен өзге киімді киюіне жол берілмейді. 
Арнайы киім жеке заттарынан бөлек сақталады. 
128. Шикізат пен дайын өнімге бөгде заттардың түсуін болдырмау үшін өндірістік үй-жайларда ұсақ шыны және металл заттарды (технологиялық мүкәммалдан басқа) әкелуге және сақтауға, арнайы киімді түйреуішпен, инемен түйреуге және халаттың қалталарында жеке заттарды сақтауға жол берілмейді.
129. Қол жуу үшін ыстық және салқын су өткізілген қол жуатын раквиналар, қол жууға және құрғатуға арналған құралдар орнатылады.
130. Тамақ ішуге, темекі шегуге қатаң түрде бөлінген жерлерде рұқсат етіледі.
9-тарау. Объектілердегі медициналық қамтамасыз етуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
131. Білім беру объектілерінде медициналық қызмет көрсету қамтамасыз етіледі.
Медицина қызметкері болмаған жағдайда медициналық қызмет көрсетуді медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымы жүзеге асырады.
132. Жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарына, КТБО-ға жаңа келіп түскен білім алушылар мен тәрбиеленушілер үшін изолятор бокстар көзделеді.
133. Білім беру объектілерінде медициналық пункттегі үй-жайлардың ең аз жиыны медицина қызметкерінің кабинетін және емшара кабинетін қамтиды. 
Тұратын орындар ұйымдастырылатын объектілерде, жатақханаларда бірінші қабатта изоляторы бар медициналық пункт көзделеді. 
134. Изолятор палаталары өтпелі болмауы тиіс, олардың арасында биіктігі 1,2 м әйнектелген қалқа құрылғысы бар медициналық кабинетпен көрші орналасуы тиіс.
135. Білім алушылар аз уақыт болатын білім беру ұйымдарында, сондай-ақ мектептен тыс ұйымдарда медициналық кабинет көзделмейді.
136. Емшара кабинетінде профилактикалық егулер жүргізуге жол беріледі. Медициналық емшаралар мен профилактикалық егулерді бір мезгілде жүргізуге жол берілмейді. 
137. Селолық елді мекендерде орналасқан ұйымдарда медициналық пункттің қажетті үй-жайлар жиыны болмаған кезде медициналық пункттер үшін ауданы кемінде 12 м2 болатын бөлме жабдықталады.
138. Медициналық пунктті жарақтандыруға арналған медициналық жабдықтар мен құрал-саймандардың ең аз тізбесі осы Санитариялық қағидаларға 10-қосымшада белгіленген.
139. Эпидемиологиялық қауіптілік дәрежесі бойынша ықтимал қауіпті қалдықтарға жататын медициналық қалдықтар түзілген кезде оларды емдеу-профилактикалық объектілері қалдықтарының барлық түрлерін жинау, сақтау, өңдеу, залалсыздандыру және жою қағидаларына сәйкес залалсыздандырады және жояды.
140. Аурудың созылмалы түрлерімен, тәуекел факторларымен диспансерлік есепте тұрған, сондай-ақ жекелеген жіті аурулармен ауырған білім алушылар мен тәрбиеленушілер құрылған жоспарға сәйкес диспансерлік бақылауға және сауықтырылуға жатады.
141. Емдеу-профилактикалық және сауықтыру іс-шараларын медицина персоналы жүргізеді. Обьектілерде білім алушылар мен тәрбиеленушілердің денсаулығын нығайтуға, сырқаттанушылықтың алдын алуға және оны төмендетуге бағытталған сауықтыру іс-шараларының кешенді жоспары жасалады. 
142. Білім беру ұйымдарына түсетін білім алушылар мен тәрбиеленушілер медициналық тексеріп-қараудан өтеді. 
143. Білім беру объектілерінің қызметкерлері мен ас блогының персоналында жұмысқа жіберілгені туралы белгісі бар жеке медициналық кітапшалары болады.
144. Іріңді тері аурулары, іріңдеген тіліктер, күйіктер, жаралары бар адамдар, инфекциялық аурулармен ауыратын науқастар немесе олардың қоздырғыштарын тасымалдаушылар, сондай-ақ науқастармен және тасымалдаушылармен байланыста болған адамдар тиісті медициналық зерттеп-қарау жүргізілгенге дейін және дәрігердің қорытындысына дейін жұмысқа жіберілмейді. 
145. Медицина қызметкері мектептен тыс ұйымдардан басқа объектілерде медициналық кабинетті, құжаттаманы және жататын контингентті профилактикалық медициналық тексеріп-қарау жүргізуге дайындауды, білім алушылар мен тәрбиеленушілерді, персоналды вакцинациялауды жүргізеді. 
146. Объектілердің медицина қызметкерлері мен әкімшілігі:
1) объектілердегі қызметкерлердің профилактикалық медициналық тексеріп-қараудан уақтылы өтуін есепке алуды және осы Санитариялық қағидаларға 9-қосымшаның 4-нысанына сәйкес деректерді ас блогы жұмыскерлерін тексеріп-қарау нәтижелері журналына тіркеу арқылы ас блогы жұмыскерлерінің денсаулығына күн сайын бақылау жүргізеді;
2) жыл сайын және сұрау салу бойынша сырқаттанушылық, профилактикалық медициналық тексеріп-қарауды өткізу, денсаулық жағдайы бойынша білім алушылар мен тәрбиеленушілерді бөлу (денсаулық топтары), дене бітімінің дамуы, диспансерлік бақылау және жүргізілген сауықтыру топтары бойынша ақпаратты халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның аумақтық бөлімшелеріне ұсынады;
3) он күн сайын осы Санитариялық қағидаларға 9-қосымшаның 5-нысанына сәйкес оны кейіннен түзете отырып және тамақ өнімдері нормаларының орындалуын бақылау тізімдемесін жүргізе отырып, күнтізбелік 10 күнге негізгі өнімдер бойынша тәуліктік нормалардың орындалуына талдау жүргізеді.
147. Білім алушылар мен тәрбиеленушілер немесе персонал арасында инфекциялық аурулар тіркелген жағдайда, сондай-ақ профилактикалық мақсатта білім беру ұйымының басшылығы, оның персоналы және медицина қызметкерлері санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды жүргізеді.
148. Білім беру ұйымдарында медициналық көмек көрсету Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 7 сәуірдегі № 141 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 112351 болып тіркелген) бекітілген Білім беру ұйымдарының білім алушылары және тәрбиеленушілеріне медициналық қызмет көрсету қағидаларының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
149. Медициналық кабинеттерде өндірушінің нұсқаулығына сәйкес қолдануға рұқсат етілген дезинфекциялау құралдарымен жабдықтар мен мүкәммалға санитариялық-дезинфекциялық өңдеу жүргізіледі.
150. Білім беру объектілерінде осы Санитариялық қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес медициналық құжаттама жүргізіледі.
«Білім беру объектілеріне
 қойылатын санитариялық-
 эпидемиологиялық талаптар»
 санитариялық қағидаларына
 1-қосымша
Зертханалық-аспаптық зерттеулер
Кесте
Р/сСынама алу орныЗертханалық зерттеулер, саны (бірлік)Зерттеу кезеңділігі
1234
1Білім алушылар мен тәрбиеленушілерге білім беру, тәрбеиелеу, тұру орындарының ұйымдары, барлық түрдегі және типтегі интернат ұйымдары
1.1ас блоктарымикробиологиялық зерттеулерге тамақ өнімдерінің (шикізат) сынамаларыағымдағы қадағалау тәртібінде
микробиологиялық зерттеулерге алынатын дайын тағамдардың сынамаларыағымдағы қадағалау тәртібінде
микробиологиялық және санитариялық-химиялық зерттеулерге су сынамаларыағымдағы қадағалау тәртібінде (жылына бір рет)
тағамдардың құнарлығыағымдағы қадағалау тәртібінде
термиялық өңдеу сапасыағымдағы қадағалау тәртібінде
сыртқы орта шайындыларыағымдағы қадағалау тәртібінде
дезинфекциялау құралдарындағы хлордың қалдығын айқындауағымдағы қадағалау тәртібінде
бактериологиялық, санитариялық-химиялық зерттеулерге жергілікті сумен жабдықтау көздерінен (орталықтандырылған, құдықтар, ұңғымалар, каптаждар) алынатын ауыз су ағымдағы қадағалау тәртібінде 
(жылына бір рет)
персоналды бактериологиялық тасымалдаушылыққа зерттеп-қарауэпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша
1.2қабылдау бөлмелері, жатын бөлмелер, оқу үй-жайлары, шеберханалар, спорт және музыка залдары, медициналық кабинеттер, демалуға және ұйықтауға арналған үй-жайлар, компьютерлік температурасы, ауаның салыстырмалы ылғалдылығыобъектінің сәйкестігі (сәйкес еместігі) туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды берген кезде, ағымдағы қадағалау тәртібінде (жылыту маусымы кезеңінде жылына бір рет)
Р/сОбъектілерЗертханалық зерттеулерЗерттеу кезеңділігі
1234
1.2сыныптар

1.3зертханалар, химия кабинеті, спорт залдары, шеберханалар, ас блоктарыжелдетудің, шудың тиімділігін зерттеуағымдағы қадағалау тәртібінде 
(жылына бір рет)

су тарату крандары - ғимаратқа, ас блоктарына (бөлек блокта орналасқан кезде) – судың кіру және шығу орындарысу құбыры жүйесінен алынатын су (бактериологиялық және санитариялық-химиялық зерттеулер) объектінің сәйкестігі (сәйкес еместігі) туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды берген кезде, ағымдағы санитариялық қадағалау 
1.4құдықтар, ұңғымалар, каптаждар және бұлақтар, су тарату крандары бактериологиялық, санитариялық-химиялық зерттеулерге жергілікті сумен жабдықтау көздерінен (орталықтандырылған, құдықтар, ұңғымалар, каптаждар) алынатын ауыз су объектінің сәйкестігі (сәйкес еместігі) туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды берген кезде, ағымдағы қадағалау тәртібінде
1.5.ыдыстарға өлшеп-құйылған суды пайдаланатын объектілерыдыстарға өлшеп-құйылған ауыз су (шөлмектердегі суды қоспағанда)ағымдағы қадағалау тәртібінде
1.6жабық жүзу бассейндері және ванналарбактериологиялық, санитариялық-химиялық, паразитологиялық зерттеуге алынатын су сынамаларыобъектінің сәйкестігі (сәйкес еместігі) туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды берген кезде, ағымдағы қадағалау тәртібінде
1.7компьютерлік және мультимедиялық сыныптар, кабинеттер жұмыс орындарындағы электромагниттік, электростатикалық өрістердің кернеуі, аэроиондардың шоғырлану және униполярлық коэффициент деңгейі, шуобъектінің сәйкестігі (сәйкес еместігі) туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды берген кезде, ағымдағы қадағалау тәртібінде
1.8оқу үй-жайлары, зертханалар, шеберханалар, өзін-өзі дайындау бөлмесі, оқу залы, медициналық кабинетжасанды жарықтандыру деңгейіобъектінің сәйкестігі (сәйкес еместігі) туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды берген кезде, ағымдағы қадағалау тәртібінде 
Р/сОбъектілерЗертханалық зерттеулерЗерттеу кезеңділігі
1234
1.9пешпен немесе автономды, электрсіз жылытылатын үй-жайлар, медициналық кабинеттерауа ортасын зерттеуағымдағы қадағалау тәртібінде
1.10ойын алаңдарындағы құмды алаңқайтопырақты зерттеуағымдағы қадағалау тәртібінде мамырдан бастап қыркүйекке дейінгі кезеңде
1.11балалар тауарларының ассортиментін сатып алуды жүзеге асыратын білім беру ұйымдарыбалалар тауарларының ассортименті (киім, аяқ киім, ойыншықтар, косметикалық құралдар, кеңсе тауарлары, ыдыс, гигиена құралдары және басқалар)жылына бір рет
«Білім беру объектілеріне
 қойылатын санитариялық-
 эпидемиологиялық талаптар»
 санитариялық қағидаларына
 2-қосымша
Жалпы білім беретін және арнайы білім беру ұйымдары топтарының (сыныптарының) толықтырылуы
Жалпы білім беретін ұйымдар сыныптарының толықтырылуы
Жалпы білім беретін ұйымдар үшін сыныптарды толықтыру 25 оқушыдан артық емес болып белгіленеді. Жалпы білім беретін мектептердің жоғары сыныптарында, мамандырылған білім беру ұйымдарында, гимназияларда және лицейлерде сыныптардың толықтыруын 20 оқушыға дейін азайтуға жол беріледі. 
1 –кесте

