ЛС жоспар бастауыш 2022
«Т.Рысқұлов орта мектебі»
Сыныбы 2 «ә»
«Бастауыш сыныптарда математика сабағынан оқушыларға танымдық тапсырмаларды
ұсыну арқылы ауызша есептеу дағдыларын арттыру» зерттеу тақырыбы бойынша
Сабақты зерттеу үдерісінің жұмыс жоспары
2021-2022 оқу жылы
Мақсаты: сабақты зерттеу (Lesson Study) - әдісін тәжірибеде қолдану, зерттеу сабақтарын жүргізуде білім алушыларға танымдық ойындар ұсыну арқылы оқу мақсатына жетуіне,айтылым дағдыларының жақсаруына ықпал ету, оқыту мен оқудың сапасын жақсарту.
Күтілетін нәтиже:
- Оқушылар жаңа сөздермен жұмыс жүргізу арқылы сөздік қоры артады,
- Эьдютаймент танымдық ойындар арқылы пәнге қызығушылығы оянып, айтылым дағдылары жақсарады.
- Оқыту мен оқудың сапасы жақсарады.
Зерттелетін сынып 2 «ә»
Сынып жектешісі: Сайлауова А
Практик мұғалім: Сайлауова А
Зерттеу пәні: математика
№ | Іс-әрекеттің кезеңдері | Өткізілетін іс-шаралар | Іс-шараның түрі | мерзімі |
1 | Ұйымдастыру кезеңі: Сабақты зерттеу тобын құру. | Топқа мүшелерді тарту. Топ мүшелерінің рөлдері мен міндеттерін бөлу. Келісімшарт жасау. Топ ережелерін бекіту. Кездесулердің кестесін жасау. Хаттама жазу бланкасын таңдау. | 1-отырыс Кәсіби сұқбат | 1-апта 14.01.2022ж |
2 | Зерттеу сұрағын анықтау алдындағы жұмыс. Мұғалімдер мен оқушылардан сауалнама алу | Деректер жинау: сандық және сапалық деректер (оқушылардан кіріс сұқбат, сауалнамасын алу, электорнды журналдан АВС деңгейдегі оқушылардың үлгерімін анықтау, деректерді талдау) | сауалнама «GOOGLE FORM» платформасы | 2-апта бойы |
3 | Зерттеу сұрағын анықтау | Зерттеу сұрағын анықтау үшін қарапайым сабақтарға қатысу. Деректердің қорытындысын шығару.(мониторинг) Әдебиеттерге шолу. Зерттеу проблемасын нақтылау. | 2-отырыс Дөңгелек үстел | 2-апта 15.01.2022ж |
4 | Сабақ жоспарын құрастыру Бақылау парақтарын дайындау. Бақылаушы мұғалімдерді тағайындау. | Сабақты жоспарлау. • Зерттеу тақырыбы бойынша сабақ жоспар дайындап, сұрақтар тізбегін құру қажет; Сұрақтардың үлгісін жазу керек. Бақылаушы мұғалімдерді тағайындау. Бақылау парағын құрастыру. Бақыланатын оқушыларды таңдау. | 3-отырыс Кәсіби сұқбат | 3-апта 24.01.2022ж |
5 | 1-цикл зерттеу сабағы. Жоспарды іске асыру кезеңі. Зерттеу сабақтарын өткізу, бақылау, оқушы үні | №1 Зерттеу сабағын жүргізу Сабақтың тақырыбы: Көбейту Сабақты қадағалау | Зерттеу сабағы | 4-апта 27.01.2022 14.05 |
6 | Рефлексия және келесі сабақтың жоспарына өзгеріс енгізу | Сабақтан кейінгі талқылау.(бейнежазбаны қарау, оқушы үнін ескеру) Келесі сабақ жоспарына өзгеріс енгізу | 4-отырыс Кәсіби сұқбат | 4-апта 27.01.2022 |
7 | 2-цикл зерттеу сабағы. Жоспарды іске асыру кезеңі. Зерттеу сабақтарын өткізу, бақылау, оқушы үні | №2 Зерттеу сабағын жүргізу Сабақтың тақырыбы: 2 санына бөлу және көбейту кестесін құрастыру. Сабақты қадағалау | Зерттеу сабағы | 5-апта 03.02.2022 14.05 |
8 | Рефлексия және келесі сабақтың жоспарына өзгеріс енгізу | Сабақтан кейінгі талқылау.(бейнежазбаны қарау, оқушы үнін ескеру) Келесі сабақ жоспарына өзгеріс енгізу | 5-отырыс Кәсіби сұқбат | 5-апта 03.02.2022 17.00 |
9 | 2-цикл зерттеу сабағы. Жоспарды іске асыру кезеңі. Зерттеу сабақтарын өткізу, бақылау, оқушы үні | №3 Зерттеу сабағын жүргізу Сабақтың тақырыбы: 4 санына бөлу және көбейту кестесін құрастыру. Сабақты қадағалау | Зерттеу сабағы | 6-апта 10.02.2022 16.00 |
10 | Зерттеу сабағының нәтижесін шығару. «Эвалюация» | Сабақты зерттеудің ықпалын түсіну, нәтижесін қорытындфлау Деректер жинау. Оқушылардан шығыс сауалнамасын алу. | 6-отырыс «GOOGLE FORM», дөңгелек үстел | 5-апта 12.02.2022 Сағат 10.00 |
Мектеп тренері Темиркулова М