Топтар (сыныптар)ЖасыБалалар саны
1234
1.Мектеп алды дайындық топтары (сыныптары) бес (алты) жастан алты (жеті) жасқа дейін 25-тен артық емес
2.Жалпы білім беру ұйымдарының сыныптары6 (7) жастан 18 жасқа дейін 
(1 – 11 (12)-сыныптар) 
25-тен артық емес
3.Шағын жинақталған мектептердегі сыныптар6 жастан 18 жасқа дейін 
(1 – 11 (12)-сыныптар)
5-10-нан 25 –ке дейін
Арнайы білім беру ұйымдарында сыныптарды, тәрбиелеу топтарын, ұзартылған күн топтарын толықтыру
2-кесте
Балаларға арналған арнайы білім беру ұйымдарыСыныптағы (топтағы) балалар саны

мектеп жасы
12
Сөйлеу қабілеті бұзылған:
сөйлеу қабілеті қатты бұзылған12
жекелеген дыбыстарды айта алмау фонетикалық-фонематикалық дамымаған 12
Есту қабілеті бұзылған:
естімейтін8
нашар еститін және кейіннен саңырау болған10
Көру қабілеті бұзылған:
көзі көрмейтін, кейіннен соқыр болған:8
нашар көретін12
амблиопия және қылилық10
жеңіл ақыл-ой кемістігі 10
орташа ақыл-ой кемістігі6
ауыр ақыл-ой кемістігі 4
психикалық дамуы тежелген12
тірек-қозғалыс аппараты бұзылған10
күрделі кемістігі бар6
эмоциялық-ерік бұзылыстары бар4
Ескертпе: 1. Жергілікті жағдайларға және қаражаттың болуына қарай көрсетілген арнайы білім беру ұйымдарында ұзартылған күн сыныптарын, тәрбиелеу топтарын толықтырудың ұсынылған шекті толықтырудан төмен болуына жол беріледі. 
2. Дене бітімінің кемістігі және ақыл-ой кемістігі бар балалар топтарының саны (арнайы топ) 4 – 6-ны құрауы мүмкін.
«Білім беру объектілеріне
 қойылатын санитариялық-
 эпидемиологиялық талаптар»
 санитариялық қағидаларына
 3-қосымша
Жалпы білім беретін ұйымдардағы апталық оқу жүктемесі 
Кесте
Сынып01234567891011
Жүктеме сағатпен, аптасына
12345678910111213
Инвариантты оқу жүктемесi20,52223262628282931332222
Сабақтар, факультативтер, таңдау бойынша курстар (жоғарғы сыныптарда бейійімдеу пәндері, қолданбалы курстар)1,5-111333331414
Жеке және топтық консультациялар, белсенді қозғалыс сипатындағы сабақтар-21222222233
Ең көп оқу жүктемесi222425292933333436383939
«Білім беру объектілеріне
 қойылатын санитариялық-
 эпидемиологиялық талаптар»
 санитариялық қағидаларына
 4-қосымша
Қиындығы бойынша пәндердi саралау кестесi 
Кесте 
ПәнБалл саны
123
1Математика, орыс тiлi (қазақ тiлiнде оқытатын мектептер үшiн), 
Математика, қазақ тiлi (қазақ тiлiнде оқытпайтын мектептер үшiн)
11
2Шет тiлi, пәндерді шет тiлiнде оқу10
3Физика, химия, информатика, биология9
4Тарих. Адам. Қоғам. Құқық.8
5Қазақ тiлi, әдебиет (қазақ тiлiнде оқытатын мектептер үшiн)
Орыс тiлi, әдебиет (қазақ тiлiнде оқытпайтын мектептер үшiн)
7
6Жаратылыстану, география, өзін-өзі тану, АӘД6
7Дене шынықтыру5
8Еңбек, технология4
9Сызу3
10Бейнелеу2
11Ән сабағы1
«Білім беру объектілеріне
 қойылатын санитариялық-
 эпидемиологиялық талаптар»
 санитариялық қағидаларына
 5-қосымша
Оқу жиһазының өлшемдерi
Кесте
Жиhаздың нөмiрлерiОқушылар бойының тобы (миллиметрмен)Білім алушыға қараған үстел жиегiнiң еденнен биiктiгiОрындықтың алдыңғы жиегiнiң еденнен биiктiгi
12345
111000 – 1150460260
221150 – 1300520300
331300 – 1450580340
441450– 1600640380
551600 – 1750700420
661750-ден жоғары760460
«Білім беру объектілеріне
 қойылатын санитариялық-
 эпидемиологиялық талаптар»
 санитариялық қағидаларына
 6-қосымша
Объектілердің оқу және тұрғын корпустарындағы санитариялық аспаптарға қажеттілік 
1-кесте
Жалпы бiлiм беретiн және интернат ұйымдарындағы оқу корпустарының санитариялық аспаптарға қажеттілігі
Р/с
Үй-жайӨлшем бірлігіСанитариялық аспаптардың
есепті саны
1235
1Оқушылар дәретханалары және қолжуғыштары: 
қыздарға
ұлдарға
1 білім алушы
1 білім алушы
20 қызға 1 унитаз,
30 қызға 1 қолжуғыш
30 ұлға 1 унитаз, 40 ұлға 0,5 писсуар лотогы,
30 ұлға 1 қолжуғыш
2Персонал дәретханалары және қолжуғыштары (жеке)2 санторап1 унитаз, 1 қолжуғыш
3Әйелдердiң жеке гигиена кабинеті (персоналға арналған) 1 кабина1 гигиеналық себезгі,
1 унитаз, 1 қолжуғыш
4Жалпы мектеп үй-жайлары блогындағы акті залы – дәрісханасы жанындағы дәретханалар және қолжуғыштар2 санторап (әйелдер және ерлер)30 орындық залға 1 унитаз және 1 қолжуғыш
5Спорт залдардың киім шешетін орындары жанындағы дәретханалар және себезгілер 1 киім шешетін бөлме1 унитаз, 1 қолжуғыш, 2 себезгі торы
6Асханадағы персоналға арналған дәретханалар және себезгiлер 1 санторап және 1 себезгі кабинасы1 унитаз, 1 қолжуғыш, 1 себезгі торы
7Қыздарға арналған жеке гигиена кабинасы1 кабина1 гигиеналық себезгi, 1 унитаз, бiр кабинаға 1 қолжуғыш, 70 қызға бiр кабина
8Медициналық кабинеттегі персоналға арналған дәретханалар1 санторап1 унитаз, 1 қолжуғыш
9Тамақ ішетін залдар жанындағы қолжуғыштар:
соқыр және нашар көретіндерге арналған мектеп-интернаттарда
ақыл-ой кемістігі бар балаларға арналған мектеп-интернаттарда
жалпы білім беретін, мамандандырылған ұйымдарда, саңырау мен нашар еститін, тірек-қозғалыс аппараты бұзылған балаларға арналған мектеп-интернаттарда
1 білім алушы
1 білім алушы
1 білім алушы
10 орынға 1 қолжуғыш
15 орынға 1 қолжуғыш
20 орынға 1 қолжуғыш
Мектептен тыс ұйымдар үшін санитариялық аспаптарға қажеттілік
2-кесте
Р/с
Үй-жайӨлшем бірлігіСанитариялық аспаптардың есепті саны
1235
1Оқушылар дәретханалары:
қыздарға
ұлдарға
1 білім алушы
1 білім алушы
20 қызға 1 унитаз, 30 қызға 1 қолжуғыш
30 ұлға 1 унитаз, 0,5 писсуар лотогы және 1 қолжуғыш
2Персонал дәретханалары және қолжуғыштары (жеке)2 санторап1 унитаз, 1 қолжуғыш
3Спорт залдардың киім шешетін бөлмелері жанындағы дәретханалар және себезгілер 1 киім шешетін бөлме1 унитаз, 1 қолжуғыш
2 себезгі торы
Жалпы білім беретін, мамандандырылған және арнайы интернат ұйымдары, интернат ұйымдарының жатын корпустары, жетім балалар және ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдары, КТБО тұрғын кешендеріндегі санитариялық аспаптар саны
3-кесте
Үй-жайлар атауыӨлшеуішСанитариялық аспаптар саны
124
Қыздарға арналған дәретханалар және қолжуғыштар1 тәрбиеленуші5 қызға 1 унитаз
4 қызға 1 қолжуғыш
10 қызға 1 аяқ ваннасы
Ұлдарға арналған дәретханалар және қолжуғыштар1 тәрбиеленуші5 ұлға 1 унитаз
5 ұлға 1 писсуар 
4 ұлға 1 қолжуғыш
10 ұлға 1 аяқ ваннасы 
Қыздарға арналған жеке гигиена кабиналары1 кабина15 қызға 2 кабина:
1 гигиеналық себезгі
1 унитаз
1 қолжуғыш (биде немесе иілгіш шлангі және тұғырық)
Себезгі кабиналар1 кабина10 жатын орынға 1 себезгі торы
Ванналар1 орын10 жатын орынға 1 ванна
Киім шешетін орын1 орынбір себезгі торына 2 орын (бір орынға ұзындығы 0,5 м орындық)
Себезгі бөлмесіндегі және ваннадағы дәретханалар1 дәретхана1 унитаз
дәретхана жанындағы шлюзде 1 қолжуғыш
«Білім беру объектілеріне
 қойылатын санитариялық-
 эпидемиологиялық талаптар»
 санитариялық қағидаларына
 7-қосымша
Жасқа байланысты граммен тағам порцияларының ұсынылатын массасы
Кесте
Тамақ ішу, тағамЖасы
6 - 11 жас11-18 жас
134
Бірінші тағам200-250250-300
Екінші тағам:

Гарнир100-150150-180
Ет, котлет, балық, құс еті 80-150100-180
Көкөніс, жұмыртқа, сүзбе, ет тағамы және ботқа150-200200-250
Салат60-100100-150
Үшінші тағам200200
«Білім беру объектілеріне
 қойылатын санитариялық-
 эпидемиологиялық талаптар»
 санитариялық қағидаларына
 8-қосымша
Тамақ өнімдерін ауыстыру
Кесте
Ауыстыруға жататын өнімГраммен салмағыАуыстыратын өнімГраммен салмағы
12345
1Сиыр еті100,01-санатты сүйегі бар кесек ет: қой еті, жылқы еті, қоян еті100,0
1-санатты сүйегі жоқ кесек ет: қой еті, жылқы еті, қоян еті80,0
1-санатты жылқы еті104,0
құс еті100,0
1-санатты субөнімдер:
бауыр, бүйрек, жүрек
116,0
пісірілген шұжық80,0
ет консервілері120,0
балық150,0
жартылай майлы сүзбе250,0
сүт600,0
2Майы алынбаған сүт100,0кефир, айран100,0
қойылтылған стерилденген сүт40,0
кілегей20,0
майлы сүзбе30,0
3Қаймақ100,0кілегей133,0
сүт667,0
4Сүзбе100,0сүт333,0
ірімшік40,0
сүзбе ірімшік80,0
қаймақ50,0
кілегей66,0
5Ірімшік100,0сиырдың сары майы50,0
қаймақ125,0
сүзбе250,0
сүзбе ірімшік200,0
сүт825,0
жұмыртқа3 шт.
6Жұмыртқа1 шт.ірімшік33,0
қаймақ40,0
сүзбе80,0
7Басы алынған балық100,0ет67,0
тұздалған майшабақ100,0
балықтың жон еті70,0
сүзбе168,0
ірімшік50,0
8Жемістер100,0жеміс-жидек шырыны100,0
кептірілген алма20,0
кептірілген өрік8,0
қара өрік17,0
жүзім22,0
қарбыз300,0
қауын200,0
«Білім беру объектілеріне
 қойылатын санитариялық-
 эпидемиологиялық талаптар»
 санитариялық қағидаларына
 9-қосымша
Тез бұзылатын тамақ өнімдері мен жартылай фабрикаттардың бракераж журналы 
1-нысан
Азық-түлік шикізаты мен тамақ өнімдерінің келіп түскен күні мен сағатыТамақ өнімдерінің атауыКеліп түскен азық-түлік шикізаты мен тамақ өнімдерінің саны (килограммен, литрмен, данамен)Келіп түскен азық-түлік шикізаты мен тамақ өнімдерін органолептикалық бағалау нәтижелеріАзық-түлік шикізаты мен тамақ өнімдерін өткізудің соңғы мерзіміКүндер бойынша азық-түлік шикізаты мен тамақ өнімдерін іс жүзінде өткізу күні мен сағатыЖауапты адамның қолыЕскертпе (бар болса)*
12345678








Ескертпе : * Өнімдерді есептен шығару, кері қайтару фактілері және басқалар көрсетіледі.
«С – витаминдеу» журналы
2-нысан
Тағамды дайындау күні және сағатыТағамның атауыҚосылған витаминнің жалпы саныБір порциядағы «С» витаминінің мөлшеріЖауапты адамның қолы





Тағамдардың және аспаздық өнімдердің сапасын органолептикалық бағалау журналы
3-нысан
Тағамды және аспаздық өнімдерді дайындау күні және сағатыТағамның және аспаздық өнімнің атауыТағамның және аспаздық өнімнің дайындық дәрежесін қоса алғанда, органолептикалық бағалауӨткізуге рұқсат ету (уақыты)Жауапты орындаушы (Т.А.Ә.) (бар болса, лауазымы)Бракераж жүргізген адамның Т.А.Ә. (бар болса)Ескертпе
1234567







Ескертпе: 7-бағанда дайын өнімді өткізуге тыйым салу фактілері көрсетіледі.
Ас блогы жұмыскерлерін тексеріп-қарау нәтижелері
4-нысан
Р/с №Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)Лауазымыайы / күндері
1*234789101112131415…
30



12345678910111213141516


Ескертпе: *дені сау, ауру, жұмыстан шеттетілді, санация жүргізілді, еңбек демалысы, демалыс 
_________ жылғы ___ айына тамақ өнімдері нормаларының орындалуын бақылау тізімдемесі 
5-нысан
Р/с №Тамақ өнімінің атауыТамақ өнімінің бір адамға граммен алғандығы г
(брутто) нормасы*
Бір адамға күндер бойынша (барлығы) бруттода, г. алғанда іс жүзінде өнім берілді / тамақтанатындар саны10 күнде 1 адамға бруттомен алғанда барлығы тамақ өнімі берілдіОрташа алғанда 1 адамға күніне% (+/-)-да нормадан ауытқу
123...10
1234567891011











Ескертпе: _______________________________________________________
«Білім беру объектілеріне
 қойылатын санитариялық-
 эпидемиологиялық талаптар»
 санитариялық қағидаларына
 10-қосымша
Медициналық пунктті жарақтандыруға арналған медициналық жабдықтар мен құрал-саймандардың ең аз тізбесі 
Медициналық жабдықтар мен құрал-саймандардың атауыСаны
123
1Жазу үстелі1
2Орындықтар2-6
3Кушетка1
4Кеңсе шкафы1-3
5Медициналық шкаф1
6Керме 1
7Шыны қақпағы бар медициналық шағын үстел1-2
8Тоңазытқыш (вакциналарға және дәрі-дәрмектерге арналған)2
9Тонометр1-2
10Фонендоскоп1-2
11Бактерицидті шам1-2
12Медициналық таразы 1
13Бой өлшегіш 1
14Вакциналарды тасымалдауға арналған термоконтейнер 1-2
15Үстелге қоятын шам1
16Медициналық термометрлер20-50
17Қайшылар2
18Қол жуатын раковина1
19Педальды қақпағы бар шелек1
20Вакциналардың қалдықтарын жоюға арналған ыдыс2
21Медициналық халаттар2
22Қалпақтар 2
23Бір рет қолданылатын жаймаларүнемі болады
24Бір рет қолданылатын қағаз сүлгілер үнемі болады
25Жинауға арналған қоңыр түсті халаттар1
26Бір рет қолданылатын бетперделер10-30
27Жинау мүкәммалы: шелек, швабра, шүберек, шүберектерді сақтауға арналған сыйымдылықтар, қолғаптар үй-жай жиынына қарай есептеледі
28Дезинфекциялау құралдары3 айға қор
29Кеңсе тауарлары (журналдар, дәптерлер, желім, қаламсап, қағазтескі, степлер, корректор, папкалар және т.б.)қажеттілігіне қарай
30Кішкентай бикс 1 дана
31Үлкен бикс1 дана
32Резеңке бұрау4-6 дана
332,0
5,0
10,0 инелері бар шрицтер
10 дана
10 дана
5 дана
34Пинцет1 дана
35Резеңке жылытқы1-2 дана.
123
36Мұзға арналған ыдыс1-2 дана.
37Бүйрек тәрізді науа5 дана.
38Металл қалақша40 дана.
39Аяқ-қолды иммобилизациялауға арналған шиналар5 дана.
40Кілемше 
41Сантиметрлік лента 1 дана
42Көздің көргіштігін анықтауға арналған кестелер 1 дана
43Дозаторлы сұйық сабынүнемі болады
«Білім беру объектілеріне
 қойылатын санитариялық-
 эпидемиологиялық талаптар»
 санитариялық қағидаларына
 11-қосымша
Объектілердің медициналық құжаттамасы
Медициналық құжаттама мыналар болып табылады:
1) инфекциялық ауруларды есепке алу журналы;
2) жіті инфекциялық аурулармен байланыстарды есепке алу журналы;
3) профилактикалық егулер картасы;
4) профилактикалық егулерді есепке алу журналы;
5) вакциналардың, басқа бактериялық препараттардың қозғалысын тіркеу журналы;
6) Манту сынамаларын тіркеу журналы;
7) Манту сынамасы бойынша зерттеп-қарауға жататын тәуекел тобындағы балаларды тіркеу журналы;
8) фтизиопедиатрда қосымша зерттеп-қарауға жататын туберкулиннің оң нәтижесі бар адамдар журналы;
9) вакцинадан кейінгі асқыну журналы;
10) тұрақты немесе ұзақ мерзімге медициналық қарсы көрсетілім журналы;
11) ашылған құтылар және вакциналар қалдықтарын жою журналы;
12) бақыланатын химиялық-профилактиканы жүргізу журналы;
13) паразиттік аурулардың қоздырғыштарына зерттеп-қаралатын адамдарды тіркеу журналы;
14) гельминттерге зерттеп-қаралатын адамдарды тіркеу журналы;
15) педикулезге, қышымаға және дерматомикозға тексеріп-қарау журналы;
16) баланың денсаулық паспорты;
17) тәуекел тобындағы балалардың тізімдері;
18) студенттерді флюорографиялық зерттеп-қарауды есепке алу журналы;
19) флюорографиялық оң нәтижесі бар адамдарды есепке алу журналы;
20) диспансерлік науқастарды есепке алу журналы; 
21) диспансерлік қадағалаудың бақылау картасы;
22) тереңдетілген профилактикалық медициналық тексеріп-қарау журналы, мамандардың актілері;
23) оқушылардың (тәрбиеленушілердің) жеке медициналық карталары;
24) бұйрықтар мен нұсқаулықтар;
25) вакциналардың аннотациялары бар папка;
26) ас блогы жұмыскерлерінің денсаулық жағдайын тіркеу журналы;
27) шикі өнімдерге арналған бракераж журналы 
28) дайын тамақтың сапасын бақылау (бракераж) журналы
29) «С- витаминдеу» журналы;
30) бір айдағы тамақтану өнімдері нормаларының орындалуын бақылау тізімдемесі. ]]>
admin Wed, 01 Sep 2021 19:27:15 +0600
Қазақстан Республикасының "Тiл туралы" Заңы https://abylaikhan-enkaz.mektebi.kz/o-detskom-sade/normativtk-zhattar/79-azastan-respublikasyny-til-turaly-zay.html https://abylaikhan-enkaz.mektebi.kz/o-detskom-sade/normativtk-zhattar/79-azastan-respublikasyny-til-turaly-zay.html Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., N 13-14, 202-құжат жарияланды
Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 11 шiлдедегі N 151 Заңы. 
Қазақстан Республикасындағы тiл туралы
МАЗМҰНЫ
Ескерту. Мәтiнде "тарау" деген сөздiң алдындағы "I - VI" деген цифрлар тиiсiнше "1 - 6" деген цифрлармен ауыстырылды - Қазақстан Республикасының 2004.12.20. № 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді) Заңымен. 
Осы Заң Қазақстан Республикасында тiлдердiң қолданылуының құқықтық негiздерiн, мемлекеттiң оларды оқып-үйрену мен дамыту үшiн жағдай жасау жөнiндегi мiндеттерiн белгiлейдi, Қазақстан Республикасында қолданылатын барлық тiлге бiрдей құрметпен қарауды қамтамасыз етедi. 
1 тарау. Жалпы ережелер
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) диаспора – өзiнiң тарихи шығу тегiнен тысқары елде тұрып жатқан халықтың бiр бөлiгi (этностық қауымдастық);
2) ономастика – тiл бiлiмiнiң жалқы есiмдердi, олардың пайда болуы мен өзгеруiнiң тарихын зерттейтiн бөлiмi;
3) ономастика комиссиясы – Қазақстан Республикасының аумағындағы әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктерге, елді мекендердің құрамдас бөлiктерiне, әуежайларға, порттарға, теміржол вокзалдарына, теміржол стансаларына, метрополитен стансаларына, автовокзалдарға, автостансаларға, физикалық-географиялық және мемлекет меншігіндегі басқа да объектілерге атау беру және оларды қайта атау, олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту және мемлекеттік заңды тұлғаларға, мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға жеке адамдардың есімдерін беру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени мұрасының құрамдас бөлiгi ретiнде тарихи атауларды қалпына келтiру және сақтау бойынша бiрыңғай көзқарасты қалыптастыру жөнiндегi ұсыныстарды әзiрлейтiн консультациялық-кеңесшi орган;
4) орфография – дұрыс жазу ережесi, сөйленген сөздi (сөздер мен грамматикалық тұлғаларды) жазбаша беру тәсiлдерiнiң бiрiздiлiгiн белгiлейтiн қағидалар жүйесi;
5) Республикалық терминология комиссиясы – экономиканың, ғылымның, техниканың және мәдениеттiң барлық салалары бойынша қазақ тiлiнiң терминологиялық лексикасы саласындағы ұсыныстарды әзiрлейтiн консультациялық-кеңесшi орган;
6) топонимика – ономастиканың географиялық объектiлердiң атауларын, олардың пайда болуының, өзгеруінің және қолданылуының заңдылықтарын зерттейтiн бөлiмi;
7) транслитерация – бiр графикалық жүйедегi мәтiндер мен жекелеген сөздердi басқа графикалық жүйенiң құралдарымен әрiппе-әріп арқылы беру;
8) уәкілетті орган – тілдерді дамыту саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган.
Ескерту. 1-бап жаңа редакцияда - ҚР 21.01.2013 № 72-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізiледi).
2-бап. Осы Заңның реттейтiн мәселесi 
Мемлекеттiк, мемлекеттiк емес ұйымдар мен жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының қызметiнде тiлдердi қолдануға байланысты туындайтын қоғамдық қатынастар осы Заң реттейтiн мәселе болып табылады. 
Осы Заң жеке адамдар арасындағы қатынастарда және дiни бiрлестiктерде тiлдердiң қолданылуын реттемейдi. 
3-бап. Қазақстан Республикасындағы тiл туралы заңдар 
Қазақстан Республикасындағы тiл туралы заңдар Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi, осы Заңнан, тiлдердi қолдануға және дамытуға қатысты Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады. 
Тiл туралы заңдар Қазақстан Республикасының азаматтарына, Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдiктерге және азаматтығы жоқ адамдарға қолданылады. 
4-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк тiлi 
Қазақстан Республикасының мемлекеттiк тiлi - қазақ тiлi. 
Мемлекеттiк тiл - мемлекеттiң бүкiл аумағында қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекеттiк басқару, заң шығару, сот iсiн жүргiзу және iс қағаздарын жүргiзу тiлi. 
Қазақстан халқын топтастырудың аса маңызды факторы болып табылатын мемлекеттiк тiлдi меңгеру - Қазақстан Республикасының әрбiр азаматының парызы. 
Үкiмет, өзге де мемлекеттiк, жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдар: 
Қазақстан Республикасында мемлекеттiк тiлдi барынша дамытуға, оның халықаралық беделiн нығайтуға; 
Қазақстан Республикасының барша азаматтарының мемлекеттiк тiлдi еркiн және тегiн меңгеруiне қажеттi барлық ұйымдастырушылық, материалдық-техникалық жағдайларды жасауға; 
қазақ диаспорасына ана тiлiн сақтауы және дамытуы үшiн көмек көрсетуге мiндеттi. 
5-бап. Орыс тiлiн қолдану 
Мемлекеттiк ұйымдарда және жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарында орыс тiлi ресми түрде қазақ тiлiмен тең қолданылады. 
6-бап. Мемлекеттiң тiл жөнiндегi қамқорлығы 
Қазақстан Республикасының азаматының ана тiлiн қолдануына, қарым-қатынас, тәрбие, оқу және шығармашылық тiлiн еркiн таңдауына құқығы бар. 
Мемлекет Қазақстан халқының тiлдерiн оқып-үйрену мен дамыту үшiн жағдай туғызу жөнiнде қамқорлық жасайды. 
Ұлттық топтар жинақты тұратын жерлерде iс-шаралар өткiзiлген кезде олардың тiлдерi пайдаланылуы мүмкiн. 
7-бап. Тiлдердiң қолданылуына кедергi келтiруге жол бермеу 
Қазақстан Республикасында тiлдiк белгiсi бойынша азаматтардың құқықтарын кемсiтуге жол берiлмейдi. 
Қазақстанда мемлекеттiк тiлдiң және басқа да тiлдердiң қолданылуына және оларды үйренуге кедергi келтiретiн лауазымды адамдардың iс-әрекеттерi Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылыққа әкеп соқтырады. 
2 тарау. Тiл - мемлекеттiк және мемлекеттiк емес ұйымдар мен
 жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарында
8-бап. Тiлдердiң қолданылуы 
Мемлекеттiк тiл Қазақстан Республикасы мемлекеттiк органдарының, ұйымдарының және жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының жұмыс және iс қағаздарын жүргiзу тiлi болып табылады, орыс тiлi ресми түрде қазақ тiлiмен тең қолданылады. 
Мемлекеттiк емес ұйымдардың жұмысында мемлекеттiк тiл және қажет болған жағдайда басқа тiлдер қолданылады. 
9-бап. Мемлекеттiк органдар актiлерiнiң тiлi 
Мемлекеттiк органдардың актiлерi мемлекеттiк тiлде әзiрленiп, қабылданады, қажет болған жағдайда, мүмкiндiгiнше, басқа тiлдерге аударылуы қамтамасыз етiле отырып, оларды әзiрлеу орыс тiлiнде жүргiзiлуi мүмкiн. 
10-бап. Құжаттама жүргiзу тiлi 
Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдары жүйесiнде, ұйымдарында, меншiк нысанына қарамастан, статистикалық-есеп, қаржы және техникалық құжаттама жүргiзу мемлекеттiк тiлде және орыс тiлiнде қамтамасыз етiледi. 
Ескерту. 10-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2006.06.05 № 146; 24.11.2015 № 422-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
11-бап. Азаматтардың өтiнiштерiне қайтарылатын жауап тiлi 
Мемлекеттiк және мемлекеттiк емес ұйымдардың азаматтардың өтiнiштерi мен басқа да құжаттарға қайтаратын жауаптары мемлекеттiк тiлде немесе өтiнiш жасалған тiлде берiледi. 
12-бап. Қарулы Күштер мен құқық қорғану органдарындағы тiл 
Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiнде, сондай-ақ әскери және әскерилендiрiлген құрамалардың барлық түрiнде, мемлекеттiк бақылау мен қадағалау, азаматтарды құқықтық қорғау ұйымдарында және құқық қорғау органдарында мемлекеттiк тiлдiң және орыс тiлiнiң қолданылуы қамтамасыз етiледi. 
13-бап. Сот iсiн жүргiзу тiлi 
Қазақстан Республикасында сот iсi мемлекеттiк тiлде жүргiзiледi, ал, қажет болған жағдайда, сот iсiн жүргiзуде орыс тiлi немесе басқа тiлдер мемлекеттiк тiлмен тең қолданылады. 
14-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi жүргiзу тiлi 
Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер мемлекеттiк тiлде, ал қажет болған жағдайда, басқа да тiлдерде жүргiзiледi. 
15-бап. Мәмiлелер тiлi 
Қазақстан Республикасында жеке және заңды тұлғалардың жазбаша нысанда жасалатын барлық мәмiлелерi қажет болған жағдайда басқа тiлдердегi аудармасы қоса берiлiп, мемлекеттiк тiлде және орыс тiлiнде жазылады. 
Шетелдiк жеке және заңды тұлғалармен жазбаша нысанда жасалатын мәмiлелер мемлекеттiк тiлде және тараптар үшiн қолайлы тiлде жазылады. 
Ескерту. 15-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2006.06.05 № 146; 24.11.2015 № 422-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
3 тарау. Тiл - бiлiм беру, ғылым, мәдениет және бұқаралық
 ақпарат құралдары саласында
16-бап. Тiл - бiлiм беру саласында 
Қазақстан Республикасында мемлекеттiк тiлде, ал ұлт топтары жинақы тұратын жерлерде солардың тiлдерiнде жұмыс iстейтiн мектепке дейiнгi балалар ұйымдарын құру қамтамасыз етiледi. 
Балалар үйлерiнде және оларға теңестiрiлген ұйымдарда оқыту, тәрбие беру тiлiн жергiлiктi атқарушы органдар олардағы балалардың ұлттық құрамын ескере отырып белгiлейдi. 
Қазақстан Республикасы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі бiлiмдi мемлекеттiк тiлде, орыс тiлiнде, ал қажетiне қарай және мүмкiндiгi болған жағдайда басқа да тiлдерде алуды қамтамасыз етедi. Білім беру ұйымдарында мемлекеттiк тiл мен орыс тiлi мiндеттi оқу пәнi болып табылады және бiлiм туралы құжатқа енгiзiлетiн пәндер тiзбесiне кiредi. 
Ескерту. 16-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2007.07.27. № 320 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен. 
17-бап. Тiл - ғылым және мәдениет саласында 
Қазақстан Республикасында ғылым саласында, диссертацияларды ресiмдеу мен қорғауды қоса алғанда, мемлекеттiк тiл мен орыс тiлiнiң қолданылуы қамтамасыз етiледi. 
Мәдени шаралар мемлекеттiк тiлде және қажет болған жағдайда басқа да тiлдерде жүргiзiледi. 
18-бап. Баспасөз бен бұқаралық ақпарат құралдарының тiлi 
Қазақстан Республикасы баспа басылымдары мен бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттiк тiлдiң, басқа да тiлдердiң қолданылуын қамтамасыз етедi. 
Қажеттi тiлдiк ортаны жасау және мемлекеттiк тiлдiң толыққанды қолданылуы мақсатында, олардың меншiк нысанына қарамастан, теле-, радиоарналар арқылы берiлетiн мемлекеттiк тiлдегi теле-, радиобағдарламалардың көлемi уақыт жағынан басқа тiлдердегi теле-, радиобағдарламалардың жиынтық көлемiнен кем болмауға тиiс.
Ескерту. 18-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.01.18 № 546-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
4 тарау. Тiл - елдi мекен атауларында, жалқы есiмдерде, 
 көрнекi ақпаратта
19-бап. Топонимикалық атауларды, ұйымдардың атауларын пайдалану тәртiбi 
Әкімшілік-аумақтық бірліктердің, елді мекендердің құрамдас бөліктерінің, сондай-ақ басқа да физика-географиялық объектiлердiң дәстүрлi, тарихи қалыптасқан қазақша атаулары басқа тiлдерде транслитерация ережелерiне сәйкес берiлуге тиiс. 
Мемлекеттiк ұйымдардың, олардың құрылымдық бөлiмшелерiнiң атаулары мемлекеттiк тiлде және орыс тiлiнде берiледi. Бiрлескен, шетелдiк ұйымдардың атаулары мемлекеттiк тiлде және орыс тiлiнде транслитерация арқылы берiледi.
Ескерту. 19-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 21.01.2013 № 72-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізiледi).
20-бап. Кiсi есiмiн, әкесiнiң есiмiн және тегiн жазу 
Кiсi есiмiн, әкесiнiң есiмiн және тегiн ресми құжаттарда жазу Қазақстан Республикасының заңдары мен нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкес келуге тиiс. 
21-бап. Деректемелер мен көрнекi ақпарат тiлi 
Мемлекеттiк органдардың мөрлерi мен мөртаңбаларының мәтiнiнде олардың атаулары мемлекеттiк тiлде жазылады. 
Меншiк нысанына қарамастан, ұйымдардың мөрлерiнiң, мөртабандарының мәтiнi мемлекеттiк тiлде және орыс тiлiнде жазылады. 
Бланкiлер, маңдайшалар, хабарландырулар, жарнамалар, прейскуранттар, баға көрсеткiштерi, басқа да көрнекi ақпарат мемлекеттiк тiлде және орыс тiлiнде, ал қажет болған жағдайда басқа да тiлдерде жазылады. 
Қазақстанда өндiрiлетiн тауарлардың арнайы мәлiметтер көрсетiлген тауарлық жапсырмаларында (этикеткаларында), таңбаламаларында, нұсқаулықтарында мемлекеттiк тiлде және орыс тiлiнде қажеттi ақпарат болуға тиiс. 
Шетелде өндiрiлген тауарлардың арнайы мәлiметтер көрсетiлген тауарлық жапсырмалары (этикеткалары), таңбаламалары, нұсқаулықтары импорттаушы ұйымдардың қаражаты есебiнен мемлекеттiк тiлдегi және орыс тiлiндегi аудармасымен қамтамасыз етiледi. 
Көрнекi ақпараттың барлық мәтiнi мынадай ретпен: мемлекеттiк тiлде - сол жағына немесе жоғарғы жағына, орыс тiлiнде он жағына немесе төменгi жағына орналасады, бiрдей өлшемдегi әрiптермен жазылады. Қажеттiгiне қарай көрнекi ақпараттың мәтiндерi қосымша басқа да тiлдерге аударылуы мүмкiн. Бұл жағдайда қарiп өлшемi нормативтiк құқықтық актiлерде белгiленген талаптардан аспауға тиiс. Ауызша ақпарат, хабарландыру, жарнама мемлекеттiк тiлде, орыс және қажет болған жағдайда, басқа да тiлдерде берiледi. 
22-бап. Тіл - байланыс саласында 
Қазақстан Республикасының шегінде байланыс саласында мемлекеттік тілдің және орыс тілінің қолданылуы қамтамасыз етіледі. Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерге почта-телеграф жөнелтілімдері белгіленген халықаралық ережелерге сәйкес жүргізіледі. 
Ескерту. 22-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2008.11.21 № 89-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен. 
5 тарау. Тiлдi құқықтық қорғау
23-бап. Тiлдi мемлекеттiк қорғау 
Қазақстан Республикасында мемлекеттiк тiл және барлық басқа тiлдер мемлекеттiң қорғауында болады. Мемлекеттiк органдар бұл тiлдердiң қолданылуы мен дамуына қажеттi жағдай жасайды. 
Тiлдiң дамуы мемлекеттiк тiлдiң басымдығын және iс қағаздарын жүргiзудi қазақ тiлiне кезең-кезеңмен көшiрудi көздейтiн Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк жоспарлау жүйесінің құжаттарымен қамтамасыз етiледi.
Мемлекеттiк тiлдi белгiлi бiр көлемде және бiлiктiлiк талаптарына сәйкес бiлуi қажет кәсiптердiң, мамандықтардың және лауазымдардың тiзбесi Қазақстан Республикасы заңдарымен белгіленедi. 
Ескерту. 23-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 20.12.2004 № 13 (01.01.2005 бастап күшіне енеді); 21.01.2013 № 72-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізiледi); 03.07.2013 № 124-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
24-бап. Қазақстан Республикасының тiл туралы заңнамасын бұзғаны үшiн жауаптылық
Қазақстан Республикасының тiл туралы заңнамасының бұзылуына кiнәлi мемлекеттiк органдардың бiрiншi басшылары не жауапты хатшылары немесе Қазақстан Республикасының Президентi айқындайтын өзге де лауазымды адамдар, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады.
Лауазымды адамның мемлекеттiк тiлдi бiлмеу желеуiмен жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қабылдаудан бас тартуы, мемлекеттiк тiлдің және басқа да тiлдердің қолданылу салаларында олардың пайдаланылуына кез келген кедергi келтiру, сондай-ақ деректемелер мен көрнекі ақпаратты орналастыру бойынша талаптарды бұзу Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылыққа әкеп соғады.
Ескерту. 24-бап жаңа редакцияда - ҚР 21.01.2013 N 72-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізiледi).
24-1-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті
Қазақстан Республикасының Үкіметі:
1) республикалық терминология және ономастика комиссияларын құрады;
2) облыстық ономастика комиссиялары және республикалық маңызы бар қалалардың, астананың ономастика комиссиялары туралы үлгі ережені бекітеді;
3) өзіне Конституцияда, осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде жүктелген өзге де функцияларды орындайды.
Ескерту. 5-тарау 24-1-баппен толықтырылды - ҚР 21.01.2013 № 72-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізiледi).
25-бап. Уәкiлеттi органның құзыретi 
Уәкiлеттi орган
1) тiлдердi дамыту саласындағы бiрыңғай мемлекеттiк саясаттың iске асырылуын қамтамасыз етедi; 
2) алып тасталды - ҚР 03.07.2013 № 124-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
3) орталық және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi атқарушы органдарында Қазақстан Республикасының тiл туралы заңдарының сақталуын бақылауды жүзеге асырады; 
4) Қазақстан Республикасының тiл туралы заңдарында белгiленген талаптардың бұзылуын жою туралы ұсынымдар жасайды, тиiстi органдарға Қазақстан Республикасының тiл туралы заңдарының бұзылуына кiнәлi лауазымды адамдарға тәртiптiк жазалау шараларын қолдану туралы ұсыныстар енгiзеді; 
5) тiлдердi дамыту саласындағы бiрыңғай мемлекеттiк саясатты iске асыру жөнiндегi қызметтiң ақпараттық, әдiстемелiк қамтамасыз етiлуiн ұйымдастырады;
5-1) республикалық терминология және ономастика комиссияларының қызметiн қамтамасыз етеді;
6) ономастика комиссияларының қызметiн үйлестiредi;
7) алып тасталды - ҚР 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
8) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Ескерту. 25-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 20.12.2004 № 13 (01.01.2005 бастап күшіне енеді); 06.01.2011 № 378-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.07.2011 № 452-IV (13.10.2011 бастап қолданысқа енгізіледі); 10.07.2012 № 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 21.01.2013 № 72-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізiледi); 03.07.2013 № 124-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
25-1-бап. Ономастика комиссияларының құзыреті
1. Республикалық ономастика комиссиясының құзыретіне:
1) ономастика мәселелері бойынша ұсынымдар мен ұсыныстар әзірлеу;
2) облыстарға, аудандар мен қалаларға атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту бойынша қорытындылар беру;
3) Қазақстан Республикасының аумағындағы әуежайларға, порттарға, теміржол вокзалдарына, теміржол стансаларына, метрополитен стансаларына, автовокзалдарға, автостансаларға, физикалық-географиялық және мемлекет меншігіндегі басқа да объектілерге атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту және мемлекеттік заңды тұлғаларға, мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға жеке адамдардың есімдерін беру бойынша қорытындылар беру;
4) облыстық маңызы бар қалалардың қаладағы аудандарына, құрамдас бөлiктерiне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту бойынша қорытындылар беру;
5) республикалық маңызы бар қалалардың, астананың қаладағы аудандарына, құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту бойынша республикалық маңызы бар қалалардың, астананың ономастика комиссияларының қорытындыларына келісім беру жатады.
2. Облыстық ономастика комиссияларының құзыретіне:
1) ауылдарға, кенттерге, ауылдық округтерге атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту бойынша қорытындылар беру;
2) аудандық маңызы бар қалалардың, кенттің, ауылдың, ауылдық округтің құрамдас бөлiктерiне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту бойынша қорытындылар беру жатады.
3. Республикалық маңызы бар қалалардың, астананың ономастика комиссияларының құзыретіне Республикалық ономастика комиссиясымен келісілгеннен кейін – республикалық маңызы бар қалалардың, астананың қаладағы аудандарына, құрамдас бөлiктерiне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту бойынша қорытындылар беру жатады.
4. Жергілікті өкілді және атқарушы органдар әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөлiктерiне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту бойынша шешімді тиісті ономастика комиссияларының оң қорытындылары болған кезде ғана қабылдайды.
Ескерту. 25-1-баппен толықтырылды - ҚР 20.12.2004 № 13 Заңымен (01.01.2005 бастап күшіне енеді); жаңа редакцияда - ҚР 21.01.2013 № 72-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізiледi).
25-2-бап. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органының құзыретi
Ескерту. Тақырыпқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2013.01.21 № 72-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізiледi).
Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органы: 
1) алып тасталды - ҚР 03.07.2013 № 124-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
2) орталық атқарушы органдардың аумақтық бөлiмшелерiнiң және аудандық атқарушы органдардың Қазақстан Республикасының тiл туралы заңдарын сақтауын бақылауды жүзеге асырады;
2-1) деректемелер мен көрнекі ақпаратты орналастыру бөлігінде Қазақстан Республикасының тiл туралы заңнамасының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
3) Қазақстан Республикасының тiл туралы заңнамасында белгiленген талаптардың бұзылуын жою туралы ұсынымдар береді, Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген негізде және тәртіппен әкімшілік ықпал ету шараларын қолданады;
3-1) алып тасталды - ҚР 29.10.2015 № 376-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).
4) мемлекеттiк тiлдi және басқа тiлдердi дамытуға бағытталған облыстық маңызы бар шаралар кешенiн жүзеге асырады; 
5) облыстық ономастика комиссиясының, республикалық маңызы бар қаланың, астананың ономастика комиссияларының қызметiн қамтамасыз етедi;
6) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Ескерту. 25-2-баппен толықтырылды - ҚР 20.12.2004 № 13 (01.01.2005 бастап күшіне енеді); өзгерістер енгізілді - ҚР 05.07.2011 № 452-IV (13.10.2011 бастап қолданысқа енгізіледі); 21.01.2013 № 72-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізiледi); 03.07.2013 № 124-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.10.2015 № 376-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
25-3-бап. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi атқарушы органының құзыретi 
Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi атқарушы органы: 
1) алып тасталды - ҚР 03.07.2013 № 124-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
2) мемлекеттiк тiлдi және басқа тiлдердi дамытуға бағытталған аудандық (облыстық маңызы бар қала) деңгейдегi iс-шараларды жүргiзедi; 
3) облыстардың атқарушы органдарына ауылдардың, кенттердiң, ауылдық округтердiң атауы және олардың атауларын өзгерту, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын өзгерту туралы ұсыныстар енгiзедi;
4) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Ескерту. 25-3-баппен толықтырылды - ҚР 20.12.2004 № 13 Заңымен (01.01.2005 бастап күшіне енеді); өзгерістер енгізілді - ҚР 05.07.2011 № 452-IV (13.10.2011 бастап қолданысқа енгізіледі); 21.01.2013 № 72-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізiледi); 03.07.2013 № 124-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
25-4-бап. Қазақстан Республикасы тіл туралы заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылау
Қазақстан Республикасы тіл туралы заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылау тексеру нысанында және өзге де нысандарда жүзеге асырылады.
Тексеру Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүзеге асырылады.
Мемлекеттік бақылаудың өзге де нысандары осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.
Ескерту. 25-4-баппен толықтырылды - ҚР 2011.01.06 № 378-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР 29.10.2015 № 376-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
25-5-бап. Ономастика жұмысының критерийлері
Қазақстан Республикасының аумағындағы әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөлiктерiне, әуежайларға, порттарға, теміржол вокзалдарына, теміржол стансаларына, метрополитен стансаларына, автовокзалдарға, автостансаларға, физикалық-географиялық және мемлекет меншігіндегі басқа да объектілерге атау беру және оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту және мемлекеттік заңды тұлғаларға, мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға жеке адамдардың есімдерін беру жөніндегі ономастика жұмысының критерийлері:
1) тарихи, географиялық, табиғи және мәдени ерекшеліктерді ескеру;
2) әдеби тіл нормаларына сәйкестік;
3) бір әкімшілік-аумақтық бірліктің шегіндегі елді мекендерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне бір атауды бір мәрте ғана беру;
4) жеке адамның есімімен аталған, ол берілген (өзгертілген) күннен бастап кемінде он жыл өткен соң берілген есімді қайта атау, оны өзгерту;
5) аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткерлерінің, ғылым, мәдениет қайраткерлерінің және Қазақстан Республикасы мен әлемдік қоғамдастық алдында еңбек сіңірген басқа да адамдардың есімдерін беру болып табылады.
Ескерту. 5-тарау 25-5-баппен толықтырылды - ҚР 21.01.2013 № 72-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізiледi); өзгеріс енгізілді - ҚР 05.05.2017 № 60-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
26-бап. <*> 
Ескерту. 26-бап алынып тасталды - Қазақстан Республикасының 2004.12.20. № 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді) Заңымен. 
6 тарау. Тiлдi шет елдермен және халықаралық ұйымдармен
 қатынастарда пайдалану
27-бап. Тiл - халықаралық қызметте 
Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкiлдiктерi мен Қазақстан Республикасының халықаралық ұйымдар жанындағы өкiлдiктерiнiң қызметi мемлекеттiк тiлде, қажет болған жағдайда басқа да тiлдердi пайдаланып жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының шет мемлекеттермен екіжақты халықаралық шарттары Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілінде және тараптардың келісуі бойынша өзге де тілдерде жасалады.
Қазақстан Республикасының халықаралық ұйымдармен екіжақты халықаралық шарттары және Қазақстан Республикасының көпжақты халықаралық шарттары келіссөздерге қатысушы тараптардың келісуі бойынша айқындалған тілдерде жасалады.
Қазақстан Республикасында басқа мемлекеттер өкiлдерiмен өткiзiлетiн ресми қабылдаулар мен өзге де шаралар басқа тiлдерге аударылып, мемлекеттiк тiлде жүргiзіледi.
Ескерту. 27-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 30.01.2014 № 168-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының
 Президентi

]]>
admin Wed, 01 Sep 2021 19:26:34 +0600
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы" заңы https://abylaikhan-enkaz.mektebi.kz/o-detskom-sade/normativtk-zhattar/78-azastan-respublikasyny-azastan-respublikasynday-memlekettk-zhastar-sajasaty-turaly-zay.html https://abylaikhan-enkaz.mektebi.kz/o-detskom-sade/normativtk-zhattar/78-azastan-respublikasyny-azastan-respublikasynday-memlekettk-zhastar-sajasaty-turaly-zay.html Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы
Күшін жойған
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 7 шілдедегі N 581 Заңы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 9 ақпандағы № 285-V Заңымен
      Ескерту. Күші жойылды - ҚР 09.02.2015 № 285-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      МАЗМҰНЫ
      Осы Заң Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясатын қалыптастыру мен iске асырудың құқықтық негіздерiн анықтайды. 
   1-тарау. Жалпы ережелер 
      1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар 
      Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
 
     1) жастар - Қазақстан Республикасының он төрт жастан жиырма тоғыз жасқа дейiнгi азаматтары;
       2) жас отбасы - ерлi-зайыптылардың екеуi де жиырма тоғыз жасқа толмаған отбасы не жиырма тоғыз жасқа толмаған ата-ананың бiреуi, соның iшiнде ажырасқан, тұл қалған еркек (жесiр әйел) балаларды (баланы) тәрбиелейтiн толық емес отбасы;
       3) мемлекеттiк жастар саясаты - мемлекет жүзеге асыратын және жастарды қолдауға бағытталған әлеуметтiк-экономикалық, саяси, ұйымдастырушылық және құқықтық шаралар жүйесi;
       4) жастарға арналған әлеуметтiк инфрақұрылым - жастар  тіршiлiгiн қамтамасыз ету үшiн қажеттi объектілер (үйлер, құрылыстар, ғимараттар), сондай-ақ жастардың денсаулығын сақтау, оларға бiлiм беру, оларды тәрбиелеу, әлеуметтiк бейiмдеу, дене тәрбиесi, рухани және имандылық жағынан дамыту, жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету жөнiндегi қызметтi жүзеге асыратын ұйымдар жүйесi;
       5) жастарға арналған әлеуметтiк қызметтер - жастарға медициналық, психологиялық-педагогикалық, құқықтық қызметтер мен материалдық көмек көрсету, олардың әлеуметтiк бейiмделуiне және оңалуына жәрдемдесу жөнiндегi ic-шараларды жүзеге асыратын коммерциялық емес ұйымдар;
       6) жастар ұйымы - негiзгi мақсаты әлеуметтiк, мәдени, бiлім беру мiндеттерiн және жастардың құқықтарын, заңды мүдделерiн қорғауға бағытталған өзге де мiндеттердi шешу, рухани және өзге де қажеттiлiктерiн қанағаттандыру болып табылатын, мүшелерi (қатысушылары) жастар өкiлдерi болып табылатын заңды тұлғалар қауымдастығы (одағы), қор, сондай-ақ қоғамдық бiрлестiк нысанында құрылған коммерциялық емес, мемлекеттік емес ұйым;
       7) жастар саясаты мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi орган (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) - берiлген өкiлеттiктер шегiнде мемлекеттiк жастар саясатын үйлестiрудi және iске асыруды жүзеге асыратын орталық атқарушы орган. 
      2-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк жастар 
 
саясаты туралы заңдары 
      1. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк жастар саясаты туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтықактiлерiнен тұрады.
        2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгiленсе, онда халықаралық шарттың ережелерi қолданылады. 
      3-бап. Мемлекеттiк жастар саясатының мақсаттары, 
 
мiндеттерi және принциптері 
      1. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк жастар саясаты жастардың рухани, мәдени, бiлiм алуы, кәсiби қалыптасуы мен дене тәрбиесiн дамытуы үшiн әлеуметтiк-экономикалық, құқықтық, ұйымдастырушылық жағдайлар мен кепiлдіктер жасау, бүкiл қоғам мүддесi үшiн олардың шығармашылық әлеуетiн ашу мақсатында жүзеге асырылады.
 
     2. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк жастар саясатының мiндеттерi:
       1) жастардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау;
       2) жастарға көмек беру және әлеуметтік қызметтер көрсету;
       3) жастардың әлеуметтiк маңызды бастамаларын iске асыру болып табылады.
        3. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк жастар саясаты: 
       1) ерекше әлеуметтiк-демографиялық топ ретiнде жастардың мүдделері мен қажеттілiктерiн тану;
       2) Қазақстан Республикасының тарихи және мәдени құндылықтарының басымдылығы;
       3) тән саулығын сақтау және нығайту;
       4) адамгершілік және рухани даму;
       5) қазақстандық патриотизмді қалыптастыру;
       6) азаматтықты қалыптастыру;
       7) жастардың құқықтары мен бостандықтарын iске асыру;
       8) жастардың проблемаларын шешудегi жүйелiлiк пен кешенділік;
        9) мемлекеттiк жастар саясатын қалыптастыру мeн iскe acыруға жастардың тiкелей қатысуы принциптерiне негiзделедi. 
      4-бап. Қазақстан Республикасы мемлекеттiк органдарының 
 
мемлекеттік жастар саясатын іске асыру жөніндегі 
 құзыреті 
      1. Қазақстан Республикасының Үкiметi:
 
     1) мемлекеттік жастар саясатын әзiрлейдi;
        2) алып тасталды - ҚР 03.07.2013 № 124-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
       3) уәкiлеттi органның функцияларын, өкiлеттiгi мен құрылымын бекiтедi;
       4) мемлекеттiк жастар саясаты саласында нормативтiк құқықтық актілердi қабылдайды;
       5) мемлекеттiк жастар саясатын iске асыру жөніндегi консультациялық-кеңесші органын құрады;
       6) өзіне Қазақстан Республикасының Конституциясымен, заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жүктелген өзге де функцияларды орындайды.
       2. Уәкiлеттi орган:
       1) мемлекеттік жастар саясатын іске асырады;
       2) Қазақстан Республикасының орталық және жергіліктi атқарушы органдарының мемлекеттік жастар саясаты саласындағы қызметiн үйлестiреді;
        3) алып тасталды - ҚР 03.07.2013 № 124-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
       4) мемлекеттiк жастар саясаты саласындағы нормативтiк құқықтық актілердi әзiрлейдi;
       5) өз құзыретi шегiнде мемлекеттiк жастар саясаты саласында халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;
       6) мемлекеттiк жастар саясатын iске асыру жөнiндегi қызметтi ақпараттық және ғылыми қамтамасыз етудi ұйымдастырады;
        7) алынып тасталды - ҚР13.01.2014 № 159-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
       8) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
        3. Өзге орталық атқарушы органдар өз құзыретi шегінде: 
       1) мемлекеттiк жастар саясатын iске асыруды қамтамасыз етеді;
        2) алып тасталды - ҚР 03.07.2013 № 124-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
       3) мемлекеттiк жастар саясаты саласындағы нормативтiк құқықтық актілердi әзiрлейдi;
       4) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
       4. Жергілiкті өкілді атқарушы органдар өз құзыреті шегінде:
        1) алып тасталды - ҚР 03.07.2013 № 124-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
       2) жергiлiктi атқарушы органдар мен ұйымдар басшыларының мемлекеттiк жастар саясатын iске асырудың жай-күйi туралы есептерiн тыңдайды;
       3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету жөніндегі өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
        5. Жергілікті атқарушы органдар өз құзыретi шегiнде: 
       1) өңiрлерде мемлекеттік жастар саясатын іске асыруды қамтамасыз етедi;
        2) алып тасталды - ҚР 03.07.2013 № 124-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
       3) өңiрлерде мемлекеттік жастар саясатын іске асыру жөнiндегі консультациялық-кеңесшi органдарын құрады және олардың қызметiн қамтамасыз етедi;
       4) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
       Ескерту. 4-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.07.05 № 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі); 03.07.2013 № 124-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 13.01.2014 № 159-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
   2-тарау. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар 
  саясатының негізгі бағыттары 

      5-бап. Мемлекеттік жастар саясатының негізгі бағыттары 
      Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк жастар саясатының негізгі бағыттары:
 
     1) жастардың құқықтары мен бостандықтарын сақтауды қамтамасыз ету;
       2) жастар еңбегі мен олардың жұмыспен қамтылуы саласындағы кепілдіктерді қамтамасыз ету;
       3) жастардың кәсіпкерлік қызметіне жәрдемдесу;
       4) жас отбасыларын мемлекеттiк қолдау;
       5) жастардың тегін негізгі орта, жалпы орта білім алуына консультациялық құқығын іске асыру үшін жағдай жасауды қамтамасыз ету;
       6) жастарды тәрбиелеу және оларға жан-жақты білім беру үшін жағдай жасауды қамтамасыз ету;
       7) балалар үйлерiнің мүгедек және тәрбиеленушi жастарының құқықтары мен әлеуметтiк қорғалу кепiлдiктерiн қамтамасыз ету;
       8) жастардың патриоттық және азаматтық тұрғыда қалыптасуы үшiн жағдай жасауды қамтамасыз ету;
       9) жастардың бойында ұлттық мәдениет пен тiлдi дамыту үшін жағдай жасауды қамтамасыз ету;
       10) жастардың денсаулығын сақтауды қамтамасыз ету, олардың салауатты өмiр салтын қалыптастыру;
       11) әлеуметтiк қолдауға мұқтаж жастарға әлеуметтiк көмектi қамтамасыз ету;
       12) жастардың мәдени бос уақыты мен демалысы үшiн жағдай жасауды қамтамасыз ету;
       13) талантты жастарды мемлекеттік қолдау;
       14) жастар саясатын жүзеге асыру жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органдардың коммерциялық емес жастар ұйымдарымен ынтымақтастығы;
        15) жастардың халықаралық ынтымақтастығына жәрдемдесу болып табылады. 
       Ескерту. 5-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2007.07.27 № 320 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен. 
      6-бап. Жастардың әлеуметтік құқықтары 
      Қазақстан Республикасында жастардың:
 
     1) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекеттік медициналық мекемелерде тегiн медициналық қызмет көрсетiлуiне;
       2) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекеттiк оқу орындарында тегiн негізгі орта, жалпы орта білім алуға, сондай-ақ мемлекеттік бiлiм беру тапсырысы негiзiнде техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары бiлiм алуға;
       3) жергiлiктi мемлекеттiк басқару органдарының шешiмi бойынша жеңiлдiкті жағдайларда мемлекеттiк спорттық-сауықтыру және мәдени-ағарту ұйымдарына баруға;
       4) жергілiктi өкiлдi органдардың шешімi бойынша бiлiм беру ұйымдарының күндiзгi оқу нысанында оқитындар мен тәрбиеленушiлер үшiн қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңiлдiкпен жүруге;
 РҚАО-ның ескертпесі!
       5) тармақша 2005.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі.
       5) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес, жастар арасынан орта білімнен кейінгі және жоғары білім беру ұйымдарында мемлекеттік білім беру тапсырысы негізiнде оқитындар үшін қалааралық темiр жол және автомобиль көлiгiнде (таксиден басқа) қысқы және жазғы каникулдар кезеңiнде жеңiлдiкпен жүруге;
       6) құқықтық, психологиялық, педагогикалық мәселелер, сондай-ақ отбасылық және жыныстық тәрбие мәселелерi бойынша консультациялар түрiнде әлеуметтiк қызмет көрсетулерді; мүгедектерді, әскери қызметтен босатылған әскери қызметшiлердi, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған, арнаулы білім беру ұйымдарынан және ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарынан оралған адамдарды, нашақорлық, уытқұмарлық, маскүнемдiк дертiнен емделуден өткен адамдарды, адамның иммунитет тапшылығы вирусын жұқтырған және ЖҚТБ-мен ауыратын адамдарды оңалту жөніндегі қызмет көрсетулердi тұтынуға;
       7) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекеттiк атаулы әлеуметтік көмек алуға;
       8) бiлiм беру ұйымдарында мемлекеттiк бiлiм гранты бойынша оқитындар үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген мөлшерде және тәртiппен ай сайынғы мемлекеттiк стипендия алуға;
       9) оқитындардың жоғары оқу орындарында оқу кезеңiнде Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен кәсiби бiлiм ақысын төлеу үшін және тамаққа, тұруға және оқу әдебиетiн сатып алуға жұмсалатын шығындарды iшiнара өтеуге білім беру грантын алуға әлеуметтiк құқықтары бар;
       10) ауыл жастары арасынан шыққан азаматтар үшін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім беретін кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуын айқындайтын мамандықтар бойынша оқуға түскен кезде Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын мөлшерде қабылдау квотасы көзделедi. 
       Ескерту. 6-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2007.07.27 № 320 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2010.11.23 № 354-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен; 03.07.2013 № 121-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Конституциялық заңымен.
      7-бап. Жастардың саяси құқықтары мен бостандықтары 
      Қазақстан Республикасының жастары Қазақстан Республикасының Конституциясында және басқа да заң актілерінде көзделген барлық саяси құқықтарға және бостандықтарға ие болады. 
      8-бап. Жастардың еңбек және жұмыспен қамту саласындағы 
 
кепiлдіктерi, олардың тұрғын үй проблемаларын 
 шешуге жәрдемдесу 
      1. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк жастар саясаты еңбек және жұмыспен қамту саласында:
 
     1) жастарға арналған қоғамдық жұмыстарды дамыту;
        2) алып тасталды - ҚР 03.07.2013 № 124-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
       3) жастарға арналған жұмыс орындарын құратын шаруашылық субъектiлерiнiң қызметiн ұйымдастырушылық жағынан қолдау;
       4) Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңдарына сәйкес жастардың еңбек бiрлестiктерiн құру және қызметiн ұйымдастыру, соның iшiнде оқу орындарының базасында құру және қызметін ұйымдастыру арқылы жүзеге асырылады.
        2. Қазақстан Республикасының жастарына: 
       1) жұмысқа орналасуға, кәсiби даярлануға, бiлiктiлiгiн арттыруға жәрдемдесуге;
       2) мемлекеттiк ұйымдарда немесе жарғылық капиталында мемлекеттің үлесi елу проценттен асатын ұйымдарда жұмыс орнын беруге жәрдемдесуге;
       3) мүгедек жас адамдар үшін жоғары оқу орындарында оқу, қайта даярлау және тағылымдамадан өту бағдарламаларына, соның ішінде дистанциялық оқыту арқылы қол жеткiзуін қамтамасыз етуде жәрдемдесуге кепiлдіктер берiледi.
       3. Жастардың тұрғын үй проблемаларын шешу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
 Ескерту. 8-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 03.07.2013 № 124-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      9-бап. Жастар жүзеге асыратын кәсіпкерлік қызметтi 
 
мемлекеттік қолдау 
      1. Жастар жүзеге асыратын кәсіпкерлік қызметке байланысты қатынастар Қазақстан Республикасының заңдарымен және осы Заңмен реттеледi.
 
     2. Қазақстан Республикасы жастардың кәсiпкерлiк қызметiн әлеуметтік-экономикалық, ұйымдастырушылық және құқықтық қолдау жөнiндегі шаралар жүйесiн белгілейдi.
       3. Қазақстан Республикасының аумағында кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын және жастар саясаты саласындағы мемлекеттiк қолдауды пайдаланатын тұлғаларға:
       1) заңды тұлға құрмай-ақ кәсіпкерлiк қызметпен айналысатын жастар;
       2) жастар ұйымдастырған шаруа немесе фермер қожалықтары;
       3) қызметкерлерінің жалпы санының кемiнде жетпiс процентін өздерiнің құрылтайшылары болып табылатын жастар құрайтын ұйымдар жатады.
        4. Жастардың кәсiпкерлік қызметін мемлекеттiк қолдау: 
       1) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі және қосымша білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын iске асыратын оқу орындарының оқу-өндiрiстік базасында жастардың кәсiпкерлiк қызметiн ұйымдастыруға Қазақстан Республикасының орталық және жергiлiктi атқарушы органдарының жәрдемдесуi;
       2) жастар арасындағы халықтың әлеуметтiк жағынан қорғалмаған топтарын кәсiпкерлік қызметке тарту;
       3) жастарға кәсiпкерлiк қызмет негiздерiн оқыту, шарт негiзiнде оқу орындары мен жұмыс берушiлер арасындағы ынтымақтастықты дамыту;
        4) алып тасталды - ҚР 03.07.2013 № 124-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
       5) белгілi бiр жұмыстарды (қызмет көрсетулердi) орындауға келiсiмдер жасасу мақсатында мемлекеттiк органдардың осы баптың 3-тармағында аталған тұлғалармен ынтымақтастығы арқылы жүзеге асырылады.
        5. Мемлекет жастардың өнеркәсiп пен ауыл шаруашылығының, ғылым мен техниканың, мәдениет пен өнердiң, бiлiм берудiң, денсаулық сақтаудың түрлi салаларында жұмыспен қамтылуын қамтамасыз етуге, сондай-ақ халыққа әлеуметтiк қызмет көрсетуге жәрдемдесетiн кәсiпкерлердi көтермелейдi. 
       Ескерту. 9-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2007.07.27 № 320 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2011.03.24 № 420-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2013 № 124-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
      10-бап. Жас отбасыларды мемлекеттiк қолдау 
      1. Әлеуметтік-экономикалық проблемаларды шешуде материалдық және өзге де көмек көрсетуге, тиісті білім беру, медициналық, құқықтық, психологиялық-педагогикалық, ақпараттық, консультациялық және басқа да қызметтер, оның ішінде денсаулық сақтауды, балаларды тәрбиелеу мен дамытуды, жастарды әлеуметтік қорғауды, бейімдеу мен оңалтуды қамтамасыз ету бойынша қызметтер көрсетуге бағытталған жас отбасыларды мемлекеттік қолдау Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарына сәйкес жүзеге асырылады.
 
      2. Жас отбасыларын дамытуға қолайлы жағдайлар жасау мақсатында мемлекеттiк қолдау: 
       1) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жас отбасыларына жеңiлдiктi кредиттер беру;
       2) оқу орнының әкiмшiлігімен келiсiм бойынша білім алушылар болып табылатын жастар арасындағы ата-аналар үшiн оқу сабақтарына еркiн қатысуға, баланың бiр жарым жасқа толуы кезеңiне академиялық демалыс алуға құқық беру;
       3) отбасылық өмiрдiң проблемалары, жас отбасылардың психологиялық-педагогикалық, құқықтық және басқа да мәселелерi бойынша консультация беру жүйесiн дамыту;
       4) әлеуметтiк қызмет көрсетулер, әлеуметтік көмек ұсынатын коммерциялық емес ұйымдардың жүйесiн дамыту;
       5) балалар мен жастардың жазғы демалысы мен сауықтырылуын ұйымдастыру жүйесiн сақтау және дамыту;
       6) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртiппен жас отбасыларына жоғары оқу орындары мен орта білімнен кейінгі бiлiм беру ұйымдарында оқу кезеңiнде бiлiм беру ұйымының жатақханасында бөлмелік үлгiдегi тұрғын үй-жай беру;
        7) мемлекеттiк мектепке дейiнгi ұйымдардың жүйесiн дамыту арқылы жүзеге асырылады. 
       Ескерту. 10-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2007.07.27 № 320 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 03.07.2013 № 124-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
      11-бап. Талантты жастарды мемлекеттiк қолдау 
      1. Қоғамның зияткерлiк және шығармашылық әлеуетiн сақтау және дамыту, Қазақстан Республикасының ғылыми, мәдени дәстүрлерiнiң сабақтастығын қамтамасыз ету мақсатында жастардың талантты және дарынды өкiлдерiн қолдау және олардың жемiстi қызметi үшiн жағдайлар жасау жөнiндегі шаралар жүйесi жүзеге асырылады.
 
     2. Талантты жастарды мемлекеттiк қолдауды Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдары көрсетедi және ол:
       1) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен талантты жастар үшін сыйлықақылар, стипендиялар белгiлеу, білім беру гранттарын беру;
       2) ғылымның, мәдениет пен өнердiң аса көрнектi қайраткерлерiнiң шығармашылық шеберханаларын, мектептерi мен бiрлестiктерiн құруға жәрдемдесу;
       3) орта білім беретін ұйымдарда спорт секциялары мен шығармашылық үйiрмелердiң қызметiн ұйымдастыру;
       4) аса дарынды және талантты жастарды анықтау жөнiндегі орталықтарды құру және дамыту;
       5) жастардың шығармашылық жетiстiктерiн анықтау және тарату мақсатында конкурстар, көрмелер, фестивальдар, байқаулар, концерттер, симпозиумдар, оқулар, конференциялар мен семинарлар ұйымдастыру және өткiзу арқылы, халықаралық жастар алмасуларын ұйымдастыру;
       6) дарынды және талантты жастардың шетелдердiң бiлiм беру және ғылыми-зерттеу ұйымдарында оқыту, қайта даярлау және тағылымдамадан өту бағдарламаларына конкурстық негiзде қол жеткiзуiн қамтамасыз ету;
       7) ғылыми-мәдени жұмысты жүргiзу үшiн жас ғалымдарға, мәдениет, өнер мен білім қайраткерлерiне жағдайлар жасау, жас ғалымдардың әзiрлемелерiн нақты қолданысқа енгiзуге жәрдемдесу, сондай-ақ жастар арасынан шыққан зияткерлiк кадр ресурстарын сақтау және дамыту;
       8) спорт мектептерiнiң, клубтарының желiсiн дамыту, спортта дарынды жас спортшыларды қолдау, жастар арасында спорт жарыстарын өткiзу;
        9) талантты жастарға қолдау көрсететін жеке және заңды тұлғаларды моральдық көтермелеу арқылы жүзеге асырылады. 
       Ескерту. 11-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2007.07.27 № 320 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен. 
      12-бап. Жастардың халықаралық ынтымақтастығына 
 
жәрдемдесу 
      1. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдары халықаралық жастар ынтымақтастығына:
 
     1) халықаралық жастар алмасулары туралы келiсiмдердi жасасу және iске асыру, жастарды халықаралық бағдарламалар жүйесiне енгiзу;
       2) жастардың халықаралық ынтымақтастығы саласында халықаралық жастар алмасуларының ұйымдастырушылары мен қатысушыларына ақпаратты алуға, құжаттарды әзiрлеуге және әрiптестердi iрiктеуге көмек көрсету жолымен жәрдем көрсетедi.
       2. Жастардың халықаралық ынтымақтастығына жәрдемдесу Қазақстан Республикасының заңдары негiзiнде жүзеге асырылады. 
   3-тарау. Мемлекеттік жастар саясатын қалыптастыру 
  және іске асыру 

      13-бап. Мемлекеттiк жастар саясатын қаржымен 
 
қамтамасыз ету 
      1. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк жастар саясаты:
 
     1) республикалық және жергiліктi бюджеттер қаражаты;
       2) жеке және заңды тұлғалардың ерiктi мүлiктiк жарналары;
       3) Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған өзге де көздер есебiнен қаржыландырылады.
        2. Республикалық және жергiлiктi бюджеттерде мемлекеттiк жастар саясатын iске асыру үшiн жыл сайын қаражат көзделедi. 
       Қаржы қаражатының есептiк көлемi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттiк жастар саясатын iске асыру үшін қажеттi материалдық және қаржылық ресурстар есепке алына отырып айқындалады.
       3. Мемлекеттiк жастар саясатын iске асыру шеңберiндегi iс-шараларды қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырыс нысанында жүзеге асырылуы мүмкiн.
 Ескерту. 13-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 03.07.2013 № 124-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      14-бап. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк 
 
жастар саясатын қалыптастыруға және iске 
 асыруға жастардың қатысуы 
      1. Жастар Қазақстан Республикасында мемлекеттiк жастар саясатын қалыптастыруға және жүргiзуге қоғамдық жағынан маңызды бастамаларды iске асыру, орталық және жергiлiктi атқарушы органдарға өтiнiш жасау, жастар ұйымдарының аталған органдармен өзара iс-қимыл жасауы арқылы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған өзге де нысандарда қатысады.
 
        2. Мемлекеттiк жастар саясатын iске асыру жөнiнде жастардың, жастар ұйымдарының мемлекеттiк органдарға енгiзетiн ұсыныстарын мемлекеттiк органдар өз өкілеттіктерiне сәйкес және Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалған тәртіппен қарайды. 
       Егер аталған ұсыныстарды қарау үшiн қаржы қаражатының есебi, ақпарат жинау, құжаттардың жобаларын әзiрлеу қажет болған жағдайда мемлекеттiк органдар ақпараттық көмектi жүзеге асырады және аталған ұсыныстарды енгiзген жастар мен жастар ұйымдарының уәкiлеттi өкілдерiмен консультациялар жүргiзедi.
        3. Мемлекеттiк органдар Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк жастар саясатын қалыптастыру және iске асыру саласында консультациялар мен iс-қимылдарды үйлестiру үшiн жастар ұйымдарын олардың келiсiмiмен тартуға құқылы. 
       Мемлекеттiк жастар саясатын іске асыру жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру шеңберінде жастар ұйымдары мемлекеттiк органдармен ынтымақтасуға, ал олардың уәкiлеттi өкiлдерi мемлекеттiк жастар саясатын iске асыру жөнiндегi консультациялық-кеңесшi органдардың құрамына кiруге құқылы.
        4. Жастарды мемлекеттiк жастар саясатын қалыптастыруға және iске асыруға тарту мақсатында уәкілеттi орган Қазақстан Республикасының жастар ұйымдарымен бiрлесе отырып, екi жылда кемiнде бiр рет жалпы республикалық Қазақстан жастары форумын - Қазақстан Республикасының жастары мен жастар ұйымдарының уәкiлеттi өкілдерiнің форумын шақырады. 
       Жалпы республикалық Қазақстан жастары форумын өткiзу тәртiбi, өкiлдiк нормалары уәкiлеттi орган мен Қазақстан Республикасы Үкiметінің жанындағы мемлекеттiк жастар саясатын iске асыру жөнiндегi консультациялық-кеңесшi органының ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтетiн жалпы республикалық Қазақстан жастары форумы туралы ережемен белгiленедi.
       5. Жалпы республикалық Қазақстан жастары форумы өз құзыретi шегiнде жастарға үндеу қабылдай алады, Қазақстан Республикасының мемлекеттiк жастар саясатын қалыптастыру және iске асыру туралы ұсынымдар әзiрлей алады.
 Ескерту. 14-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 03.07.2013 № 124-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      15-бап. Жастарға арналған әлеуметтiк қызметтер 
      1. Қазақстан Республикасында жастарды әлеуметтiк қолдау мақсатында әлеуметтік қызметтер жұмыс атқарады.
 
        2. Әлеуметтiк қызметтер жұмысының бағыттары: 
       1) психологиялық-педагогикалық, медициналық-әлеуметтiк, заңдық көмектi жүзеге асыру және кәмелетке толмағандар мeн басқа да жастар өкiлдерiне консультациялар беру;
       2) өздерінің тәни кемiстiктерiне байланысты ерекше қолайсыз жағдайларда қалған адамдарға әлеуметтiк көмек;
       3) жас отбасыларына әлеуметтік көмек;
       4) еңбек және оқу ұжымдарында жастарды құқықтық қорғау;
       5) мiнез-құлқы девиантты кәмелетке толмағандарға, қадағалаусыз және панасыз қалған кәмелетке толмаған азаматтарға әлеуметтiк көмек;
       6) жастар арасындағы бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған, сондай-ақ арнаулы білім беру ұйымдарынан және ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарынан оралған адамдарды, нашақорлықтан, уытқұмарлықтан, маскүнемдiктен емдеуден өткен адамдарды, адамның иммунитет тапшылығы вирусын жұқтырған және ЖҚТБ-мен ауыратын адамдарды әлеуметтiк қалпына келтiру (оңалту);
       7) құқықтық насихат, жастардың жұмысқа орналасу, бiлiм беру және кәсіптік даярлау, бос уақытын өткiзу, туризм және спорт салаларындағы құқықтарын iске асыру мүмкiндiгi туралы оларды хабардар ету;
       8) жастардың тұрғылықты жерi бойынша бос уақытын мазмұнды өткiзуiн ұйымдастыру, соның ішiнде жасөспiрiмдер мен жастардың аула клубтарын ашу мен қолдау және жастарға көмек көрсету жөніндегi басқа да функциялар;
       9) жастардың жұмысқа орналасуына және жұмыспен қамтылуына жәрдемдесу болып табылады.
       3. Жастарға арналған әлеуметтiк қызметтер жұмыстарын қаржыландыру мемлекеттiк жастар саясатын iске асыру үшін көзделген мемлекеттiк бюджет қаражатының, сондай-ақ Қазақстан Республикасының  заңдарында тыйым салынбаған өзге де көздердiң есебiнен жүзеге асырылады.
       4. Әлеуметтiк қызметтердiң жастарға арнап мемлекеттiк бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын қызметi шеңберiнде көрсететiн әлеуметтiк қызмет көpceтулеpi тегiн ұсынылады.
 Ескерту. 15-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2010.11.23 № 354-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      16-бaп. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар 
 
саясатын ақпараттық қамтамасыз ету және ғылыми 
 негіздеу 
      1. Мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк жастар саясатын ақпараттық қамтамасыз ету, денсаулығын сақтауға, бiлім алуға, әлеуметтiк қызметке, кәсiптiк бағдар алуға, жұмысқа орналасуға, демалуға, әлеуметтiк оңалуға, жас отбасыларын қолдауға құқықтарын іске асыру мүмкiндiктерi туралы, жастар ұйымдарымен ынтымақтастық нысандары және Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк жастар саясаты саласындағы басқа да құқықтарды iске асыру туралы жастарды хабардар ету жөнiндегi қызметтi жүзеге асырады. 
 
      Бұл мақсатта жастарға арналған ақпараттық жүйелердi, ақпарат орталықтарын құру арқылы жастарға ақпараттық қызмет көрсетудi кеңейту үшiн жағдайлар қамтамасыз етiледi, бұқаралық ақпарат құралдарының өкiлдерiмен ынтымақтастық жүзеге асырылады. 
       Мемлекеттік органдар жастарды, жастар ұйымдарын мемлекеттік жастар саясатын іске асыру жөніндегі жоспарланатын және жүзеге асырылатын iс-шаралар туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы хабардар етуге мiндеттi.
       2. Мемлекеттiк органдар өз құзыретiне сәйкес Қазақстан Peспубликасындағы мемлекеттік жастар саясатының проблемалары бойынша ғылыми зерттеулер ұйымдастырады. Көрсетілген зерттеулер ұзақ мерзiмдік негiзде жүзеге асырылады.
        3. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты саласындағы зерттеулердің нәтижелерi негiзiнде уәкілетті орган жыл сайын Қазақстан Республикасындағы жастардың жағдайы туралы баяндаманы әзiрлеп, Қазақстан Республикасының Yкiметiне табыс етедi және оны бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды. 
       Қазақстан Республикасындағы жастардың жағдайы туралы баяндаманы орталық және жергiлiктi мемлекеттiк органдар өз құзыретi шегiнде тиiстi шешiмдер қабылдау үшiн қарайды.
 Ескерту. 16-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 03.07.2013 № 124-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      17-бап. Жастарға арналған әлеуметтік инфрақұрылым 
      1. Мемлекеттiк органдар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жастарға арналған әлеуметтік инфрақұрылым объектiлерiн құруды және оның жұмыс iстеуiн қамтамасыз етедi.
 
     2. Мемлекеттiк органдардың жастарға арналған әлеуметтiк инфрақұрылым объектiлерiнiң арнаулы мақсатын өзгерту туралы, тарату туралы шешiмдердi қабылдау тәртiбi жастардың тiршiлiгiн, бiлiм алуы мен тәрбиесiн, дене тәрбиесiн, рухани және имандылық жағынан дамуын қамтамасыз ету үшiн мұндай шешiмдердi қабылдаудың салдарын тиiстi мемлекеттiк органның немесе органдардың арнайы құрылған сараптама комиссиясының бағалауы жөнiндегi iс-шараларды көздейдi.
        3. Мемлекеттiк меншiк мүлкi болып табылатын, құрылуы, сатып алынуы немесе оқшауландырылуы жастарға арналған әлеуметтiк инфрақұрылым объектiлерiнiң жұмыс iстеуiн қамтамасыз етуге байланысты болатын мүлiк (соның iшiнде жер учаскелерi, үйлер, құрылыстар, ғимараттар, жабдық) аталған мақсаттарына ғана сәйкес пайдаланылуы мүмкiн. 
       Егер туындаған мән-жайларға байланысты аталған мүлiктi жастарға арналған әлеуметтiк инфрақұрылым объектiлерiнiң жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету мақсатында пайдалану мүмкiн болмаса, оны өзге мақсаттарда пайдалану туралы шешiмдi тиiстi уәкiлеттi мемлекеттiк орган жастарға арналған әлеуметтiк инфрақұрылым объектiсiнiң шығынын өтеуге бағытталған шараларды алдын ала қолдану шартымен қабылдайды.
       4. Мемлекеттiк органдар Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде белгiленген тәртiппен жастар ұйымдарына үйлердi, ғимараттарды және олардың жарғылық мақсаттарын жүзеге асыру үшiн қажеттi өзге де мүлiктi өтеусiз пайдалануға беруге құқылы.
        5. Жастарға арналған мемлекеттiң меншiгiндегi әлеуметтiк инфрақұрылым объектiлерiнiң жұмыс iстеу тәртiбi, оны материалдық және қаржылай қолдау шаралары Қазақстан Республикасының заңдарымен айқындалады. 
   4-тарау. Қорытынды ережелер 
      18-бап. Мемлекеттік жастар саясаты туралы Қазақстан 
 
Республикасының заңдарын бұзғаны үшiн 
 жауаптылық 
      Мемлекеттiк жастар саясаты туралы Қазақстан Республикасы заңдарының бұзылуына кiнәлi тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады. 
      19-бaп. Қазақстан Республикасының заңдарын қолдану 
      Осы Заң күшiне енген кезде қолданылатын Қазақстан Республикасының заңдары оған қайшы келмейтiн бөлiгiнде қолданылады және ол қолданысқа енгiзiлген күннен бастап бір жыл iшiнде соған сәйкес келтiрiлуге тиiс. 
      20-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртiбi 
      1. Осы Заң, 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлетiн 6-баптың 5) тармақшасын қоспағанда, ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi. 
        2. Мыналардың күшi жойылды деп танылсын: 
        1) "Қазақ ССР-iндегi мемлекеттiк жастар саясаты туралы" 1991 жылғы 28 маусымдағы Қазақ ССР-iнің Заңы (Қазақ CCP Жоғарғы Советiнiң Ведомостары, 1991 ж., N 28, 377-құжат; Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1994 ж., N 9-10, 158-құжат; 1995 ж., N 20, 120-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., N 13-14, 205-құжат); 
        2) Қазақ ССР Жоғарғы Советiнiң "Қазақ CCP-iндегi мемлекеттiк жастар саясаты туралы" Қазақ CCP Заңын күшiне енгiзу туралы" 1991 жылғы 28 маусымдағы қаулысы (Қазақ ССР Жоғарғы Советiнiң Ведомостары, 1991 ж., N 28, 378-құжат). 
      Қазақстан Республикасының 
       Президентi 

 
 
 
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" ШЖҚ РМК]]>
admin Wed, 01 Sep 2021 19:25:34 +0600